Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

22.Топтық эталон.

Екінші эталондары жеке эталон, топтық эталон немесе эталондық жиынтық кешенді өлшеу құрал түрінде іске асырылады.

Топтық эталон бірлікті сақтау сенімділігін жоғарлату үшін өлшеу аспаптар немесе басқа өлшеу құралдар қолданатын, бір типті шамалардың жиынтығынан құрылады.

Топтық эталонда сақталатын бірлік мөлшері топтық эталонның құрамына кіретін жеке шамалар жəне өлшеу аспаптар мен жаңғыртылатын шамалардың арифметикалық орташа мəні мен анықталады.

Топтық эталонға кіретін жеке шамалар мен өлшеу аспаптарды жеке жұмыс эталон ретінде қолданады, егер олар бірлікті сақтау шарты бойынша мүмкін болса.

Топтық эталондардың тұрақты жəне ауысмалы құрамдары болады. Топтық эталонның ауысмалы құрамына мезгілінде жаңаға ауыстырып тұратын шамалар жəне өлшеу аспаптар кіреді.

Эталондық жиынтығы өлшенетін шамалардың əртүрлі мəндерге немесе əртүрлі аймақтағы мəндерге арналған бөлек өлшемдер немесе өлшеу аспаптардың жиынтығы мен белгілі бір диапазонда шаманы өлшеу немесе бірлікті сақтай алатын өлшеу аспаптардың жиынтығы немесе өлшем жиынтық түрінде болатын эталон болып табылады.

Топтық эталондардың эталондық жиынтығы тұрақты жəне ауысмалы құрамында болу мүмкін.

Ең бірінші ресми түрінде бекітілген эталондары 1799 ж. Францияның ұлттық архивына сақтауға берілген, Францияда дайындалған, метр жəне килограмның прототиптері болып саналады, сондықтан оларды “Архивтік метр” жəне “Архивтік килограм” деп атайды. 1872 ж. бастап килограм “Архивтік килограм”-ның салмағына тең ретінде анықтамасы берілді.

Халықаралық СИ жүйесінің əр негізгі немесе туынды эталондардың ғылыми зерттеулермен жəне эксперименттер мен байланысты өзінің

тарихтары бар.

Мысалы, 1791 ж. Францияның Ұлттық жиналыста эталон метр париждік меридиан дуганың төртінші бөлігінің ондық миллиондық бөлігіне тең деп қабылдады, бірақ 1837 ж. қайта қарастырып, Франция ғалымдар меридианның төртінші бөлімінде 10 миллион емес, 10 миллион 856 метр екенің белгіледі. Сол сияқты, еңгізілген өзгерістер көп емес болса да, Жердің мөлшер жəне формасына өзгеріс еңгізгенде белгілі болады. Осыған байланысты 1872 ж. Петербургтың ғылыми академиясының ғалымдар метр эталонға өзгеріс еңгізу туралы мəселені мақсатқа сай шешу үшін халықаралық комиссияны құру ұсыныс жасады.

Комиссия жаңа эталон құру шешім қабылдаған жоқ, ал ұзындықтың бастапқы бірлік ретінде Францияда сақталатын “Архивтік метрді” қабылдады. 1875 ж. Халықаралық метриялық конвенциясы қабылданды. Осы жылды метрологтар метрді халықаралық ұзындық бірлікте екінші рет туынды деп есептейді.

23. Қазақстан Республикасының эталондық базасы

ҚРның эталондық базасы еліміздің эканомикасын метрологиялық қамтамасыз етудегң негізгі элементі, әртүрлі өлшеу облыстарындағы қолданылатын эталондардың жинағының дамуын көрсетеді. Қазіргі таңда физикалық шама бірліктерінің базасына 101 бірлік енген. Эталондық база эканомиканың дамуына, соның ішінде келесідей маңызды стратегиялық дамуларда маңызды рөл атқарады:

- ел азаматтарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;

- дагностика және емдеу сауықтыру;

- қоршаған ортаны, су мен топырақтың ластануын бақылау, жылу энергетикалық құрылымдарды радиациялық бақылау;

- металлургия, машина жасау, аспап жасау және т.б. өндіріс салалары;

-азық түлік өнеркәсібі;

- транспорт қозғалысының қауіпсіздігі;

- сауда саттық операциялары.

-жаңа эталондардың пайда болуы. Соңғы 2-3 жылда еліміздің эталондық базасының сандық жағынан емес, сапалық жағынан да дамуы байқалуда. 2009 жылы 3 эталон ашылды. Олар жаңа буын эталондары болып табылады: ток күші бірлігінің эталоны – бұл авиа тасымалдау, жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету,медицинада, ауыл шарушылығында, космостық техникада, еңбекті қорғауда жарықтандыру көздерін аттестаттау мен калибрлеу өнеркәсіп салаларында метрологиялық қамтамасыз етуде маңызды;түс және түстендіру координатының эталоны – оның колориметрлік және спектрофотометриялық өлшеулердетматералдардың әртүрлі сипаттамаларынанықтауда, ғылым мен техниканың әртүрлі салаларын метрологиялық қамтамасыз етуде маңызы зор.Холл эффектіне негізделген электрлік кедергі эталоны - республикамызда кванттық метрологияның дамуындағы үлесі зор. Бұл өте жоғары дәлдікпен анықтталған тұрақты бірлік эталоны.осы эталон арқылы электрлік шамаларды өлшеуде метрологияның қолданыс аясының кеңеюін көрсетеді.Жаңа эталондардың ашылуы еліміздің техникалық және эканомикалық тәуелсіздігі мен отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетті өнім шығаруға қабілеттілігін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]