Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
129.14 Кб
Скачать

30.Өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша құқықтық негіз.

Өлшем тұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ӨБМЖ) мемлекеттік және жеке меншіктегі әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің ғылыми және практикалық жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі болып табылады.

2000 жылы 7 маусымда Қақастан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтің үкімімен Қазақстан Республикасының стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

Бұл заң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдарымен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метралогиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтар мен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін, өлшеулердің дұрыс емес нәтижелердің салдарынан қорғауға бағытталған. Заң әрекетінің таралу салаларына мемлекеттік басқару органдары жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының териториясындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асырылатын әрекеттер мен жеке және заңды тұлғаларға таралады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша заң шығару Қақақстан Республикасының Конституциясына негізделген, «Өлшем бірлігін қаматамасыз ету туралы» заңы мен өлшем бірлігін қамтамасыз етудің түрлі жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайтын және басқа (өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесінің реестіріне өлшеу құралдарын еңгізу тәртібі, метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеуді өткізу тәртібі, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген физикалық шама бірліктеріне өлшеуді орындау әдістерін қолдануға, аттестациялауға және жасауға қойылған талаптар және т.б.) нормативтік құқықтық растау құжаттарынан құралады.

КООМЕТ-

Метрологиялық қызмет бөлігінде Қазақстан Республикасын МАК кеңесінің мәжілістеріне, МетрҒТК жұмысына, өлшемдердің белгісіздігін бағалау және бұзбайтын бақылау жөніндегі жұмыс топтарының қызметіне қатысады. Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы - КООМЕТ;

Мемлекеттік метрологиялық Мекемелердің Еуро-Азиялық Ынтымақтастығы (КООМЕТ) 1991 жылы маусымда Варшава қаласында «Ынтымақтастық меморандумына» қол қойылғаннан кейін құрылды. Бүгінде 14 ел КООМЕТ метрология мекемесінің мүшесі болып табылады, олар: Беларуссия, Болгария, Германия (қауымдасқан мүше), Қазақстан, Куба, ҚХДР (қауымдасқан мүше), Литва, Молдова, Польша, Россия, Румыния, Словакия, Украина және Өзбекстан.

КООМЕТ-тегі ынтымақтастық мына салаларда жүзеге асырылады: өлшем бірліктерінің эталондары, заңнамалық метрология, аккредиттеу және сапа менеджментінің жүйесі, ақпарат және оқыту.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары: шамалардың біркелкілігі, өлшемдердің бірлігі мен олардың нәтижелерінің талап етілетін дәлдігі мәселелерін тиімді шешуге жәрдемдесу; ұлттық экономикалардың ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу; Еуроазия мемлекеттерінің метрологиялық қызметтерінің жұмыстарын өңірлердің осыған ұқсас қызметтерінің жұмысына жақындату, жекелей

алғанда EUROMET, EA, WELMEC, АРМР т.б. ұйымдармен өзара мүдделілікке қарай ынтымақтасу.

Негізгі міндеттер: эталондардың өзара сәйкестігіне, оларды метрологиялық бақылау аспаптары мен әдістеріне қойылатын талаптардың келісушілігіне қол жеткізу; метрологиялық қызмет нәтижелерін куәландыратын ұлттық сертификаттардың баламалығын тану; метрологиялық қызметтер мен олардың бағыттарының жай-күйі туралы ақпаратпен алмасу; метрологиялық тақырыптарды бірлесіп әзірлеу; метрологиялық өзара қызметтер көрсетуге жәрдемдесу.

Қазақстан КООМЕТ-ке 1998 жылдың қарашасында кірді. КООМЕТ-ке қатысу жөніндегі жұмысты “ҚазИнМетр” РМК www.kazinmetr.kz. жүзеге асырады. Институттың мамандары КООМЕТ-тің 13 техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]