Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpory.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
232.45 Кб
Скачать

I тж атқарылатын міндеттер.

Уақытында шешілетін мінднттің анықтамасы мен жіктелуі тек қана теориялық емес, ең бірінші практикалық мағынасы жағынан өте маңызды.

ТЖ әрекетінің басты мақсаты-адамдарды қорғау. Бірмезгілде мынандай міндеттер түрі болуы мүмкін:

1.Қауіпті фактор әрекеті аймағынан адамдарды көшіру. Бұл міндет ТЖ аймағының ішкі адам күштерінің қатысу мен және оларға қосымша сырттан көмек жұмылдыру арқылы орындалады .

  1. Осы фактор әсерінде қалған және өзбеттерімен қорғана алу мүмкіндігінен айырылған адамдарға /балалар,үлкенкісілер, ауру адамдар/ көмек көрсету. Бұл міндетті арнайы дайындалған құтқарушы адамдар шешеді.

  2. Өзін-өзі құтқару, тірі қалу –мұндай міндет әр жеке адамның немесе топтағы адамның алдында алынған жағдайда туындырады. Мұндай міндеттердің жақсы жағынын шешілуі, адамдардың арнай дайындығын талап етеді.

  3. Құтқарушылардың өздеріне қауіпсіздік қамтамасыз етеді.

ТЖ-ң жіктелуі.

ТЖ себептері табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық және әлеуметтік болады.

Табиғи төтенше жағдайда адам өміріне зиян келтіретін адам өліміне, материалдық құндылықтарды жоятын сипаты бар қауіпті табиғи құбылыстар жатады. Оларға жерсілкінісі, су тасқыны, цунами, сел қауіпі, опырылмалар, қатты дауылдар, орман өрттері, бұрқасындар, қар басу тағы да басқа жатады.

Зілзалалы қатерлерге құрғақшылық, көпжаутын жауын, қатты аяздар, эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифизотиялар, орман мен ауыл шарушылығына зиян келтіретін жәндіктердің көбеюі жатады.

Зілзалалы қатерлер заттың тез қозғалуы нәтижесінде /жерсілкінісі, опырылмалар/ болуы мүмкін, жердің ішкі қуатын босату процесінде /жер сілкінісі/; өзен, теңіздердің жалпы деңгейінің көтерілуінде /су тасқаны, цунами/; қатты желдің әсерінен /дауылдар, циклондар/. Кейбір зілзалалы қатерлер /өрт, опырылмалар, үгінділер/ адамның әрекетінің нәтижесі болып табылады. Зілзалалы қауіптер жалпы мемлеткеттік трагедия, әсересе болатын аймақтардың апаты болып табылады. Зілзалалы қатерлерде мекемелер құлайды, материалдық құндылықтар жойылады, ең бастысы адам өлімі. Олардың үйі мүліктері жойылады.сонымен қатар, зілзалалы қатерлер халықтың өміріне жағымсыз әсер жасайды, ол жалпылық инфекциялық аурулардың қозуы болуы мүмкін. Зілзалалы қатерлерден зардап шеккен адамдар саны өте көп болуы мүмкін, оның пайда болу сипаты әр түрлі болуы мүмкін. Адамдар көбінесе су тасқынынан зардап шегеді /жалпы деңгейден 40процент/, одан кейін қатты желден /20 процент/; жерсілкінісі мен құрғақшылықтың /15 процент/. Басқа зілзалалы қатерлер түрінен жалпы зардабы 10процент шамасында.

Техногендік ТЖ деп машиналардың механиздердің және агрегаттар , жұмыс істеу кезінде істен шығуы саналады, кәсіптік процестің бұзылуы, апат ошақтарының пайда болуы, үлкен территорияларды радиоактивті, химиялық немесе биологиялық зақымдалуы, адамдардың топтық өлімі мен сипатталады.

Техногендік ТЖ кәсіптәк объектілерде, құрылыс болып жатқанда, темір жол , әуе, автомобиль, және су транспорттарда болатын авариялар жатады, осы авариялардың нәтижесінде болған өрт, тұрғын үйлер және өндірістік ғимараттардың /улы/ сұйытардың жер бетіне , суға төгілуі.

Техногендік апаттардың болу сипаты авария түріне, масштабына және авария болған мекемеледің ерекшелігіне байланысты.

Антропегендік ТЖ адамның қате істеген әрекетінің зардабы және тағы басқа. ТЖ-ң бұл тобы –техногендік ТЖ болған объектілерде болады. Екеуінің айырмашылығы –техногенді ТЖ адамның факторымен ғана емес.

Төтенше жағдайлардың экологиялық сипатына топырақты қопару және оның ауыр металдармен ластануы химиялық заттар жатады.

Әлеуметтік ТЖ- ға ортада болып жатқан ұлтаралық конфликтілер, қару қолданумен мемелекеттер арасындағы келіспеушіліктер.

Қауіпті тарату жылдамдығы бойынша ТЖ былай жіктелуі мүмкін:

Байқаусыздан болатын /жер сілкінісі, жарылыстар, көлік авариялары тағы да басқа/; арнайы бағытталған /гидродинамикалық өрттер/; су тасқыны , радиоактивті заттарды лақтыру авариялары ; қауіпті жай таралтын /құрғақшылық эпидемиялары, зиянды химилиялық заттармен топырақ пен судың ластануы/.

Масшатабына байланысты төтенше жағдайларды бес түрге бөлуге болады: локальды /объектілік/, жергілікті, аймақтық, ұлттық және глобальды. Локальды ТЖ зардапты халық шаруашылығы объектісімен шектеледі және олар осы объектінің күші мен ресурстары арқылы жойылуы мүмкін.

Жергілікті таралу машстабы тұрғылықты пункт, оның ішінде үлкен қаланың, админастративті аймақтың немесе облыстың аумағында болады және осы облыстың күші мен ресуртарын пайдаланып жою мүмкін.

Аймақтың ТЖ зардаптары бірнеше облас пен экономикалық ауданмен шектеледі және республикалық күші мен ресурстары арқасында жоюға болады. Ұлттық ТЖ зардабы бірнеше экономикалық аудандар мен немесе Республикаларды қамтиды, бірақ мемлекеттің шекарасынан шықпайды. Бұндай ТЖ мемлекет күшімен ресурстары арқылы кейде шетелдің көмегімен тоқтатады.

Глобальды ТЖ-ң зардаптары мемлекеттен шығып және басқа мемлекеттерге таралады. Бұл зардаптарды өзінің территориясында мемлекеттің көмегімен және де халықаралық бірлестік көмегімен жойылады. ТЖ-ң зардаптарының негізгі түрлері:адам өлімі, адамның ауруы, радиоациялық ластану, химиялық және бактериялық улану болып табылады. Айта кетсек, ТЖ-ң экстремальды жағдайларында болған адамдардан әртүрлі жарақаттау факторлары мен қатар психологиялық жарақататтау жайлары әсер етеді. Психологиялық жарақаттар аса жоғары күшті қоздырғыштар комплексі түрінде болады, олар активті жағдай ретінде психикалық іс-әрекеттерді бұзады. ТЖ қауіпті және зиянды факторлар әсерететін адамдардың , жануарлардың, ғимараттарының және кешендерінің орналасу территориясын зақымдау ошағы деп аталады. Зақымдау ошақтары жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай зақымдау ошағы деп бір зақымдау факторының әсерінен пайда болатын ошақ.

Күрделі зақымдау ошақтары төтенше жағдайлардың бірнеше зақымдау факторларының әсерінің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, химиялық мекемелерде жарылыстың нәтижесінде әр түрлі заттардың құлауына әкеліп соғады, өрттер қоршаған аймақтың химиялық улануы, жер сілкіністер және қатты дауылдар кешендерді бұзу мен бірге су тасқының болуына себеп және т.б.

ТЖ дамуында пайда болуымен түрлерінен басқа 4 сипатын сатыларын бөлуге болады, тұтану сатысы, пайда болу (иницирования), кульминациялық және сөну стадиясы. Тұтану стадиясында болатын ТЖ –ға жағдайлар туындайды, жағымсыз табиғи процестер активтендірілген: кешендердің өндірістік және көптеген техникалық кемшіліктердің жиналуы; жабдықтау жұмыстары істен шығады. Тұтану стадиясының ұзақтығын тек метерологиялық , селдерге қарсы және т.б. станциялардың бақылауымен күнделікті локальды авариялардың статистикасының нәтижесінде анықтауға болады.

ТЖ –ң басталу сатысында, адам факторы әсеретеді. Статистика бойынша аварияның 60процент –нан көбі адамның қателігінен болады делінген.

Кульминациялық сатыда адамдарға және қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету энергиясы заттардың босатылуы болады. ТЖ-ң сөну сатысы уақыты бойынша ТЖ қауіпін тоқта тұруға және жанама зардаптарын толық тоқтату кезеңін қамтиды. Бұл сатының ұзақтығы жылдар бойы кейбір жағдайларда ондаған жылдарға дейін созылады.

II. ТЖ –да халықты қорғау принциптері мен әдістері.

ТЖ-да халықты қорғау-мерекелік шаралар комплексін құрайды және ТЖ-ң жағымсыз зардаптардың әсерін болдырмау немесе олардың әсер ету дәрежесін әлсіретуді мақсат етеді. ТЖ –ң қауіпсіздігін қамтамасыз ету және барлық тәсілдерді, құралдарды жақсы қолдана білу принципін еске алған кезде ғана ТЖ –да халықты қорғау эффектілігіне жетуге болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету белгірі бойынша 3 топқа бөлінеді.

Алдынала ойластырылған дайындық қауіпті және зиянды факторлардан қорғану құралдарының жиналуы және оларды дайындауға қолдану көрсету,сонымен бірге халықты қауіпті шақтардан тасмалдау шараларын ұйымдастыруға дайындық жасау. Дифференциаланылған тәсіл қорғаныс шараларының көлемі мен сипатының қауіпті және зиянды факторының шығу түріне және жергілікті жағдайға байланысты белгіленуінен көрінеді.

Іс шаралардың жинақтылғы төтенше жағдайдың бүгінгі таңдағы техно-әлеуметтік ортаның өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі барлыс іс-шаралардың іске асудың және әдіс-тәсілдер мен құралдарды эффектті қолдану болып табылады.

Халықты төтенше жағдайдан қорғаудың негізгі тәсілдері мыналар; жергілікті халықтың қонысын аудару орнын қорғаныс кешендерін дайындау, жеке қорғаныс құралдарын және медициналық сақтандыруды қолдану.

Радиоактивті және химиялық заттарды таңдау

Жасалатын ТЖ және бүгінгі таңда қолданылатын әскери-саяси жағдайында қолданылатын зақымдау тәсілдерінен халықтың қорғаныс кешендерін паналауы қорғаныстың ең берік тәсілі болып табылады.

Қорғаныс кешендері-бұл халықты физикалық, биологиялық қауіпті және зиянды факторлардан қорғауға арайы жасалған инженерлік кешендері.

Жеке қорғаныс құралдары халықты радиоактивті заттар мен бактериалық құралдардың организм ішіне, тері қабаты және киімге түсуінен қорғауға арналған.

Медициналық жеке қорғаныс тәсілдері ТЖ болған жердегі халыққа медициналық көмек көрсетуге және сақтандыруға арналған. Олардың көмегімен адам ағзасындағы зиянды факторларының әрекетіне қарсы тұруды жоғарылату, адамдарды зақымдау дәрежесінің дамуын төмендету немесе ескерту, тіпті адам өмірін сақтау шаралары кіреді. Оларға : радиопротекторлар /мысалы, тонизирленген сәулеллену әрекетінің дәрежесін төмендетілеген гистамин/, антидоттар /улағыш заттарының әсерін төмендету немесе белгі беретін заттар/, бактерияға қарсы құралдар /антибиотиктер, интерферондар, вакциналар, анатоксиндер және т.б./, және жартылай санитарлық өңдеу тәсілдері /жеке тану пакеті, жеке антихимиялық пакет/ жатады.

ТЖ –ғы халықтың өмір сұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды алдын ала жүзеге асыру өте маңызды:халықты ТЖ әрекетіне оқыту:ТЖ болатын қауіптің алдын-ала алатын дәрежесінде ұйымдастыру; радиациялық, химиялық, биологиялық, сонымен қатар дозиметрлік, лабораториялық барлауды ұйымдастыру және өткізу; өртке қарсы, эпидемияға қарсы сақатандыру және санитарлық –гигиеналық шараларды өткізу; кейінге қалдыратын және құтқару жұмыстарын өткізуге арналған материалдық құралдар қорын құру.

ТЖ –да тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ТЖ –да тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамасыз ету-адамдардың барлық әрекетіне денсаулығына және өмірін сақтауға бағытталған ұйымдастырылған инженерлік техникалық шаралар мен тәсілдері комплексі.

ТӘҚ –н қамтамасыз етудің негізгі бағыттары қауп мәселелерін шешуде мыналар қарастыралады;

-ТЖ –да болатын зақымдауды бағалау және болжау;

- ТЖ –да болдырмау немесе болу қауіпін азайту шараларын жоспарлау;

-ТЖ-да халық шаруашылығының тұрақты жұмыс объектілерін қамтамасыз ету;

-халықты ТЖ-р әрекетіне оқыту;

-ТЖ-р салдарын болдырмау;

ТЖ-да болатын салдарын бағалау және болжау

ТЖ-ды болжау –бұл бағдар таба білу және жағдайды бағалау әдісі,ол стихиялық апаттарда , авариялар нәтижесінде болады. ТӘҚ-де болжау мағынасы жағдайды шамалау үшін алынған мәліметтерді қолдану дәрежесімен анықталады.

Қазіргі кезде сейсмикалық қауыпты аудандар болатын сел тасқыны, опырылып құлау жерлері мен аудандары жақсы меңгеріліп анықталған, Плотиналар бұзылған жағадайда болатын су басуларға тосқауылдар орнатылған, су тасқыны жағдайда өндірістік объектілер анықталған, авариялар үлкен қопарылуларға, адамдардың зақымдалуына, территориялардың улануына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл көп мерзімді болжау.

ТӘҚ аймағындағы міндетке ТЖ басталу уақытын шамалап анықтау жатады. Осылар бойынша барлық іс-әрекет аймағында адамдарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша оперативті шешімдер қабылданылады. Қазіргі таңда ТЖ басталу және қалыптасу процесін болжаудың берік тәсілдеріне іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір стихиялық апаттардың басталуын болжайтын нақтылы мүмкіндіктер белгіленуде. Осыған орай күн белсенділігінің циклділігінен, жердің жасанда серіктерінен, метеориологиялық, сесмикалық, жанар таудың, селге қарсы, тасқынға қарсы және басқа да станциялардан алынған мәліметтер қолданылады. Мысалы: дауылдар, тайфундар, жанартаудың аталуы, сел тасқындары жердің метериологиялық серіктерінің көмегімен болжау жасайды.

Жер сілкіністерінің сейсмикалық аудандарда судың химиялық құрамын жүйелі түрде талдау, жердің қатылық, электрлік және магниттік сипаттарын өлшеу және құдықта таза судың деңгейін өлшеуді бақылау жолымен болжауға болады. Статистикалық , табиғи , георграфиялық, температуралық жағдайды ескере отырып, орман, шым тезек және басқада ландшафттік өрттерді коэфициентерін жинақтау негізінде болжау кең қолданылады. Жасырын өрттер ошағын /шымтезек, жер асты/ табу үшін және орман өрттерінің қауіпін болжауға ұшақтан жер серіктерін түсіру инфро-қызыл апаратурасы қолданылады. ТЖ-ң шығуымен қаупті жағдайды болжау математиалық әдістермен іске асады. Заттардың немесе энергияларадың қоры потенциалды қауіпті объектілерді /координаты/ болжау жағдайлары үшін бастапқы мәліметтері болып табылады; халықтың саны оның тығыздығы,салымдардың сипаты, қорғаныс кешендірінің түрі және саны, олардың сиымдылығы және т.б. мәліметтер /метео жағдайлар және жер сипаты/,болып табылады. Кейінгіге қалдырылмайтын және құтқару жұмысынын жүргізілуінің ұйымдастырулымен зақымдау ошақтарында болған жағдайды болжау жан-жақты қарастырылып, талданып және бір шешім қабылданады.

Өкінішке орай ТӘҚ-де және берікті емес болжаулар қолданылады. ТЖ –ң зиянын болдырмау үшін қажетті шараларды төмендегідей топтастыруға болады.

Ұзақ мерзімді болжауға негізделген фондық /үнемі жүргізілетін/ шаралар, құрлыстық және монтаждық жұмыстарды орындау , қауіп болу тұралы халыққа хабардар ететін берік жүйелер құру, қорғаныс кешендірі қорының жиналуы және халықты жеке қорғаныс құралдары мен қамтамасыз ету; лабораториялық бақылау және барлау радиациялық, химиялық және бактериологиялық бақылау ұйымдастыру; ТЖ-ң ережелері және әрекеттеріне халықты жалпы және міндетті түрде оқыту; үнемі санитарлық –гигиеналық және эпидемияға қарсы өткізу: АЭС құрылысынан бас тарту.

ТЖ болатын кезде қажетті қорғаныс шаралары:болжамның дәлдігін қажет ететін барлау, бақылау жүйесін күшейту; ТЖ туралы хабардар ету жүйесін дайындау;

Экономика мен қоғамдық өмірін жұмыс істеуін арнайы ережелерін іске келтіру; ТЖ-ғы жоғарғы қауіптің басталуын бейтараптандыру; авариялық құтқару қызметін дайындау; халықты бөлшектеп көшіру.

Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар жоғарғы дәрежелі мағлұматтар арқылы ТЖ болатын орынын, уақытын және зардабын алдын ала көрсете алмайды.

ТЖ тірішілік әрекеті қауіпсіздігі мен қамтамасыз ету шараларын жоспарлау ТӘҚ –де басты қызмет және негізгі бөлімі болып табылады. Бұл уақытта ресурсы және орындаушылары бойынша мақсат міндеттерге жетуді нақтылауға мүмкіндік тудырады. Болжаудың қортындысы жоспар құру болып табылады. Ол жоспар келесі элементерді қамтуы тиіс;жұмыс және шаралар түрлерін ресурс жұмыстарының жоспарын орындау үшін. Осы жұмыстарды орындау уақыты, жоспардың әр бөлігін орындауға міндетті адамдарға нұсқау жасау; жоспарды орындалғанын бақылау тәсілдері.

ТЖ –да халық шаруашылығы объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

Халық шаруашылығы объектілерінің жұмыс тұрақтылығын ТЖ-ң зақымдау факторының қирату әрекетіне қарсы тұра білу қабілеті деп түсіндру, өнімді жоспарланған көлем мен номенклатурада шығару /өндіру/, жұмыскерлер мен қызметкерлердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету.

ТЖ-объектісінің тұрақты жұмысы ұйымдастырылған кешенді, инженерлік-техникалық және басқа шараларды өткізу мен іске асырылады. Бұл шаралар ең алдымен ТЖ зақымдау факторларынан жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғауға бағытталуы керек. ТЖ объектісінің жұмысынын тұрақтылығын көтеру екітүрлі шара, ТЖ-да тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мәселесімен тығыз мәселесі, соның ішінде қызметкерлер мен жұмысшыларды қорғау және зақымдау факторлының қайталануын болдырмау немесе шек қою.

Қызметкерлер мен жұмысшыларды қорғау

Жұмыс объектілерінің тұрақтылығын көтеруге негізгі назар мыналарға аударылады: жарылғыш, улы және радиоактивті заттар қолданылып технологиялық процестерде, өндірістерде паналарды алдын ала құру; зиянды заттармен улану жағдайларда қызметкерлер мен жұмысшының жұмыс тәртібін жоспарлау; улану ошақтарын болдырмауда нақты жұмыстар жүргізуге объекттегі адамдарды оқыту.

Авария кездерінде зақымдау факторының қайталануын шектеу немесе болдырмау

Қайталану факторына өрттер, жарылыстар, кешендердің күйреуі, улы радиоактивті және басқа да зиянды заттардың азаюы жатады. Объектіде өндірістің жақсы жағдайда қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін шаралар жүргізіледі.

Бірақ, бұл шаралар ТЖ-да жеткіліксіз,сондықтан авария жағдайында болатын қайталынатын факторларының әрекетін шектеуге бағытталған қосымша шаралар жүргізілу керек.

Оларға : жарылығыш және өрт тудыратын заттардың қорлары жиналған қоймаларда сақтау, улы жанғыш және агрессивті сұйықтар, отын қоймалары, улы химикат, өрт сөндіру заттары жабдықтары және өрт сөндіру заттары қорын құру.

ТЖ –р салдарын болдырмау.

ТЖ –р салдарын болдырмауға арналған жұмыстар қысқа мерзімде және бір жүйемен орындалуы жолын қарастыру мен ұйымдастыру.

Бірінші этапта халықты шұғыл қорғау мәселері шешіліп, кейінгіге қалдырылмайтын және басқада қорғау жұмысын өткізуге дайындау.

Халықты шұғыл қорғаудағы негізгі шаралар

Қауіп төнгенін хабардар ету ; қорғау тәсілдерін қолдану; тәртіп ережелерін сақтау, қауіпті аймақтардан көшіру , медициналық сақтану тәсілдерін қолдану; зардап шеккендерге медициналық және көмектің басқада түрлерін көрсету.

ТЖ –ң салдарын азайту немесе дамуын ескертуде аварияларды жайылтпау; өндірістің технологиялық процесін өзгерту немесе тоқтату ; өртті сөндіру.

Кейінгіге қалдырылмайтын және қорғаныс жұмыстарын өткізуге зақымдау ошағына барлау жүргізу және болған жағдайды бағалау.

Құтқару және басқа да кейінгіге қалдырылмайтын жұмыстарды орындау ТЖ зардап салдарын бодырмаудың екінші этапының негізгі міндеті болып табылады.

Құтқару жұмыстары зардап шеккендерді іздеу оларды , басып қалған заттардың арасынан, жанып жатқан ғимараттардан шығару.

Шетелде халықты ТЖ –да қорғау існе халықаралық ынтымақтастық жасау.

ТЖ тұралы ескерту және шетелде халықты шұғыл жағдайда қорғау белгілі практикалық қызығушылық көрсетеді.

1979 ж. АҚШ –та төтенше жағдайдағы әрекеттерден ұлттық басқару орны /NEMA/ құрылған. Азаматттық қорғаныс заңы тұралы осы басқару орнына бейбіт және соғыс жағдайда ТЖ –да дайындау шаралары қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Орталық қолдау қызметін арттырған және ТЖ-да халықты тірішілік әрекеті NEMA аппараты 5 түрлі басқарудан тұрады. Олар белгілі бағдарламаларды орындауға жауапты. ТЖ –мен қызмет етуді қамтамасыз ету; үйрену; ұлттық дайындық; көмек көрсету ; сақтандыру шаралары. АҚШ –ң барлық территориялы 10 аймаққа бөлінеді. Оларда құрылған. АҚШ та халықты қорғау міндеттерін орындау үшін әр түрлі ұйымдар, мекемелер және ерікті қоғамдар қатынастырылады. АҚШ да бюджетінен құралдар алатын және ТЖ ғы әрекет жоспарын құратын 2700 ұйымдар бар. Міндеттерің бірі болып ТЖ әрекетіне керек жағадйда. NEMA ұйымдар мен қызметтерді анықтау. Жыл сайын NEMA ұйымдастыратын оқып үйретулерге өз еркімен 380 мыңнан астам адам қатынасады.

Италияда әрекет етуші заңдылықтығымен біріге отырып, АҚ бойынша шараларды өткізуге жауаптылығы қорғаныс Министрілігі мен ішкі істер министрлігіне міндеттелген.

АҚ әрекеттінің барлық сұрақтар координациясын АҚШ-ң ведоствоваларың комитеті іске асырады. Оның құрамына қорғаныс ішкі істер көлік және байланыс, ауыл, орман шаруашылығы, денсаулық сақтау , еңбек, әлеуметтік қамтамас ету , өндіріс және сауда министрліктерінің өкілдері кіреді. Осы елдің территориясы 12 азаматтық қорғаныс ұйымына бөлінеді. Азаматтық қорғаныс негізгі ұлттық қауіпке қарсы қызмет құрайды. Осы елде 90 өрт сөндіру округтеррі бар, олар 7000 өрт сөндіру аудандарына бөлінеді.

Осы елдің әртүрлі аудандарында АҚ органдары орталығы бар, олар зардап шекккен халықққа көмек көрсетеді.

Бейбіт және соғыс жағдайында авариялық құтқару жұмыстарын өткізуге тұрақты әскер бөлімшелері қатыстырылады. Жыл сайын ауылдық мекендердің біреуіне оқытулар өткізіледі. Бұларға өртке қарсы қызметпен әскери бөлімдерінен басқа ерікті ұйымдар қатысады.

Бельгияда АҚ құрылымы 1954 жылдағы патша жарлығымен анықталған. Азаматтық қорғанысты жалпы басқару ішкі басқару істер Министрлігіне жүктіледі. Оған елдегі шаралар басқаруын іске асыратын АҚ –ң генеральды әкімшілігі бағынады. Елдің территориясы провинция саны бойынша 9 аймаққа, аймақтар 47 ауданға, аудан 199 қосымша ауданға бөлінген әр қосымша аудан 10-14 коммунды қосады.

Данияда АҚ тұралы бірінші заңы 1935 ж. қабылданды, қазір АҚ –ң негізгі қызметін анықтайтын 1981 ж. Заң жүреді , қауіп жағдайлары тұралы халықты хабардар ету, қауіпті аудандардан халықты көшіруді ұйымдастыру, халықты қорғаныс кешендерін паналау, апатан кейін іздеу мен құтқару және қалыпқа келтіру өткізу АҚ басқармасы шетел қызмет Министрлігінің қатысуымен басқаруды іске асырады.

ЕЭС бюджетінде халықты қорғауға кеткен шығын туралы арнайы статьялар қарастырылған . Қалыптасқан бағдарлама мен мынандай келесі іс-әрекет түрлерін қарастырылады: аппатарды болжау және алдын –алу, олардың салдарын болдырмау және бұзылған объектілер-байланыстарды қалыпқа келтіру. Зілзалалы апаттар жер сілкінісі, су тасқыны, қатты қар жауыжағдайдағы елдер-ЕЭС мүшелерінің біріккен әрекеттері қарастарылады.НАТО және ЕЭС елдерінде белсенді қатысуға талпынады. БҰҰ –ң көрсеткіштері бойынша соңы 20 жылда жер жүзіндегі миллиардқа жуық тұрғындары зілзалы апаттар салдарынан зардап шеккен, соның салдарынан3 миллионға жуығы мерт болған . БҰҰ –ң Генеральдық Ассамблеясының 4-ші сессиясының шешімі бойынша 1990 жылдары зілзалалы апаттар тұралы және қауіпін төмендетудің халықаралық онжылдылығы болып жариялаған . Парижде азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы 1931 жылы құралған. Штаб- квартирасы Женевада орналысқан.

Жарлыға сәйкес АҚХҰ-ң мақсаты бейбіт және соғыс кезінде қауіп салдарын азайту немесе қауіп тұралы ескерту мүмкіндік беретін әдіс пен техникалық құралдары дамыту мен жетілдіру болып табылады.

1957 БҰҰ –ң арнайы дайындалған мекемесі құрылған –атом энергитикасы жөніндегі халыкқаралық агентігі. Бұл Агентік атом эенргиясын бейбітшілікке қолдану саласында халықаралық ынтымастығықты дамыту үшін құрылған. Оның құрамына 110 мемлкет кіреді.

Қоршаған ортаны қорғау бағдарламысы бойынша БҰҰ –ң ЮНЕП жұмыс істейді. Ол биосфера ресурстарын басқарудың ғылыми негізін жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]