Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpory.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
232.45 Кб
Скачать

2.2.Қауіп-қатерді токсономиялау (жүиелеу).

Токсономия-ірі құбылыстар туралы түсініктер мен субъектілерді жүйелеу және классификациялау.

Қауіпті дегеніміз ирархиялық көп белгілері бар, қүрделі түсінік оларды токсономирлеу қауіпсіз әрекетті ұйымдастыру барысында ғылыми білімділікті ұйымдастыруда қауіптің негізін тануда терең зерттеуді талап етеді.

Қауіптің төнуінің табиғи техногенді, антропогенді, экологиялық, социологиялық түрлері бар.

Арнайы стандартқа байланысты қауіп-қатерлер, физиқалық, химиялық,, биологиялық, психофизикалық болып бөлінеді.

Зардаптарының көрінуіне байланысты қауіп-қатерлер импульсивтік және комулятивтік болып бөлінеді. Пайда болу ортасына байланысты: литосфералық, гидросфералық, атмосфералық, космосты болып бөлінеді.

Зардаптары: шаршату, ауру, жарақат, авария, өрт, өлім.

Шектіретін зардаптары: қоғамдық, техникалық, экологиялық, экономикалық.

Қауіп төнетін ошақтар: тұрмыстық, спорттық, жол-транспорттық, өндірістік, әскери т.б.

Құрлымына қарай қауіп-қатер негізгі және туынды болып бөлінеді, жай көздердін әсерінен туатын, адамға төнетін қауіптерді әсеріне қарай шұғыл және баяу деп бөлеміз. Баяу қауіпке энергия арқылы әрекеттенетін адам бойындағы қауып жатады. Олар өткір (кесетін, кіретін) қозғалмайтын элементтер; адам жүретін жердің ой-шұнқыры; жарлар, құздар, екі қозғалып тұрған заттың сығылысуы т.б. қауіптің априорлық белгілері мен апастериорлық белгілерін ажыратады.

Қауіп-қатерді ұқсастыру.

Қауіп-қатер оқыстан болады. Оны ұқсастырғанда (индентификация) аумақтың уақытың, мөлшерлік белгілерін танып, оны профилактикалық, оперативтік шаралар жүзінде өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүргізіледі. Ұқсастыруда қауіп төнудің түрлері анықталады, оның көріну мүмкіндігі, аумақтықтаралуы (кординаты) болатын шығын т.б. параматрлер, яғни нақты шешім табу жұмыстары жүргізіледі.

Себептері мен салдары.

Қауіп төнгендегі жағдай қауіптің себебі деп табылады. Басқа сөзбен айтқанда себеп жағдайдың жиынтығын көрсетеді, яғни қауіп төнгенде зардаптары мен зиянын тигізеді. Зардаптары мен шығынның формалары әр түрлі: жарақаттар, қазіргі заман әдістерімен анықталатын қоршаған ортаның аурулары, зор шығын т.б.

Қауіп оның себептері. Бақытсыз оқиға, аяқ-асты, апат, өрт, қауіп-қатердің салдары.

Үштік: «қауіп-себеп-зардап» бұлар шығын келтірудің негізгі жалғастары. Дәстүр бойынша бұл процесс бір неше себепті қамтиды, яғни, себебі көп болып саналады. Бір ғана қауіптің салдары әр түрлі зардаптарда көрінуі мүмкін. Бақытсыз жағдайдың профилактикасы оның себебін іздеу деген сөз. У(қауіп)-дәрінің улығы (себеп)-улану (зардабы). Электрлік айқас тұйықталу-күйіп қалу, шөл ұшақтың шөлге қонуы-ағзаның әлсіреуі. Ішімдік-шектен тыс ішу-өлімге әкеп соғуы.

Қауіп-қатердің неғурлым жіберілетін концепциясы.

Әдеттегі техникалық қауіпсіздік үзілді-кесілді қауіпсіздікті сақтау. Апатты болдырмау мен апаттың алдын алу жағдайында болады. Іс жүзінде көрсетілгендей, мұндай концепция техносфера заңдарымен теңбе-тең. Шыншылдық пен тыныштықты мүлдем талап ету, адамдар үшін трагедияға айналып кетуі мүмкін, өйткені уақиға барысында қауіп төндірмеуді болдырмау мүмкін емес. Қазіргі өмір абсалютті қауіпсіздік концепциясын жоққа шығаруыда мүмкін деген яғни, белгілі бір мезгілде қоғам қауіпті деп қабылдайтын жағдайдың концепциясын қабылдады.

Қоғамның қауіп-қатерді қабылдауы субъективті. Адамдар көп өлім әкелетін уақиға тез шешім қабылдайды. Ал, күнде болатын аз өлім әкелетін уақиға көп көңіл аудармайды. Күнделікті өндірісте 40-50 адам, ал елімізде әр түрлі қауіп –қатерден 1000-даған адам өледі. 1000-даған адамға көп әсер әкелсе, 5-10 адамның апаттан болған немесе белгісіз бір қақтығыстан өлген адам өмірі онша ойландырмайды.

Мүмкін деген қауіп-қатерді қарастарғанда мұны еске алу керек. Қауіп-қатерді бағалаудағы субъективтілік, оның әдістері мен методологиясының жетіспеушілігін анықтайды. Мамандардың айтуы бойынша, қауіпті бағалау ретінде дәстүрлі көрсеткішті қолдаңғаннан гөрі қаншалықты қауіпті екенін анықтау дұрысырақ.

Мүмкін болатын қауіп өзіне техникалық, экономикалық, әлеуметтік және саяси аспектілерді қамтиды, қауіп деңгейінің кейбір компромисстік жағдайларын белгілейді оған қол жеткізуді көздейді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп шығындалу, әлеуметтік салаға зиян келтіруге, мысалы, медициналық көмек көрсетуді төмендетуге әкеліп соғады.

Шығынды көбейткенде техникалық қауіп азаяды, бірақ әлеумттік қауіп көбейді. Күтпеген қауіп инвестициялық, техникалық, қоғамдық салаларында жиынтық аз қатер төндіреді, қоғамның мейірлесуіне байланысты қауіп төнетін жақты таңдағанда мұны еске алу керек.

Кейбір елдерде, мысалы Голландияда, мүмкін деген қауіптер заңдастырылған. Бір жылғы мүмкін деген қауіптен өлім шамамен 106. Және өлім қаупі 108 болса, ол көп болып саналады.

Мүмкін деген экосистемалық қауіптен 5% жапа шексе ол максималды болып саналады.

Мүмкін деген қауіп концепциясы біздің елде әлі қаралған жоқ. Оның үстіне кейбір мамандардың айтуына қарасақ оны сынға алады және адамгершілікке қарсы әрекет деп түсінеді. Шындығында мүмкін деген қауіп 2-3 ретте «шын» айтқанға қарағанда. Демек, мүмкін деген қауіпті енгізу адамзатты қорғау үшін жүргізілетін шара болып табылады.

Қауіпті зерттеудің жүйелігі.

  1. Саты-қауіпті алдын-ала талдау (анализдеу). (ҚАТ)

  1. қадам. Қауіп төндіретін орынды табу.

  2. қадам. Қауіпті тудыратын орын құрлымын анықтау.

  3. қадам. Зерттелмейтін қауіп төндіретін орынға анализ жасамау.

  1. Саты- қауіпті жағдайдан соң болатын уақиғаларды анықтау.

  2. Саты- қауіптің зардаптарын зерттеу, анализдеу және жою.

Қауіптен сақтануды жүйелі талдау.

Бұл қауіптен сақтану үшін, күрделі мәселелерді шешуге және оған дайындалу үшін жүргізілетін методологиялық құралдардың бірігуі.

Жүйе дегеніміз бірлесіп жатқан компоненттердің бірлігі, яғни белгілі бір мақсатқа жету үшін бірлесе атқаратын істер. Қауіп-қатерді жүйелі талдаудың мақсаты сол, зардаптарын (апат, өрт, жарақат т.б.) болдырмау себебін және алдын-ала ескерту жұмыстарын, яғни зардап шегуді азайтатын жұмыстарды жүргізу.

«Қауіптің болу себебінің діңгегі» жүйе ретінде караса.

Қандай да бір қауіп белгілі бір немесе бірнеше себебептен туып шығын келтіреді. Себепсіз ешқандай қауіп жоқ. Қауіпті болдырмау үшін, оның себебін білген дұрыс. Төнген қауіппен оның себебінің арасында себеп-салдар байланысы бар; қауіптің, өзі салдар болып саналады, кейде салдар басқа бір себептің салдары болады, яғни олар бір-бірімен байланысты, шынжырланып жатады. Бұл байланысты графикамен белгілесек, жайқалып тұрған ағашты елестетеді. Ағаштың талдануы логикалық мақсаттылықпен басқа талмен жалғасады.

Қауіпсіздік жүйесін талдаудың логикалық операциясы.

Логикалық операцияны сай келетін белгілерімен белгілеу қабылданған. Көбінесе «И» және «Или» операциясы қолданады.

«И» операциясы (вектиль) шешімін табу үшін барлық істердің жағдайын сақтауды пайдалану керектігін көрсетеді.

Тақырып 2 : Бейбіт өмірдегі төтенше жағдайлар.

Сұрапыл апаттар дегеніміз адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың өлуіне, халықтың қалыпты өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына, құруына әкелетін әр-түрлі құбылысты айтамыз. Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғаттың күштерінің әсерінен болады. Мысалы: жер сілкінісі, су басу, ормандағы, даладағы өрттер, қар ұшқыны т.б. жатады әрбір стихиялық апаттың өзінің физикалық мән маңызы болады. Оған тек пайда болу себептері, қозғаушы күштермен даму сатысы және сипаты тән, яғни қоршаған ортаға деген ықпалының өз ерекшеліктері болады. Бір-бірінен ерекшеленетін стихиялық апаттар түріне қарамастан оларға тән белгілі ортақ, яғни, қоршаған ортаға қирата әсер етуі, адамға зор психологиялық әсері байқалады. Ең зор табиғи апатқа жер сілкінісін жатқызамыз. Жер сілкінісі дегеніміз – жер астының дүмпуі, яғни жер бетінің тербелісі. Жер сілкінісі барысында көптеген адамдар өліп, үйлер қирап, платина, көпір каналдары да бұзылып мемлекет зор шығын шегеді.

Болатын жер сілкінісінің дәл уақытын болжап айту өте қиын.

Қазақстан Республикасында жер сілкінісінің қарқындылығын анықтау кезінде, 12 баллдық халықаралық Рихтер шкаласы қолданылады. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

1 балл- ол бізге сезілмейтін дүмпулер;

2 балл- ол дүмпуді жекелеген адамдар ғана, оның ішінде жоғарғы қабатта орналасқан пәтер тұрғындары сезеді;

3 балл- бұл дүмпуді барлық адамдар сезбейді, жоғары қабат терезе әйнектері мен люстра шынылары дірілдейді;

4 балл- бұл дүмпуді ғимарат ішіндегі барлық адамдар сезеді, құрлыс төбесі шытынап, ыдыс-аяқтар сылдырлайды;

5 балл- бұл дүмпуді барлық адамдар сезеді, ұйқыдағылар бірден оянып, заттардың барлығы қозғалады;

6 балл- бұл дүмпуден адамдар жүре алмай, адамдар тұрған ғимараттар қозғалып, қопарылып, үй қабырғалары жарылып, сылақтар түсіп, бағанадағы ыдыстар құлап жатады;

7 балл- бұл дүмпу кезінде адамдарды үрей, қорқыныш билеп, тербелістер адамның тіке тұруына кедергі келтіріп, үй жиһаздары құлайды;

8 балл- бұл дүмпуде адамдар тіп-тік аяғынан тұра алмай қалады, үй қабырғалары құлап, ғимараттар да бұзыла бастайды;

9 балл- бұл дүмпуде жер жарыла бастайды;

10 балл- ғимараттар толығымен қопарылады;

11 балл- катастрофалық қирау байқалады;

12 балл- рельефтік ландшафтың өзгеруіне әкеп соғады.

7 балдық және одан жоғары жер сілкіністері күшті категориялы жер сілкінісіне жатады, ал 10 балдық және одан жоғары жер сілкінулері катострофалық сипатқа ие.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Тараз, Оңтүстік Қазақстан, Қызыл Орда қалалары сейсмоқауіпті зонада орналасқан. Қазақстанның өте сейсмо-белсенді аймағының ауданы 450 ш2 құрайды. Мұнда 30 пайызға жуық өнеркәсіптің негізгі фонды, 35 пайыздай тұрғын үй фонды орналасқан, ал халқы 40 пайызға жуық. Сейсмо-белсенді аямақтарда ірі қалалар, гидротехникалық құрылыстар, зиянды өндірісті өнеркәсіптік кәсіпорындар, жасанды және табиғи жолмен жасалған су тораптары орналасқан. Жер сілкінісі көбінесе өртке және геологиялық ортаның экологиясының бұзылуына апарады. Ал бұл шаруашылықты зор шығынға ұшыратады. Жер сілкінісінің әсерінен өндіріс циклдері уақытша істен шығып, еңбек ресурстары да тоқтайды. Әлеуметтік шығнындар да болады, яғни транспорт жолдарының бұзылуынан тұрғындық, тұрмыстық жағдайлар нашарлап, халық бұл апат аймағынан басқа жерге кете бастайды. Адамдардың еңбекке және шаруашылық белсенділігі төмендейді, денсаулығы нашарлап, үздіксіз қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Жер сілкінісінің салдарының ең ауыр формалары ғимараттар мен құрылысты сейсмикалық тұрғыдан күшейту жөнінде жұмыс жүргізілмегендіктен көрініс бере бастайды. Құрылыстар сейсмо-қауіптілікті ескермей-ақ жүргізіле береді. Мұндай жер сілкінісі соңғы жылдары Қазақстанда болған болатын. Шығыс Қазақстан облысындағы жер сілкінісінің ауыр формасы эпицентрлік зонада көрініс береді. Рожкова мен Баласу аудандарында жер дүмпуі 8 баллға дейін жетті, оның салдарынан 13 мыңдай үй қирады.

Су басу - дегеніміз өзен, көлдердегі судың тасуы нәтижесінде, жерді уақытша су басуы. Бұл адамдар мен шаруашылық жануарларын өліміне апарады. Көптеген су басулардың ең негізгі себебі күшті нөсерлерден, қармен, мұздардың курт еруінен болады. Ең ірі су басулар Қазақстанның территориясындағы Орал өзенінде және Каспийдің солтүстік шығыс жағалауында болды. Соңғы кездері Атырау мен Маңғыстау аймақтарын зор шығынға ұшыратқан су басулар Каспий теңізінің өз деңгейінен көтерілу себебінен болды. Су басуды алдын-ала болжауға болмайды.

Сел 10-20 метр биіктікке дейін жекелеген күшті толқындармен қозғалатын, сынық материалдар мен судың қоспасынан тұратын қысқа мерзімді тау ағыны, оның күшінің зор болатыны соншалық гидротехникалық құрылыс орындарын құртып, далалар мен өзендердің ағысына да өз әсерін тигізеді. Өзінің күштілігіне байланысты селдердің болуы жөнінен Қазақстан Республикасында 300-ден аса сел бассейндері бар, мұнда селге байланысты 800-ден жоғары қауыпты жағдайлар болды, Қазақстаннның таулы аймақтарында сел ағындарының пайда болуы жылы мезгілдерде де кездеседі. Сел қаупінің белгілеріне мыналар жатады:

  • Сел жүру қауіпі бар өзендердің жоғары бетіндегі ауа температурасының күрт және ұзақ уақыт бойы жоғарылауы;

  • көлдердегі су деңгейінің күр төмендеуі;

Сел қаупі бар аудандарды тапқан кезде жүргізілетін қауіпсіздік шаралары:

  • таудағы өзгерістер жайлы бұқаралық ақпарат құралдарының беретін мәліметтеріне үздіксіз құлақ түріп отырыңыз;

  • сел ағынынан 50-70 метр қашықтықта тұрыңыз;

  • сел қауіпі бар жерлерге дем алып, лагер палаткаларын тікпеу керек;

Қарлы көшкіндер дегеніміз- тау баурайларымен қардың төменге шапшаң түсуі. Қазақстанда қар көшкіні көбінесе, Батыс Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауларында болады.

Қар көшкінінен болатын қауіптің белгілеріне мыналар жатады:

  • қыста жауған қардың көп мөлшерінен қар жабыны 20-30 см-ге дейін жетеді;

  • қыс кезінде ауа райының ұзақ уақыт суытуы немесе жылынуы;

  • қар бетіне жаңбырдың жаууы;

  • күшті желдердің болуы;

  • тау баурайларындағы қардың жабыны 30-60 см-ге дейін жетуі.

Қар көшкіні қаупі бар аудандарда қауіпсіздік жүргізу шаралары, яғни тау жақтағы болып жатқан өзгерістер туралы бұқаралық ақпараттық құралдарының мәліметтеріне үздіксіз құлақ түріп отыру керек. Көптеп жауған қардан кейін 2-3 күн аралығында тауға шықпау керек. Көктемде қарлар тау баурайынан еріп түскенде абай болу керек, тауға шықпау керек. Тауға адамның жалғыз өзі шықпауы керек. Қар көшкіні кезінде тауда жүрген туристер мынадай қауіпсіздік шараларын жүргізуі керек: қар қарқынды жауып тұрған кезде 3-4 сағаттан кейін қар көшкіні қаупі төнуі мүмкін, бұл қаупті зонадан тез қашып үлгеру керек.

Қарлы борандар: қыс айларында Қазақстан далаларында кездесетін боран мен бұрқасын өте қаупты. Бұрқасындар жауған қарды бір ауданнан екінші ауданға апарып тастап оны қатайтады. Күшті борандар зор бұрқасынның пайда болуына әкеліп, темір жол және басқа да транспорт түрлерінің қалыпты жұмысын, телефон байланыстарының жұмысын бұзып, авиация жұмыстарына кедергі келтіреді. Малдар көптеп қырылуы мүмкін. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қыста орташа есеппен 30 куннен 60 күнге дейін бұрқасындар болып отырады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз Төбе ауданындағы бұрқасындар бір айда 27 күнге дейін созылады. Бұрқасын мен қарлы боран мүмкіндігі туралы ескертулерді еске салысымен жолға шығуды тоқтату керек. Отынды сақтап үнемдеу үшін, тұрғындарды отынмен қамтасыз ету қажет. Ауылдық жерлерде су мен жем дайындап қою керек.

Қажет болған жағдайда күшті желдерді жеңуге, оларға төтеп беруге көмектесетін үйлердің арасына арқандар керу керек. Қарлы боран, бұрқасындар күшті жел тұру кезіндегі жұмыстардың барлығын топтасқан адамдар жүргізуі қажет. Әрбір жұмысшы көзден таса болмауы керек, өйткені оған кез-келген уақытта көмек қажет болуы мүмкін. Бұрқасын кезінде телеграф тораптары сияқты объектілерге тура, дәл жолмен бағытталуы керек, әйтпесе адамның адасып өліп қалуы мүмкін. Ең жақсысы жолға шықпаған жөн. Егер адам автомашинамен келе жатып жолда боранға ұшырасып қалса, міндетті түрде тоқтап, автотұрақтың қай жерде екендігін анықтау қажет. Машинаның терезелерін мықтап жауып, радиатор жақтағы двигательді де жабуы керек. Машинаның алдыңғы жағын желге қаратып қойып, отты үнемдеу үшін пешті үздіксіз жақпау керек. Машинаны қар түгелдей жаппауы үшін есіктің бірін ашып отыру керек. Жиналған қарды таптап отыру керек. Машинада отырып қаншалықты тонғаныңызбен двигательді жібермеңіз. Двигательдің жұмыс істеуі кезінде бөлінетін пайдаланылғаннан кейін шығатын ғаз біртіндеп, автомашинаның салонында жиналып, қақаған аяздан бұрын адамды, өзі-ақ өлтіріп жіберуі мүмкін. Егер жылыңғыңыз келсе сыртқа шығып, газдың автомашина емес атмосфераға шығуы үшін, құбырдың жолын ашу керек. Бір-ақ та машинадан сыртқа шығар кезіңізде арқан байлап шығыңыз, арқанның бір ұшын машинаға, бір ұшын өзіңізге байлау керек, өйткені адам өзінің машинасынан немесе үйінен жарты метрге ғана шыға салысымен, қар ұшқынынан өз бағытынан айырылып, басқа жаққа адасып, өліп қалған жағдайлар көп. Көптеп қар жауған кездің нәтижесінде қар борасындары пайда болады, бұл бірнеше сағаттан бірнеше күндерге дейін созылуы мүмкін және адам өмірінің қалыпты өмір сүруінің бұзылуына әкеледі. Тіпті адамдардың, ауылшаруашылық жануарларының өміріне қауптөніп және материалдық құндылықтардың құруына әкеледі. 1970 жылы мен 1987 жыл аралығында Қазақстан территориясында 600-ден жоғары күшті қар ұшқындары болды, бұлардың шамасы мен 50 пайызы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан сияқты 2 облыстан байқалды. 1986 жылдың 7 желтоқсанында Ащысайда, сағат 10 шамасында, 133 мм жауын-шашындар болды. Өте күшті қар ұшқындары Шығыс Қазақстан облысында болды. 1969 жылы Қазақстанның оңтүстік шығысында күшті қар ұшқындары тау етегіндегі жазықтарды 1,5-2 метрлік қар жабынымен жауып тастады. Қар көшкіндері, боран туралы ескерту мәліметтерін алсымен, уақыттың бар екенін пайдаланып, қоршаулар құру және т.б. қорғану жұмыстарын жасау қажет.

Дауыл дегеніміз қиратып жоюшы күші бар және ол ұзаққа созылады, оның жылдамдығы 30 м/секундқа жетеді. Дауылдардың пайда болу себебі атмосферадағы тепе-теңдіктің бұзылуы. Дауылды желдер көп нәрселерді қиратып-жойып, адам мен ауылшаруашылық жануарлардың өліміне апарып, материалдық шығындар әкеледі. Ең күшті жел 1988 жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан және Қызыл Орда облыстарында белгіленген болатын. Барлық аудандағы желдің жылдамдығы 28-40 м/секундқа жетті.

Осындай дауылдардың қырып жою салдарын төмендетудің үнемді шешімі дауылдық қауіпі бар территорияларды қаупсыздандыру. Өте қауіпті аймақтарда тұрғын үйлер құрылысына тиым салынады.Ал қалған басқа қалаларда құрылыс салу нормалары енгізілуі керек. Болатын дауылда қауіпсіздік шаралары:

  • погреб, подвал сияқты жерасты тунельдерін дайындау

  • есік пен терезелерді тығыздап жауып қою керек.

  • Жел жақтағы есік пен терезелерді бөлмедегі ішкі қысымды тепе-тең ету үшін аздап ашып қою керек.

  • Лоджиядағы, үйдің төбесіндегі, балкондағы заттарды алып тастау керек, өйткені желдің күші оларды төменге ұшырып жіберуі мүмкін;

  • Ауладағы заттарды бастырып қою керек немесе оларды бөлме ішіне кіргізіп қою қажет .

  • Газды, электроэнергияны сөндіріп, суды токтатып және пешті өшіру қажет.

  • Өндірісте сыртқы жұмыстардың барлығын тоқтату керек. Агрегаттар мен механизмдерді өшіріп, бөлме ішіне кіріп жасырыну қажет.

  • Ауылдық жерлерде фермадағы жануарлар үшін, жем-су қорын дайындап қою керек.

Дауыл кезінде өз-өзін қорғау әдістері, олар:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін үздіксіз тыңдап отыру;

  • ғимарат ішінде отырып, дауыл кезіндегі сынған әйнек шынылары қалдықтарынан абай болу;

  • желдің біртіндеп күшін жоғалта салысымен сыртқа шығуға тиым салынады;

  • орманда жүріп, ашық жерге шыққан қолайлы;

  • жаңбырлы, найзағайлы дауыл кезінде жеке тұрған талдың аясына электротасымалдаушы тораптардың тіректеріне жасырынбау керек;

  • дауылды жел мен бұрқасын кезінде сыртқа тек қажетті жағдайда ғана шығып және жалғыз шықпау қажет.

Дауылдан кейінгі жасалатын іс-әрекеттер мен қызметтің негізгі түріне мыналар жатады, олар:

  • дауылда қалған адамдарды іздестіру, ондай адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу орындарына жеткізу;

Найзағай адам үшін өте қауіпті болып табылады және ол авариялық жағдайлардың пайда болу көзі болып табылады. Егер сіз қала сыртында болсаңыз қауіпсіз орын тауып алуыңыз керек. Найзағай кезінде жүгіріп, қорқып, үрейленбеу қажет.

Найзағай түскен адамдарға көмек көрсету әдістері: ондай адамдарға жасанды дем беріп, жүрегіне массаж жасау керек.

2. Алқаптар мен ормандардағы кездесетін өрттер. Өрт дегеніміз бақылауға мүмкін болмайтын процесстер, өрттен адамдар мен жануарлар өліп, материалдық құндылықтардың жойылуы мүмкін. Өрттің пайда болу себебі отпен дұрысжұмыс жасамағандықтан өртті болдырмау қауіпсіздігінің ережелерін дұрыс ұстанбағандықтан болады. Өрт сөнбеген сіріңкелер мен алаудан да болады. Өрттің 90 пайызы адамдардың кінәсінен отпен жұмыс істеу кезінде жаупкершіліктің жоқтығынан болады.

Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері, табиғаттағы, ормандағы және даладағы /егістегі/ өрт болып табылады.

Орман өрті жану күші бойынша әлсіз, орташа және күшті, ал жану сипаты бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созылымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді, төменгі бетіндегі шөп-шаламның, ағаштың діңіне тарай алмайтын аласа ағаштардың жануымен сипатталады. Төменгі өрт аумағының қозғалыс жылдамдылығы 0,3-1 м /мин /әлсіз өрт/ 16 мин. Дейін 1/км/с /қаттты өрт кезіңде /, жалынның биіктігі 1-2 метр, өрт аймағындағы оттық емпературасы 400-900 градус.

Орманның жоғарғы жағындағы өрт-қылқан жапырақтағы ормандарда кездеседі. Олар әдетте төменнен басталып, ағаш дінінің жануымен сипатталады. Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын 8-25 км/с жететін үлкен жылдамдықпен ағаштан ағашқа таралады. Кейде өрт шарпымаған тұтас учаскілер қалады. Бір қалыпты жоғарыдағы өрт кезінде от бүкіл ағаштың ұшын 5-8 ш/с жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100 градусқа көтеріледі.

Өрттің тағы бір түрі –жер асты өрті, алайда ол Қазақстан аймағына жағдайына тән емес яғни шым-тезекті даланың өздігінен өртенуі.

Даладағы /егістіктегі/өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің /астықтың/ өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек. Шөптің жануында олардың таралу жылдамдығы 20-30 ш/с жетуі мүмкін.

Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:

  • Өрттің түрі мен орнына қарамастан, оны сөндіру 2 кезеңнең тұрады:өртті тоқтату /жайылтпау/ -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын жою.

  • Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метерологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күші мен құралдарының қаншалықты қамтасыз етуліне байланысты.

  • Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін кедергілердің жасалуы.

Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып, ортадағы от көзі сөндіріледі.

Үлкен өрт терді сөндірудің басты әдістері: жалының жолына кедергі қою немесе ор қазу /техникамен немесе жарылыспен/, алдыңғы жағын өртеу /күйдіру/, ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру /оның ішінде ұшақпен/ және басқадан техника мен әдісті қолдану.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен қазып көшіреді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырып бір жерге шоғырландырады.

Күйдіру ірі өрт кезіңде және өрт сөндіру үшін күш пен құрал жетпеген жағдайда қолданылады. Ол тірек алқабынан басталады /өзен, бұлақ, жол/; оны өртке қарағанда жылдам жанатын материалдардан үйінді жасайды /құрғақ шөп, қурай, қорда/. Ауаның өртке қарай тартылуы сезілген бойда, 20-30 м учаскісіндегі өрт аумағының ортасына қарай үйіндіні өртейді, ал кейінен жалын 2-3 метрге жылжығынан кейін көрші учаскілер жағылады.

Өрттелген алқаптың кемінде ені10-20 м, ал жердегі алапай өрт кезінде 100 м кем болмауға тиіс.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру өте қиын, оған кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін қашықтық -50 м болуға тиіс.

3. Авариялар және апаттар.

Апат-бұл байқаусыздан болатын адамның қателігі және зілзалық немесе әлеуметтік қатер, ол халықтың қалыпты тіршілігінмен өмір сүруін бұзады. Өлім жағдайына өмірі мен денсаулығына қауіп тұдыруымен және мемлекетке экономикалық, экологиялық зардаптарын тигізуімен сипатталады.

Апаттар түрімен масштабы бойынша жіктеледі.

Масштаб бойынша: кіші, орташа және үлкен.

Маштабты анықтау үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендер мен ауруханаға жатушылардың саны; апат әсерінде қалған территориялар.

Түріне қарай апаттар 2 топқа бөлінеді: табиғи немесе зілзалалық қатер; жасанды /антропенгедік, адам қатысуымен/

Табиғи апатттар:

Метериологиялық /боран; қатты жел; күннің ыстығы, құрғақшылық, өрт, найзағай/. Технологиялық және /теллургическая/ /өрттер, жер сілкіністер/. Топандық /селдер , қар көшкіндері, тастардың құлауы, су тасқырдары/ олардың бір-біріне соғылуы.

Жасанды апаттар:

Транспорттық /космостық, авиациялық, автомобмльдік,теніздік,темір жол т.б. /.

Арнайы /бактериологиялық, эпидемиологиялық/.

Әлеуметтік /соғыс,ашаршылық, қоғамдық және ұлттық тәртіп бұзылуы, терроризм, ішімділік, нашақорлық, токсикоманиялық/. Әр апат белгілі факторлар жағдайының болуына әкеліп соғады, ал әр ошақ-ол төтенше жағдай.

Төтенше жағдайының негізгі көрсеткіші деструктивті процестердің көрінуімен n, оларды нормаға келтіру үшін қосымша күштер мен құралдарды қолданып, әртүрлі шешімдер қабылдау керек.

Авария –технологиялық процестер бұзылуы, жабдықтар мен кешендердің механизмдердінің зақымдалуы.

Авриялардың жергілікті зардаптары-жарылыс, өрт, су басу, шахтылардың бұзылуы болуы мүмкін. Апаттардың болуына ауа атмосфераның газдалуы, мұнайдың агрессивті сұйықтықтарының және қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі себеп болады.

Аса үлкен қауіпті қатты әсерететін улы заттарды, жарылыстарды және өртенетін құрылыс, заттарын шығаратын және қолданатын объектілер тудырады. Қоймалар , базалар, темір жол станциялары, порттар және осы заттарды сақтайтын орындар өте қауіпті объектілер болып табылады.

Тж-ы тоқтатуың негізгі тәсілдері. ТЖ-ы тоқтату 2 кезеңге бөлінеді:

Құтқару және басқа да қажетті жұмыстар өткізіледі:

  • Объектінің комплексті түрде бақылау;

  • Ғиматтар кешендердің бұзылып құлауы кезіңде адамдарды басып қалудан құтқару;

  • Зардап шеккендерге медициналық көмек және оларды емдік мекемелерге көшіру;

  • өттерді сөңдіру және тоқтату

  • құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі ететін комуналды-энергиялық жүйелерден аврияны тоқтату;

  • құлаған ғимараттарға және апат болған жерлерге адам және көлік жүретін жол жасау;

  • мықты емес конструкциялардың құлауын қадағалау;

  • механизмдер жұмысына алаң дайындау;

  • құлаған жерлерді тазарту;

  • құламай қалған жабдықтарға қауып төнуден сақтайтын қоршаулар жасау;

  • авария болған ауданда және сол аймақ территориясында коменданттық топтарды ұйымдастыру.

Авария болған жағдайдан көп үзамай , сол құрамға кіретін жұмыскерлер мен қызметкерлер сол жерге келуге міндетті. Қалғандары авариялық тоқтату жұмыстарын жүргізуге , осы объектте зардап шекендерге көмектесуге дайын болулары керек.

Адам күші мен құралдарының жеткілікті болған жағдайда аварияны тоқтату барлық объектте бір мезгілде және жеке учаскілерде іске асырып аварияны тоқтатуды бірінші кезекте адамдарға көмек көрсету қажеті болса және қауіп төндіріп учаскілерден бастайды.

ТЖ-ң құтыла алмайтын топтарымен қатар қауыпты оқиғалар мен құбылыстарды айыру қажет, бұл қауіптер адамның дұрыс емес әрекетерінен туындайды. Осындай оқиғалар ТЖ –ң негізгін құрайды.

Қазіргі кездегі ТЖ профилактикасына тосқауыл қойылған.

ТЖ бетін қайтару тобына жүйедегі барлық қаупті оқиғалар жатады. Ауыр зардаптарына қарай қазіргі кездегі апат Башқұрстанның Бхапал қаласында бір қатар темір жол апаттарының ТЖ-ң бетін қайтару түріне жазқызуға болады. Жоғарыда келтірілмеген ТЖ деген түсінікті анықтап алу керек. ӨСҚТЖ теориясында –бұл оқиғылардың жиынтығы , олардың пайда болу қортындысы мына келесі белгілерде сипатталады:

  • айтарлықтай адам санының денсаулығы мен өміріне қауып төнуі;

  • төтенше жағдай аймағындағы экологиялық тепе-тендікті бұзу;

  • адам өмірін қамтамасыз ету мен басқару жүйесінің жұмыстан шығуы; бөлшегі мен немесе толығымен шаруашылық іс-әрекеттердің тоқтауы.

  • Адамдарды құтқару және қауіпті жағдайды тоқтату үшін адам күшімен құралдарды көмекке келтіру қажетілігі;

  • Адамдардың үлкен тобының психологиясының бұзылуы ;

ТЖ күтпеген жағдайда оқыс пайда болғады. Қауіпті шараларды көп түрде енгізумен ТЖ анықтылығына қол жеткізеді. Мысалы, қауіптің сандық мөлшері ретінде; ТЖ аяқталатын өкінішті оқиғалар саны, ТЖ-да зардап шекендердің саны, ТЖ аймағындағы адамдар саны; ТЖ-дан қаржылық шығынды қолдануы мүмкін. Мысалы, Маршалдің критериі өлген 10 адам ТЖ белгісі болатыны айтылады.

Адамның әрбір іс-әрекеті қауіпті. Профилактикалық жұмыс арқылы қауіптердің көптеген себептерін уақытында тоқтатуға мүмкіндік береді. Бірақ, толық емес қауіпсіздікке қол жеткізу мүмкін емес. Қайткен күнде қауіптің кейбір түрлері және олардың сбептері қалып қояды.

Қалдық қауып концепциясының мәні: ТЖ қалдық қаупітің салдары болып табылады.

ТЖ сатылары

ТЖ стадиялары немесе даму фазалары бір сипатта және жағдайдың пайда болуының бастапты себептеріне байланысты емес.

Бірінші саты : жағдайдың қалыптасуы, кемшіліктердің жиналуы, Адам орта жүйесіндегі қауіпсіздік байланыстары әлсірейді.

Үшінші сатыда : -ТЖ –ң уақыт пен кеңістікте дамуы. Бұған арнайы дайындалған, керекті құралдармен жабдықталған адамдар тоқтату әрекет етулері мүмкін. ТЖ ұйымдастырылған әрекеттің әсерінен төртінші басылу кезеңіне өтеді.

Зардапты тоқтату табиғи болған оқиғаларға байланысты және құтқару жұмысын ұйымдастыру деңгейін сипаттайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]