Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpory.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
232.45 Кб
Скачать

Тақырып 4: Табиғат пен бетбе-бет қалғандағы автономды тіршілік

Құрғақшылықта болсын, теңізде болсын, кез келген экспедицияда, кез келген жорық пен әуе жолында төтенше жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайға ұшыраған адамдар, бүкіл қорларынан, құрал-жабдықтарынан суынан, тамағынан айрылып қалады. Бір-ақ та адамдардың жағдайы қауіпті болмайды, егер де олар авариялық қор дайындығына мұқият болса, авариялық қор заттарының мөлшері көптеген жағдайларға байланысты, мысалы, жұмысшылардың сандық құрамына, олардың ТЖ болу уақытына, аудандық жорықтардың, әуе жолының физикалық- географиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Авариялық қорды жинақтаудың ерекше үлгісі НАЗ деп аталатын қолда бар авариялық қор болып табылады. Мұндай қорды 7 түрлі топтарға бөлуге болады. Олар:

  1. Радиобайланыс құралдары, қысқа толқынды немесе ультра қысқа толқынды портативті авариялық радиостанциялар, радиомаяктар;

  2. Визуальды (көзге көрінетін) сигнализация құралдары: Түнгі және күндізгі уақытта қызмет ететін сигналды патрондар, ракеталар, сигналды айна, бояушы ұнтақ;

  3. Тамақтың авариялық қоры: консервленген немесе лиофилизденген өнімдер;

  4. Судың авариялық қоры: суды сақтап, тасмалдауға транспорттау үшін ыдыстар, күн конденсаторлары;

  5. Лагерлік мүліктер: аң аулау пышағы, компас, жарық фильтрлі көзілдіріктер, от жағу құралдары, құрғақ жаңғыш заттар, стеариндік май, балық аулауға қажетті құралдар, электр фонарі;

  6. Суда қажетті құтқарушы құралдар, үрмелі құтқарушы қайықтар мен плоттар; ауа толтырылған желет және доңгелек;

  7. Дәрі-дәрмектер қорабы: қан тоқтатушы жгут резеңке, жараны таңушы құралдар, йод, антибиотиктер, қансорғыш насекомдарға қарсы репелент.

Б).Байланыс құралдары: Біздің дәуірімізде ешқандай ұшақ, ешқандай кемелер, ешқандай ірі зор экспедициялар жолға авариялық радиотасымалдаушысыз жолға шықпайды. Өздерінің конструктивті ерекшеліктеріне, ірілігіне байланысты көптеген авариялық радиостанциялар болады. Олар жүз километр қашықтықта екі жақты радиобайланысты қамтамасыз етеді.

В). Сигнализация белгі беру құралдары. Қиын қыстау жағдайға ұшыраған адамдарды іздестіру қиынға соғады, өйткені оны маңызды да ауқымды территорияларда жүргізу керек. Сондықтан ауыр апатты алыстан көрген ұшақты немесе дигательдің дыбысын ести салысымен сигнал берудің кез-келген құралдарын қолдануға болады. Бұл мысалы, адамның тұратын жерін көрсететін қыстырмалы сигналды патрондар,-(ПСНД)- 4 сурет. Сигналды ракеталарды қолдану кезінде оны сол қолыңмен бастан жоғарырақ ұстау керек. Осындай көлемді ауыр сигналды ракеталардың орнына ату механизмдерінің көмегімен шығарылатын патрон-мортиркалар келді. Мұндай жинақ патронтаж ленталарда орналасқан 15 милиметрлік он сигнальді патрон-мортиркалардан тұрады. Сигнал беру үшін, атылғыш механизмнің құлағаның басқышын корпустың жоғарғы ойығына енгізеді. Кейін тоқтағанша патроны бар сақтаушы, қорғаушы қалқаншаны бұрап алып, босатып, атушы механизмінің ұяшығына апарып бұрайды. Оқыс жағдайға ұшырап қалмау үшін, адамның қолы мортирканың жоғарғы тесігін жауып тұрмауы керек. Патронды бұрап, атушы механизмінің құлағының басқышын төменгі тесікке апарамыз. Енді барлығы да әрекет етуге дайын болады. Кейбір елдерде ауыр апаттар туралы түнде сигнал беру үшін арнайы жарық шығаратын фонарлар шығарады. Төтенше, апат жағдайында өмір сүрген адамдар бұрынға ескі дәуірдегі сияқты көмек сұрау сигналы ретінде от алау, жағуды қолданады. Ізденіс үстіндегі ұшаққа немесе тік ұшаққа дәл уақытында сигнал беру үшін алауды ерте жағып қою керек. Құрғақ отын ағаштарын ашық жерде өртеу керек, әйтпесе ол жан-жаққа ұшып, талдарды да өртке шалуы мүмкін. Түтіннің қою және қара болуы үшін отқа ағаштың талдың жаңа жұлынған жасыл жапырақтары мен ылғалды жасыл шөптер тастау керек. Ал табиғи от болмаған кезде шөл далада жағар маймен толыққан құмды банкаларды қолдануға болады. Алауды тек ұшақ немесе тіқ ұшақ көз алдымызға көрінген кезде ғана жағу керек.

Сигналдардың халықаралық коды.

Дәрігер қажет- маңызды дене жарақаттары- І

Дәрі-дәрмектер қажет-ІІ

Қатынас құралдарына мүмкіндігіміз жоқ-Х

Тағам мен су қажет-F

Қарулар қажет-

Карта мен компас қажет-

Синальді шам және радиостанция қажет, зерттеудің бағытын көрсетіңіз – К

Ұшуға талпынудамыз- ↑

Кеменің жағдайы нашар- І-І

Мұнда, осы жерде қонуға болады-

Отын және май керек- ∟

Бәрі де өз орнында- ∟∟

Жоқ- N

Иә-

Түсінбедім- ∟∟

Біз барлық адамдарды тапқық- ╘╘

2.Автономды тіршілік ету жағдайында адамдардың өзін ұстауы мен әрекеті.

Тірі қалу факторлары: антропологиялық ¸табиғи- орталық¸ экологиялық¸ және материалды-техникалық . Автономды тіршілік ету жағдайында тірі қалу тактикасы.

Автономды өмір сүру жағдайында қоректену туралы.

Жалпы адам ұзақ уақыт бойы тамақсыз, физикалық және психикалық белсенділікті сақтай алады. Организмнің мұндай қабілеттілігі сырттан энергетикалық материалдардың жетіспеуімен түсіндіріледі. Бұл мәселеге физиологтар көп назар аударуда, өткен ғасырдың 80 жылдары классикалық эксперимент жүргізілген болатын, яғни ол өз еркімен ашаршылық жариялаған Суцци мен Марлетти 30-35 күн бойы нәр татпай-ақ физикалық және психикалық қызметтің ең жоғарғы қабілеттігін танытты. Бұдан кейінгі жылдарда отандық және шет елдік физиологтар әртүрлі мерзімді ашығуларға эксперименттер жүргізген болатын. Жалпы организм 166000 ккал энергетикалық резервтерге ие. Физиологтардың пікірінше, осы резервтердің 40-45 пайызын жұмсайды. Ашығу кезінде және калориясы аз тағамдармен қоректену кезінде дененің массасы біртіндеп азаяды, алғашқы күндері сұйықтық жоғала бастайды. Сыртқы температураның жоғарылауы кезінде процестің қарқындылығы да жоғарылайды.

Авариялық запастағы тағамдар.

Жалпы гигиеналақ талапқа сәйкес адамға күнделікті 80-100 г белок, 400-500 г. көмірсу, 80-100 г. май, 20г. хлорлы натрий, 0,1 г. витаминдер, 0,5-1,0 г. холин керек, рационның калориялылығы қалыпты дене еңбегі кезінде 3000-3500 ккал құрайтын организмнің энергетикалық шығынын жабу керек. Ал рационның тағамдық құрамы қандай болу керек, бұл адамның өмір сүретін жағдайына байланысты, ыстық климатты аудандар үшін тағамның негізін көмірсулар құрауы керек деп, ал Арктика мен Антарктиданың адамдарының рационының құрамында майлар мен белок көп болуы керек дейді. Шындығында да ұзақ уақыт бойында автономды өмір сүру жағдайында өмір сүруші адамдардың тағам рационы бай және алуан түрлі, бір-ақ оның рөлі өте маңызды. Біріншіден, ол адамның аштық өліммен өлу қорқынышын жояды, екіншіден, тканьді ресурстар есебінен энергия шығындарын біртіндеп толықтыру организмнің жаңа режимге өтуін жеңілдетеді. Адам екі немесе үш апта бойы энергетикалық құндылықты 500 ккал құрайтын рационмен өз денсаулығына шығын келтірмей өмір сүре алады. Алғашқы күндері ашықтық сезімін қатты сезінеді, кейін ол сезім біртіндеп азаяды. Мұнда аз ғана қор өнімі бар адамы аз жерлердегі халыққа ұсынуға болады. Ең алдымен қолда бар өнімді ескеріп, оларды 500 каллориялы порцияларға бөліп үлестіру керек. Мұны есептеу қиын емес, мысалы 1 грамм майда 9,1 ккал, 1г белокта 4,1 г. көмірсу, 4 ккал бар.

Тамаққа ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмаған жағдайда тұщы суды үнемі қолдану керек. Аштық кезінде су организмге өзінің тканьдық запастарын (қорын) ұзақ уақыт бойы сақтауға көмектеседі. Егер организмге су жеткіліксіз жағдайда болса, онда организм сұйықтықты ішкі резервтер есебімен толықтырады. Аштық кезінде суды көп мөлшерде қолдану керек. Суды ыстықтай ішкен жөн, ал оған жағымды иіс пен дәм беру үшін қарақат және неше түрлі жемістердің жапырағын салуға болады. Ал авариялық қордағы ет консервлерінің ішінен сорпа дайындаған жөн.

Аң аулау. Аң аулау адамның қорегінің қайнар көзі болып табылады. Аңды таңертеңгілік уақытта аулаған жөн, себебі дұзақ құруға ыыңғайлы.

Жеуге жарамды жабайы өсімдіктер. Тоғайдан, тундрадан, шөл даладан жеуге жарамды жабайы өсімдіктерді табуға болады. Кейбір жемістер мен көкөністерді шикілей жеуге болады, ол жемістің сүйегі мен тұқымын тағамға пайдаланбаған жөн, өзіне беймәлім өсімдіктерді тағамға қолданған кезде оның жемісін 3-5 граммнан артық жемеу керек. Мұндай порциядағы өсімдік уы организмге бірден қауіп төндірмейді. Егер де 1-2 сағат арасында бас айналу, жүрек айну, құсу сияқты уланудың белгілері басталмса, бұл өсімдік жеуге жарамды.

Сумен қамтамасыз ету. Су адам организмінің өмірінде маңызды рөльде, ол адам организмінің ткандеріне еніп қана қоймай, дене массасының үштен екі бөлігін құрап тұрады. Су зат алмасудың алуан түрлі және үздіксіз процестеріне қатысады. Организмге су жетпей қалған жағдайларды оның тіршілігі де жойыла бастайды. Арктикалық аудандарда жылдың әрбір мезгіліне байланысты судың көзі ретінде қыс айларында мұздақтар мен қарды, жаз айларында көл, өзендерді пайдаланады. Ал орманды жерлер мен тайгада су көзін табу мәселесі қиын емес, өзен, көл бұлақтар адам үшін ауыз су, тағам дайындау үшін адамды сумен қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]