Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІ аралы баылау.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
85.36 Кб
Скачать

Ажырасқан отбасылардағы туындайтын әлеуметтік мәселелер. Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Отбасының ажырасу мәселелері де қазіргі күннің ең бір өзекті мәселелерінің бірі. Ажырасу тек қана ерлі зайыптыларға ғана емес олардың балаларына тигізер зияндығы көп. Мысалы әнесіз өскен ер балада еркектік қасиеттер жөндеп дамымауын көптеген социологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек.Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.

Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні. Біріншісі,  қазақ тілінің жағдайы бір күні жақсарады деген сенім. Қазірдің өзінде біраз жақсарды ғой. Екіншісі, «тілдің жағдайы қанша жақсарғанымен, ауыл мен қала арасындағы қайшылық, қазақ жастарының жоғары білім алып, жұмысқа орналасуы, олардың қызмет сатысымен өсуі сияқты әлеуметтік мәселе шешілмейінше, қоғамымыздың төрт құбыласы түгел болуы қиын-ау»  деген қамкөңіл. Әрине, ауыл мен қаланың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тек бір жақты шаралар аздық етеді, ол үшін кешенді бағдарламалар қажет. Себебі ауылдан келген мигранттардың қала тіршілігіне бірден үйренісіп, өз орындарын таба алмаса, олар қаланың криминалдық жағдайын ауырлатуы мүмкін еді. Бірақ бұл әлеуметтік айқындық қалаға ұмтылған жастар легін бәсендетпегені сөзсіз, тек енді олар қалаға көшкеннен гөрі, қалада тек жұмыс істеп, ауылға күнделікті қайтып отыру мүмкіндіктерін пайдаланды. Егер Алматы және қала маңайы арасындағы маятниктік байланыстарды талдайтын болсақ, онда даму дәрежесі және бағдарлау сипатына қатысты территориялардың арасында анықталған шектеулер жүргізуге ықтимал.

Әлеуметтік институттардың сипаты. ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР ― тарихи ұзақ уақыт бойына қоғамның ең басты қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты қалыптасқан істерді реттейтін ресми және бейресми нормалардың, дәстүрлердің, рәсімдердің, құндылықтардың т. б. негіздерінде істелетін істердің бірлесіп жүйелі түрде жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұжымдастықтар. Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды. Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы. 2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады. 3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді. 4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қоғам ілгеріліп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.

Әлеуметтік институттардың типологиясы. Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады. Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі: 1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар; 2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар; 3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары; 5) діни, ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар. Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін.Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады. Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды. Әлеуметтану пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.

Әлеуметтік мобилділіктің каналдары.

Әлеуметтік мобилділіктің түрлері. Әлеуметтік мобильділік – қоғамның тарихтан тыс, қалыпты жағдайы және өзіне тек индивид пен топтардың жылжуын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік объектілердің, яғни адам әрекеті негізінде құрылған және жетілдірілгендердің бәрі, бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өту үрдісінде пайда болатын. Әлеуметтік мобилділіктің екі түрі болады: тікелей және тең мобилділік. Неғұрлым қоғам ашық, дамыған болса соғұрлым тікелей мобилділік дамыйды. Мобилділіктің құралы, механизмі болып оның әлеуметтік лифтерін айтады. Олар: мектеп, әскер, жұмыс орны, білім, дін, қызмет және т.б. Тігінен жүргізілетін мобильность қоғам стратификациясының бірдей деңгейдегі әлеуметтік топтардың бірінен екнішісіне өтуін көрсетеді. Көлденең мобильділік қоғамдық стратификацияның бір деңгейінде орналасқан, индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншіге өтуін айқындайды. Көлденен мобильділік (кәсіптік, саяси және экономикалық) –индивидтің бір сатыдан екінші сатыға жылжуын белгілейді, оның екі түрі ажыратылады: өсуші және кемуші, яғни әлеуметтік өсу мен әлеуметтік кему. Мобильді қозғалыстың субъектісіне тек тұлғаны ғана емес, әлеуметтік топты да жатқызуға болады.

Әлеуметтік стратификация. ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ ― жетіспейтін қажеттіліктерге қол жеткізу мүмкіндіктері иерархиялы болатын әртүрлі әлеуметтік топтардың қабаттық теңсіздік түрде орналасуы. Әлеуметтік стратификация социологияның негізгі тақырыбы. Онда қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы табыс және тұрмыс қалпы, мәртебе мәселері қарастырылады.Алғашқы қоғамда әлеуметтік теңсіздік азғана, соңдықтанда аса әлеуметтік стратификация жоқтың қасы болатын.Күрделі қоғамда теңсездік өте күшті болғандықтан адамдар табысына, білім деңгейіне, билікке байланысты қатты бөлінді.Алдыменен каста, сонан соң сословие, кейіннен тап пайда болды. Кейбір қоғамдарда бір стратадан екіншісіне аусуға болмайды; кейбірінде аусуға болғанмен де шектеу қойылған; қазіргі кезде көбісінде толық рухсат етілген. Қоғамның ашық немесе жабақ екенін осы бір стратадан екіншісіне өту мүмкіншілдігі анықтайды. Стратификация ұғымы геологиядан алынған «страта» яғни жердің қыртысы дегенді білдіреді. Осы образ арқылы қоғамның құрылымы да жер қыртысы сияқты ерекше бөлшек- бөлшек болатынды көрсетеді.Әлеуметтік қыртыс төменнен жоғары қарай ерекше орыналысады. Оның ерекшелену негізінде байлықтың өлшемі жатады: кедейлер төменгі қыртыста, ал байлар жоғарыда орын алады. Әрбір қыртыс байлығы, билігі, білімі және мәртебесі шамасы бірдей адамдар тобынан турады. Әлеуметтік стратификацияны өлшеудің төрт өлшем көрсеткіштері бар: 1) байлық; 2) билік; 3) білім; 4) мәртебе.

Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау. К ітаптың атына заты сай. Ол соғыстың философиясы мен психологиясын терең­нен қозғайды, соғыстағы адамның орны мен оның рухани-адамгершілік құнды­лық­­тары әрбір эпизодтан аңғарылып тұра­ды, әскери өнердің тактикасы мен стра­тегиясы қысқа әрі нұсқа стильде сөз бола­ды. Бұл шағын еңбек басынан аяғына дейін шынайы әрі өткір ойларға, ойдың тобықтай түйінін білдіретін сентенциялар мен афоризмдерге толы, олар ел аузын­дағы қанатты сөздерге айналып кетті. Мә­тін­нің жігерлілігі сондай, оқырманның қанын тасытып, жанын толқытып, кейде көзге жас келтіріп, таза да шынайы пат­риоттық сезіммен баурап алады. Гвардия полковнигінің терең біліміне, нәзік бай­қам­паздығы мен сезімталдығына, соны­мен бірге қатаң талап қоя білетін жауапкершілігіне еріксіз тәнті боласыз. Естуі­міз­ше, Баукеңнің осы бағыттағы туын­ды­лары Шығыс Еуропа, Орталық Америка елдерінің, тіпті Израильдің әскери оқу орын­дарында арнайы оқытылатын көрі­неді. Біздің елімізде болса, Б. Момыш­ұлы­ның соғыс теориясы мен философиясы мә­селесі әлі беті ашылмаған тың күйінде қалып отыр.

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау. “Ұшқан ұя” мемуарлық шығармасында Б. Момышұлы өзінің жеке басына тікелей қатысы шамалы болып келетін көлденең әңгімелерді тілге тиек ететін жағдайда есіне түскен кез-келген оқиғаны ала салмайды. Осындай тағылымдық-танымдық, моральдық, психологиялық, этнографиялық мәні бар сюжеттерді ғана іріктеп ұсынуға тырысады. Өйткені бұл айтылғандардың қай-қайсысы да – қазақ деген халықтың өзіне тән ұлттық мінез-құлқын, адамгершілік ұстанымын, ұлт ретіндегі жеке болмыс-бітімін көрсететін өзіндік сипаттар.Шығармада кеңінен суреттелген тартымды оқиғаның бірі – жазушының туған апасы Үбианның ұзатылуы. Оған Аюбай есімді жігіттің сөз салуы, өзара түсіністікке жеткенге дейінгі екеуінің арасындағы күрделі қарым-қатынас, болашақ күйеу жігітпен кездескеннен бастап келін болып жат босағаны аттағанға дейінгі аралықтағы суреттеулер – тұнып тұрған этнография. Жазушының суреттеуінше, үйлену тойының өзі бір театрланған арнайы қойылым секілді Қазақ қоғамына тән салт-дәстүрдің, тіпті керек болса, әдеп заңдарының бір көрінісі аталған шығармада осындай ширыққан тосын оқиға арқылы суреттеледі. Бұл да – Б.Момышұлының жазушы ретіндегі шеберлігінің көрінісі.

Білім социологиясы. Білім беру жүйесі өте күрделі және ауқымды әлеуметтік институт. Оның негізгі мақсаты адамның, қоғамның, мемкеттің мүддесіне сай мақсатқа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу және де мемлекеттің белгіленген біліми деңгейін игерген азаматқа арнайы құжаттар беру. Білім жүйесі келесі компоненттерден тұрады: білім беру жүйесін басқару; білім мекемелер жүйесі (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, университетер, академиялар және т.б.); творчесталық одақтар; ғылым мен білім мекемелдірінің инфрақұрылымы; білім беру бағдарламалары мен мемлекттік білім беру стандарттары; оқулықтар менен оқу-әдістемелік құралдары; периодикалық баслымдар. Білім беруге байланысты адамдардың қарымқатынасын регламенттеу мен ұйымдастыру нормаларының жиынтығы білімді әлеуметтік институттарға жатқызуға негіз береді. Білім берудің функциялары: бір буыннан екіншіге білімді жеткізу және мәдениетті тарату; қоғамның мәдениетін сақтау және оны жасау; тұлғаны әлеуметтендіру; тұлғаның мәртебесін анықтау; әлеуметтік іріктеу; қоғамды дифференциалау; жастарды кәсіби мамандыққа даярлау; үзілмейтін білім берудің жүйесін жасау; әлеуметтік мәдени иновациялар; жаңа идеялар ашу; әлеуметтік бақылау; тұлғаның мүмкіндіктерін ашу

Жастар мәдениеті. Жастар мәдениеті ересектердікене қарағанда екіншілік сипатта. Ол ерекше субмәдениет болғандықтан өзінің мақсаты, құндылықтары, идеалдары, иллюзиялары болады.Олар үлкендердің мәдениетін қайталай бермейді.Қазіргі кезде жершары тұрғындарының 25 пайызын жастар құраса, дамып келе жатқан елдерде бұл көрсеткіш 80 пайзды құрайды. Соның ішінде 209 миллионы күніне 1,5 долларға күн көрүге мәжбүр, ал 515-і 3 доллармен шектеледі. 10 миллион жастар ВИЧ және СПИД ауыруыменен ауырады. 130 миллион жастар сауатсыз. Қазақстанда жұмыс істеүшілердің 28,9% жастар құрайды.Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.

Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер. Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]