- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Астана 2012
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәнінен қысқаша дәрістер
- •1 Тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері
- •2. Азаматтық құқықтың жүйесі.
- •3. Азаматтық құқық оқу пәні, ғылым ретінде.
- •2 Тақырып. Азаматтық құқықтың қағидалары және қайнар көздері
- •3 Тақырып. Қазіргі замандағы дүниежүзілік азаматтық-құқықтық жүйелері
- •1. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының дүниежүзілік құқықтық жүйелеріндегі орны.
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі.
- •3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері деп танылатын заңдылық фактілер.
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Міндеттерді орындау.
- •Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері және нысандары
- •2. Мүліктік игіліктердің негізгі түрлері. Мүліктің жіктелуі
- •7 Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.
- •2. Ахаж органдарының азаматтық жағдайларды реттеудегі маңызы.
- •8 Тақырып. Жеке тұлғаның есімі, тұрғылықты жері. Жеке кәсіпкер.
- •3. Азаматтың қәсіпкерлікпен шұғылдану жолдары. Жеке кәсіпкер.
- •9 Тақырып. Заңды тұлғалар: ұғымы, белгілері, құқыққабілеттілігі.
- •2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және оны жүзеге асыру
- •3. Заңды тұлғалардың жіктелуі. Еншілес және тәуелді заңды тұлғалар. Филиалдар мен өкілдіктер
- •2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу ерекшелігі
- •Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •1. Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •2. Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •12 Тақырып. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері. Мемлекеттің азаматтық құқықтың субъектісі ретінде ерекшелігі
- •13 Тақырып. Мәмілелердің түсінігі, нысандары және түрлері
- •Мәміленің түсінігі және нысандары
- •Мәмілелердің түрлері
- •2. Сенімхат және оның түрлері.
- •2. Мерзімдерді есептеу.
- •3. Талап қою мерзімі.
- •17 Тақырып. Заттық құқықтар тұралы жалпы ұғымдар, олардың белгілері
- •Заттық құқықтың түсінігі және белгілері
- •Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •2 Сұрақ. Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •18 Тақырып. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлері
- •1Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.
- •2 Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •2 Сұрақ. Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •19 Тақырып. Шектелген заттық құқықтар
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жүргізү құқығы
- •2 Сұрақ. Оралымды басқару (жедел басқару) құқығы
- •3 Сұрақ. Өзге де шектелген заттық құқықтар.
- •2О тақырып. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу және оларды тоқтату.
- •2 Сұрақ. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
- •2.Меншiк құқығын қорғаудың заттық–құқықтық тәсiлдерi
- •3.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері
- •Міндеттемелік құқық Міндеттемелік құқық тұралы жалпы ережелер.
- •22 Тақырып. МіндеттемеНің түсінігі және пайда болу негіздері
- •1 Сұрақ. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, жүйесі
- •2. Міндеттеменің пайда болу негіздері.
- •23 Тақырып. Міндеттеменің қатысушылары
- •Міндеттеменің түсінігі, субъектілері. Міндеттемедегі тараптардың ауысуы.
- •24 Тақырып. Міндеттемелерді орындау
- •Міндеттемені орындаудың түсінігі және орындау қағидалары.
- •Міндеттемені орындаудың пәні және тәсілі.
- •25 Такырып. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету
- •1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі және жүйесі.
- •2. Айыппұл
- •3. Кепіл. Кепілдің пайда болу негіздері және түрлері.
- •26 Тақырып. Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу
- •Ұстап қалу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде.
- •Кепілдік және кепіл болушылық..
- •Кепiлпұл
- •2 Сұрақ. Кепілдік және кепіл болушылық.
- •27 Тақырып. Міндеттеме бұзылғандығы үшін жауаптылық
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •28 Тақырып. Міндеттемелерді тоқтату
- •Міндеттемені тоқтату негіздері.
- •Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2 Сұрақ. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2. Шарттың түрлері.
- •Шарт жасасу. Оферта және акцепт
- •1 Сұрақ. Шарт жасасу. Оферта және акцепт
2 Сұрақ. Заттық құқықтардың негізгі топтары.
ҚР АК-ң 195-бабына сай меншiк иесi болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары көзделеді.
1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:
1) жердi пайдалану құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқы¬ы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.
2. Заттық құқықтар¬а, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың таби¬атына қайшы келмесе, меншiк құқы¬ы туралы нормалар қолданылады.
Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi (194-бап).
18 Тақырып. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлері
1Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.
2 Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
1 сұрақ. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.
Меншік - экономикалық және құқықтық қоғамдық қатынастардың негізі. Меншік экономикалық категория ретінде еңбек өнімдерін иелену нысанына сәйкес өндірістік құралдар мен өнімдерін иеленудің тарихи қалыптасқан белгілі бір қоғамдық қатынастары.
Меншік құқығы» түсінігі екі мағынаны білдіреді:
1) обьективтік мағынадағы меншік құқығы;
2) субьективтік мағынадағы меншік құқығы.
Обьективтік мағынадағы меншік құқығы- өндіріс құралдары мен өнімдерін иелену, пайдалану және билік ету қатынастарын орнықтыратын құқықтық нормалардың жиынтығы. Субьективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз – белгілі бір тұлғаның нақты жеке меншігіне қатысты құқығы. Жеке меншік иесінің мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы бар. Бұлар меншік құқығының элементтері, «триадасы» деп те аталады.
Осыған байланысты объективтік мағынадағымен субъективтік мағынадағы меншік құқықтарын бір бірінен айыра білген жөн (188 б.), оған қоса «меншік» атауын экономикалық санат ретінде, ал «меншік құқығы» – құқықтық санат ретінде қолданатындығын ескерген жөн.
Заттық құқықтар жүйесінде өз мүлкін және мүліктік құқықтарын иеленү, пайдалану және билеу құқығы ретінде басты орынды меншік құқығы алады. Аталған үш құқық - иеленү, пайдалану және басқару құқығы – ол меншік құқығының мазмұнын құрайды және заттық құқықтарды зерттеуде негізге алынады. Меншік құқығы иесінде аталған құқықтардың барлығы толық мөлшерде болады. Меншік құқығының және оның үш элементының ұғымы ҚР АК 188 бабында келтірілген. Меншік құқығы – ол субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену (иемдену), пайдалану және оған билік ету құқығы. Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету. Пайдалану құқық өкілеттілігі заңмен қамтамасыз етілген мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуінің мүмкіндігі. Ол пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін (ҚР АК, 188бап,2 тармақ).
Билеудің құқықтық өкілеттілігі – жеке меншік мүмкіндігі мазмұнының өзегі. Ол затқа толық билік етуді: заттың заңдық тағдырын, заңнамаға қарсы келмейтін соның ішінде қайта өндеу, жою, пайдалануды жасауға түрлі келісімдер мен іс жүзіндегі әрекеттер жасауды көрсетеді. Жеке меншік иесі билеу құқығын өзі де іске асыра алады, сонымен бірге үшінші тұлғаға билік етуге рұқсат ету немесе тыйым сала алады.
Белгілі «үштік» (триада) - иелену, пайдалану, билік ету құқығы меншік иесінің құқық күшінің сипаттамасы ретінде ортағасырларда, глоссаторларда пайда болып, оның үстіне алғашқы екі құқық күші классикалық рим құқығында өзіндік мүліктік құқық ретінде, ал үшіншісі комментаторлардың таза ортағасырлық «тапқыштығы» болды. Орыс заңнамасына «үштікті» енгізген М.М.Сперанский екен.
Меншік иелерінің және өзгеде заттық құқық иелерінің құқықтарын бекітүмен қоса, заңда олардың міндеттері де бекітіледі, соның ішінде: мүліктің кездейсоқ жойылу және бүлінү каүпі, меншік ауыртпалығын көтеру міндеті (АК 189б., 190 б.).