Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы 2015. 09.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.15 Кб
Скачать

«ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

МЕМЛЕКЕТТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

Құқық жоғары мектебінің

директорыз.ғ.д, профессор

_______________У Шапақ

«___»____________20 _ж

«Қр Қаржы құқығы» пәні бойынша оқу жұмысының бағдарламасы

мамандығының студентері үшін:

5В030100 - «Құқықтану»

Курс

3

семестр

5

Кредит саны

3

Дәріс

30 сағат

Семинар/практика

15сағат

СӨЖ

67 сағат

СОӨЖ

23 сағат

Бақылау нысаны

Жазбаша емтихан

Барлығы:

135 сағат

Астана 20__

1. Оқу жұмысының бағдарламасына алғы сөз

Қаржы құқығы – 5В030100 «Юриспруденция» бағыты бойынша студенттерді дайындауға арналған пәннің кәсіптік бағытының бөлігі бола отырып оқу және ғылыми пән ретіндегі құқықтың бір саласы.

Пән мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының базасында оқытылады.

Пәннің мазмұны заңгердің жеке-құқықтық қатынас аясындағы болашақ кәсіби қызметінде қалыптастырып ұсынатын сұрақтардың ауқымын қамтиды.

Пән бітірушінің жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатындағы «Юриспруденция» ОБ сәйкес: (ОК-1), (ОК-2), (ОК-3), (ОК-4), (ОК-5), (ОК-6), (ОК-7), (ОК-9), (ОК-10), (ОК-11), (ОК-12), (ПК-1), (ПК-2), (ПК-3), (ПК-4), (ПК-5), (ПК-6), (ПК-7), (ПК-9), (ПК-13), (ПК-14), (ПК-16), (ПК-19).

Пәнді оқыту барысында оқу үдерісін келесідей нысанда ұйымдастыру қарастырылған: дәрістер, семинарлар, оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмыстары, студенттердің өздік жұмыстары.

Пәннің бағдарламасында келесідей бақылау түрлері қарастырылған:

- ағымдық бақылау

- межелік бақылау

- арылық бақылау

Пәнді игерудің жалпы еңбек сыйымдылығы 3 кредитті, бір семестрді 135 сағатты құрайды. Пән бағдарламасында 45 қатынас сағаттары, 23 сағат оқытушының басшылығымен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстары, 67 сағат студенттердің өздік жұмыстары қарастырылған.

2. Пәнді игерудің мақсаты

Қаржылық құқықты оқыту мақсаты – студенттерді қаржылық құқықтың өзекті мәселелерімен таныстыру, оларды көптеген нормативтік-құқықтық материалдарды ажырата білуге, сондай-ақ қаржылық – құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құжаттарды дұрыс қолдануға үйрету

3. Оп құрылымындағы пәннің орыны

Пән міндетті компоненттің базалық циклына жатады.

Пәнді оқу үшін білім алушының бакалаврды дайындау ОБ келесі пәндерді игеру нәтижесінде қажетті құзыреттіліктері қалыптасқан болуы керек: Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық, Әкімшілік құқық, құқықтық базамен жұмыс жасай алуы.

«Қаржы құқығын» пәнін білу кәсіби даярлық жағдайына қажетті болып табылады, өйткені пән қолданбалы сипатта және кәсіби саладағы туындайтын проблемаларды шешуге септігін тигізеді.

4. Пәнді игерудің нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студент білім бағдарламасына сәйкес білім алады, істей алады, меңгере алады.

ББ сәйкес қалыптасатын құзыреттілік*

Пәнді игерудің нәтижелері

Б.1.2; Б.2.3; Б.2.4; Б.4.6;Б.5.9

Пәнді игерудің нәтижесінде студент

білуі тиіс:

- құқық жүйесіндегі қаржы құқығының орыны мен маңызы туралы түсінігі;

- пәннің мақсаты мен міндеттерін, оның өзге оқу пәндерімен арақатынасын, заңгерлерді дайындаудағы маңызын, қаржы саласындағы заңнамалық қызметтерде қолданылатын негізгі құжаттарды дайындау ережесін;

- қаржы құқығының түсінігін мен анықтамасын, негізгі категорияларын;

- қаржылық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістерін;

- қаржы жүйесі элементтерінің даму ерекшеліктері мен қызмет етуін, қалыптасу заңдылықтарын олардың негізгі сипаттамасын, ҚР мемлекеттік органдарының құзыретті мен ұйымдастыруын;

-мемлекет қызметтінің бір бағыты ретіндегі қаржылық бақылаудың түсінігі мен мәнін;

- қазақстанның қаржы жүйесінің қазіргі даму үрдісін;

- қаржы қызметін реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін.

И.1.4; И.2.3; И.3.5; И.4.1; И.5.2; И.5.6

Пәнді игерудің нәтижесінде студент

игере алуы тиіс:

- - пән бойынша заңнамалық түсініктер мен категорияларды пайдалана алуы;

- қаржылық құқықтық қатынаспен байланысты туындайтын және заңдық айғақтарды талдай алуы;

- мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі институттарына сипаттама беру мен олардың құқықтық қайнар көздерінің ерекшеліктерін талдай білу;

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдалана білу;

- әлеуметтік ғылыми әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдарын пайдалана білу;

- қаржы құқығын оқу нәтижесінде алған білімдерін қоғамдық және экономикалық мәселелермен байланыстыра білу;

- қаржылық – құқықтық зерттеулерді құқықтың түрлі салаларын оқу барысында қолдана білу (қаржы құқығы нормаларын дұрыс қолдану мен талқылай білу, заңдық айғақтар талдау, зерттеу үшін сұрақтарды дұрыс қоя білу, нормативтік актілерге сараптама жүргізе білу);

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдаланып, заңнамалық құжаттарды дұрыс құрастыру мен рәсімдей білу;

М.1.2; М.3.1; М.4.2; М.5.3; М.5.7; М.6.7; М.7.1

Пәнді игерудің нәтижесінде студент

меңгеруі тиіс:

- қаржылық-құқықтың зерттеу объектісі болып табылатын түрлі құқықтық құбылыстарды талдауды, заңдық айғақтарды, құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, құқық қолдану тәжірибесін игеру;

- заңдық терминдерді қолдана отырып өз ойын еркін ойлау қабілетімен жеткізу;

- құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздене білуі;

- өзбетінше жұмыс жасай білу тәжірибесі арқылы салық салу саласындағы ұқсастықтар мен құқықтық мәселелерді шешуде пікір-сайыс және ғылыми шығармашылықта бола білу.

* Оқыту мен қалыптасатын құзыреттіліктің нәтижелерін кодтардың

мағынасын ашу ұсынылады____________________________________