Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы 2015. 09.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.15 Кб
Скачать

1. Курстың академиялық саясаты

«Қаржы құқығы» пәні бойынша білім мен дағдыны игеру үшін студенттердің оқытушының тапсырмасын және де студенттердің өздік жұмыстары үшін дайындалған жеке тапсырмаларды уақытында және нақты орындауы қажет.

Студенттер оқытушының ұсынған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы міндетті. «Қаржы құқығы» пәнін өту барысында студенттер қазіргі қаржылық-құқықтың жүйесін еркін басшылыққа алуға тиіс.

Тапсырмаларды орындау кезінде студенттер өзге тстуденттердің жұмысының нәтижелерін келтіруге және көшіріп алумауға тиіс.

Ұсыныс: үй тапсырмаларын өз уақытында және толық орындау, оқу үдерісіне белсене қатысу, кітапханаға жиі бару, топтық жұмыстарға бірлесе қатысу, өзінің саналылық және шешендік қабілетін дамытып отыру.

2. Пәннің сипаттамасы

Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.

Оқу пәннің студенттерге берілуі қаржы құқығының негізгі институттарын: қаржылық бақылау, бюджет құқығы мен үрдісі, банкілік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздері, валюталық реттеу және бюджеттен тыс ақша қорларын қалыптастыру және қолдану сияқты мәселелермен таныстыруды негізге алады.

Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты болғандықтан оқу бағдарламасына студенттердің қаржы құқығының негізгі өзекті мәселелері теориялық және тәжірибелік жағынан енгізіліп, оқып үйрету оқу пәннің міндеті ретінде бекітіліп отыр.

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Экономикада орныққан нарықтық қатынастар жағдайында, оның дамуының негізгі факторларының бірі – қаржы тетігін белсенді түрде пайдалану болып табылады. Қаржылық тұтқалар арқылы мемлекет елдің экономикалық өркендеуіне едәуір ықпал етеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы үшін қаржылық қатынастарды реттеудің зор маңызы бар. Қаржылық құқық нормаларын терең оқып-үйрену, оның тетіктері әрекетін түсіну қазіргі уақыттың талабы екендігі даусыз. Кейінгі жылдары қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық негіз белсенді түрде қалыптасу үстінде. Қаржылық құқыққа деген мүдделік пен қызығушылық басқару құрылымдары тарапынан ұдайы өсіп, бұл ғылыммен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және азаматтар, әсіресе кәсіпкерлер тығыз айналысу қажеттігін түсініп отыр.

Қаржылық құқықты оқыту мақсаты – студенттерді қаржылық құқықтың өзекті мәселелерімен таныстыру, оларды көптеген нормативтік-құқықтық материалдарды ажырата білуге, сондай-ақ қаржылық – құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құжаттарды дұрыс қолдануға үйрету

«ҚР қаржы құқығы» пәнін оқып-үйренуге байланысты студенттерге келесі міндеттер қойылады: жаңа қаржы заңдылықтарын білу; нақты құқықтық жағдайда нормативтік актілерді қолдана білу; қаржылық құқықтық қатынастарды біліп, субъектілердің қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің шегін білулері қажет.

Студенттердің міндеттері:

- қаржылық құқықтық нормалар мен қаржылық құқықтық қатынастар туралы, қаржылық құқығының негізгі түсініктері туралы нақты болжамдай білуі;

- мемлекеттің қаржылық қызметінің негіздері туралы болжамдай алуы;

- мемлекетпен бекітілген және өндіріп алынатын салық және міндетті төлемдердің жүйесі мен түрлерін меңгеру, салық салуға жататын объектіні анықтай білу;

- ҚР ақша айналымының тәртібі мен валюталық қатынастардың ерекшелігін;

- қаржылық құқықтық қатынас субъектілерінің заңды жауапкершілігі туралы оны қаржы заңнамаларын бұзғаны үшін жүзеге асыра алуы;

- нормативтік актілер мен ситуацияларды талдай отырып теориялық білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана алуы.

4. Оқу пәнін өткізу жоспары

Пәннің мазмұны және сабақтың ұйымдастырылу

Студенттердің өздігінен дайындауға тиісті

тапсырмалары

Тақырыптар реті

Талқыланатын сұрақтар

Ұйымдастырылуы

сабақ реті

Тапсырманың мазмұны

бақылау нысаны

1.Мемлекеттік қаржы қызметі

  1. 1. Қаржы жүйесінің түсінігі және элементтері

  2. 2. Мемлекеттің қаржылық қызметі

3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері

Презентация, баяндау,

сұрақ –жауап

карточкамен жұмыс

1, 2 саб

3 сағ

1. Мемлекеттің қаржы саясаты (конспект)

2. Қаржы қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидалары

(слайд, кесте)

Ауызша сұрау

2.Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі

1. Қаржылық құқықтың түсінігі

2. ҚР құқық салаларындағы қаржылық құқықтың алатын орны

3. Қаржылық құқықтың жүйесі және қайнар көздері

Презентация,

баяндау,

сұрақ -жауап

3,4 саб

3 сағ

1. Қаржы құқығының дамуының тарихи аспектлері (конспект)

2. Құқық саласы ретіндегі қаржы құқығының негізгі ерекшелігі

(кесте толтыру)

Ауызша сұрау

3. Қаржы құқық қатынастары және нормалары

1. Қаржы – құқықтық нормалардың ұғымы, белгілері, түрлері және құрылымы.

2. Қаржылық құқықтық қатынастардың ұғымы, белгілері және түрлері.

3. Қаржылық құқықтық қатынастардың шығуы, өзгеруі және тоқталу негіздері.

топты 5-6 адамнан командаға бөлу, әр командаға дайындалған сұрақтар мен тапсырмалар беру

5,6 саб

3 сағ

1. Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгеруі мен тоқтатылуының негіздері

(3 ситуациялық сұрақ құрастыру)

Ауызша сұрау

4.Ақша жүйесінің құқықтық негіздері

1. Ақша түсінігі, маңызы, функциялары, элементтері

2. ҚР-ның ақша жүйесі

3. Бағалы қағаздар айналымын құқықтық реттеу

Презентация,

баяндау,

сұрақ -жауап

Кейс шешу

7,8 саб

3 сағ

ҚР ақша жүйесінің қалыптасу кезеңдері

(кесте толтыру)

Кейс тапсырмасын құрастыру

5.Валюталық ретеудің құқықтық негіздері

1. Валюта реттеудің ұғымы, міндеттері және әдістері.

2. Валютаның және валюта бағамдарының ұғымдары.

3.Валюталық қатынастардың субъектілері.

4. Валюталық бақылау.

Презентация,

баяндау,

сұрақ –жауап

Кейс шешу

9,10 саб

3 сағ

Валюталық операциялардың түрлері және қозғалыс ережелері

(слайд, кесте)

Кейс тапсырмасын шешу

6. Қаржылық құрылымның құқықтық негіздері

1. Мемлекеттің қаржылық құрылымы және оның элементтері

2. Қаржы құрылымын құқықтық реттеу қаржы құқығының жалпы бөлімінің институты ретінде

3. ҚР Қаржылық құрылымның салалары

4.Қаржылық реттеудің міндеттері мен әдістері

Рөлдік ойын түрінде. Топ командаға бөлініп кейс шешеді және қосымша ақпараттарымен бөліседі

11,12

саб

3 сағ

ҚР қаржылық құрылымы

(конспект)

Ауызша сұрау

проблемалық сұрақтарды қарастыру

7. Мемлекеттік қаржы саласындағы басқару мен жоспарлау

1.Мемлекеттік қаржы саласындағы уәкілетті және басқару органдарының құзыреті

2.Мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретіндегі қаржылық жоспарлау

3.Қаржылық жоспарлаудың объектілері мен салалары

4. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық нысандары

Рөлдік ойын түрінде әр топ жекелеген мелекеттік органдардың құзыретін ашады

13,14

ҚР қаржылық қатынастарын реттеуші мемлекеттік органдарының жүйесі

(1 кейс тапсырмасын құрастыру)

Ауызша сұрау

8. Қаржы бақылаудың кұкықтық негіздері

1. Қаржылық бақылау түсінігі

2. Қаржылық бақылау түрлері, мақсаты

3. Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері

4. Қаржылық бақылау органдары, құзіреттері

Топты командаға бөлу әр команда алдын ала дайындаған слайдтарын қорғайды

15,16

саб

3 сағ

Мемлекеттік қаржылық бақылау (3 ситуациялық сұрақ құрастыру)

Тест тапсырмасы

9. Бюджет жүйесі және құрылымы

1. Бюджеттің ұғымы және бюджеттердің түрлері.

2. Бюджет құрылымы

3. Бюджеттік реттеу және оның әдістері.

топты командаға бөлу әр топ баяндаманы слайд түрінде орындайды

Кейс шешу

17,18

саб

3 сағ

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылымы, қағидалары

(3 ситуациялық сұрақ құрастыру)

Ауызша сұрау

Кейс тапсырмасын құрастыру

10. Бюджет процесі

1. Бюджет процесінің ұғымы мен қағидалары.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттік жобалар құрастыру реті.

3. Республикалық және жергілікті бюджеттерді талқылау және мақұлдау реттігі.

Презентация,

баяндау,

сұрақ –жауап

Кейс шешу

19,20

саб

3 сағ

Бюджет процесінің сатылары. Бюджеттік жыл және бюджеттік жоспары

(конспект)

Кейс тапсырмасын құрастыру

11. Қаржы-құқықтык категория ретіндегі салық

1. Салықтың ұғымы және белгілері.

2. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

3. Салық элементтері.

4. Салық түрлері.

Презентация,

баяндау,

сұрақ –жауап

Кейс шешу

21,22

саб

3 сағ

Салық функциялары.

Салық салудың қағидалары. (3 ситуациялық сұрақ құрастыру)

Кейс тапсырмасын құрастыру

12. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері

1. Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың ұғымы.

2. Мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың түрлері және формалары.

3. Бюджеттің несиеленуі.

Презентация,

баяндау,

сұрақ –жауап

Кейс шешу

23,24

саб

3 сағ

Шеттен алып пайдалану және қарыз кепілдігі. (1 кейс тапсырмасын құрастыру)

Ауызша сұрау

проблемалық сұрақтарды қарастыру

13. Банк қызметі ұйымының құқықтық негіздері

1. ҚР-ның банк жүйесі. Банк қызметін мемлекеттік реттеу.

2. ҚР Ұлттық банкісінің құқықтық ахуалы. 3. Екінші деңгейдегі банктердің кұкықтық ахуалы.

Презентация,

баяндау,

сұрақ -жауап

25,26

саб

3 сағ

Қазақстаның Даму банкінің құқықтық жағдайы

(заңнамаға талдау жасау)

Кейс тапсырмасын шешу

14. Сақтандыру ұйымының құқықтық негіздері

1.Сақтандыру қызметінің мемлекеттік реттеу.

2. Сақтандыру ұйымдардың құқықтық жағдайы

Топ командағы бөлініп кейс стади тапсырмасын құрастырады оны қарсылас топ шешеді

27,28

саб

3 сағ

ҚР сақтандыру қызметінің ерекшеліктері (заңнамаға талдау жасау)

Кейс тапсырмасын шешу

15. Қаржылық құқық бұзушылық

1. Қаржы саласындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және оның сипаттамалық белгілері

2. Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері

3. Қаржылық –құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері

Презентация,

баяндау,

сұрақ -жауап

29,30

саб

3 сағ

ҚР Қаржылық құқық бұзушылық (баяндама)

Тест тапсырмасы

Студенттер әр-бір өткен тақырып бойынша бағаланып отырады 4 тақырып қарастырғаннан кейін қорытынды 1 баға келесі 4 тақырып бойынша екінші баға АИС платонусқа қойылады (4 –апта, 8-апта), 8-аптада кесімді бақылау алынып, оған жеке бір баға қойылады, осылайша 1-рейтингте 3 баға жинақталады. 2-рейтингтің бағалары да дәл солай жинақталады және 15-аптада кесімді бақылау алынады.

Студенттердің өздігінен дайындауға тиісті тапсырмаларының негізіндегі проблемалық сұрақтарды қарастыру, кейс тапсырмалары тиісінше 4, 8, 12, 15 апталарда мына электрондық мекен-жайға h_manei@kazguu.kz жеберілуі керек. Әр топтың студенттері сол аптадағы пән бойынша соңғы сабақ болған күні кешкі 20.00 дейін тапсыруы тиіс. Уақытында тапсырылмаған жұмыстар қабылданбайды.