Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЮ-3.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
567.81 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

Келісілді бекітемін

кафедра меңгерушісі ҰҚЖМ директоры

з.ғ.к., доцент С.Г. Пен з.ғ.д., профессор У.Шапақ

_______________________ ______________________

«___» _____________ 2014 ж. «__»_______________ 2014ж.

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы»

пәні бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Мамандық: «Заңтану» - 5В030100»

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 3

Курс: 3

Семестр: 5

Дәрістер: 30 сағат

Семинар (тәжірибелік): 15 сағат

Кеңес өткізу 10 сағат

Аралық бақылау саны: 2

Емтихан: 5 семестр

Астана, 2014 ж.

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Мусенова Эльвира Елеусінқызы - қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты.

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 2002 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасында қызмет атқарады.

Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - өте жақсы, орыс тілі - жақсы

Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы - қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі.

2013 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасында қызмет атқарады.

Кафедра туралы мәліметтер: Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, каб. 352.

Жұмыс телефоны: 8 (7172) 703045

Пререквизиттер : «Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен «Заңтану» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналады.

«Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнін оқу үшін студент: «мемлекет және құқық теориясы», «мемлекет және құқық теориясының жалпы тарихы», «ҚР құқық қорғау органдары», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы», «ҚР Азаматтық құқығы», «ҚР Әкiмшiлiк құқығы» пәндерін меңгеруі тиіс.

Постреквизиттер : «Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнін меңгеру арқылы «Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары», «Іс жүргізу құжаттарын жасау бойынша арнайы практикум», «Криминалистика», «ҚР прокурорлық қадағалау», «ҚР Адвокатурасы», «Дәлелдемелер теориясы», «Жедел іздестіру қызметі», «Сотқа дейінгі іс жүргізу» сияқты пәндердің оқылуын қарастырады.

Аталған курсты меңгеру келесі жағдайларға септігін тигізеді:

  • Ізге түсу органдары қызметіне білікті мамандарды дайындау, олардың кәсібилігін, біліктілігін арттыру;

  • Сот өкілеттігін жүзеге асыру барысында тәжірибелік біліктілікті арттыру, ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдау қабілеттілігін анықтау;

  • басқа мемлекеттермен қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктерін салыстыру, оған талдау жасау

Глоссарий

Силлабус - білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, амалдар мен ережелер жиынтығы.

Пререквизиты - әдіс туралы ілім, материалдық дүние танудың ғылымда қолданылатын әдістерінің теориялық негіздемелері.

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» - Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы түсінігі, маңызы мен міндеттері, қылмыстық іс жүргізудің сатылары, қайнар көздері, процесс субъектілерінің ұғымы, олардың жіктелуі, дәлелдеме және дәлелдеу түсінігі, олардың жіктелуі, мәжбүрлеу шараларының түсінігі, қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу, басты сот талқылауы, кассациялық және апелляциялық іс жүргізу, кәмелетке толмағандарға байланысты іс жүргізу ерекшеліктері.

Жүйелі құрылымдық әдіс - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды белгілі құрылымдары бар, өзара байланысты элементтерден тұратын жүйелер ретінде қарауды ұйғарады. Жүйелі-құрылымдық әдісте құрылым элементтерінің қызметтік сипаттамасына, олардың қызметтерінің шектеулері мен өзара үйлесімдіктеріне маңызды орын беріледі (мысалы, құқық қорғау қызметтерін талдаудағы құқық институттары).

Салыстырмалы-құқықтық әдіс - осы арқылы құқықтық институттар мен қатынастардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау үшін өзара салыстырады.

Логикалық және тіл әдісі - заң ұғымдарын, құқықтық құбылыстардың белгілерін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, сонымен қатар заңдарды танып-білуден, түсінік беруден және анықтаудан тұрады.

Қылмыстық процестің міндеттері – қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру

«процеске қатысушылар» - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық процестi жүргiзушi орган» - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

«тараптар» - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

«айыптау тарабы» - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

«қылмыстық iзге түсу (айыптау)»- қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«қылмыстық iзге түсу органдары» - прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

«сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу» - анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;

«анықтау» - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

«қорғау» - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

«жақын туыстар» - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

«қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, көрген адам, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

«қылмыстық iс» - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

«iс бойынша iс жүргiзу» - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;

«қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу» - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;

«iстiң материалдары» - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;

«iс жүргiзу әрекеттерi» - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

«хаттама» - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

«iс жүргiзу шешiмдерi» - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;

«қаулы» - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде қабылданған шешiмдерi;

«үкiм» - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

«қорытынды шешiм» - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;

«санкция» - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекіту актiсi;

«түсiндiру» - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;

«шағым, наразылық» - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;

«өтініш жасау» - тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;

«ғылыми-техникалық құралдар» - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

«арнаулы білім» - адам кәсiби оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес білім;

«арнаулы ғылыми білім» - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;

«баспана» - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

«түнгi уақыт» - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы

«нақты ұстау» – ұсталғанға қандай да бір іс жүргізу мәртебесінің берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, қозғалу бостандығын қоса алғанда, ұсталған адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен айтарлықтай шектейтін, белгілі бір орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу орындарына мәжбүрлеп әкелу (басып алу, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мәжбүрлеу және т.б.), сондай-ақ аталған шектеулер нақты болған жағдайда, ұсталған адамның бостандығын шектеу;

«орталық орган» – осы Кодексте көзделген тәртіпте мемлекет атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішін) қарауға және оның орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішін) шет мемлекетке жолдауға уәкілетті орган;

«тергеу судьясы» – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырушы бірінші сатыдағы сот судьясы;

«тергелу тиесілігі» – осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылықты тергеу сол немесе өзге қылмыстық қудалау органының құзыретiне жататын белгi «экстрадициялық тұтқындау» – шет мемлекетте іздеуде жүрген адамды ұстап беру

Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы” құрылымы бойынша жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Аталған пәннің жалпы бөлімі мына тақырыптарды қамтиды: қылмыстық iс жүргiзу құқығының ұғымы, маңызы және мiндеттерi, қылмыстық iс жүргiзу заңы және оның қайнар көздерi, қылмыстық процестiң принциптері, қылмыстық iзге түсу, қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттiк органдар мен тұлғалар, қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер, дәлелдемелер және дәлелдеу, іс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары. Аталған курс бойынша дәрістер семинар сабақтарымен және СОӨЖ, СӨЖ-мен толықтырылған. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі аяқталған соң студенттер бірінші аралық бақылау тапсырады. Ал пәннің ерекше бөлімі: қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу, сотта іс жүргізу, айрықша іс жүргізу инститтуарын қамтиды. Бұл бөлім аяқталған соң екінші аралық бақылау өткізіледі

Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізудің ұғымын, тергеу және сот ісін жүргізудің мазмұнын, процеске қатысушылардың шеңберін, аталған пәннің міндеттері мен қағидаларын, қылмыстық процестегі азаматтық талап, дәлелдемелер, оның дәлелдемелердің қайнар көздерін, дәлелдеу, мәжбүрлеу шаралары мен оның түрлерін, сонымен қатар курстың ерекше бөлімін, яғни қылмыстық істі қозғау, алдын-ала тергеу (іздестіру), басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, апелляциялық және кассациялық сатылар, сот шешімдерін орындау, қадағалау сатысы, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау сатысы, сондай-ақ қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу, айрықша іс жүргізу, алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктерін қарастыру арқылы студенттердің білімін жетілдіру, білікті мамандарды дайындау.

Пәннің міндеттері: Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу құқығы пәнінің міндеттеріне сәйкес, студенттердің қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамды әшкерелеу, оны жауапқа тарту, әділ сот талқылауы, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды меңгеру, қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізудің іс жүргізу тәртібін ұғыну, меңгеру болып табылады. Теория жүзінде алған білімдерін болашақта тәжірибеде дұрыс, тиімді қолдана білу үшін оларға тергеу әрекеттерін (жауап алу, беттестіру, тану, куәландыру т.б.) және басты сот талқылауын ойындар ретінде жүргізіп, тәжірибелік тұрғыда баға беру. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жекелеген тақырыптарын тереңірек меңгеру үшін, ғылыми әдістер мен тәсілдерді қамту үшін, норамтивті құжаттар мен арнайы әдебиеттерді қолдану мен жұмыс жасай білу үшін курстық және дипломдық жұмыс жазу ұсынылады.

ҚР ҚІЖК ережелерін және нормаларын теориялық тұрғыда жүйелеп, тәжірибе қызметімен негіздеу ол қылмыстық ізге түсу және сот органдарының қызметін едәуір күшейтіп, қылмыстық іс жүргізу қызметінің мәнін меңгеру сапасын күшейтеді.

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнін замануи оқыту, ол тергеу және сот әрекеттерінде туындаған бірнеше жағдайларды шешуге білімін күшейтіп, ой өрісін дамытады.

Студенттің тәжірибелік бағытын дамыту қылмыстық процестің тәртібі мен принциптерінің мазмұнын меңгерумен қатар құқық қолдану барысында туындаған мәселе бойынша негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқыту процесінде іс жүргізу құжаттарын студенттердің дербес дайындауы және шынайы қылмыстық істердің көшірмесін қарастыруы да маңызды орынға ие.

Курсты жан-жақты меңгерген студент білуі керек:

  • болашақ мамандығының маңызы мен кәсібиліктілігін білу;

  • қылмыстық іс жүргізу заңының негізгі ережелері мен талаптарын білу;

  • негізгі адамгершілік қағидаларын білу;

  • Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы толық мағлұматтарды білу.

Аталған пәнді меңгеру нәтижесінде студенттің мүмкіндігі болуы керек:

  • теория жүзінде алған білімді тәжірибеде дұрыс қолдану, заң талаптарын дұрыс талқылауға

  • қоғамда болып жатқан оқиғаларды дұрыс бағдар жасауға

  • пәннің жалпы бөлімі бойынша процестің міндеттерін, қағидаларын меңгере отырып, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсіну және оларды тәжірибеде жүзеге асуына қатысты білімдерді қалыптастыруға

  • дәлелдемелер мен дәлелдеудің мазмұны мен маңызын нақты түсіну арқылы сотқа дейінгі және сотта істі қарау сатыларында қолдануға;

  • кәсіби міндетті жауапкершілікпен орындау және заң талаптарын сақтауға

Студент меңгеруі керек

  • құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесу

  • өз біліктілігін және кәсібилігін күшейту және моральдық принциптерге сәйкес келу

  • кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру