- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Астана 2012
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәнінен қысқаша дәрістер
- •1 Тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері
- •2. Азаматтық құқықтың жүйесі.
- •3. Азаматтық құқық оқу пәні, ғылым ретінде.
- •2 Тақырып. Азаматтық құқықтың қағидалары және қайнар көздері
- •3 Тақырып. Қазіргі замандағы дүниежүзілік азаматтық-құқықтық жүйелері
- •1. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының дүниежүзілік құқықтық жүйелеріндегі орны.
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі.
- •3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері деп танылатын заңдылық фактілер.
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Міндеттерді орындау.
- •Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері және нысандары
- •2. Мүліктік игіліктердің негізгі түрлері. Мүліктің жіктелуі
- •7 Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.
- •2. Ахаж органдарының азаматтық жағдайларды реттеудегі маңызы.
- •8 Тақырып. Жеке тұлғаның есімі, тұрғылықты жері. Жеке кәсіпкер.
- •3. Азаматтың қәсіпкерлікпен шұғылдану жолдары. Жеке кәсіпкер.
- •9 Тақырып. Заңды тұлғалар: ұғымы, белгілері, құқыққабілеттілігі.
- •2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және оны жүзеге асыру
- •3. Заңды тұлғалардың жіктелуі. Еншілес және тәуелді заңды тұлғалар. Филиалдар мен өкілдіктер
- •2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу ерекшелігі
- •Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •1. Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •2. Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •12 Тақырып. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері. Мемлекеттің азаматтық құқықтың субъектісі ретінде ерекшелігі
- •13 Тақырып. Мәмілелердің түсінігі, нысандары және түрлері
- •Мәміленің түсінігі және нысандары
- •Мәмілелердің түрлері
- •2. Сенімхат және оның түрлері.
- •2. Мерзімдерді есептеу.
- •3. Талап қою мерзімі.
- •17 Тақырып. Заттық құқықтар тұралы жалпы ұғымдар, олардың белгілері
- •Заттық құқықтың түсінігі және белгілері
- •Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •2 Сұрақ. Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •18 Тақырып. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлері
- •1Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.
- •2 Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •2 Сұрақ. Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •19 Тақырып. Шектелген заттық құқықтар
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жүргізү құқығы
- •2 Сұрақ. Оралымды басқару (жедел басқару) құқығы
- •3 Сұрақ. Өзге де шектелген заттық құқықтар.
- •2О тақырып. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу және оларды тоқтату.
- •2 Сұрақ. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
- •2.Меншiк құқығын қорғаудың заттық–құқықтық тәсiлдерi
- •3.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері
- •Міндеттемелік құқық Міндеттемелік құқық тұралы жалпы ережелер.
- •22 Тақырып. МіндеттемеНің түсінігі және пайда болу негіздері
- •1 Сұрақ. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, жүйесі
- •2. Міндеттеменің пайда болу негіздері.
- •23 Тақырып. Міндеттеменің қатысушылары
- •Міндеттеменің түсінігі, субъектілері. Міндеттемедегі тараптардың ауысуы.
- •24 Тақырып. Міндеттемелерді орындау
- •Міндеттемені орындаудың түсінігі және орындау қағидалары.
- •Міндеттемені орындаудың пәні және тәсілі.
- •25 Такырып. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету
- •1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі және жүйесі.
- •2. Айыппұл
- •3. Кепіл. Кепілдің пайда болу негіздері және түрлері.
- •26 Тақырып. Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу
- •Ұстап қалу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде.
- •Кепілдік және кепіл болушылық..
- •Кепiлпұл
- •2 Сұрақ. Кепілдік және кепіл болушылық.
- •27 Тақырып. Міндеттеме бұзылғандығы үшін жауаптылық
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •28 Тақырып. Міндеттемелерді тоқтату
- •Міндеттемені тоқтату негіздері.
- •Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2 Сұрақ. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2. Шарттың түрлері.
- •Шарт жасасу. Оферта және акцепт
- •1 Сұрақ. Шарт жасасу. Оферта және акцепт
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Міндеттерді орындау.
Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері және нысандары
1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру – ол субъективтік азаматтық құқық мазмұнын құрайтын әрекеттерді жасау болып табылады. Мысалы, меншік құқығын жүзеге асыру, ол – мүлікке ие болу, пайдалану, сақтау, оны сату, сыйға тарту, айырбастау және т.б. әрекет арқылы жүзеге асыру, және өзге тұлғалардан меншік иесінің құқықтарын сақтауды талап ету болып танылады. Азаматтық құқықтың нормативтік қағидаларының бірі – субъектілер құқықтарын ерікті түрде, кедергісіз жүзеге асыру. Тұлға өз құқығынан бас тартуға құқылы, бірақта ол субъективтік құқықтың тоқтатылуына әкелдірмейді. Субъективтік азаматтық құқық – ол құқылы тұлғаның әрекет етуінің мүмкіншілігі, ал субъективтік азаматтық міндет – ол міндетті тұлғаның кажетті әрекет ету міндеті болып танылады.
Қүқықтық қатынастарға катысушылардың белгілі бір қажеттерін канағаттандыру үшін азаматгық қүқықтар мен міндеттер белгіленеді. Субъективтік қүқықтың мазмүнын құрайтын әрекеттер жасауды қүқықтарды жүзеге асыру деп түсінеді. Мәселен, билік ету өкілеттігі субъективтік меншік қүқығының мазмүнын қүрайды, ал аталған өкілеттікті әр түрлі мәмілелер (сату, сыйға тарту, айырбастау, жалға беру және т.б.) жасау жолымен жүзеге асыруға болады.
АК-ның 2-бабы азаматтық заңдардың негізгі бастаулары (принциптері) ретінде азаматтар мен занды түлғалар өздерінің азаматтық қүқықтарына өз еркімен және өз мүдделерін көздей отыра ие болып, оларды жүзеге асыратынын (2-тармақ), азаматтық қүқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қажеттігін (1-тармақ) баянды етеді.
Азаматтық қүқық субъектілері өздерінің қүқықтарына өз еркімен және ез мүдделерін көздей отыра ие болу принципін жүзеге асыруы үшін АК-ның 8-бабының 1-тармағы азаматтар мен заңды түлғаларға өздеріне берілген азаматтық қүқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау қүқығын өз қалауынша пайдалану мүмкіндігін береді. Ең алдымен, құқықты жүзеге асыру немесе жүзеге асырмау қүқығы қүқық берілген түлғаға байланысты. Мәселен, мүліктік зиян келтірілетін жағдайда жәбірленуші зиян келтірушіден оның орнын толтыруды талап етуге қүқылы, алайда зиян келтірушіге мүндай талап қоюды немесе қоймауды жәбірленушінің өзі шешеді. Азаматтар мен заңды түлғалардың өздеріне берілген қүқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң қүжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бүл күқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды (АК-ның 8-бабының 2-тармағы). Қүқықты жүзеге асырудан бас тартуды қүқықтан бас тартудан айыра білу керек. Адам заң актілерінде тыйым салынған жағдайлардан басқа реттерде өзіне тиесілі қүқықтардан бас тарта алады. Мәселен, сот арқылы қорғалу құқығынан бас тартуға жол берілмейді. Қүқықтан бас тартқанда ол тоқтатылады, ал қүқықты жүзеге асырудан бас тартканда, заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде, қүқық тоқтатылмайды.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шексіз болуы мүмкін емес, яғни оларды жүзеге асыруға заңмен тиісті талаптар қойылады. Ол үшін: әділдікті, іскерлік этикасын, іскерлік өрістің әдеттерін бағалау санаттары, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау мерзімдерін анықтау сияқты нормалар қолданылады. Өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде әр тұлға өзгелердің және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы қажет. Заттық құқықтар құқылы субъектілердің заң тыйым салмаған кез келген әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік міндет міндетті тұлға белгілі бір әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, заң азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың белгілі шектерін де бекітеді. Мысалы: азамат өз субъективтік құқықтарын жүзеге асыру кезінде қоғамның адамгершілік қағидаларын және басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін бұзбауы қажет. Соған байланысты, кәсіпкерлік саласында болатын теріс пиғылды бәсекелестікке де тыйым салынады. Заң құқықты асыра пайдалануға да тыйым салады ( АК 11 б.).
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру азаматтық міндеттерді орындаумен тығыз байланысты болады. Ол тиісті бір әрекетті жасау немесе оны жасаудан бас тарту міндетінен тұрады.
2. Азаматтық құқықтарды қорғау дегеніміз - ол заңда көзделген құқыққа қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге, нұқсан келген құқықтарды қалпына келтіруге және азаматтық құқықтарды бұзатын әрекеттерді тоқтатуға бағытталатын шаралар жүйесінен тұрады. Нақтылы қорғау тәсілдері ҚР АК 9-шы бабында бекітілген: құқықты мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу каупін төндіретін әрекеттерді тоқтату; міндетті заттай орындатуды ұйғару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету, және т.б. Бұл жерде осы бапта келтірілген залалдар түсінігіне назар аудару қажет болады. Ол нақты келтірілген нұқсан мен айырылып қалған пайдадан құралады. Мүліктік құқықтарды қорғаумен қоса заң шығарушы жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғауды да көздейді, мысалы: моральдық зиянды ақшалай түрде өтеу.
Заң шығарушы кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқығын қорғауға ерекше назар аударады (ҚР АК 10-11 б., б.). Кәсіпкерлердің құқықтарымен қатар оларға міндеттер де жүктеледі: мемлекеттік тіркеуден өту, жауапкершілік көтеру, салық төлеу, т.б. сияқты. Және де азаматтық құқықтарды қорғаудың үш нысанын атап өту қажет: өзін өзі қорғау, сот тәртібімен қорғау және әкімшілік тәртібімен қорғау. Олардың көне түріне өзін өзі қорғау жатады.
Шет елдердегі бәсекелестікті қолдай заңнамаларын екі түрге бөлуге болады: американдық және еуропалық Американдық түрдегі монополияларға қарсы заңдардың негізін 1889 жылғы әйгілі Шерман заңы құрады. Ол монополияларға тыйым салуды қолдайтын заңдар. Шерман заңы бойынша монгополияларды құру заңсыз әрекет, яғни қылмыс деп табылады. Еуропалық түрдегі заңнамалар монополияларды шектеуге ғана бағытталған.
Өкілеттілік және өкілдік тұралы ережелер еуропалық мемлекеттерде заңнамаларда бекітілген. Ағылшын-саксон жүйесінде бұд жөнінде прецеденттік құқық қолдануда, заңдық және келісімдік өкілдік айырылмайды. Өкілдіктің тараптары агент және принципал деп аталады. Агенттер бірнеше түрлерге бөлінеді: фактор, агент-делькредере, брокер, делдал (маклер).
6 тақырып. Азаматтық құқықтың объектiлерi
1. Азаматтық құқық объектісінің түсінігі және түрлері
2. Мүліктік игіліктердің негізгі түрлері. Мүліктің жіктелуі
3. Мүліксіз игіліктердің жіктелуі
Қосымша әдебиет: Заңдар: Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу тұралы, Бағалы қағаздар тұралы
1. Азаматтық құқықта объекті ұғымы өте даулы мәселеге жатады. Жалпыға таныс анықтамасы келесі болады: азаматтық құқық объектісі дегеніміз - ол азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталатын (ықпал ететін) нәрселер болып танылады. Рим құқығынан бастап азаматтық құқық объектілеріне материалдық игіліктер: мүлік (мүліктік құқықтар мен игіліктер), жұмыстар мен қызметтер жатады. Азаматтық кодекс жоғарыда аталған қосымша объектілерге: шығармашылық қызмет нәтижелерін және материалдық емес, яғни мүліктік емес жеке құқықтар мен игіліктерді де жатқызады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115 бабында аталған.