Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazyaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
83.7 Кб
Скачать

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

17 билет

2. Ұстаз – ол мектепте сабақ үйрететің, оқушыларға білім беретін адам. Үстаздар әр түрлі сабақтардан береді, үстаз бір неше сабақтан бере алады. Біздің мектпте өте көп үстаз бар, және сынып жетекшісі бар. Біздің сынып жетекшіміз – Аймагамбетова Жумагуль Аукешовна. Ол және география пәнінен өткізеді. Ол бізге өте көп үйретеді. Қазақ тілі пәнінен біз екі топқа бөлінеміз. Біріңші топқа – Марияш Харулловна. Екіңші топта – Айсулу Мерекеевна. Қазақ тілі пәнінен өте жақсы мұғалімдер.

3.Салалас құрмалас сөйлем[1]  құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулықшылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді 

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

Аралас құрмалас сөйлем — құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл — тиянақты-тиянақсыз-тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов). Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу ырғағы да кең. Онда салаласқа тән тиянақты, сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты-тиянақсыз, бірде тиянақсыз-тиянақты түрде келеді. Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір-бірінен өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналық қатынастардың белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді.

18 билет

3. Фразеологиялық тіркес  құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратынсинтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. АхановӘ. Болғанбаев) деп атаған.

19 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]