Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_sotsiologia_UMP_2013.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Басылым: екінші

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

ЕҰ У ПОӘК

2-ден __бет,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кафедра ____Әлеуметтану___________

(кафедра атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

_______AL Әлеуметтану______________________________

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

_Әлеуметтанулық емес мамандықтардың студенттеріне арналған

(мамандық атау және шифрі)

Астана

2013

СИЛЛАБУС

Пән: AL «Әлеуметтану»

әлеуметтанулық емес мамандығының

студенттеріне арналған

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  1. Оқытушының аты-жөні: Досанова Гүлім Меңдіғалиқызы, PhD, әлеуметтану кафедрасының доцент м.а.

Ғылыми зерттеу бағыты: гендер әлеуметтануы, дін әлеуметтануы

  1. Пәннің аты: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALE 1108

  1. Оқу пәнінің жүргізілетін уақыты мен орны: кесте бойынша

Семестр: мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес

Аудитория: кесте бойынша

  1. Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану

  1. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Әлеуметтану қоғамды, ондағы байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттейді. Адамдардың, топтар, таптардың өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік институттармен байланыстарын түсіндіреді. Қоғамдағы қалыптасқан, пайда болған күрделі байланыстар мен қарым-қатынастарға сипаттама береді, қоғам өміріндегі бүкіл құбылыстарды анықтап, тиісті шешім, даму жолдарын көрсетіп беріп отырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.

5.3.Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:

  • әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;

  • қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;

  • әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:

  • әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.

5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.

  • Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;

  • Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;

  • әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.

    1. Пәннің мазмұны. Тақырыптық жоспары.

Апта саны

Тақырыптар атауы

Сағат саны мен оқытуды ұйымдастырудың түрлері

Оқыту түрлері

СӨЖ үшін

тапсырмалар

1

Әлеуметтанудың объектісі және пәні

Дәріс-1, семинар-1

-

2

Әлеуметтану ғылымының даму тарихы

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Кесте «Қоғам типологиясы» (Э.Гидденстің «Социология» оқулығы бойынша) – қоғам түрлері, типологизацияның критерийлері, қоғам түрлерінің қысқаша мінездемесі.

3

Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Кесте 1. П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясы (экономикалық, саяси, кәсіби стратификация). Әлеуметтік мобильділік және оның арналары, П.Сорокин бойынша (неке, әскер, мектеп, т.б.).

Схема 1. Әлеуметтік мобильділік: топтық және индивидуалды, көлденең және тік, ұрпақ ішіндегі және ұрпақаралық.

4

Тұлғаның әлеуметтенуі

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Кесте: Тұлғаға қатысты негізгі концепциялар (Ч.Кулидің «Айнадағы Мен» теориясы, Г.Мидтің «Маңызды басқа» теориясы, Ж.Пиаженің когнитивті теориясы, З.Фрейдтің психоанализі, қысқаша мінездеме.

5

Әлеуметтік институттар

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Кесте. Негізгі әлеуметтік институттар: білім, отбасы, дін, саяси, экономикалық, оларға қысқаша мінездеме беру және функцияларын ажырату.

6

Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Кесте. Девианттық мінез-құлықтың негізгі теориялары: социологиялық (стигматизация теориясы, Э. Дюркгеймнің аномия теориясы, Г. Беккердің теориясы; биологиялық (Шелдон, Ламброзо, т.б.) және психологиялық (З.Фрейд).

7

Әлеуметтік топтар типологиясы

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Схема. Әлеуметтік топтардың типологиясы, қысқа мінездеме: ресми және бейресми топтар, референттік топтар, т.б.

8

Отбасы әлеуметтануы

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Схема. Отбасы түрлері мен некенің фомалары

9

Мәдениет әлеуметтануы

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

PowerPoint презентация (6 студенттен тұратын топтық жұмыс). Жастар субмәдениеттері (студент тердің таңдауы бойынша).

10

Дін әлеуметтануы

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Кесте. Әлеумедік діндерге әлеуметтанулық талдау (ислам, христиандық, буддизм, иудаизм)

11

Әлеуметтік шиеленістер

Дәріс-1, семинар-1

-

12

Этникалық әлеуметтану

Дәріс-1, семинар-1

-

13

Гендер әлеуметтануы

Дәріс-1, семинар-1

-

14

Әлеуметтанулық зерттеу түрлері

Дәріс-1, семинар-1

-

15

Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы және әдістері

Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1

Кесте. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері және олардың мінездемесі

  1. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]