Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazyaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
83.7 Кб
Скачать

№1 билет

2. «Киіз үй» тақырыбына мәтін құрастыру.

Киіз үй – қазақ халқының ертенде келе жатқан баспанасы. Ол көшіп- қонғанда тез жиып, шапшан тігуге ынғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сытртқы киіздерін қабаттап соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз 18 ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз үйі ішкі қанқасы мен сыртқы жамалғасына қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөленеді.

3.Сөйлем. Сөйлем түрлері. Мысалы Келтіру. Сөйлем деп бір шама ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөз тіркесін атаймыз. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып үшке бөлінеді.ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

2 билет

2. .«Казақстан-егеменді ел» тақырыбы . ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден–бір қайнар көзі – халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай–ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.     Егемендік мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні болып табылады. Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында мемлекеттің азаматтарын жалпыға бірдей тең құқықпен мемлекеттік – құқықтық бірлікке топтастырып отырған Қазақстан Республикасы осындай егемендік жайында толық сипат бере алады.

3.Салалас құрмалас сөйлем. Оның түрлері. Мысал келтіру. Салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады. Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.

1. Ыңғайлас салалас. Да, де, та, те, және, әрі 2. Қарсылықты салалс. Бірақ, алайда, дегенмен 3. Себеп – салдар салалас. Сондықтан, себебі, өйткені, неге десең.  4. Талғаулы салалас. Не, немесе, я, яғни, әлде, бірде, біресе, кейде, бірде 5. Кезектес салалас.біресе, кейде, бірде.

3 билет

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл – қазақ тіл. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдері тобына жатады. Қазақ тілі сияқты түркі тілдерінің тобынын тараған қазіргі қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр, чуваш, тува, саха, т.б. тілдерінде сөйлейтін халықтар бір-бірімен еркін түсінісе алады. 

Қазақ тілі өзенің көп ғасырлық дамуы барасында рулық тіл дәуірін де , тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешірді.

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды.

3. Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.  Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Мысалы: Мен жалақы алдым. Мысалы, Бүгін күн жылы. Жаңбыр жауып тұр. 

Сұраулы сөйлем – жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Мысалы, Не үшін? ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Мысалы, Жерім жаман ба? б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы: Мысалы, – Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы. в) Сұрау интонация арқылы. Мысалы,  Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. Мысалы,  Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – дед

Лепті сөйлем – айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Мысалы, Құнанбай қатты зекіп қалып: – Жә тоқтат! – деді.

Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі. Мысалы,  Мұғалім сыныпқа кірді. (Учитель вошел в класс).

Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.  Мысалы, №5 балалар емханасы қай жерде?

4 билет

2. Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийденсабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

3.Қонақ келсе,  құт келер» деген ұстаныммен өмір сүретін қазақ халқы үшін қонақ күтудің, қонақ болып барудың өзіндік дайындығы, тіпті қағидасы бар. Той-томалаққа барушының "қандай тілек айтсам екен" деген ойы көп ізденушілікке жетелейтіні жасырын емес. Салтанатты жиындарда, мерейтойларда, дәстүрлі басқосуларда, кішігірім отырыстарда сөз қадірін түсінетін әрбір қазақ айтар тілегіне  іштей дайындалып (тіпті кейде күні бұрын ізденіп),  жүректен шыққан тілекті сөзбен әсемдеп жеткізуге тырысады. Қазіргі таңда үлкен тұсаукесерлерде  де азаматтарымыз бен ханымдарымыз өз тілектерін қазақ тілінің көркем сөзімен бастауды мақсат тұтып келеді. Бұл әрине қуанарлық жайт. Қазақша тілек айту – үлкен өнер

5 билет

2. Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Қазақта қандас туыстық тек еркек тарапынан ғана жүреді. Қандас туыстыққа байланысты атаулар: өз елі бойынша – баба, ана, әке, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ұл, қыз, немере, шөбере. Әрбір шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі – ата-анасы мен әжесі. Қазақ ежелден ата-ананы, қарияларды қадірлеп, күте білген.

Мал бағу, егін өсіру, аң аулау әке міндеті болса, үй ішіндегі жұмысты әйел басқарған.

Жігіттің екінші жұрты – шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.

3. Синоним (гр. 'synonymos'  мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

Антоним (гр. antі — қарсы, уnyna — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, “Көз — қорқақ, қол — батыр“, “Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ“. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат — жұмыс көлігі;

  2. Ат — есім, атау;

  3. Ат — етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

  1. қас — адамның қабағындағы қас;

  2. қас — дұшпан, жау;

  3. қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

  4. қас — ердің қасы

Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді

6 билет

2. Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа).

3. Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.[1]Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабысаматасамеңгерілеқиысабайланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі. Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.

Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, модальдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсен сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос (Махамбет). Қаратпа сөздерді А. Байтұрсынұлы "Тіл — құралында" бұратана сөздердің қатарына 

7билет

2.Шілдехана жаңа туған нәрістенің құрметіне жасалатың той. Дастархан жайлып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару нәрістенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.

Бесікке салу. Халқымыз бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі.

Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

Тұсау кесу сәби қаз тұра бастақанда, тез жүріп кетсін

Деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасылып, тұсаукесер кәдесі беріледі.

3. Төл сөз  бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.

Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады.

Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады.[1] Мысалы,

Құнанбай тыңдап болды да: Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді, (М.Әуезов).

Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. [1]. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады. Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор сөзі "де" (деді, деп, дейді, деген, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.

8 билет

2. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

2-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН БАСҚАРУ 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiлiм беру саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi

3-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСI 10-бап. Бiлiм беру жүйесi ұғымы Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын:

4-тарау. БIЛIМ БЕРУ МАЗМҰНЫ 13-бап. Бiлiм беру мазмұнының ұғымы Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiм берудiң әрбiр деңгейi бойынша бiлiмдер жүйесi (кешенi). Бiлiм беру мазмұны бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары негiзiнде әзiрленетiн бiлiм беретiн оқу бағдарламаларымен айқындалады. 14-бап. Бiлiм беретiн оқу бағдарламалары

5-тарау. БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ 26-бап. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiм беру ұйымдарына  қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

6-тарау. БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТIНIҢ СУБЪЕКТIЛЕРI 40-бап. Бiлiм беру ұйымдары

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ МӘРТЕБЕСI 50-бап. Педагог қызметкердiң мәртебесi

8-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ 54-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаты мен нысандары

9-тарау. БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 61-бап. Қаржыландыру жүйесi, принциптерi мен көздерi

10-тарау. БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ 67-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлуi

3. Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.

9 билет

2. Мектептегі үйрмелер – дегеніміз ол адамның бос уақытында бір нәрсе жасайтын үйірме. Үйрмелер әр түрлі болады. Біздің мектепте өте көп үйірмелер бар. Олар: музыка үйірмесі, спорт үйірмесі, және т.б. Музыка үйірмесі тағы топтарға бөлінеді: Домбыра үйірмесі, пианино үйірмесі, скрипка үйірмесі және т.б. Спорт үйірмесі де топтарға бөлінеді: баскетбол үйірмесі, футбол үйірмесі, волейбол үйірмесі және т.б. Маған өте көп үйірмелер ұнайды. Мен баскетбол үйірмесіне қатыстым, футбол үйірмесіне қатыстым, және басқа мектепте музыка үйірмесіне қатыстым, мен 2 жыл фортепианода ойнап үйрендім маған өте ұнады. Менің ойымша барлық оқушылар ұнайтын үйірмелеріне қатысу керек, себебі ол саған алғы өміріңде қажет болуға мүмкін. Олар олимпиадаларға қатысады, содан ұтып өзіне немесе мектепке жақсылық алып келеді.

3. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б)аралас. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайдабастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған,ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

10билет

2. Музыкалық бағдарламарлар. ?

3. Фонетика[1][2] (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады, себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.

11 билет

2.Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қаласынан 180 км, Қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне айналды. Мұражайдың бес бөлмесі мен ұш залына орналастырған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Үйдің кұрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініскелбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Коп заттардың ішінен кабырғадағы түскиіз ерекше коз тартады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. МихаэлисС.С. Гросс, Н.И. Долгополов пен П.Лобанскийлердің суреттері бар.

Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын кұжаттармен қатар Абайдың Семейдегі олкетану мұражайына откізген көптеген заттарының суреттері койылған. Мұнда күміс кұты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бүгінгі күнге жеткен ең кұнды заттын бірі - 1885 ж. П.Лобанский қарындашпен салған Абай суреті. Үйдің торгі бөлмесінде ақынның озі отырған. Онда кітап оқып, жазу жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегіқойылған. Төсек тұсына Әбдірахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Абайдың үш ішекті домбырасы да осында. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел үстінде, сыртында күмістен бедер салынған үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл - Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек төсек - Әйгерімдікі. Абайдың нәресте кезіндегі заттарыда сақталған. Оң босағада Абайдың үш ауызды және шиті мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдің әскери бастығы сыйға тартқан. Дәліз бойымен ілгері жүргенде түпкірдегі бөлменін оң жағында тұрған сүйек төсек - Еркежандікі. Бөлмедегі өзге заттардың барлығы - Абайдың соңғы кездегі өмірінің куәсі. Мұражай-үй шошаласының температурасы жазы, қысы бір калыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған

3. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Адамзат-Ғаламзат

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.

Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.

Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.

12 билет

2. Атамекен [араб, мәкан - орын, жай] – туған жер, өңір, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы»деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Атамекен - атадан балаға мұра болып қалып отыратын, "кіндік қаны тамған" жер. Әуелде жалпы түркі қауымына ортақ "ата" сөзімен бірігіп "ата қоныс" үғымында түсінілген. Кейін келе мағынасы кеңейіп, "ата-бабалар мекен еткен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған ең асыл мұрасы" деген ұғымды меңзейтін термин түрінде орныққан. "Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі колбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. "Ата" сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты. Атамекен осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Атамекен ежелгі замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.

3. Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

  1. Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.

  2. Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)

  3. Себеп бағыныңқылы сабақтас;

  • Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)

  1. Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,

  2. мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,

  3. қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.

  4. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев).

13 билет

2. ?

3. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б)аралас. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайдабастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған,ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

14 билет

2.

3. Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.

Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.

15 билет

2.Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.  Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.  Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.  Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;  Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;  қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. 

Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

3. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Зат есімнің түрлену тұлғалары оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады.

Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғаутәуелдік жалғаусептік жалғау және жіктік жалғау. Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты не адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол бала, ал мен уй-мін, сен аспан-сың т. б. сияқты қолданылмайды, Кейде адам мәнінде салыстыру үшін қолданылған зат есімдер жіктеледі. Мысалы: мен асқар тау-мын, сен төбе-сің; Сен темір-сіқ, мен көмір-мін, еріт-келі келгенмін т. б.

16 билет

3. Есімдіктер - заттың атынсынынсанын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есімсын есімсан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Есімдіктердің мағыналары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]