Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
138.38 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиет

Тойбекова С., Кәрібаева С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008. 152-157 бб.

9-сабақ

Лексикалық тақырып:Әбу Насыр Әл-Фараби Граматикалық тақырып:Реттік,жинақтық сан есімдер

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.

1.Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар

дүниеге келу - появиться на свет,родится

меңгеру - освоить

жетілдіру - совершенствовать

терендету - углублять

шамасында - около

құнды - ценный

сала - область,сфера

замандас - современник

шәкірт - ученик

мәселе - проблема,вопрос

секілді - такой,как

айналысу - заниматсь

секілді - такой,как

аспап түрлері - виды музыкальных инструментов

ғұлама - мудрец

дәлел - доказательство

Әбу Насыр Әл-Фараби

(870-950)

2.Мәтінді оқыңыздар.

Тарихымыздағы ұлы ойшылдардың бірі - Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби.Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан,ойшыл,энциклопедист - ғалым.Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби (бертін замандағы Отырар) қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп,кейін Самарқанд,Бұхара,Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған,ұзақ уақыт бойы Араб халифатының саяси,мәдени орталығы Бағдатта тұрған.Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта,сонда оқып,білім алып,ғылыми жұмыстармен айналысқан.Өмірінің соңғы жылдарын Кайрда, Алеппода, Дамаскіде (Шам шаһарында) өткізген.

Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады.Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған.Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған.

Әл-Фараби 25 - 30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгеріп ,енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды.Ол 150-ден астам ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша еңбектер жазған.Олардың ішінде "Музыканың ұлы кітабы", "Ғылымдар тізбегі ", "Оргоно", "Алмагеске түсініктеме", т.б. еңбектері болашақ ғалымға жол ашты.Замандастары және шәкірттері оны "екінші Аристотель", "екінші ұстаз" деп атаған.

Әл-Фараби - математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым.Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия, музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.

Әл-Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған.Ол домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған.Ұлы ғұлама көп жылдары шет жерлерде жүрсе де, өзінің туған Отаның бір сәтте ұмытпаған.

Қартайған шағының өзінде 70-тен аса тіл білген,адам баласына қажетті нәрсенің бәрі-бәрін бойына дарытқан.

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1 - тапсырма.Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

2 - тапсырма.Сұрақтарды қазақ тіліне аударып жауап беріңіз.

а)Кем является Аль-Фараби?

б)Когда и где он появился на свет?

в)Где прошло его детство?

г)Где он учился?

д)Для чего он приехал в Багдат?

е)Сколько трудов он написал?

ё)Любил ли он свою Родину?

3 - тапсырма.Мәтіннен сан есімді тауып жазып,мағынасына қарай ажыратыңыз.

4 - тапсырма.Мына сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз.

Появиться на свет,детство,изучать рукописи,около 25 - 30 лет,соврменник,заниматься математическими проблемами,делать музыкальные инстументы,скучать по Родине.

Еске түсірейік:

Реттік сан есімдер - заттардың саналу ретін білдіреді.Реттік сан есімдер қазақ тілінде есептік сан есімге -нші, -ншы, -інші, -ыншы, жұрнақтарын қосу арқылы жасалады және нешінші? қай? сұрақтарына жауап береді

5-тапсырма.Реттік сан есімдерді қатыстырып,берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.

Нешінші жылы қай айда туылдың.?

Қазір нешінші курста оқисың?

Нешінші қатарда,қай орында отырасын?

Қандай жарыстарға қатыстытың?

Нешінші орынға ие болдың?

Қандай мамандықты жақсы көресің?

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы(ОСӨЖ)

Сөздік минимум

ақсүйек - аристократ

жау шабу - нападение врага

жан сауғалау - защищать лишь свою жизнь

нысана - цель,прицель

тайдыру - сбивать спути

бел байлау - решиться

сүйенішім -опора (моя)

жарық саңылау -просвет

сырыңды аш - открой свою тайну

Жас Фараби

"Ақсүйек болғанда халыққа не пайда келтіремін?Рас, билік те, бедел де солардың қолында. Қаладағы әсем сарайлар да солардікі. Ал қалаға жау шапса, жер асты жолдардың сыры соларға ғана белгілі. Олар сонда қазыналарын тығады. Өздері сонда жасырынып, жан сауғалайды", - деп ойлайды Әбу Насыр. Ол Қорқыт данананың : "Бұлар халық қамқоршылары емес", -дегенін есіне алды.

-Мен адамзатты саналы өмірге апаратын нысана іздеймін,- деді Әбу Насыр тарханға. -Оны тек оқу-білім арқылы табуға болады. билік пен байлық мені бұл мақсатымнан тайдырады. Мен оқуға кетуге әлдеқашан бел байлағанмын.

Сонда тархан айтты:

-Әкең өлер алдында маған: "Балам өзі қалаған жолмен барсын" деген еді. Мен уәде еткенмін. Сөзімдіе тұрамын. Жолың оң болсын! Мақсатыңа жет! Тек туған елің- қыпшақ, оғызды, ұшқан ұяң - Фарабты ұмытпа!

-Ешқашан ұмытпаймын, деді Әбу Насыр, - Өйткені туған елім - сүйенішім, болашағым әрі мақтанышым!

Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне еріп, Бағдаттағы "Даналық үйіне" оқуға аттанбақ болды.

Ол жолға шығар аллдында:

-Адамзат, саған саналы өмір сыйлау үшін жарық, саңылау іздеп барам, - деді. Содан соң: - Сырыңды аш, дүние! - деп жүріп кетті.

(Қ. Сапарбаев)

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма.Сұрақтарға жазбаша түрде өз ойыңызды білдірініз.

а)Әбу-Насырдың "Мен адамзатты саналы өмірге апаратын нысана іздеймін.Оны тек оқу - білім арқылы табуға болады" - деген пікірін калай түсінесіз.

ә)Әбу-Насырдың туған жері туралы айтқан пікірін қалай түсінесіз.

б)Өз туған жерініз туралы айтыңыз.

Еске түсірейік:

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейін -ау, -еу жұрнақтарымен жасалады.Сұрақтары неше?,нешеу?

3-тапсырма.Мәтіннен жинақтық сан есімдерді тауып олардың жасалу жолына назар аударындар.

1.Біреуге біреу сеп, 2.Атадан алтау,

Тамға тіреу сеп. Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Екі батыр егессе,

Екеуінің бірі өлер.

3.Бір күні молда Түйебай екеумізді алып қалды.Екеуміз де жылап отырмыз.Үйге күн батарда ғана жіберді.

4-тапсырма.Синоним сөздерді табыңыздар.

-мұғалім -кесек

-мұра -оқытушы,ұстаз

-ірі -мирас

-есім -ат

5-тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1-тапсырма.Өлеңді жатқа айтыңыз.

Сағыныш сазы. (Ә.Н.Әл-Фараби)

Кеткенім жоқ,елім,сенен атақ,бақыт,тақ іздеп,

Шықтым,жұртым,шалғай жерден ғылым атты шам іздеп.

Ақтадым мен ақ сүтінді келгенімше шамамның,

Ассамдағы сексен жастан сәбиінмін,балаңмын.

Жүзім сынық,көңілсіз күйге түстім мен бүгін,

Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түндігін,

Айналайын атам қыпшақ,туған жерім,сағындым,

Өз атыңа,үрметіңе қайда жүрсем табындым.

2-тапсырма.Әбу Насыр Әл-Фараби туралы шығарма жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]