Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 БИЛЕТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
1.79 Mб
Скачать
  1. Вольт-амперлік сипаттама. Кедергі. Электр тізбегі. Өткізгіштерді тібектей және параллель қосу. Шартты белгілер

Өткізгіштегі тоқ күшінің кернеуге тәуелділігі вольт-амперік сипаттама д.а. Немiс физигi Георг Ом ток күшi тiзбектiң бөлiгiндегi кернеуге тура пропорционал екенiн тапты: I~U .

Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын шама кедергi деп аталады. Еркiн электрондардың кристалл торының иондарымен соқтығысуы өткiзгiш кедергiсiне себеп болады.

өрнегi бойынша, ток күшi тiзбек бөлшегiндегi кернеуге тура пропорционал және сол бөлшектiң кедергiсiне керi пропорционал болады (5.1 сурет):

формула тiзбектiң бөлiгi үшiн Ом заңын өрнектейдi.

Ом заңы бойынша өткiзгiш кедергiсi өткiзгiштiң ұштарындағы кернеудiң ток күшiне қатынасына тең:

Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ кедергi оммен (1 Ом) өлшенедi:

.

Энергия ток көзiнен тұтынушы құрылғыларға (электр шамына, двигательге және т.б.) ток өткiзгiш сымдар арқылы жеткiзiледi. Өткiзгiштер тiзбектей және параллель қосылуы мүмкiн.

Өткiзгiштер тiзбектей қосу: Барлық өткiзгiштер тiзбекке бiрiнен кейiн бiрi тiзiлiп қосылады.

Өткiзгiштер тiзбектей қосылғанда:

а) барлық өткiзгiштердегi ток күшi бiрдей

б) тiзбектегi кернеу бөлiктер кернеулерiнiң қосындысына тең

в) өткiзгiштердегi кернеу олардың кедергiлерiне тура пропорционал

г) тiзбектей қосылған n өткiзгiштердiң толық кедергiсi бөлiктердiң кедергiлерiнiң қосындысына тең:

Өткiзгiштер параллель қосу

Өткiзгiштер параллель қосылғанда:

а) тарамдалмаған бөлiктегi ток күшi тарамдалған бөлiктердегi ток күштерiнiң қосындысына тең

б) параллель қосылған тiзбек бөлiктерiндегi кернеулер бiрдей

в) тарамдалған тiзбектiң бөлiктерiндегi ток күштерi олардың кедергiлерiне керi пропорционал

  1. Ілгермелі қозғалыс динамикасы. Импульс түрінде жазылған Ньютонның іі заңы.

Динамика – механикалық қозғалысты, оны тудыратын себептерді ескере отырып зерттейт»н механиканың бөлімі.

Ньютон дененің ілгермелі қозғалысы динамикасының негізгі теңдеуін тұдырымдады: қозғалыстағы дененің үдеуі денеге түсірілген қорытқы күшке тура пропорционал және дененің массасына кері пропорционал, ал үдеудің бағыты қорытқы күш бағытымен бағыттас:

Импульс түрінде жазылған Ньютонның ІІ заңы: ; ( )

18 БИЛЕТ

2. Жартылай өткізгіштегі электр тогы

Жартылай өткiзгiштер деп кедергiсi кең көлемде өзгере алатын және температурасы жоғарылаған сайын кедергiсi тез азаятын заттарды айтады.

Таза (қоспасыз) жартылай өткiзгiш кристалындағы еркiн электрондардың және кемтiктердiң қозғалысынан болатын өткiзгiштiктi жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi дейдi.

Таза жартылай өткiзгiштiң электрөткiзгiштiгi тек қана кристалдағы коваленттiк байланыстар узiлген жағдайда ғана мүмкiн болады. Мысалы, қыздыру коваленттiк байланыстардың үзiлуiне келтiредi, сондықтан еркiн электрондар пайда болып, таза жартылай өткiзгiштiң меншiктi электрондық өткiзгiштiгi (n-типтi өткiзгiштiгi) болады.

Электрон кеткен жерде артық оң заряд пайда болады да, оң кемтiк құрылады.

Сыртқы электр өрiсiнде электрондар электр өрiсiнiң кернеулiгiнiң бағытына қарама қарсы жаққа ығысады. Оң кемтiктер электр өрiсiнiң кернеулiгiнiң бағытына қарай орын ауыстырады, яғни электр өрiсiнiң әсерiнен оң зарядтың қозғалатын жағына қарай орын ауыстырады. Кемтiктердiң реттi орын ауыстыруанан болатын таза жартылай өткiзгiштiң электрөткiзгiштiгiң меншiктi кемтiктiк өткiзгiштiгi (p-типтi өткiзгiштiгi) дейдi.

Жартылай өткiзгiштердiң кристалдық торларына қоспаларды (қоспалық центрлерiн) еңгiзуiнен болатын электрөткiзгiштi қоспалық өткiзгiштiк дейдi.

Қоспалар жартылай өткiзгiштер кристалдарына электрондарды қосымша жабдықтаушы болуы мүмкiн. Мысалы, жартылай өткiзгiштiң торында германийдiң төрт валенттiк электроны бар бiр атомы бес валенттiк электроны бар қоспаның (мышьяк, сүрме) атомымен ауыстырылсын. Қоспалық атомның төрт электроны көршi германий атомдарының электрондарымен коваленттiк байланыстар жасауға қатысады, ал бесiншi электрон коваленттiк байланыс жасауға қатыса алмайды. Ол “артық" болады, өз атомымен әлсiз байланыста болады, сондықтан одан оңай бөлiнiп кетедi де, еркiн атом бола алады. Электр өрiсiнiң әсерiнен жартылай өткiзгiштегi сондай электрондар реттелген қозғалысқа келедi, ал жартылай өткiзгiште электрондық қоспалық өткiзгiш пайда болады. Мұндай өткiзгiштiгi бар өткiзгiштер электрондық немесе n-типтiк жартылай өткiзгiштер дейдi.

Жартылай өткiзгiштегi төрт валенттiк электроны бар бiр атом үш валенттiк электроны бар қоспа атомымен (индий, алшюминий) алмасқанда, торда барлық коваленттiк байланыстар құрылуы үшiн бiр электрон жетiспейдi. Бiрақ, қоспалы атом тордағы ең жақын негiзгi атомның электронын алған жағдайда, ол барлық байланыстарды құра алады. Онда негiзгi атомнан кеткен электронның орнында оң кемтiк пайда болады, осы кемтiкке тордағы келесi көршiлес атомның электроны ырғып түсуi мумкiн және т.с.. Электрондардың оң кемтiктердi бiр iздi толтыруы жартылай өткiзгiштегi кемтiктердiң қозғалысына және онда ток тасымалдаушылардың пайда болуына тендес. Электр тогының әсерiнен кемтiк өрiс кернеулiгiмен бағыттас орын ауыстырады да, жартылай өткiзгiште кемтiктiк қоспалық өткiзгiштiк пайда болады. Осындай өткiзгiштiгi бар жартылай өткiзгiштедi қоспалық кемтiктiк немесе p-типтiк жартылай өткiзгiштер дейдi.

19 БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]