Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 БИЛЕТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
1.79 Mб
Скачать

1 БИЛЕТ

  1. Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары

Термодинамика – энергияның түрленуiне қатысты жалпы заңдарға негiзделген жылулық процесстер туралы ғылым. Бұл заңдар молекулалық құрылымдарына байланыссыз барлық денелер үшiн орындалады.

Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады.

Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзгi қағидалары:

  1. барлық денелер бөлшектерден – атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан – тұрады және массасы өзін түзетін микрбөлшектердің массаларының қосындысына тең: m=m0N

  2. бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады және бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтын оны жылулық қозғалыс д.а: ; k=1.38*10-23Дж/К

  3. бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi – тартылу және тебiлу күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық әсерлесуi өте аз.

Әртүрлi денелер молекуласының масса бiрлiгi ретiнде 12С көмiртегi изотобы атомының moc массасының 1/12 бөлiгi алынады. Ол атомдық масса бiрлiгi (а.м.б.) деп аталады және мынаған тең:

1 а.м.б.=1,66·10-27кг.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы МR деп заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы moc массасының 1/12 бөлiгiне қатынасын айтады:

Зат мөлшері – берілген денедегі малекулалар саны 12 г коміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін шама.

Массасы 0,012 кг 12С көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi 1 моль деп аталады. Бұл сан Авогадро тұрақтысы деп аталады және NA арқылы белгiленедi:

NA ≈ 6·1023 моль-1.

Заттың молярлық массасы М деп бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасын айтады. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең:

М = m0· NA кг/моль; М = 10-3 ·Мr кг/моль.

m = m0· N; ν = m / М

N = ν·NA = NAA ·m / M

  1. Э Бағыттаушы жүйе лектр тогы

катод

анодтар

тор

Вакуум деп газдың сиретiлуiнiң оның молекулаларының соқтығысуын ескермеуге және еркiн жолының орташа ұзындығы l-дiң газ тұрған ыдыстың өлшемi d-дан аса үлкен (l ≥ d) болатын деңгейiн айтады.

Вакуум күйдегi электродтар аралығындағы өткiзгiштiктi вакуумдегi электр тогы дейдi.

Термоэлектрондық эмиссия деп қыздырылған денелер бетiнен еркiн электрондардың шығу құбылысын айтады.

Термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғыны электронды-сәулелiк түтiкше дейдi.

Катод электрондар көзi болады. Электондар шоғын фокустеу үшiн басқарушы электродқа терiс потенциалдар жiберiледi. Осы электрод өрiсi электондар шоғын сығады. Үдеткiш анодтарға оң потенциалдар жiберiледi. Анод пен экранның арасында ауытқытушы екi пар пластиналарға кернеу берiледi. Пластинкалардағы кернеу шоқтың вертикаль және горизонталь ығысуын туғызады.

Электронды-сәулелiк тутiкшелер теледидардағы бейнелердi шығару және осци-ллографтағы кернеулер айнымалыларын зерттеу ушiн пайдаланылады.

2 БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]