Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 БИЛЕТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
1.79 Mб
Скачать
  1. Газ заңдары

Параметрлерiнiң бiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестердi изопроцестер деп атайды. Газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланысты (тәуелдiлiктi) газ заңдары деп атайды.

Температура тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изотермиялық процесс деп атайды. Бұл процесс Бойль - Мариотт заңмен жазылады:

1.1-сурет

PV = const; P1V1=P2V2

Газ температурасын тұрақты ұстау үшiн, оның температурасын өзгертпейтiндей етiп жылуалмасып тұратын жүйе – термостат қажет. Әйтпесе, газ сығылғанда немесе созылғанда оның температурасының өзгерiсi елеулi.Изотермиялық процестiң (P,V) жазықтығындағы графигi, мзотерма деп аталатын, гиперболаны бередi (1.1 - сурет).

1.2-сурет

Қысым тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изобаралық процесс (Гей-Люсссак) деп атайды. Егер ыдыста газ қысымы тұрақты болуы үшiн, оның қабырғалары жылжымалы (қозғалмалы) болуы керек. Изобаралық процестiң (V,Т) жазықтығындағы графигi, мзобара деп аталатын, түзу сызықты бередi (1.2 - сурет):

1.3-сурет

Көлем тұрақты болған кезде термодинамикалық жүйе күйiнiң өзгеру процесiн изохоралық процесс(Шарль) деп атайды. Егер газ герметикалық ыдыста болса, онда газ көлемi тұрақты болады. Изохоралық процестiң (P,T) жазықтығындағы графигi, мзохора деп аталатын, түзу сызықты бередi (1.3 - сурет).

12 БИЛЕТ

  1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы. Психометр. Гигромет. Ылғалдылықтың маңызы.

Жер атмосферасындағы су буының бар екендiгiн сипаттайтын шама ылғалдылық деп аталады.

Берiлген жағдайдағы 1м3 ауа құрамындағы су буларының массасы ауаның абсолюттiк ылғалдылығы f деп аталад. Әдетте оны CИ өлшем бiрлiк жүйесiнде емес г/м3 бiрлiгiмен өрнектейдi:

f = ρбу(г/м3)P(мм. сынап бағанасы бойынша).

Бұл жерде су буының қысымы деп оның үлестiк қысымын айтады, яғни атмосфераны құрайтын – азот, оттегi және т.б. компоненттерi жоқ , болғандығы су буының жасайтын қысымы.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ деп ауадағы су буының қысымы p-ның атмосфералық температурадағы судың қаныққан буының қысымы pk – ға қатынасына тең шаманы айтады.

φ = (p/pk)· 100 %

pk шамасының мәндерi белгiлi сәйкес кестелерден анықталады. Ауаның температурасы төмендеген сайын оның салыстырмалы ылғалдылығы артады, себебi неғұрлым ауаның температурасы төмен болса, соғұрлым су буы қанығуға жақындай түседi.

Салыстырмалы ылғалдықты өлшеу үшiн арнайы психрометр деп аталатын прибор қолданылады.

Салқындату барысында (процесiнде) бұрын қанықпаған бу қаныққан буға айналатын температура шық нүктесi деп аталады. Шық нүктесiне тең температурада атмосферадағы су буы конденсациялана бастайды. Тұман пайда болып, шық түседi, қатты дене беттерi терлей бастайды.

Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған аспаптардың көпшілігі – гигрометр(гигрос – грекше ылғалдылық) және психометр (психриа – «суық» деген грек сөзінен).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]