Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ff.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
207.36 Кб
Скачать

Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.

Социологиялық зерттеулерге кіретін процедуралар:

  • Техникалық-ұйымдастырушылық

  • Методологиялық

  • Әдістемелік

Социологиялық зерттеудің кезеңдері:

  • Аналитикалық зерттеу

  • Пилотаждық зерттеу

  • Баяндық зерттеу

Социологиялық зерттеудің түрлері:

  • Толықтырулар мен қорытындысын шығару

  • Дайындық

  • Бастапқы ақпаратты жинақтау

  • Ақпаратты қорытуға және ЭЕМ-да өңдеуге дайындау

  • Қорытылған ақпаратты талдау

    • Ғылыми қорытындысын дайындау

34.Эксперимент.

Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанында зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.

35.Іріктеу.

Негізгі талап-- іріктеп алынған жиынтық бас жалпы жиынтықтың құрылымының микромоделі болуы қажет

Іректеп алудың қазіргі кезеңде ғылымда қалыптасқан әдістері бар.

Таңдаудың ең негізгі әдістері:

    • механикалық таңдау әдісі. Басты жиынтықтан бірдей аралықтар арқылы қажетті респонденттер саны анықталады (мысалы, әрбір 10-ыншы);

    • сериялық таңдау әдісі. Басты жиынтық бірнегізді бөліктерге бөлінеді және әрбір бөліктен анықтауға қажетті бірліктер пропорционалды түрде алынады;

    • ұялық /кластерлық/ таңдау әдісі. Таңдап алынатын объектілер кішігірім бірліктер ұялары /кластерлер/, немесе топ.

    • квотты таңдау әдісі. Респонденттер таңдауы бірнеше көрсеткіштер негізінде өтеді.Бұл көрсеткіштер жалпылай жиынтықтың әлеуметтік-демографиялық және де с.с. статисткалық көрсеткіштерден құрастырылады.

36.Әлеуметтік құрылым ұғымы.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын оның анатомиялық скелеті десек те болады. Құрылым деп қоғамның ішкі құрылысын құрайтын функционалды бір-бірімен арақатынастағы элементтердің жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік құрылымның элементтері болып әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер саналады. Олардың сандары, реттері, бір- біріне тәуелділігі нақты қоғамның нақты құрылымына байланысты. 37.Әлеуметтік құрылым концепциялары.

Әлеуметтік құрылым туралы түрлі концепциялар бар. Негізінен оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі, Э.Дюркгеймнен бастау алатын әлеуметтік факт, яғни безен тыс, тәуелсіз болмыс. Сондықтан, әлеуметтік құрылым біздің іс-әрекетімізді шектеп, олардың белгілі бағытта жүруіне мәжбүрлейді. Қарым-қатынастар теориясы бойынша қоғам мен әлеуметтік қатынастарда ешқандай тұрақтылық жоқ. Ол индивидтардың қарым-қатынасы негізінде минут сайын туып тұратын динамикалық процесс. Оның сыртында, онан басқа ешқандай құрылым жоқ. Осы екі бір-біріне қарсы концепцияларды ағылшын социологы Э.Гидденс біріктіріп қарастырды. Оның тұжырымынша іс-әрекет құрылымсыз болуы мүмкін емес. Құрылымдар адамдардың іс-әрекеттері арқылы ғана болуы мүмкін, яғни құрылымдар тек іс-әрекеттер арқылы ғана өмір сүреді.

Маркстік, кейінен маркстік-лениндік құрылым концепциясы бойынша социализмде «екі жарым таптар» концепциясы қалыптасты. Екі жарым дейтін себебі социализмнің әлеуметтік құрылымын екі тап-жұмысшы мен колхозшы және тап болып есетелмейтін интеллегенция құрайды. Жетекші рөлді жұмысшы табы атқарады. Мақсат коммунизм құрылғанда таптардың барлығы да жойылып тапсыз қоғам құру. Бұл концепция іс жүзінде тек қиял екені анықталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]