Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ff.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
207.36 Кб
Скачать

1О.Т.Парсонстың негізгі ұстанымдары.

Т.Парсонс /1902-1979/ ХХ ғасырдың екінші жартысының көрнекті социологтарының бірі. Ол функционалистік көзқарасты мейілінше толықтай жасап шықты. Ол әлеуметтік тәртіп мәселесін ең бір өзекті мәселе деп қарастырып, соны қоғамда қалай қалыптастырудың жолдары мен тәсілдерін анықтауға үлкен үлес қосты. Ол өз тұжырымын коммерциялық іс-әрекеттің тәжірибесін талдай отырып дәлелдуге тырысады. Бизнесмендер өз арақатынастарында тек заңға сүйеніп қана іс-әрекет жасамайды, негізгі жаупкершілік моральдық нормаларды бұлжытпай орындау керек деген құндылықарда жатады дейді ол. Егерде осындай жалпы барлық бизнесмендер мойындайтын құндылықтар болмаса, онда ешқандай бизнестің басқа өндіріс салаларында бәсеклікте жеңіп шыға алмас еді деген тұжырым жасайды. Сондықтан да экономика саласындағы тәртіп ортақ моральдік құндылықтарға негізделеді. Парсонс қоғамды біртұтас жүйе ретінде қарастырып,ондағы төрт фунционалдық талапты анықтап көрсетеді. Олар 1.Бейімделу. 2.Мақсатқажету. 3.Интеграция. 4.Үлгіні сақтап қалу.

11.А.Шюцтің социологиялық ұстанымдары.

Социологиядағы феноменология бағытының негізін қалаушы австриялық А.Шюц (1899-1959). Оның ойынша адамдардың әлеумет әлемін тануы, оған мән беруі жеке адамға тән қасиет емес. Ол қоғамның барлық мүшесі қабылдаған, балаларға тіл үйрену, кітап оқу, басқа адамдармен сөйлесу арқылы берілетін «типизация», яғни заттар, құбылыстар табын белгілейтін ұғымдар. Олар арқылы адамдар бір бірін түсініп отырады.

12.Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі.

Джордж Каспар Хоманс /1910-1989/ ,амрикандық социолог, Гарвард университетінің профессоры. Ол алмасу теориясын өмірге әкелген ғалым. Хоманс әлеуметтік құрылым ұғымынан бас тартып, оның орнына алмасудың субмәдениеті ұғымын енгізді. Әлеуметтік іс-әрекетті материалды және материалдыемес құндылықтардың алмасуы ретінде қарастырды. Алмасудың дәрежесі мен сапасы әлеуметтік қатынастардың тұрақтылығына әсер етеді. Алмасу үдерісіне қатысушылардың әр қайсысы болмасын пайдаларын өсіріп, керісінше шығындарын азайтуға тырысады.

13.Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі.

Энтони Гидденс /1938/ қазіргі заманның көрнекті британ социологы. Ол социологияда қалыптасқан құрылым мен іс-әрекет деп бөлінетін біржақты дәстүрді үйлестірмек болды. Оның тұжырымынша құрылым іс-әрекетсіз, іс-әрекет құрылымсыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік іс-әрекет құрылымдарды тудырады және де оларды жаңадан өндіріп отырады. Ол осы мәселені теориялық деңгейде шешу үшін «структурация» ұғымын ойлап тапты. Оның тұжырымынша құрылым әлеуметтік іс-әрекеттің іске араласуын қамтамасыз етеді, ал әлеуметтік іс-әрекет болса осы құрылымды тудырады. Осыған дәлел ретінде ол мысал ретінде тілді алады. Тіл-бұл әлуметтік құрылым, ол жеке индивиттерге тәуелді емес секілді көрінеді және оған негіз де бар. Өйткені жеке индивидтер өмірге келген кезде олар міндетті түрде қалыптасқан ережеге байланысты сөйлеп, жазып отырады. Бірақта өмірдің талабына сай тіл де өзгеріске ұшырайды. Ескі сөздер ұмытылып жаңа сөздер өмірге келеді. Ал оларды өмірге алып келген адамдар, яғни басында олар тілдің ережесіне бағынса, енді олар тілді тәуелді жағдай дәрежесіне түсіреді.

Гидденстің пайымдауынша адамдар туғанынан әлеуметтік өмірдің тұрақтылығын қалайды. Оларда табиғат пен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына деген тұтыным туғанан қалыптасқан. Бұл мүмкін тәннің өз физиологиялық қасиеттерін қорғап қалу үшін қалыптасқан жағдай шығар. Сонымен қатар адамдардың арасынан қоғамдағы қалыптасқан жағдайға келіспейтіндері де кездеседі. Олар көп ойланады, өз іс-әрекеттерінің қойған мақсаттарына жеттіме, жоқ жете алмады ма соны қарастырады. Егер де қол жеткізбесе, онда олар өздерінің іс-әрекеттерін өзгертеді. Ал ол дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан қарым-қатынастарды өзгетрту. Гидденстің тұжырымынша адамдардың қоғамдағы жүріс-тұрыстары билік қатынастарына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]