Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ff.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
207.36 Кб
Скачать

I, II-аралық бақылау сұрақтары

1.Социология дегеніміз қандай ғылым.

«Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше « білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз. Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы, тұлға мен қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік институттар арасындағы процестер.

2.Социологиялық ұғымдарлың ерекшеліктері.

Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар. Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бейімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социология ұғымы сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.

Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғарықұдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді.

Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.

Сонымен қатар социологияның салалық бөлінүіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.

Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.

Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму да, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.

3.Социологиялық парадигмалардың сипаттамалары.

жаңалықтар мен өзгешеліктерді, оның социологияға тигізер әсерін зерттейді.

Басқа ғылымдар секілді социологияның да өзіне тән ұғымдары, категориялары, парадигмалары бар. Оларсыз ғылым өз дербестігіне ие бола алмайды.Қоғамдық ғылымдар арасында тек социология ғана нақты, яғни реалды қоғамды жан-жақты және біртұтас тұрғыдан қарастырып,зерттейді. Ол адамдардың іс-әрекеттерінің барлық түрлерін әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, зерттеп, түсіндіруге тырысады.

Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың, есімімен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]