Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать
  1. 44. Құқық бұзушылық түсінігі, негізгі белгілері, құрамы.

Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы әрекеттер (әрекеттіліктер немесе әрекетсіздіктер).

Адамдардың қандай да әрекеттері (әрекеттіліктері немесе әрекетсіздіктері) қоғамға қауіп тудырған немесе туындататын болса ондай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық деп бағаланады.

Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары):

а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі - заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиянды зардап келтіретін әрккет не әрекетсіздік. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәнін ашатын белгісі.

б) кұқыққа қайшы келушілік - әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, әрі оны бекітеді де;

в) кінәлілік - басқаша айтқанда - құқық бұзушылыққа бару кінәнің белгілі бір нысанында жасалуы тиіс. Жазықсыз зиян келтіруші жауаптылыққа тартылдмайды.

г) әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық - тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайда болады;

д) жазаланушылық - мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.

Құқық бұзушылықтар әлеуметтік қауіптілігіне байланысты және зиян келтіру дәрежелеріне қарай қылмыстар(жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты, қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік) және теріс қылықтар (әлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен дәрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар) деп жіктеледі.

Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы:

1. Құқық бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы) әрекет жасаған адам. Мұндай субъект ретінде деликт қабілеттілігі бар адам және заңды тұлға танылады.

2. Құқық бұзушылықтың объектісі - қандай затқа құқық бұзушылық бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады. Мұндағы тектік объекті - қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект - өмір, ар-намыс, денсаулық, т.б.

3. Объективтік жағы - құқыққа қайшы (қарсы) әрекеттің (әрекетсіздіктің) сыртқы көрінісі.

Объективтік жақтың элементтеріне сол әрекеттің (әрекетсіздіктің) өзі, одан туындаған зиянды нәтиже және осы әрекетсіздіктен пайда болған зиянды нәтижесінің себеп-салдарлық байланысы жатады.

4. Субъективтік жағы - бұған өзінің жасаған әрекетіне және оның салдарына сол тұлғаның субъективтік қатынасын (қарауын) сипаттайтын үлгілердің (нышандардың) жиынтығы жатады. Мұнда басты категориялары болып – кінә, себеп және мақсаттар көрінеді.

45. Құқық бұзушылық түрлері, себептері және оларды болдырмау жолдары.Құқық бұзушылықтар әлеуметтік қауіптілігіне байланысты және зиян келтіру дәрежелеріне қарай қылмыстар және теріс қылықтар деп жіктеледі.

  • Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дәрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Олар қоғамның ең маңызды, едәуір мәнді мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай ең маңызды, едәуір мәнді мүдделерге нұқсан келтірулер мен қол сұғулардан қылмыстық заңдар қорғайды. Жасалған қылмыстар үшін заң аса қатал жазалау шараларын белгілейді,

Формалды түрде қылмыстың барлық белгілері бар болса да қайсы бір қылмыстар қылмыс болып саналмайды. Олай болатын себебі кейбір жағдайларда әлгі қылмыстардың коғамдық қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз болып келеді.

  • Теріс құқықтар - әлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен дәрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар.

Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі-түрлі болып келеді жөне де олар қоғам болмысының әр түрлі салаларында болып жатады.

Теріс қылықтардың жіктелуі:

1. Мүліктік және кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы құқық нормаларын бұзу азаматтық құқық бұзушылықтар деп аталады;

2. Заң белгілеген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару-орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіруін әкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады;

3. Еңбек қатынастары аясындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың ішкі еңбек ұйымдастыру тәртібіне нұқсан келтіруін тәртіптік құқық бұзушылықтар деп аталады;

4. Заң арқылы белгіленген рәсімдерді әділсоттың жүзеге асыруына (куәлардың сотқа келмей қалуы) нұқсан келтіруін жүргізу қатынастарындағы құқық бұзушылықтар деп аталады.

Себептері: кедейшілік, жоқшылық, мәдениеттің төмендеп кетуі, адамгершіліктен азғындау, маскүнемдіктің етек алуы, порнографиялық кері ықпал. ҚҚО-рының жұмыстарының тиімді жүргізілмеуі т.б.

46. Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері. Құқық жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықты жүзеге асыру- құқық номаларының қоғамдық қатынастарды реттеуін көрсетеді. Құқықты жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар.

Түрлері: 1) Құқықты сақтау. Құқықты сақтау тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілдің мәні — тыйым салынған әрекетті жасаудан бой тарту; 2) Құқықты орындау. Құқықты орындаудың мәні — жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау. Мысалы, баланы тәрбиелеу үшін ата-анасы үнемі, жүйелі түрде қызмет істеп, оны оқытуы, әдепке баулуы қажет; 3) Құқықты пайдалану- субъектінің еркіне, қажеттігіне, мүддесіне байланысты құқықты жүзеге асырудың белсенді түрі. Тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі. Егер оларды пайдаланғысы келсе, белсенді немесе енжар әрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады.

Құқықтарды пайдаланудың барысында субъектілер өздерінің заңдарда көрсетілетін құқықтарын жүзеге асырады. Конституцияда адам мен азасматтардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

4) Құқықты қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Демек, құқықтық норманы мемлекет органдары қолданады. Есте болатын жәйт: тек қана ресми баспаларда басылып шыққан, яғни, жарияланған нормативті актіні қолдануға болады. Қолдану екі жолмен жүзеге асырылады: 1) билік жүргізетін қызмет арқылы. Мысалы, милиционердің қылмыскерді ұстауы; 2) нақтылы істі шешу арқылы.

Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі Мұның нәтижесінде дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады (жасалады).

Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге асырады: а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу; б) құқықты бұзылудан сақтау және оны қорғау.