Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

47. Құқық қолдану сатылары, түрлері, құқық қолдануға қойылатын талаптар.

Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:

1) Істің нақтылы мән-жайларын анықтау; Бірінші сатыда заңды айғақтар және заңды құрам анықталуы тиіс. Олар – басты айғақ немесе басты айғақты анықтайтындар. Осы айғақтар заң бойынша істі тиісті түрде, заңды жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде анықталынатын мән-жайлардың көлемі заңда арнайы көрсетіліп белгіленеді. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша сотта қылмыстық істі қарағанда мына жағдайлар дәлелденуі қажет: а) қылмыс оқиғасы (уақыты, орны, жасалу әдістері); ә) айыпкердің кінәсі; қылмыстың себебі; б) айыпкердің жауапкершілігіне әсер ететін мән-жайлар; в) қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері; г) қылмысты жасауға түрткі болған мән-жайлар.

2) істің заңдық негізін анықтау; Екінші сатыда істің заңды негізі анықталуы тиіс: қолдануға қажетті құқықтық норманы табу; оның мәтінінің дұрыстығын анықтау-тексеру; норманың түпнұсқасы екендігін айқындау; оның кеңістіктегі, мерзімдегі (уақыттағы) күшін және субъектілерге қатыстылығын анықтау; норманың мазмұнын айқындау. Осы айтылған әрекеттердің барлығы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту үшін қызмет істейді.

3) құқықтық норманы қолдану арқылы шешім кабылдау.болмауы мүмкін.

Құкықты қолданудың үшінші сатысы — қаралған іс бойынша құқық қолдану актісін қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен қарау жөн. Осы актілер заңға негізделініп, заң бойынша жасалуы қажет. Құқық қолданатын акт — құзыолы органның нақты заңдық іс бойынша қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Бұл акт құқық нормалары негізінде қабылданады, заңдық күшке ие болады және құқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады.

Құқықты қолдану актілерінің түрлері: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың актілері; ҚР Президентінің актілері;Басқару органдарының актілері;әділ сот органдарының актілері;прокуратура органдарының актілері; алқалы және жеке тұлғаның актілері; орындау (атқару) актілері; құқық қорғау актілері т.б.

4) Шешімді жүзеге асыру.

Құқық қолдануға қойылатын талаптар:

1. Құқық қолдануды арнайы өкілеттікке ие мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың ғана жүзеге асыруы;

Азаматтар құқықты қолдану субъектілері болып табылмайды, өйткені мемлекет оларға бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.

2. Құқықты қолдануды нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылуы;

3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген іс жүргізу заңдары бойынша атқарылады, яғни құқық қолдану барысында тек заңға бағыну;

4. тек қана ресми баспаларда ғана басылып шыққан, яғни жарияланған нормативтік актіні қолдануға болады т.б.

48.Нормативтік құқықтық актілер және құқық қолдану актілері. Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті ресми құжат.

Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.

  • Заң - ең жоғарғы заң шығарушы органмен қабылданған, ең жоғарғы заңдық күші бар, қоғамдағы ең маңызды қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық акт. Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды орындау мақсатында қабылданады.

Заңға негізделген актілерге жататындар:

- Президенттің жарлықтары;

  • Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;

  • Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;

  • жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;

  • локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.

Құқықтық норманы қолдану арқылы шешім кабылдау - құкықты қолданудың үшінші сатысы — қаралған іс бойынша құқық қолдану актісін қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен қарау жөн. Осы актілер заңға негізделініп, заң бойынша жасалуы қажет. Құқық қолданатын акт — құзырлы органның нақты заңдық іс бойынша қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Бұл акт құқық нормалары негізінде қабылданады, заңдық күшке ие болады және құқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады.

Құқықты қолдану актілерінің түрлері: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың актілері; ҚР Президентінің актілері;Басқару органдарының актілері;әділ сот органдарының актілері;прокуратура органдарының актілері; алқалы және жеке тұлғаның актілері; орындау (атқару) актілері; құқық қорғау актілері т.б.

Н.қ. актілер мен құқық қолдану актілерінің өзара қатынасын (байланысын) мынадан көруге болады: құқықтық нормалар-----н.қ. актілер----заңи фактілер----құқықтық қатынастар----құқық қолдану актісі-----құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;