Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 5 / 77728 / ekonomika_2_rgr.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
427.51 Кб
Скачать

2.1. Бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздар-ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік — нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары және с.с. жатады.Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зейнетақы қорларыныц облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорын, ұйьмдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құкық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші-занды немесе жеке тұлғалар- оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің Орталык банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңгы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы кағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп- сатып алу-сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгеру әрекетерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлға болуы мүмкін):біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде; үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда. Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін аддьң-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құраддарында жариялау міндетті. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-кұқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында: • шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы; • акция сатуды бастау және аяқтау күндері; • бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны; • бағалы кағаздарды сату түрі (қолма-қол ақшаға немесе қолма-кол ақшасыз есеп арқылы сату); • кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу; • эмитенттің адресі мен телефоны бар. Қорыта айтқанда, эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуына, сайып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі. Эмитент пен инвестиция институттары, яғни акцияларды алғашқы иемденушілерге сатушылар акцияның бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардьщ бағасы бірдей болуы шарт. Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет. Қаржы нарығы-мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп және үнемі қозғалыста болады. Жаллы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: Біріншіден, айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және т.с.с.) жатады. Екіншіден, несие капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік несие нарығы. Коммерциялық банктер қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен береді. Үшіншіден, бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90-шы жылдардың басында ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Айта кету керек, нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі-қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда. Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады. Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар-бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, оңда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді. Жалған капитал-нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өңдірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, несие капиталдары). Бағалы кағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың кұндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы кағаздар «қордың инструменті немесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазiргi таңда Қазақстанның ақша-несие аясы өзiнiң даму кезегiнде басқа уақыттарда сияқты оңай емес кездердi кешiп отыр. Өзiнiң даму сатысында Қазақстан Республикасының Орталық Банкi жоғарыда атап кеткен ақша-несие реттеудiң барлық құралдарын қолданады. Және де мұнда ең жақсысы Орталық Банктiң қолданатын негiзгi әдiстерi экономикалық болып табылуы. Ұлттық Банк Ұлттық валютаны енгiзген уақыттан әсiресе соңғы 3-4 жылда, тұрақты, экономикалық жағдайға сай ақша-несие саясатын жүргiздi. Сонымен қатар Ұлттық Банк өзiне жүктелетiн ақша-несие саясатының классикалық функцияларды орындап дүниежүзiндi қолданатын ақша-несие саясатының құралдарын жүзеге асырады. Ақша-несие саясаты мемлекеттiң экономикалық шаруашылығының дамуында беделдi сипатқа ие. Жаңа жағдайлардағы ақша-несие саясаты елдегi қаржылық аясының ядросы болып табылатын банктiк жүйенi тұрақтандыруды мақсат етедi және экономиканың негiзi көздерiн дамытуға қажеттi шараларды жүргiзедi. Бірақ қазіргі таңда біз ҚР ақша-несие саясаты жақсы дамып жатыр дей алмаймыз. Өйткені ақша-несие саясатын жүргізетін ұзақ мерзімді саясат жоқ, сонымен қатар ақша- несие саясатын жүзеге асыратын ең басты орган ҚР Ұлттық банкі қазіргі кезде бұл саясатқа шын мәнінде дұрыс көңіл бөлмейді. Бірақ жақын арада Ұлттық Банк жақын араларда келесi бағыттарда өз жұмысын күшейтуге тырысады: • банктiк жүйеге деген сенiмдiлiк деңгейiн күшейту; • депозиттердi ұжымдық сақтандыруы жүйесiнiң қалыптасуына бастау беру; • банктердi қадағалау жұмыстарын жүргiзу және бәсеңдету; •Үкiметпен бiрге банктiк қызметтiң спецификасын дәл меңгеретiн салықтық заңнаманы дамыту және бәсеңдету; • банктердiң арнайы аяларды несиелендiру жұмыстарын қолдау; Осы құралдар арқасында біздің еліміздегі ақша-несие саясаты дұрысталып, жақсаратынына сенімдімін.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Тілеужанова М.А. «Макроэкономика» оқу құралы. Алматы: Экономика,2008 ж. 2. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» оқу құралы. Москва: Дело и сервис, 2004 ж. 3. Бункина М.К., Семенова В.А. «Макроэкономика» оқу құралы. Москва: ДИС,1997 ж. 4. Гальперин В.М. «Макроэкономика» оқу құралы. Санк-Петербург: ГУЭФ, 1997 ж. 5. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банк» оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008 ж. 6. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы» оқу құралы. Алматы: Экономика, 1999 ж. 7. Зиябеков Б. «Несие қаржы рыногы қарама-қайшылыққа толы». Айқынапта № 92 (788), 24.05.2007 ж. 8. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті, 2000ж. 9. Сатиева К. «Ұлттық банк ақша-несие саясатын түземейінше, инфляция құрықталмайды». Айқын 8.06.2007 ж. 10. Исаев І. «Инфляцияға тек Ұлттық банк кінәлі емес, әйтсе де оның ақша ұсынысын реттеудегі рөлі әлсіреп барады». Айқынапта №107 (803), 14.06.2007 ж. 11. Шаяхметова К.О., Тлеубай Н. «Несиелік бақылау». Вестник КазНУ, серия экономическая №2 (48) 2005ж. 12. Бралина А.Г. «Коммерциялық банктердегі проблемалық несиелерді басқару». Вестник КазНУ, серия экономическая №2 (48) 2005ж. 13. Статистический ежегодник 2007 ж.

Соседние файлы в папке 77728