2.Ақша-несие саясатын жүргізу құралдары
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Ұлттық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі бағалы қағаздарды алып-сатумен де айналысады. Ұлттық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды,коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Ұлттық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Ұлттық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді. [1; 278б] Ұлттық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ұлттық банк тарапынан тежеуші монетарлық саясатты жүзеге асыру барысында ақша ұсынысын азайту шаралары пайдаланылады. Ол шаралар: -міндетті резервтер нормасын өсіру; -есептелген пайыз мөлшерлемесін өсіру; -Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы. Қазақстан Ұлттық банкінің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республкамыздағы ақша жиыныың шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді. Ұлттық банкінің маңызды қызметі- банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «ҚР Ұлттық банк туралы» және «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар. Ұлттық банк- коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші» деп атайды. Олар- коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине, бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздармен, немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. [10; 62б]
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудын басқа да мәселелері «ҚР Ұлттық банк туралы» заңы және «ҚР Ұлттық банк туралы ережесі негізінде анықталады.Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады онын құрамына-Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен Президенттін бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді: • Мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды; • Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді; • Ұлттық банкінің банктермен және ҚР бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді; • ҚР валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді; • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді; • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді. Қазақстан Ұлттық банкінің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. Коммерциялық банктер Ұлттық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды. Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады. Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемі мен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады. Банктер артық резервтерді сақтайды-бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларға пайдаланылады. Несиелеу және қаржыландыру операцияларын соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттырда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
