Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 5 / 77728 / ekonomika_2_rgr.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
427.51 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы энергетика және байланыс университеті

Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасы

2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пәні: Әлеуметтік – экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі

Тақырыбы: Қазақстан ұлттық банкінің ақша-несие саясаты

Орындаған: ТЭк –16 - 2 тобының студенті: Қуан Н.Т.

Тексерген: доц. Нұрпейіс.Е.М

Алматы, 2017

Жоспар

Кіріспе...............................................................................................................3

1.Қазақстан ұлттық банкінің ақша-несие саясаты.......................................4

1.1 Ақша-несие саясатының құралдары..............................................5

2. Ақша-несие саясатын жүргізу құралдары.................................................6

2.1 Бағалы қағаздар нарығы..................................................................8

Қорытынды......................................................................................................12

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................13

Кіріспе

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясаты елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолмақолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Осы семестрлік жұмыста Қазақстан ұлттық банкінің ақша-несие саясаты мен ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын қарастырамыз.

1.Қазақстан ұлттық банкінің ақша-несие саясаты

Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуте,жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.Ақша-несие саясатының екі түрі бар: ынталандырушы және тежеуші. Ынталандырушы монетарлық саясат экономиканың «төмендеу» кезінде, жұмыссыздықпен күресу және еңбек белсенділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.Ынталандырушы саясат Ұлттық банк тарапынан ақша ұсынысын өсіру шаралары арқылы жүзеге асырылады: Ол шаралар: • міндетті резервтер нормасын төмендету; • есептелген пайыз мөлшерлемесін төмендету; • Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы. Тежеуші монетарлық саясат экономиканың «өрлеу» кезінде инфляцияны төмендету және еңбек белсенділігін азайту мақсатында жүргізіледі. Ұлттық банк тарапынан тежеуші монетарлық саясатты жүзеге асыру барысында ақша ұсынысын азайту шаралары пайдаланылады. Ол шаралар: • міндетті резервтер нормасын өсіру; • есептелген пайыз мөлшерлемесін өсіру; • Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы. Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады: 1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты; 2. экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты-инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат: а) экономиканың өсуі; ә) толық жұмысбастылық; б) бағаны тұрақтандыру; в) төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: а) ақша жиыны; ә) пайыз мөлшерлемесі; б) айырбас курсы. Құралдары: а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу; ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі; б) есептеу молшерлемесінің өзгерісі; в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада, әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңіңде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі: • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; • ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу; • банктерге және үкіметке несие беру; • валюталық нарықтағы басқыншылық; • кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

Соседние файлы в папке 77728