1.1. Ақша-несие саясатының құралдары
Пайздық саясат ақша-несие саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайлырана және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатынортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлтық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданылады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде қстап тұру мүдделігін ескереді. Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты- теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өнім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек. Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздықт нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалық қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлеумен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді.Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болады. Бұл мемелекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынща төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қол-данады.Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР Коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасьгн төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді. Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйьшуына тосқауыл болатындығын көрсетеді. Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты резервтік талаптардың мөлшерін азатып қана қоймай, сонымен қатар, резервтердің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болады. Яғни, экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспенденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек. Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер жіне тартылған депозитер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемемсі арасындағы айырманы азайту қажеттілігі туындайды. Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады. Несиелік операциялар. Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жыЛдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Орталық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер.Директивті несиелер айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі және Эеономика министрлігінің рұқсаты арқылы несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді.Сөйтіп, банк жүйесі апқылы төлем қабілеті жоқ кәсіопорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты. Төлемсіздікті шаруашылық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражатарын жоғалтуға әсер ететін факторды- бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншңсңнде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталады. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эмиссиясының ықтималдылығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп, үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады. Ақша нарығындағы операциялар. Ақша нарығындағы операциялар-Орталық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді. Мұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуг болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банктердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай: Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл, қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан бегілі бір соманы есептеп шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді- бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарылату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталы банкпен алдын-ала дарланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталаныру үшін және сонымен олардың несиелік қабілетерін төмендетуүшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді. Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді. Орталық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады. Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не керісінше рөл атқарады.Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді. Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімдлікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпыақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шеел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау жән теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ, кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таа несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмисиялау есебінен жүзегем асты. Осы кезеңдерде валюта бағамның саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықты жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетеді.
