Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / Алматы Энергетика және Байланыс Университеті (2).docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
40.22 Кб
Скачать

Қорытынды

Йога - әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жетілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога - терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (pudgala) жеке элементтерден тұратын рухани бөлік пен атомдардан тұратын физикалық құрылымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгерте алады. Бұл элементтер - бағалык сараптау жасай білу қабілеті және ойларьімызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Samadhi немесе уоga деген осы.

Қорыта айтсақ, ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда. Ертедегі үнді философиясы үшін адамның “өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен” көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынумен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды.

Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана мәдениеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдениет ұзтаздың бет-бейнесін толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Философия оқулық; Алматы, “Қаржы-Қаражат”, 2002.

  2. Философия; Тұрғынбаева, Алматы. “Білім”, 2001

  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі. Алматы, 2008 ж, “Дайк-Пресс”.

  4. Философия тарихы. Бейсенов Қ.Ш. Шымкент, 2005.

  5. Ежелгі шығыс философиясы. Әлемдік философиялық мұра. 1-том, “Жазушы”. Алматы, 2005.

  6. Қазіргі Шығыс философиясы. Әлемдік философиялық мұра. 18-том, “Жазушы”. Алматы, 2008.

  7. Дінтану. А.И.Артемьев; Философиясы және діндер тарихы. Алматы. “Бастау”, 2008.

17