Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Философия / ФИЛОСОФИЯ / 6n0201-201cfilosofiya201d-mamandy493y-boiynsha-magistratura493a-t4afsu-emtihan-ba493darlamasy

.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
38.91 Кб
Скачать

6N0201 - ФИЛОСОФИЯ мамандығы бойынша магистратураға түсу

емтихан бағдарламасы

Философияның мифологиямен, өнермен, дінмен, ғылыммен қатынасы. Миф пен дін дүниетанымның тарихи типі. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны. Философия және ғылым. Философия функциялары. Софистика, эклектика, метафизика. Диалектика және оның альтернативтері. Философия тарихы. ”Тарихтың соңы” мәселесі. Философия компаративистикасы: ”Шығыс-Батыс” мәселесі және мәдениеттер сұхбаты. Шығыстық дүниетанымның батыстан айырмашылығы. Философия тарихының кезеңдену критерийлері.

Ежелгі Шығыстық философиялық жүйесі. Индуизмнің діни-философиялық жүйесі. Адамды тануда ведалар, веданта, неоведанта, олардың мағынасы және келмейтін мағынасы. Ежелгі Үндістанның ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық бағыттары. Буддизмнің философиялық негізі. Дзен-буддизм және адамның рухани жетілу процесі.

Ежелгі Қытай философиялық бағыттары. Дао символының философиялық мағынасы. Даосизм және конфуцийшілдік: салыстырмалы талдау. Даосизмдегі у-вей принципі. Конфуцийшілдіктегі “алтын орта” және ”есімдерді өзгерту” принциптері.

Ежелгі грек философиясы және оның ерекшеліктері. Натурфилософиядағы дүниенің қалыптасу мәселесі. Сократтың этикалық идеалдары және грек ағартушыларының релятивизмі. Платон философиясындағы идеялар әлемі мен заттар әлемі. Платон философиясындағы қоғамдық құрылыстың саяси-әлеуметтік идеалы. Аристотель ежелгі грек философиясын жүйелендіруші. Аристотель философиясындағы таным мәселесі. Кинизм философиясы және Антика философиясының соңы. Эпикуреизм, стоицизм, скептицизм.

Орта ғасыр философиясының теоцентристік сипаты. Патристика және Августин Блаженный. Схоластикадағы ақыл-ой мен сенімнің өзара қатынасы мәселесі. Реализм және номинализм. Фома Аквинскийдің сенім мен ақыл-ой,философия мен теологиясы туралы жаңа түсінігі.

Орта ғасырдағы араб-мұсылман философиясы. Әл-Фараби философиясындағы ақыл-ой және бақыт туралы ілімдері. Суфизмдегі “Құдай-адам-әлем”мәселесі.

Қайта өрлеу дәуір философиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі натурфилософия. Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның гуманистік сипаты.

Жаңа заман философиясының ерекшеліктері. Ф.Бэкон және Р.Декарт философиясындағы ғылыми таным әдістері мәселесі. Француз ағартушылығының әлеуметтік философиясы.

Неміс трансцендентальді-идеалистік философиясы: негізгі идеялары мен өкілдері. Категориялық императив және парыз этикасы адамзат еркіндігінің шарты ретінде (И.Кант). Гегельдік болмыстың диалектикалық концепциясы. Л.Фейербахтың антропологиялвқ материализмі.

Қазақ философиясының ерекшеліктері. Дәстүрлі дүние таным мен номадтық мәдениет ерекшеліктері және олардың протофилософиялық білімдегі бейнесі. Дәстүрлі көзқарастар мен наным-сенімдердің философилық түсінігі (Тәңірі, Жер-су, Ұмай ана және т.б.). Жырау шығармаларындағы философиялық аспектілер. Асан-қайғы шығармашылығындағы экзистенциалды белгілер. Ж.Баласағұнның “Құтты білігі”. Қазақ философиясының қалыптасуындағы суфийлік дәстүр және оның ролі. 19-ғасырдағы классикалық қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин). Абайдың “Қара сөзіндегі” дін философиясы. Құдай, адам және таңдау еркіндігі мәселелері. Ш.Құдайбердіұлының философиялық шығармашылығы. Абай мен Шәкәрім: Құдай және ақыл-ой.

20-ғасырдағы қазақ философиясы. Қазақстандық мектептердің диалектикалық логикадағы жетістіктері. Орыс философиясының ерекшеліктері мен негізгі бағыттары. Орыс халқының славяндық пен батыстық жол іздеу. В.Соловьевтің біріктіру философиясы. Орыс космизмі. Орыс философиясындағы еуразияшылдық идеясы (Н.Федоров, Н.Трубецкой, Л.Гумилев). Азия мен Еуропа мәдениет сұхбаты контекстіндегі еуразияшылдық философия.

19-ғасырдың аяғындағы ”философиядағы төңкеріс” және классикалық емес философияның қалыптасуы. Ф.Ницше философиясындағы жоғрғы адам концепциясы және оның 20-ғасырдағы тағдыры. Психоанализ және оның философиялық контексттері. Классикалық және жаңа психоанализ. Психоанализ және мәдениет.

Талдау философиясының негізгі идеялары. Франкфурт мектебінің философиясы: негізгі идеялары мен өкілдері. Позитивизмде философияны ғылыми талдау. Прагматизм американдық философияның негізі принципі ретінде (Ч.Пирс, У.Джеймс, Д.Дьюи).

М.Хайдеггердің фундаментальді антологисы. 20-ғасыр философиясындағы тіл мәселесі. Л.Витгенштейннің тілдік ойыны. Экзистенциализмдегі адам,оның еркіндігі мәселесі. Х.Гадамердің герменевтикалық жобасы және оның қазіргі кездегі өзектілігі. 20-ғасырдағы философия ағымдарындаға Еуропа мәдениетінің құлдырау мәселесі.

Пост жаңашылдық кезеңдегі философиялық жағдайы. М.Фуконың білім-билік эписистемасы. Дискурсивті тәжірибе. Пост жаңашылдық философиясы: негізгі өкілдері, олардың идеялары мен категориялары.

Онтология:негізгі ұғымдары мен принциптері. Философиядағы болмыс мәселесі. Дүниені философиялық тану. Материя және субстанция мәселесі.

Гносеология:жалпы мәселелері. Таным ерекшелігі мен құрылымы. Философия тарихындағы таным мәселесі. Білімнің құрылымы, құрамы, динамикасы. Ақиқат философияның және гносеологияның орталық категориясы. Ақиқаттың философиялық концепциялары. Ғылым ұғымы. Ғылымның субъектісі, тілі, құрылымы. Әдіс ақиқатты ұғынудың әмбебеп тәжірибесі ретінде. Философиялық зерттеу әдістері. Диалектика заңдары мен категорилары.

Сана философия мәселесі. Идеалдылық мәселесі. Қоғам философиялық талдау пәні ретінде. Қоғамды тану ерекшеліктері. Билікті қазіргі кездегі зерттеу: қарама-қайшылықтары мен дамудағы жетістіктері (Ортега-и-Гассет, Канетти, М.Фуко, Э.Фромм). Тарих философиясы. Тарихи процесс бағыттылығы мен мазмұны. Қоғамның рухани өмірі. Қоғам өмірінің саяси сферасы. Өткен және қазіргі утопия және антиутопия.

Тарихи философиядағы адам мәселесі. Философиялық талдаудағы жатсыну: мәні, тарихи-қоғамдық себебі, формасы. Жатсыну мәселесі (К.Маркс, Э.Фромм). Маркс пен Фрейдтің ілімдеріндегі санасыздық мәселесі. Гендерлік өлшемдегі адам. Махаббат философиясы. Эрос және өркениет. Адамзаттың рухани тәжірибесіндегі өмірі мен мәселесі. Шығармашылық философиясы. Өнердегі және өмірдегі шығармашылық.

Қоғамның жаһандануы. Классикалықтан жаңа жаһандану күйіне өту. Мәдениеттің философиялық түсінігі және философия мәдениеті түсінігі. Өркениет пен мәдениет. Өркениет типтерінің мәселесі. Мәдениеттер сұхбаты еуразияшылдық мәдениетінің негізгі принципі. Қ.Р-сы Президент Н.Ә.Назарбаевтің “Қазақстан-2030” халыққа жолдауындағы дамудың еуразияшылдық моделі.

Аксиология философия бөлімі ретінде. Құндылықтар мәселесі. Құндылықтардың өмір сүру формалары. Еркіндік философиясы. Еркіндік антиномиясы мен қажеттіліктері.

Соседние файлы в папке ФИЛОСОФИЯ