Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
160.77 Кб
Скачать

1.If командасының құрылымы

If операторының қайталау саны белгілі де, белгісіз де циклдар үшін пайдалануға болады. Бұл оператор бойынша циклді аяқтау үшін белгілі бір берілген шарттың орындалуы жеткілікті.

2.Енгізу, шығару командалары

Енгізу операторы берілген мәндерді компьютер жадына енгізуге арналған.Оның жазылу түрі:

READ(x1,x2,…,xn);

READLN(y1,y2,…,ym);

READLN;

Бірінші оператор онда көрсетілген айнымалы шамалардың сан мәндерін ретімен енгізуді қамтамасыз етеді.Екінші оператор да сол амалдарды орындайды,бірақ оның өзгешелігі – әрбір санды енгізгеннен кейін файлдың жаңа жолына өтуді қамтамасыз етеді.Үшінші оператор бір жолды бос жіберіп,келесі жолдың басына шығуды қамтамасыз етеді.Енгізілетін сан мәндері клавиатурадан енгізілгеннен кейін,әрқайсысын енгізу үшін пробел немесе Ентер клавишасын басу керек.Егер программада енгізу операторы бар болса,онда программаны орындалуға жібергеннен кейін қажетті сан мәндерді клавиатурадан теру керек.Онсыз программа орындалмайды.Енгізілетін сан мәндері операторда жазылған тәртіппен,типтері сай болатындай етіп теріледі.

Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы пайдаланылады. WRITE (а12,...а n) мұндағы жақша ішінде жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін. Шығарылатын мәндердің түрі айнымалылардың типі арқылы анықталады, олар integer, real, Boolean, char, string сияқты типтер түрінде беріле береді. Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылып WRITE түйінді сөзінен соң жай жақша ішіне жазылады.Шығару операторында жақша ішінде қағазға не экранға шығарылатын міннің форматын – оның алатын орнын, яғни енін толық көрсетуге болады.

6-билет

1.Case командасының құрылымы. CASE таңдау операторы көп тармақтары алгоритмдерді барынша қарапайым және көрнекті түрде жазуға мүмкіндік береді. Оның құрамында селектор деп аталатын өрнек және параметрлер тізімі болуы тиіс, әрбір параметрге сәйкес таңдау тұрақтылары болуы қажет. Таңдау командасы былай орындалады. Алдымен, селектор-өрнек мәні есептеледі де, ол тұрақтылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1-тұрақтыға тең болса, онда 2-оператор, 3-тұрақтыға тең болса, онда 3-оператор, т.с.с. тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен аяқталады.

2.Массивтер (жиымдар)

Жиымдар деп – бір атаумен белгіленіп, реттеліп біріктірілген бір типтегі мәліметтер тобын айтамыз. Паскаль тілінде мәліметтер қарапайым және күрделі типтерге жіктеледі. Қарапайым типтерге – стандартты, саналатын және шектелген типтегі мәліметтер, ал күрделі типтерге жиымдар,жиындар,жазбалар және файлдар жатады. Жиымды сиппаттау үшін array of сөз тіркесі қолданылады. Оның жазылу форматы

Type <тип аты>=array [индекс типі] of <элемент типі>;

Var <идентификатор,...> : <тип аты>;

Мұндағы array- жиым of -дан, -ден, -тан, -тен --түйінді сөздер.

7-билет

1.Паскаль программасының құрылымы

Паскаль тілінің программасы блоктардан құралады. Бір блок ішіне басқа да кішігірім блоктар кіре береді.блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы- мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншіші- сол мәліметтерді пайдалана отырып, әртүрлі әс-әректтерді атқару бөлімі. Мәліметтерді сипаттау бөлімі болмауы да мүмкін,ал екінші бөлім- негізгі бөлім, ол міндетті түрде болуы тиіс. Ал, блок ішіндегі блок- жергілікті, локалды блок деп аталады. Басты блок- негізгі программа блогы, сондықтан ол әрқашанда болуы тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар кейбір программаларда болмауы да мумкін.

Сонымен,кез-келген программаның тақырыбы,онан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек.

2. Паскаль тілінде әр түрлі типтегі элементтерден құралған күрделі типтегі объектілерді жазбалар дейді.

Жазбаны құрайтын элементтерді жазбаның өрісі деп атайды.

Жазбаның және оны құрайтын өрістедің жеке атаулары болады. Өрістің қажетті элементтерін оның атауы бойынша табады. Жазба типі RECORD қызмет сөзі арқылы сипатталады.

Жазбаның жалпы түрде сипатталуы: тип аты=RECORD (өріс тізімі) END.

8-билет

1.Файлдарды қолдану. Файл деп тізбектеле орналасқан жеке құраушылардан тұратын ат берілген ақпараттар тобын айтады. Программаларды, оларға қажетті берілгендерді файл деп қарастыруға болады. Файлға мысал ретінде INPUT және OUTRUT стандартты файлдарын алуға болады. Файлдың жиымнан өзгешелігі, мұнда құраушылар саны алдын ала берілмейді және олардың жиым элементтері сияқты индекстері болмайды.

Файлдың жазылу тәртібі: файлдың басында оның аты, одан кейін файлдың компонеттері, ал соңғы компоненттен кейін файлдың аяқталғанын көрсететін белгі тұрады.

2.Цикл жасауға арналған командалар және олардың ерекшеліктері

Циклдық операторларға FOR,WHILE,REPEAT және шартты оператор IF жатады.

Қайталану саны алдын-ала белгілі болатын циклдарды ұйымдастыру үшін FOR операторын қолданамыз. FOR операторының жазылу түрі FOR[цикл есептегіш]:=[алғашқы мән]TO[соңғы мән]DO[цикл денесі]

IF операторының қайталау саны белгілі де, белгісіз де циклдар үшін пайдалануға болады. Бұл оператор бойынша циклді аяқтау үшін белгілі бір берілген шарттың орындалуы жеткілікті.

Берілген шарт бойынша қайталау саны анықталатын циклдарды ұйымдастыру үшін WHILE операторын қолдануға болады. Бұл оператордың жалпы түрі мынадай:while (логикалық өрнек) do (цикл денесі);Егер логикалық өрнектің мәні TRUE (шындық) болса,онда цикл денесіне енген операторлар орындалады, ал FALSE(жалған) болса, цикл аяқталады.

Циклдың кез-келген түрін жүзеге асыратын оператордың бірі REPEAT операторы. Алдыңғы қарастырылған while операторынан оның айырмашылығы – логикалық шарттың орындалуы әрбір қайталаудан кейін тексеріліп отырады. Оператордың жазылу түрі келесідей: Repeat (цикл денесі)Until(логикалық өрнек); логикалық өрнектің мәні True (шындық) болғанда цикл денесіндегі операторлар қайталана береді, ал False (жалған) болғанда, цикл аяқталады.

9 емтихан билеті

1.алгоритмді график түрінде өрнектеу.Алгоритмдерді өрнектеудің көп тараған түрі-оны график арқылы бейнелеу. Ал бұл – түсінікті, анық, көрнекті түр болып есептеледі. Тек оларды сызу көбірек еңбекті талап етеді. Графикалық жолмен алгоритмдерді жазу үшін мемлекеттік стандарт белгіленген, онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Ол фигуралар немесе блоктар амалдар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі орналасады. Жиі қолданылатын амалдар, яғни мәліметттерді ЭЕМ-ге енгізу, формуламен есептеу, шарттардың орындалуын тексеру, нәтижені қағазға басу символдары. Блоктардан алгоритм схемалары құрастырылады. Алгоритмдер схемасымен ақпаратты өңдеудің әрбір сатысы немесе орындалатын операциялар реті анықталады. Кейде алгоритмер схемасын оның блок-схемасы депте атайды. Сонымен алгоритм блоктармен немесе геометриялық көпбұрыштар түріндегі фигуралармен өрнектеледі. Әр блоктың ішіне орындалатын іс-әрекеттің (амалдың) мазмұны жазылады. Блоктардың бір кіру және бір шығу сызықтары болуға тиіс. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш түрлі бірыңғай құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік болып үш топқа бөлінеді.

2.тармақталған алгоритмдерді тұрғызуға арналған командалар. Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып келеді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоримтмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру және 2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар «таңдау» және «аттап өту» мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі. «Таңдау» жолымен тармақталуда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 2-амал жүзеге асырылып, содан кейін келесі 3-амалға көшеміз. Ал, егерде шарт орындалмаса, яғни оның орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 1-амал атқарылып, содан кейін 3-амал атқарылады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған болуына байланысты 1-амал немесе 2-амал орындалады. «Аттап өту» алгоритімінде шарт орындалса, 1-амалды аттап өтіп, бірден 2-амалды, содан кейін 3-амалды орындаймыз. Ал шарт жалған болса, онда 1-амал міндетті түрде орындалып, одан кейін 2- және 3-амалдар жүзеге асырылады. Тармақталу кезеңінде шартты тексеру блогы орындалуы барысында, алгоритмнің екі мүмкіндігінің тек біреуі ғана таңдап алынып жүзеге асырылады, ал екінші таңдап алынбаған тармақ біріктіру нүктесіне дейін орындалмай қалады.

13 емтихан билеті.

1.алгоритмдерді өрнектеу жолдары. Ең қарапайым алгоритмдерді үш түрге бөледі:

1.сызықтық алгоритм немесе есептеу тек бір бағытта (бірінен соң бірі) орындалатын амалдардан тұрады. 2.тармақталған алгоритм немесе берілген шарттың орындалуына байланысты есептеу жолы таңдалынады.3.қайталанатын алгоритм (цикл) немесе берілген шарт бойынша амалдар жиыны көп рет қайталанады.

Жалпы алгоритмді өрнектеу түрлеріне:

1)табиғи тіл арқылы өрнектеу;

2)белгілі бір түйінді сөздер-терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу,мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;

3)график жолымен(блок-схема арқылы) жазу;

4)программалау тілінде жазу жолдарын жатқызуға болады.

Соседние файлы в папке 5.Алгоритм и языки программ