Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
160.77 Кб
Скачать

2.Комментарийлер

Комментариий–түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі. ОЛар ұлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы /*...*/ таңбалармен шектелуі тиіс. ОЛ бір немесе бірнеше жолдардан тұра алады.

10 емтихан билеті

1.string типті айнымалылар және оларды өңдеуге арналған фунциялар мен процедуралар. Айнымалы дегеніміз программаның орындалу барысында мәні өзгеруі мүмкін шама. Айнымалылар қарапайым және индексті болып екі түрге бөлінеді. Қарапайым айнымалы бір ғана шаманы анықтайды, ал индексті айнымалы белгілі бір массивтің элементі болады. Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын айтады, яғни тип деген шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Тілде пайдаланылатын типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа жіктеледі. Ал скалярлық қарапайым типтер алдын ала анықталған сандартты және жасанды тип болуы мүмкін. Стандартты типтерге: бүтін-INTEGER, нақты-REAL, логикалық-BOOLEAN, символдық-CHAR, тіркестік-STRING,ASC II-жолдық (PHAR), мәтіндік файл (TEXT), көрсеткіш (POINTER) тәрізді типтер жатады.

Структуралық типтер жиымдар-ARRAY, жазбалар -RECORD, жиындар-SET және файлдар-FILE түрлеріне бөлінеді. Күрделі алгоритмдерді программалау кезінде оны бірнеше бөлікке жіктеп, әрбір бөлікті жеке программа ретінде қарастыруға болады. Ондай программаны функция немесе процедура күйінде құрастырады. Оларды бағынышты программалар деп те атайды. Егер программада осындай бағынышты программалар қолданылатын болса, онда олар туралы мәлімет сипаттау бөлімінде келтіріледі. Функцияларды сипаттау үшін FUNCTION қызметтік сөзі, ал процедураны сипаттау үшін PROCEDURE сөзі қолданылады. Әрбір бағынышты программаға арнайы ат беріледі, оның сипаттау бөлімдері мен операторлар бөлімі болады. Құрылымы жағынан бағынышты программа кәдімгі программадан ешқандай өзгешілігі жоқ.

2.файлдарды қолдануға арналған командалар.Файл деп тізбектеле орналасқан жеке құраушылардан тұратын ат берілген ақпараттар тобын тобын айтады. Программаларды, оларға қажетті берілгендерді файл деп қарастыруға болады. Файлдың жиымнан өзгешелігі, мұнда құраушылар саны алдын ала берілмейді және олардың жиым элементтері сияқты индекстері болмайды. Сондықтан, файлдың ортасындағы компонентті табу үшін, оның алдындағы барлық компоненттерді біртіндеп қарап шығу керек. Жалпы жағдайда файл программадағы айнымалы түрінде беріледі. Паскаль тілінде жазылған әр программаны файл түрінде сақтауға және оны қажет кезінде файлдың аты арқылы оқуға болады. Паскальда ақпараттар дискіге символ түрінде сақталады да, оны жедел жадқа шақырғанда программада хабарланған тип бойынша жазылады. Егер программаның сыртқы файлға болса, онда ол файлдар программада айқындалған немесе айқындалмаған түрде программаның айнымалылар немесе тип бөлігінде сипатталуы қажет. Әрбір файлға бір файлдық терезе сәйкес келеді. Сонымен қатар, файлдық терезенің ағымдағы бір элементті жазуға арналған орны болады. Оны буферлік айнымалы деп атайды. Файлдың жазылу тәртібі: файлдың басында оның аты, одан кейін файлдың компонеттері, ал соңғы компонеттен кейін файлдың аяқталғанын көрсететін белгі тұрады.

12 емтихан билеті.

1.тармақталған алгоритмдерді кейс командасы арқылы өрнектеу.CASE таңдау операторы көп тармақтары алгоритмдерді барынша қарапайым және көрнекті түрде жазуға мүмкіндік береді. Оның құрамында селектор деп аталатын өрнек және параметрлер тізімі болуы тиіс, әрбір параметрге сәйкес таңдау тұрақтылары болуы қажет. Таңдау командасы былай орындалады. Алдымен, селектор-өрнек мәні есептеледі де, ол тұрақтылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1-тұрақтыға тең болса, онда 2-оператор, 3-тұрақтыға тең болса, онда 3-оператор, т.с.с. тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен аяқталады.

2.метка мен гоуту командасы арқылы цикл ұйымдастыру.Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары, цикл ұйымдастыру операторлары жатады. Бұлардың соңғылары құрылымы күрделі операторлар арқылы жүзеге асырылады. Программа операторлары негізінен жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу операторы GOTO пайдаланылады. Қойылған шартты тексеру арқылы операторлардың табиғи орындалу реттілігін өзгертуге немесе өзгертпеуге болады. Шартты тексеру операторлары мен цикл операторлары көбінесі құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады.

14,20 емтихан билеті

1.процедура мен функцияның айырмашылығы. Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады. Функция да процедура секілді орындалады, бірақ оның процедурадан екі айырмашылығы бар, олар:функция аты өрнектердің операнды ролін атқара алады, функция орындалған соң, программаға тек бір ғана мән беріледі. Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын процедура функция деп аталады.

Соседние файлы в папке 5.Алгоритм и языки программ