Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
160.77 Кб
Скачать

2.Цикл жасауға арналған командалардың орындалу ерекшелігі

Қайталану саны белгісіз циклдер. Циклді қанша рет қайталау керек екні кейде алдын ала белгісіз болады, бірақ бір шарт орынды болып тұрғанда, ол орындалуға тиіс. Орындалуның алгоритмдік тілі:

Қайталану командасы

әзірше шарт

цикл басы

цикл денесі

аппааппапааааыыы

цикл соңы

Қайталану саны белгілі циклдер. Параметрлі қайталау командасы циклдік құрылымның алгоритмдерін корнекілеу жазуға мүмкіндік береді.

Қайталану командасы

Цикл басы

Цикл денесі

Цикл соңы

19 емтихан билеті.

1. Тармақты алгоритмдердің орындалу ерекшеліктері

Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып келеді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоримтмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру және 2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар «таңдау» және «аттап өту» мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі. «Таңдау» жолымен тармақталуда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 2-амал жүзеге асырылып, содан кейін келесі 3-амалға көшеміз. Ал, егерде шарт орындалмаса, яғни оның орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 1-амал атқарылып, содан кейін 3-амал атқарылады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған болуына байланысты 1-амал немесе 2-амал орындалады.

аппааппапааааыыы

арвпы

1

«Аттап өту» алгоритімінде шарт орындалса, 1-амалды аттап өтіп, бірден 2-амалды, содан кейін 3-амалды орындаймыз. Ал шарт жалған болса, онда 1-амал міндетті түрде орындалып, одан кейін 2- және 3-амалдар жүзеге асырылады. Тармақталу кезеңінде шартты тексеру блогы орындалуы барысында, алгоритмнің екі мүмкіндігінің тек біреуі ғана таңдап алынып жүзеге асырылады, ал екінші таңдап алынбаған тармақ біріктіру нүктесіне дейін орындалмай қалады.

2. .Цикл жасауға арналған командалардың ерекшеліктері.

Циклдық операторларға FOR,WHILE,REPEAT және шартты оператор IF жатады.

Қайталану саны алдын-ала белгілі болатын циклдарды ұйымдастыру үшін FOR операторын қолданамыз. FOR операторының жазылу түрі FOR[цикл есептегіш]:=[алғашқы мән]TO[соңғы мән]DO[цикл денесі]

IF операторының қайталау саны белгілі де, белгісіз де циклдар үшін пайдалануға болады. Бұл оператор бойынша циклді аяқтау үшін белгілі бір берілген шарттың орындалуы жеткілікті.

Берілген шарт бойынша қайталау саны анықталатын циклдарды ұйымдастыру үшін WHILE операторын қолдануға болады. Бұл оператордың жалпы түрі мынадай:while (логикалық өрнек) do (цикл денесі);Егер логикалық өрнектің мәні TRUE (шындық) болса,онда цикл денесіне енген операторлар орындалады, ал FALSE(жалған) болса, цикл аяқталады.

Циклдың кез-келген түрін жүзеге асыратын оператордың бірі REPEAT операторы. Алдыңғы қарастырылған while операторынан оның айырмашылығы – логикалық шарттың орындалуы әрбір қайталаудан кейін тексеріліп отырады. Оператордың жазылу түрі келесідей: Repeat (цикл денесі)Until(логикалық өрнек); логикалық өрнектің мәні True (шындық) болғанда цикл денесіндегі операторлар қайталана береді, ал False (жалған) болғанда, цикл аяқталады.

Соседние файлы в папке 5.Алгоритм и языки программ