Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
30
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
160.26 Кб
Скачать

1 емтихан билеті.

1.Мәліметтердің стандартты түрлері. Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені олардың бүтін сан арқылы өрнектей отырып, өсуі де кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.

Стандартты типтер:

1.Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, BYTE, WORD;

2.Нақты тип – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;

3.Логикалық – BOOLEAN;

4.Символдық - CHAR;

5.Саналатын тип;

6.Диапазонды (аралықты) тип.

Бүтін сан түріндегі типтер. Бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады. Паскаль тілінде ондық және он алтылық бүтін сандар пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі қойылады: $ABC немесе $8В2.

Нақты сан түріндегі типтер. Ондық аралас сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірлері жылжымалы және тұрақты түрлерде жазылады. Үтірлері тұрақты ондық сандар кәдімгі математикадағыдай жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы: 25.48, -127.05 т.б. Үтірлері жылжымалы ондық сандар дірежелік көрсеткіш берілген экспоненциалды түрде жазылады. Мысалы: -1,25Е+12(1,25*10²³), т.с.с.

Логикалық типтері (BOOLEAN) шамалар негізінен екі мән қабылдайды – TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар комп.жадында бір байт орын алады.

Символдық типтегі (CHAR) шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Тіркестік типтегі шамалар (STRING) апострф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.

Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып жай жақша ішіне жазылады. Мысалы: атау=(1-идентификатор, 2-идентификатор, ... ,n-идентификатор). Идентификатор орны бойынша 0-ден бастап нөмірленеді. 1 идентификатор тек бір ғана саналатын типті көрсетеді.

Диапазондық және аралық тип. Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы мен соңғысы екі нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі. Мысалы: атау=<алғашқы мін>..<соңғы мін>; Guma_kunderi=1..7; aj_kunderi=1..31;

Бұл типтегі шамалар көрсетілген алғашқы және соңғы мәнге дейінгі немесе олардың арасында жататын кез келген бөлігін пайдалана алады.

2.Repeat командасының құрылымы. Циклдың кез-келген түрін жүзеге асыратын оператордың бірі Repeat операторы. Алдыңғы қарастырылған while операторынан оның айырмашылығы – логикалық шарттың орындалуы әрбір қайталаудан кейін тексеріліп отырады. Оператордың жазылу түрі келесідей: Repeat (цикл денесі)Until(логикалық өрнек); логикалық өрнектің мәні True (шындық) болғанда цикл денесіндегі операторлар қайталана береді, ал False (жалған) болғанда, цикл аяқталады.

Мысал: теңдеуді жанамалар тәсілімен шешу. Теңдеуді берілген дәлдік бойынша Ньютон (жанамалар) тәсілімен шешу көрсетілген. Берілгені келесі теңдеу: F(x)=3x3+5x2-2x-7=0.

Бұл есептің алгоритмі былайша жазылады:

1. ɛ дәлдіктің мәнін енгізу;

2.шешімнін алғашқы мәнін беру у꞊х0;

3.шешімнің табылған жуық мәнінін алдыңғы болуы z=y;

4.шешімнің келесі жуық мәнін рекурренттік формула бойынша анықтау;

5.дәлдіктің орындалуын тексеру [y-z]< ɛ;

6. есепті шешудің нәтижесін экранға шығару.

2 емтихан билеті.

1.Мәліметтердің стандартты емес түрлері.

Мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы тинтерді құруға болады.Мәліметтердің бұл типіне саналатын және шектелген типтер жатады.Саналатын тип. Қабылдай алатын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип саналатын тип болып есептеледі. Бұл типті сипаттау оның мүмкін мәндерінің идентификатор түріндегі тізімін берумен анықталады. Ол идентификаторларға кіретін әрбір атау тұрақты болып саналады да, бір-бірінен үтірлермен бөлініп, жалпы атаулар тізімі жай жақшаға алынады. Тізімдегі алғашқы турактының номері -0, келесісінің номері -1, ары қарай 2,3,т.с.с болып біртіндеп өсіп отырады.Осылай анықталатын саналатын типті әркім шығаратын есептің түріне байланысты оздері сипаттай алады.Оның жазылу форматы:

TYPE <тип атауы>=(<1-мән, 2-мән,..., n-мән>);

VAR <идентификатор,...>: <тип атауы>;

Шектелген тип. Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса, онда оны шектелген типтегі айнымалы немесе аралық типтегі айнымалы д.а. Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен болініп тұракты турінде көрсетіледі де, ол екеуі де бір стандартты типте(real типін қолдануға болмайды) болып, міндетті түрде алғ мән соңғы мәннен кіші болуы керек.

2.while командасының құрылымы. Берілген шарт бойынша қайталау саны анықталатын циклдарды ұйымдастыру үшін WHILE операторын қолдануға болады. Бұл оператордың жалпы түрі мынадай:while (логикалық өрнек) do (цикл денесі);

Егер логикалық өрнектің мәні TRUE (шындық) болса,онда цикл денесіне енген операторлар орындалады, ал FALSE(жалған) болса, цикл аяқталады. Басқаша айтқанда, егер берілген логикалық шарт орындалса, онда операторлардың орындалуы қайталанады, ал ол шарт орындалмаған жағдайда циклдан шығу орындалады. Мысалы, кез келген он бүтін санды пернелерден енгізіп, солардың қосындысын табатын программа жасау қажет.

Program kosyndy10;

Const

Limit=10; {енгізілетін сандардың шектелуі};

Var

Count, item, sum: integer;

Begin

count:=0; {енгізілетін сандарды санау}

sum:=0; {сандардың қосындысы}

while(count<limit) do {циклдың қайталану шарты}

begin

count:=count+1;

write(count, ‘-ші бүтін санды енгіз:’);

readln(item); {кезекті санды пернелерден енгізу}

sum:=sum+item;

end;

writeln(‘енгізілетін сандардың қосындысы =’,sum);

end.

Бұл мысалда тұрақтыларды сипаттау бөліміндегі limit тұрақтысы енгізілетін сандарды шектеу ролін атқарады. Айнымалыларды сипаттау бөліміндегі count, sum, item айнымалылары бүтін сандық типте көрсетілген. Программа басында енгізілген сандарды count (санауыш) айнымалысы мен қосынды – sum нөлге теңестіріледі де, одан кейін 10 сан енгізіліп, оларды біртіндеп санау мен жинақтап қосу жүзеге асырыла бастайды. Алдын ала while операторы count<10 шартын тексереді. Шарт ақиқат, яғни орындалса, цикл тұлғасы болып келетін құрама оператор орындалады, онда кезекті сан енгізіліп, шарт тексеріледі, ол ақиқат болса, тағы да цикл қайталанады, т.с.с. Санауыш мәні 10-нан асқанда, қайталау тоқталып, қосынды мәні экранға writeln операторы арқылы “енгізілген сандардың қосындысы=” деген сөз тіркесінен кейін шығарылады.

3 емтихан билеті.

Соседние файлы в папке 5.Алгоритм и языки программ