Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
160.77 Кб
Скачать

1.Логикалық операциялар.

Логикалық типтері (BOOLEAN) шамалар негізінен екі мән қабылдайды – TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар комп.жадында бір байт орын алады.

2.Функциялар мен подпрограммалар. 1.Белгілі бір ат қойылып, жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет оны қайталап пайдалып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программа (подпрограммrа) деп атайды. Қосалқы программаларда бірсыпыра операциялардың біріге отырып толық орындалуын қадағалап, программаның негізгі бөлігінде оның тек атын көрсету арқылы бір рет орындаумен шектелуге болады. Қосалқы программаны пайдалану: 1)негізгі программаның көлемін кішірейтеді;2)негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалануға болады;3)қосалқы програ ммаға берілген компьютердің жедел жады көлемін ол орындалмай тұрғанда, бос ұйялар ретінде басқа мақсаттарға пайдалануға болады;4)қосалқы программаны пайдалану тәсілдері құрылымдық программалау талаптарына сай келеді.

Функция да процедура секілді орындалады, бірақ оның процедурадан екі айырмашылығы бар, олар: функция аты өрнектердің операнды ролін атқара алады; функция орындалған соң, программаға тек бір ғана мән беріледі. Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын процедура функция деп аталады. Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі.

4 Емтихан билеті.

1.фор командысының құрылымы. FOR циклдік операторының жазылу түрі мынадай:

FOR [цикл есептегіші]:=[алғашқы мән] to [соңғы мән] do

[цикль денесі] Мұндағы цикл есептегіші дегеніміз бүтін мән қабылдайтын параметр, оның алғашқы және соңғы мәндері беріледі. Цикл денесі дегеніміз цикл есептегіші алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін өзгергенде орындалатын операторлар тобы. Бұл жерде цикл есептегішінін өзгеру қадамы 1-ге тең болады. Егер өзгеру қадамы -1 болса, онда for операторы былайша жазылады :

FOR [цикл есептегіші]:=[алғашқы мәні] Downto [сонғы мәні]do [цикл денесі]

Енді қайталау саны белгілі циклдар қарастырады.

2.Стандартты функциялар. Паскаль тілінде алдын-ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған,қажет кезінде пайдалануға болатын обьектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқада ф-ды есептеу үшін қолданылады. Стандартты ф-яны жазу үшін міндетті түрде ф-яның аты жіне жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет.Стандартты ф-лар: abs (x), sqr(x),sin(x),cos(x),exp(x),ln(x),sqrt(x),arctan(x),frac(x)- санның бөлшегі, int(x) – санның бүтіні, pi(3.14), т.с.с. Ф-яны есептеу барысында аргумент пен ф-я типтерінің әр-увқытта сәйкес келе бермейтінің есте сақтаған жөн. Енді программаларда жиі пайд.ф-яларды қарастырайық 1.Арифметикалық ф-ялар. Ариф. ф-яларды бүтін және нақты шамалар пайдаланылады.2.Типтерді өзгерту ф-ялары. Бұл ф-ялар шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады. Мысалы,нақты санды бүтін санға,цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға және т.с.с аударады.Олар: Chr(x)- х санын (кодын) символға аударады. Мұнда аргументтің типі (0...25) аралығындағы бүтін сан болуы қажет. High(x)-шаманың мкасимум мәнін береді. low(x)-шаманың минимум мәнін береді. Ord(x) –саналатын типті бүтін типке көшіреді,мысалыаргумент реттелген тинте болса,онда нәтиже типі longint A болады.Round(x)-нақты санды бүтін санға дөңгелектейді. Trunk(x)-нақты санның бүтін бөлігін береді.3.Реттелген типтегі шамаларға пайдаланылатын ф-ялар.Бұл ф-ялар реттелген типтегі шамалар үшін пайдаланылады.Мысалы,элементтің алдындағы немесе соңындағы элементті анықтау және т.с.с. Олар Odd(x)- х сандық шамасының тақ екендінін тексеру.Мұнда аргумент типі longint түрінде,ал тақ сан болса,нәтиже true(ақиқат),жұп болса false(жалған) болады. Pred(x)-х-тің алдындағы мәндерді береді.Succ(x)-х-тің соңындағы мәндерді анықтайды.Егер,бұл ф-яны соңғы элементке пайдаланса,қате деген хабар шығады.

5 билет

Соседние файлы в папке 5.Алгоритм и языки программ