
- •Ақпарат және информатика ұғымдары
- •Ақпарат ұғымы
- •2. Ақпарат қасиеттері
- •3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •4. Ақпараттық процесстер
- •5. Информатика пәні
- •Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •2.1-Кесте. Натурал сандардың әртүрлі санақ жүйелерінде жазылуы
- •3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
- •3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •4.2-Сурет. Аналық тақша
- •4.3-Сурет. Порттар
- •4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
- •Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем
- •4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
- •Windows операциялық жүйесі Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
- •Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •Стандартты программалар
- •11.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2-Сурет. Paint редакторының экраны
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3-Сурет. WordPad программасының терезесі
- •11.3. Калькулятор
- •11.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
- •Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •Microsoft Excel электрондық кестесі Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.2-Сурет. Ұяшықтар блогы
- •13.3-Сурет. Адрестеу түрлері
- •Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •Диаграмма құру
- •Microsoft Access Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •2. Өріс типтері және қасиеттері
- •Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Компьютерлік желі
- •Компьютерлік желілердің түрлері
- •Желілік топологиялар
- •15.1-Сурет. Шиналық топология
- •15.2-Сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- •15.3-Сурет. Сақиналық топология Желілік техникалық құралдар
- •Желілік программалық кұралдар
- •Клиент-сервер технологиясы
- •Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •Электрондық почта
3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
1945 жылы Джон фон Нейман компьютер құрылғылары өзара байланысының терориялық негізін, яғни компьютердің жұмыс жасау принципін ұсынды. Джон фон Нейман машинасы регистрлер жиынынан құралған жады, арифметикалық-логикалық құрылғы, енгізу-шығару құрылғысы және басқару құрылғысынан тұрады.
Джон фон Нейман принципі бойынша: енгізу құрылғысы программалар мен мәліметтерді арифметикалық-логикалық құрылғыға жібереді, одан компьютердің ішкі жадысына жазылады. Әрбір командада орындалуы қажет операция коды және осы командалар өңдейтін мәліметтер орналасқан ұяшықтардың адресі жазылған. Басқару құрылғысы «командалар санауышы» деп аталатын арнайы регистрді қамтиды. Программалар мен мәліметтер жүктелгеннен кейін программаның алғашқы командасының адресі жазылады. Басқару құрылғысы командада көрсетілген адреске сәйкес жады ұяшығының ішіндегі мәліметтерді оқиды және оны «команда регистріне» көшіреді. Командалар регистрі команданы орындалу кезеңінде сақтайды. Басқару құрылғысы команданы орындайды. Әрбір команда үшін басқару құрылғысының өзіндік өңдеу алгоритмі бар. Өз кезегінде әрбір алгоритм микрокомандалар жиынтығын беретін микропрограммалардан құралуы мүмкін. Команда орындалғаннан кейін командалар санауышы программаның келесі командасы орналасқан келесі ұяшыққа сілтейді. Осы процесс программаның орындалуын тоқтататын командаға дейін жалғасады.
1946 жылы американдық инженер Д.П.Эккерт және физик Д.У.Моучли Пенсильван университетiнде алғаш рет 20 мың электрондық лампадан тұратын ЭЕМ «ENIAC» (Electronic Numerical Integrator and Computer) құрастырды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін компьютердің ұзындығы 26м, салмағы 35 тонна болатын. «Эниак» қосу амалын 1/5000 сек, бөлу амалын 1/300 сек уақытта орындайтын. Онда ондық санау жүйесі қолданылған, басты қиындығы – программаларды енгізу.
3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
1947–48 жылдары академик С.А.Лебедев кiшi электрондық есептегiш машинаны (КЭЕМ) жасақтау жұмысын бастады. 1949 жылы Кембридж университетiнде профессор М.Уилктің жетекшiлiгiмен программаларды сақтайтын ЭДСАК есептеуiш машина негiзi қаланды. Осы жылы Джон фон Нейманның жетекшiлiгiмен MANIAC (Mathematical Analyzer Numerical Integrator Antand Computer) компьютерi жасақталды.
1952 жылы С.А.Лебедевтiң жетекшiлiгiмен секундына өте үлкен жылдамдықпен 10 мың амал орындайтын үлкен электронды есептеуiш машинаны (ҮЭЕМ) жасақтау жұмысы аяқталды.
Ал,
1958 жылы ССРО-да секундына өте тез
жылдам-дықпен 20 мың амал орын-дайтын
М-20 ЭЕМ машинасы жасақталып, ұсынылды.
1963
жылы алғаш рет тышқан құрылғысы жасалды.
1
1972
жылы АҚШ-та шыққан «ILLIAC-IV» ма-шинасында
секундына 20 млн. операция орындайтын
көппроцессорлық жүйе орнатылған.
1976
жылғы «Cray-1» машинасы секундына 166 млн.
операция орындайды, векторлық есептеулер
жүргізеді, жады көлемі 8 Мбайт.
1980 жылы КСРО-да құрастырылған «Эльбрус-1» машинасы секундына 15 млн. операция орындайды, жады көлемі 64 Мбайт.
1984
жылы Apple Computer корпорациясы Macintosh
компьютерiн шығарды. Ол қолданушының
операциялық жүйемен жұмыс жасауына
тиiмдi құрал болып табылды.
1985
жылы секундына 125 млн. операция орындайтын
8 процессорлы, жады көлемі 144 Мбайт,
сумен салқындататын «Эльбрус-2»
машинасы жасақталды. 1985 жылғы «Cray-2»
машинасы секундына 2 млрд. операция,
1989 жылғы «Cray-3» машинасы секундына 5
млрд. операция орындайды.
1995 жылы Жапонияда шыққан «GRAPE-4» машинасы секундына 1,08 трлн. операция орындайды.
2002 жылы «Earth Simulator» (NEC) 5120 процессорлы, секундына 36 трлн. операция орындайтын машина жасалса, 2007 жылы шыққан «BlueGene/L» (IBM) 212992 процессорлы машинасы секундына 596 трлн. операцияға дейін орындайды.
Информатиктер компьютер дамуының 4 кезеңін (ұрпағын) атап көрсетеді. Енді соларға тоқтала кетейік.
Алғашқы кезеңі (ұрпағы) - электрондық шамдар. 1945-1955 жылдар аралығында электронды есептеуіш машиналар электрондық шамдар негізінде құрылды. Мысалы: «Минск-1», «Урал-1», «БЭСМ-1» есептеуіш машиналары. Электрондық шамдар, электромагниттік релемен салыстырғанда, логикалық элементтерді қосуды жылдам жүзеге асырды және олар әжептәуір ұзақ қызмет етті. Бірақ, электрондық шамдар энергияны өте көп жұмсайтын және олардың өлшемдері өте үлкен еді. Электрондық шамдар негізінде жұмыс жасайтын ЭЕМ-лардың жұмыс жасау жылдамдығы секундына бірнеше жүзден бірнеше мың операцияға дейін ауытқиды.
ЭЕМ дамуының екінші кезеңі (ұрпағы) – транзисторлар. 1955-1965 жылдар аралығы. Мысалы: «Минск-21», «Урал-14», «Наири» есептеуіш машиналары. Негізінен, жартылай өткізгіш құрал – транзистор 1948 жылы ойлап табылған. Олардың электрондық шамдарға қарағанда өлшемі кіші, тұтыну қуаты аз. ЭЕМ-лардың жұмыс жасау жылдамдығы секундына бірнеше мың операциядан тіпті бірнеше миллион операцияға дейін артты.
ЭЕМ дамуының үшінші кезеңі (ұрпағы) - интегралдық схемалар. 1965-1980 жылдар аралығы. Мысалы: IBM360 және IBM370, ЕС(Единая Система) есептеуіш машиналары. Интегралдық схема металдан немесе пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристаллдардан тұрады. 1958 жылы ғалымдар кремнийден жасалған бір жартылай өткізгіштік кристаллға бір функциональдық тораптың барлық компоненттерін орналастырып көрді. Осының нәтижесінде интегралдық схемалар пайда болды. Олар жартылай өткізгіштердің көлемін кішірейтті және тұтыну қуатын жүз ваттқа дейін азайтты. ЭЕМ-лардың жұмыс жасау жылдамдығы секундына он миллион операцияға дейін артты.
ЭЕМ дамуының төртінші кезеңі (ұрпағы) – үлкен интегралдық схемалар. 1980 жылдан басталады. Физика, химия және т.б. ғылымдардың дамуымен байланысты өлшемі бірнеше шаршы миллиметр кристаллға алдымен жүз, кейіннен мың, тіпті миллион транзисторлар орналастыру мүмкіндігі туды. Мұны үлкен интегралдық схемалар деп атады. Осының нәтижесінде әлемде ең алғашқы дербес компьютерлер пайда болды.
50-ші жылдар соңына Фортран программалау тілі, 60-шы жылдары Кобол және Алгол программалау тілдері және ең алғашқы модем және тышқан құрылғылары пайда болды. 1964 жылы Бейсик программалау тілі, ал 1969 жылы Unix операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы пайда болды. Паскаль программалау тілі 1971 жылы ұсынылды. 1972 жылы Intel 8008 процессоры, 1978 жылы Intel 8086 процессоры пайда болды. Си программалау тілі және Intel 8080 процессоры 1974 жылы пайда болған. Принтер дамуы 1977 жылдан басталды. Алғашқы дербес компьютерлер 1980 жылы пайда болса, 1990-92 жылдары Интернет желісі, сканер, дыбыстық стереоплата, Ява программалау тілі пайда болған.
XX ғасыр соңғы онжылдығы DVD стандартын, Pentium және Celeron процессорларын, әртүрлі жинақтауыштар, Windows операциялық жүйесінің әртүрлі нұсқаларын ұсынды. USB шиналары, AGP порттары қолданыла бастады. Қазіргі уақытта компьютер дамуы, адамзат қызметінің ажырамас бөлшегі ретінде, қарқынды жүзеге асуда.
Компьютердің құрылғылары
Компьютерлерді суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, орташа ЭЕМ-лар, микро-компьютерлер, мини-компьютерлер, дербес компьютерлер, тасымалданатын компьютерлер және т.б. жіктеуге болады. Суперкомпьютер - өте қуатты, жұмыс істеу жылдамдығы мен өнімділігі жоғары есептеуіш машиналар. Оларға Cray және IBM SP2 машиналары жатады. Суперкомпьютерлар үлкен көлемді, күрделі есептеулер жүргізу үшін аэродинамикада, ауа райын анықтау мекемелерінде, физикада және қаржы саласында қолданылады.
Үлкен компьютерлер немесе мейнфреймдер бір уақытта бірнеше пайдаланушылар жұмыс жасап, көптеген операциялар орындауға мүмкіндік береді. Мұндай компьютерлер күрделі математикалық есептеулер жүргізуге арналған. Үлкен компьютерлер аймақтық есептеу орталықтарында, автоматтандырылған жобалау жүйелерінде және т.б. қолданылады. Орташа ЭЕМ-лар күрделі техникалық, өндірістік процесстерді басқаруға арналған.
Микро-компьютер дегеніміз орталық процессор ретінде микропроцессор қолданылатын компьютер. Мини-компьютер - орталық процессордың кейбір қызметтерін орындай алатын шағын компьютер. Оның бір мезгілде бірнеше терминалмен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Олар автомобильдерде, самолеттерде, станоктарды басқару үшін заводтарда және т.б. қолданылады.
Дербес компьютер - жеке пайдаланушыға арналған әмбебап компьютер. Тасымалданатын компьютерге өлшемдері ықшам, әрі тасымалдауға ыңғайлы ноутбук жатады.