- •Ақпарат және информатика ұғымдары
- •Ақпарат ұғымы
- •2. Ақпарат қасиеттері
- •3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •4. Ақпараттық процесстер
- •5. Информатика пәні
- •Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •2.1-Кесте. Натурал сандардың әртүрлі санақ жүйелерінде жазылуы
- •3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
- •3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •4.2-Сурет. Аналық тақша
- •4.3-Сурет. Порттар
- •4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
- •Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем
- •4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
- •Windows операциялық жүйесі Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
- •Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •Стандартты программалар
- •11.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2-Сурет. Paint редакторының экраны
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3-Сурет. WordPad программасының терезесі
- •11.3. Калькулятор
- •11.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
- •Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •Microsoft Excel электрондық кестесі Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.2-Сурет. Ұяшықтар блогы
- •13.3-Сурет. Адрестеу түрлері
- •Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •Диаграмма құру
- •Microsoft Access Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •2. Өріс типтері және қасиеттері
- •Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Компьютерлік желі
- •Компьютерлік желілердің түрлері
- •Желілік топологиялар
- •15.1-Сурет. Шиналық топология
- •15.2-Сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- •15.3-Сурет. Сақиналық топология Желілік техникалық құралдар
- •Желілік программалық кұралдар
- •Клиент-сервер технологиясы
- •Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •Электрондық почта
4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
Флэш-жады арнайы драйверді қажет етпейтін кішкентай, жылдам, сенімді және әмбебап құрылғы. Ең алғашқы флэш-жадылардың көлемі 128, 256, 512 Мбайт болатын, қазір 1, 2, 4, 8, 16 Гбайт флэш-жадылар кеңінен қолданылуда.
Windows операциялық жүйесі Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
Windows операциялық жүйесі - графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық жүйе.
Windows операциялық жүйесін тышқан меңзері (курсор) көмегімен басқаруға болады. Меңзер (курсор) – экранда тиісті операциялар жүргізілетін активті орынды көрсету үшін пайдаланылатын, жанып-сөніп тұратын жылжымалы белгі. Экранда тышқан меңзері және жұмыс аймағында жол меңзері болады.
Жұмыс үстелі - әртүрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесі экраны. "Жұмыс үстелі" деген ауыспалы ұғым. Шындығында, кәдімгі жұмыс үстелі үстіне кітаптарды, оқулықтарды, дәптерлерді, қорапшалар мен альбомдарды ыңғайлап қоямыз да, қажетін пайдаланамыз. Ал Windows-та кітаптар мен дөптерлердің рөлін жұмыс үстелінің кез-келген жеріне орналастырылған қосымша программалар терезесі мен құжаттар атқарады.
Әртүрлі программалар орындайтын экранның төртбұрышты қоршаулы аумағын терезе деп атайды. Терезені үлкейтуге, кішірейтуге, бүктеуге және бір мезетте экранға бірнеше терезені шығаруға болады. Олар үстелде әртүрлі орналасуы немесе бірін-бірі жауып тұруы, үстелде орындарын ауыстыруы, тіпті мөлшерін өзгертуі де мүмкін. Жұмыстың сипатына (сондай-ақ өз үқыптылығыңызға) байланысты сіз жұмыс үстеліне жарасымды ретпен бірнеше терезе орналастыруыңызға немесе, керісінше, бірінің үстіне бірін орналастыруыңызға да болады. Қалауыңызша, үстел бетіне экран бетін толық алып тұратын бір ғана терезе қалдырып, артығын алып тастауыңызға да болады. Стандартты терезе элементтері: тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар тақтасы, сырғыту сызғышы, үлкейту-кішірейту пернесі және т.б.
Windows интерфейсін пайданушылар туралы мағлұматты компьютер қосылғаннан кейін монитор экранында пайда болатын жұмыс үстелі мен тапсырмалар тақтасы береді. Пайдаланушы бір түсті бетті немесе кейбір суреті бар графикалық объектілер орналасқан бетті көреді - осы бет жұмыс үстелі болып саналады. Экранның бір шетін бойлай тапсырмалар тақтасы (панель задач) орналасады. Оны кейбір оқулықтарда мәселелер тақтасы деп те атайды.
Жұмыс үстелінің терезесі (Окно рабочего стола) - Windows қолданбалы программаларының терезелері үшін негізгі болып саналатын, экран бетін толық жауып тұратын жүйелік терезе.
Жұмыс үстелінде программаларға, құжаттарға, әртүрлі желілік қүрылғыларға жөне т.б. сәйкес бірнеше графикалық объектілер орналасуы мүмкін. Әрбір графикалық объектінің атауы бар жарлығы болады.
Windows операцялық жүйесінде жарлық, пиктограмма, таңбаша ұғымдары кеңінен қолданылады. Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файлды жарлық (ярлык) деп атайды. Басқаша айтқанда, жарлық – файлға сілтеме. Ол өзі көрсетіп тұрған файлды іздемей-ақ жылдам іске қосып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Пиктограмма – программаны, мәліметтер файлын және компьютерге қатысты басқа да кейбір функцияны көрсететін экрандық символ. Таңбаша – жұмыс үстелінде экрандағы белгілі бір құжаттың, программаның, жарлықтың графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Пайдаланушы өзінің талғамына қарай таңбашалардың қүрамын, олардың сыртқы түрін, орналасуын, мөлшерін, түсін өзгертуіне болады.
Жұмыс үстелінің негізгі компоненттері: менің компьютерім, менің құжаттарым, желілік орта, қоржын(корзина), тапсырмалар тақтасы және т.б. Менің компьютерім – Windows операциялық жүйесінің жүйелік бумасы. Ол дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асырады, компьютер құрылғыларын орнату және тағайындау қызметін атқарады. «Менің компьютерім» программасының терезесі арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі бумаларды ашуға, файлдар мен бумаларды көшіруге, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттерді орындауға болады. Пайдаланушының барлық құжаттары әдетте «Менің құжаттарым» бумасында сақталады. Желілік орта компьютердің желіде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Қоржын (Корзина) дегеніміз компьютер дискілерінен өшірілген мәліметтерді уақытша сақтайтын арнайы бума. Қоржынды кейбір оқулықтарда себет деп атайды. Қоржын программасының терезесі арқылы ондағы файлдардың мазмұнын көруге және оларды қайтадан қалпына келтіруге болады. Егер қоржындағы мәліметтер қажет емес болса, онда қоржынды тазалап, мәліметтерді біржолата жоюға болады.
Тапсырмалар тақтасы - Windows операциялық жүйесінде жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан ұзынша жолақ тақша. Тапсырмалар тақтасы жұмыс үстелінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін немесе тышқанның меңзерін экранның сөйкес шекарасына жақындатқанда ғана пайда болуы мүмкін. Онда Іске қосу (Пуск) батырмасы, алфавит индикаторы, уақыт, жұмыс істеп тұрған программалар мен файлдар белгішелері орналасады.