Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / Информатика / Информ. казАБР для студентов.doc
Скачиваний:
237
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
3.92 Mб
Скачать

Windows xp операциялық жүйесін баптау

Windows операциялық жүйесі интерфейсінің жетістіктерінің бірі - оны өзгерту мен баптау мүмкіндіктерінің мол болуы. Баптау - жұмыс уақытында операциялық жүйенің ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі.

Операциялық жүйені баптау арқылы тілдік параметрлерді, электрмен қоректенуін, экранды, қаріптерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын, пайдаланушының тіркелу жазбаларын өзгертуге болады. Ол бағдарламалар қосуға және жоюға, құрылғылар жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Операциялық жүйені басқару тақтасы арқылы баптауға болады. Басқару тақтасы дегеніміз жұмыс ортасын ыңғайластыратын арнайы терезе.

Экранды баптау терезесін екі түрлі жолмен шақыруға болады:

    1. Жұмыс үстелінің бос жерінде тышқанның оң жағын басып, жанама мәзірден «қасиеті» командасын таңдау;

    2. Іске қосу (Пуск) – Басқару тақтасы – Экран командалар тізбегін орындау.

Сұқбат терезесі тақырыптар, жұмыс үстелі, экранның тұрақты көрінісі (screensaver), безендіру және параметрлерді қамтиды. Тақырып дегеніміз Windows операциялық жүйесінің әртүрлі графикалық элементтерін баптауға арналған параметрлердің ортақ жиынтығы. Жұмыс үстелінің көрінісі, орналасуы, түсі «жұмыс үстелі» терезесі арқылы өзгертіледі. Жұмыс үстелінің көрінісі ретінде кез-келген суретті таңдауға болады. Экранның тұрақты көрінісі пайдаланушы белгілі уақыт аралығында (1-5 минут) жұмысын уақытша тоқтатқанда іске қосылады. Ол экрандағы мәліметтерді қалқалап, сырт көзден уақытша жасырып, қозғалысты кескіндерді экран бетіне шығаратын программа. Басқа пайдаланушының мәліметтерді рұқсатсыз қолдануынан қорғау үшін, экранның тұрақты көрінісін өзгерту кезінде, пароль қою қажет. Осы мәзір арқылы монитордың электр энергиясын үнемдеу параметрлерін өзгертуге болады. Безендіру терезесі жұмыс үстелінің терезелері мен батырмаларын, сызба түсі және қаріп мөлшерін өзгертуге арналған. Параметрлер терезесі экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең көп шамасын, яғни экранның шешуін анықтайды. Экранның шешуі бейнеадаптердің картасына және мониторға байланысты.

Стандартты программалар

Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларына Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, блокнот, калькулятор және т.б. программалар жиыны кіреді. Стандартты программаларды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар командалар тізбегі орындалады (11.1-сурет).

11.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу

11.1. Paint графикалық редакторы

Paint графикалық редакторы – Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына кіретін нүктелік (растрлық) графикалық редактор. Графикалық редактор – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты редакциялайтын программа. Графикалық редактор дисплей экранына әртүрлі түспен қалам мен тышқан көмегімен сурет салады. Графикалық редактордың екі түрі кеңінен қолданылады: нүктелік (растрлық) және векторлық.

Растр – қағазда, мониторда, теледидар экранында кескінді құрайтын нүктелердің екі өлшемді жиымы. Пиксель – дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда кез-келген сурет пиксельдерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады. Ол нүктелердің әрқайсысын түрлі түске бояуға болады. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда әр нүктенің түсі басқалардан тәуелсіз жеке беріледі.

Векторлық графикада кескіндер түзу векторлар жиымы түрінде бейнеленеді.

«Paint» сөзі ағылшыннан аударғанда «сурет салу» деген мағынаны береді. Paint графикалық редакторын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Paint командалар тізбегі орындалады.