Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / Информатика / Информ. казАБР для студентов.doc
Скачиваний:
237
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
3.92 Mб
Скачать

13.4. Excel функциялары

Excel электрондық кестесінде ұяшықтағы сандарды әртүрлі пішімде бейнелеуге болады. Мысалы, 100 санының жазылуы: 100,00 теңге - ақша түрінде; 100% - пайыз түріне; 1,00Е+02 - ғылыми түрде.

Сандарды (немесе мәліметтерді) безендіріп жазу үшін пішімдеу тақтасының батырмаларын немесе Пішімдеу(Формат) - Ұяшық(Ячейки) командасын пайдалануға болады.

Ұяшықтағы сан пішімін (форматын) өзгерту кезінде ұяшықтағы мәліметтерді бейнелеу тәсілі өзгереді, ал санның мәні өзгермейді. Сандық пішімде нүктеден кейінгі ондық сандардың саны таңдалады. Ақшалық пішім санның соңына валюта белгісін қосып жазады. Санды ақшалық пішімде жазу үшін батырмасы пайдаланылады. Қаржылық пішімнің ақшалық пішімнен айырмашылығы: онда теріс санды да пайдалануға болады. Электрондық кестенің мерзім және уақыт пішімі уақытты ғана белгілеп қоймай, олармен арифметикалық амалдар жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа пайыздық, бөлшектік, экспоненциалдық, мәтіндік және т.с.с сан пішімдері кеңінен қолданылады. Пайыздық пішімді пайдаланудың арнайыбатырмасы терезенің жоғары жағында орналасқан. Санның разрядын арттыружәне азайтубатырмалары да стандартты аспаптар тақтасында орналасқан.

Егер ұяшықтар #### символдары түрінде бейнеленсе, онда санның ені ұяшық енінен артық. Мұндайда ұяшықтың енін кеңейту керек.

Функциялар есептеулерді жеңілдетеді. Олар у=ƒ(х) түрінде жазылады, мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х - аргумент, ƒ - функция. Функция дегеніміз мәндері басқа шамалардың (аргументтің) мәндеріне тәуелді болатын шама.

Excel программасында 400-ден астам функциялар бар. Олар қаржылық, мерзім және уақыт, математикалық, статистикалық, мәтіндік, логикалық және т.с.с. 13 топқа біріктірілген.

Формулалар мен функциялармен жұмыс жасау ережелері:

  1. Формуланы есептеу нәтижесі белсенді ұяшыққа жазылады;

  2. Формулалар теңдік белгісінен басталып жазылады;

  3. Бір формулада бірнеше функцияны қолдануға болады;

  4. Функция атауынан соң аргументі жақшаға алынып жазылады;

  5. Аргумент ретінде ұяшық адресін пайдалануға болады;

  6. Формулаларда бос орын қалдыруға болмайды;

  7. Аргументтер нүктелі үтір арқылы ажыратылады және функцияның аргументтерінің саны 30-дан аспауы тиіс;

  8. Формула ұзындығы 1024 элементтен аспауы керек.

Ехсеl программасында жиі қолданылатын функциялар:

Қаржылық функциялар:

  1. АПЛ – берілген аралықтағы мүліктің тозуын есептеу;

  2. БС – банк салымының пайыздық мөлшері тұрақты болған кездегі салым өсімін анықтау;

  3. ДОХОД – бағалы қағаздан түскен түсімді анықтау;

  4. НАКОПДОХОД – бағалы қағазды жинақтау кезіндегі пайыздық түсімді анықтау;

  5. СКИДКА – бағалы қағазға арналған жеңілдік мөлшерін анықтау;

Мерзім және уақыт функциялары:

  1. ВРЕМЗНАЧ – мәтін түріндегі уақытты сандық түрге айналдыру;

  2. ВРЕМЯ – көрсетілген уақыт үшін сандық түрдегі мерзімді қайтару;

  3. ДНЕЙ360 – көрсетілген екі мерзім аралығындағы күн санын анықтау;

Математикалық функциялар:

  1. ГРАДУСЫ – радиан түріндегі берілген шаманы градусқа айналдыру;

  2. КОРЕНЬ – берілген санның квадрат түбірін табу;

  3. МОБР – кері матрицаны есептеу;

  4. МОПРЕД – матрицаның анықтауышын табу;

  5. МУМНОЖ – матрицаларды көбейту;

  6. SIN – радианмен берілген бұрыштың синусын анықтау;

  7. COS – радианмен берілген бұрыштың косинусын анықтау;

Статистикалық функциялар:

  1. МАКС – берілген тізім ішінен ең үлкен мәнді анықтау;

  2. МИН – берілген тізім ішінен ең кіші мәнді анықтау;

  3. СРЗНАЧ – берілген сандардың арифметикалық ортасын табу;

Мәтіндік функциялар:

  1. СЦЕПИТЬ – мәтіндерді бір–бірімен жалғастыру;

  2. ЛЕВСИМВ – мәтіннің сол жақтағы бірінші символын бөліп алу;

  3. ПРАВСИМВ – мәтіннің оң жақтағы ең шеткі символын анықтау.

Жиі пайдаланылатын автоқосынды функциясы аспаптар тақтасында арнайы батырма түрінде көрсетілген.