
- •Ақпарат және информатика ұғымдары
- •Ақпарат ұғымы
- •2. Ақпарат қасиеттері
- •3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •4. Ақпараттық процесстер
- •5. Информатика пәні
- •Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •2.1-Кесте. Натурал сандардың әртүрлі санақ жүйелерінде жазылуы
- •3.1-Сурет. «Марк-1» автоматтандырылған есептегiш машинасы
- •3.2-Сурет. «Эниак» электронды есептеуіш машинасы
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •4.2-Сурет. Аналық тақша
- •4.3-Сурет. Порттар
- •4.4-Сурет. Мәліметтерді жинақтауыштар
- •Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •4.6-Сурет. Ішкі және сыртқы модем
- •4.8-Сурет. Флэш-жады түрлері
- •Windows операциялық жүйесі Windows операциялық жүйесінің негізгі ұғымдары
- •Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •Стандартты программалар
- •11.1-Сурет. Стандартты программаларды жүктеу
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2-Сурет. Paint редакторының экраны
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3-Сурет. WordPad программасының терезесі
- •11.3. Калькулятор
- •11.4-Сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
- •Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •Microsoft Excel электрондық кестесі Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.2-Сурет. Ұяшықтар блогы
- •13.3-Сурет. Адрестеу түрлері
- •Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •Диаграмма құру
- •Microsoft Access Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •2. Өріс типтері және қасиеттері
- •Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Компьютерлік желі
- •Компьютерлік желілердің түрлері
- •Желілік топологиялар
- •15.1-Сурет. Шиналық топология
- •15.2-Сурет. Жұлдыз тәрізді топология
- •15.3-Сурет. Сақиналық топология Желілік техникалық құралдар
- •Желілік программалық кұралдар
- •Клиент-сервер технологиясы
- •Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •Электрондық почта
Диаграмма құру
Кесте түрінде берілген мәліметтердің көрнекі түрде бейнеленуі диаграмма деп аталады. Диаграмма – сандық шамалар мен олардың арақатынастарын геометриялық тәсілдермен көрсете отырып, шартты түрде кескіндеу. Диаграммалар стандартты және стандартты емес болып екіге топтасқан. Диаграмманы тұрғызу үшін диаграмма шебері қолданылады. Диаграмма шебері – диалогтық терезелер көмегімен қажетті мәліметтерді біртіндеп ала отырып, диаграмма құруды және оны жұмыс парағына орналастыруды қамтамасыз ететін Excel программасының іс-әрекеттері тізбегі.
Диаграмма
шебері Кірістіру(Вставка)
– Диаграмма
командасымен немесе стандартты аспаптар
тақтасындағы
батырмасымен жүктеледі.
Диаграмма шебері төрт қадамнан тұрады. 1-қадамда диаграмма түрінде тұрғызылатын мәліметтер орналасқан ұяшықтар ерекшеленеді. 2-қадамда сұқбаттасу терезесіндегі диаграмма түрлерінің ішінен тек біреуі таңдап алынады. 3-қадамда диаграмма атауы, x және y осьтерінің аттары жазылады. 4-қадамда мәліметтердің кайда орналасатынын көрсетіп, оларға түсіндіру мәліметтерін (түсініктеме - легенда) жазу керек.
Егер нәтижеге көңіліңіз толмаса, қайтадан алдыңғы терезеге Кейін (Назад) батырмасы арқылы оралуыңызға болады. Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрі таңдап алынғаннан кейін, Excel оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді. Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Диаграмма оның элементтері деп аталатын бірнеше бөліктерден тұрады: диаграмманы тұрғызу аймағы, диаграмманың өз аймағы, түсініктеме мәлімет (легенда), тақырып, мәліметтер белгілеулері, мәліметтер. Дөңгелек диаграммалар - жиі пайдаланылатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе пайызын бейнелеуге өте ыңғайлы.
Microsoft Access Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Мәліметтер қоры дегеніміз мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы. Ол ақпаратты сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорына мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысының кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындыларын және т.б. атауға болады. Электронды мәліметтер қорының басты қасиеті – ақпаратты жылдам іздестіру, сұрыптау және түрлендіру.
Мәліметтер қорының түрлері: реляциялық, иерархиялық, желілік. Мәліметтердің реляциялық қоры кестелерді қолдануға негізделген. Ол екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастырылған. Егер әрбір жазба нақты бір объектіге ғана қатысты ақпараттарды қамтитын болса, онда мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорында әрбір тізім кестелерде сақталады. Мысалы: оқу орны туралы мәліметтер бір кестеде, студенттер туралы мәліметтер екінші кестеде сақталуы керек. Иерархиялық және желілік мәліметтер қоры қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық мәліметтер қорында мұндай байланыстар бұтақ тәріздес құрылым түрінде бейнеленеді. Мұнда біржақты байланыстардың болуы мүмкін және сұраныс құрылымда бейнеленсе ғана қанағаттандырылады. Желідегі мәліметтер қоры желілік мәліметтер қоры деп аталады.
Мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып жіктеледі. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және желілік қатынас құру болып бөлінеді. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады. Олар: жобалаушылар және қолданушылар. Жобалаушылар кесте құрылымдарын мәліметтерсіз, тапсырыс берушімен бірге келісіп жасайды. Қолданушылар мәліметтре қорын ақпараттармен толықтырады, өңдейді және нәтижелік кестелер мен есеп берулерді алады.
Егер мәліметтерді берудің режимі қосқабатты (дуплексный) режим болса, онда мәліметтер екі бағытта бір мезгілде беріледі.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтерді сақтау, қосу, жою, редакциялау үшін қолданылатын программалық жүйе.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері: Access, Clipper, Oracle, Paradox, FoxPro, FoxBase.
Access программасы - мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі: .mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- Мәліметтер қорын құру және оған мәліметтер енгізу;
- Кестенің құрамын қарап шығу және оны редактрлеу;
- Кестелер арасында байланыс орнату;
- Мәліметтердің тұтастығын және құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету;
- Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар жасау;
- Ақпаратты қалып және есеп түрінде көрсету;
- Қалыпқа және есепке суреттер және графиктер қою;
- Мәліметтерді импорттау және экспорттау;
- Интернеттің Web беттерінде мәліметтер қорын қолдану.
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесін іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Access командалар тізбегі орындалады.
Мәліметтер қорының негізгі объектісі: кесте. Кесте дегеніміз өрістер мен жазбалардан тұратын ақпараттарды сақтау қоймасы. Файл жазбасының дербес мағынасы бар қызметтік бөлігі, яғни кесте түріндегі мәліметтер базасының бір бағанасы өріс деп аталады. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесіне тікелей қатынасатын мәліметтердің ең кіші атаулы бірлігі. Логикалық байланысқан өрістердің жиыны жазба деп аталады. Жазба – кестенің қатарына (жолына) жазылған мәліметтер жиыны.
Әр кестедегі мәліметтердің біріктіруін, сақтауын, іздестіруін тиімді түрде ұйымдастыру үшін кілттік өріс қолданылады. Мысалы: телефон анықтамалығы берілсін. Онда фамилия, адрес, телефон нөмірі жазылған. Мұнда телефон нөмірі өрісі кілттік өріс болады. Файлдағы жазбаны бір жақты ұқсастыратын кілтті негізгі немесе бастапқы кілт деп атайды. Негізгі кілттен басқа жазбаларда мәні қайталанатын екінші реттік кілттер де қарастырылуы мүмкін.
Индекс дегеніміз индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы. Өрістерді индекстеу мәліметтерді іздеу және сұрыптауды тездетеді. Access-те кесте жазбаларын белгілеу аймағы дегеніміз – жолдың барлығын белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ. Кесте өрістерін белгілеу аймағы – кестедегі бағана тақырыбы аймағы.