Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / Информатика / Информ. казАБР для студентов.doc
Скачиваний:
237
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
3.92 Mб
Скачать

11.2-Сурет. Paint редакторының экраны

Paint графикалық редакторында бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: негізгі және фондық. Негізгі түс деп қарындаш түсін, ал фондық түс деп фонның түсін айтады. Терезенің жоғары сол жағында сурет салу аспаптары орналасқан. Қажетті аспапты таңдау үшін аспаптың белгісіне тышқан меңзерін апарып, оны шерту қажет. Нәтижесінде қажетті аспаптың белгісі айқын түспен ерекшеленеді. Мысалы, 11.2-суретте қарындаш аспабы таңдалған. Қарындашпен қалыңдығы бір нүктеге тең кез-келген сызық сызуға болады, қарындаш қалыңдығы өзгермейді.

Paint графикалық редакторының интерфейсі өте қарапайым, мұндағы аспаптар тақтасы суретші аспаптарының жиынына ұқсас. Қылқалам (Кисть) аспабы әдеттегі қарындаш тәрізді қызмет атқарады, оның қалыңдығын өзгертуге және формасын таңдауға болады.- сызықтар қалыңдығын таңдауға, өшіргішаспабы қажетсіз сызбаларды өшіруге арналған.

Paint графикалық редакторында тіктөртбұрыш, эллипс, тұйық көпбұрыш сызатын арнайы аспаптар бар. Әдетте фигуралардың іші бос болады. Бірақ, оларды белгілі бір түспен бояуға болады. Тұйық аймақтың ішін бояу үшін қолданылады. Суретке мәлімет жазу үшінқұралы қолданылады.

Жұмыс жасау барысында Paint графикалық редакторын меңгеру жеңіл. Сондықтан, бұл программамен қазіргі уақытта төменгі сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жұмыс жасайды.

11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот

Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды редакциялауды жасақтайтын редактор. Оның мәтіндік процессорларға қарағанда мүмкіндіктері төмен. WordPad мәтіндік редакторы көлемі шағын мәтіндер мен құжаттарды ашу, өңдеу, түзету және қағазға басып шығару жұмыстарын атқарады. Бірақ, мұндағы қаріп түрлері және оларды пішімдеу мүмкіндіктері шектеулі. «Word» ағылшынша «сөз», ал «Pad» - блокнот деген мағынаны береді, яғни жазуға арналған блокнот.

WordPad мәтіндік редакторы Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – WordPad командалар тізбегін орындау нәтижесінде жүктеледі.

11.3-Сурет. WordPad программасының терезесі

WordPad мәтіндік редакторында мәтінді туралаудың үш түрі бар: оң жағынан, сол жағынан және ортасынан.

Терілген мәтінді сақтау үшін Файл – Сақтау командасын орындап, ашылған сұқбаттасу терезесінде құжаттың орналасатын жерін көрсетіп, атауын енгіземіз. Мұны Ctrl+S пернелер комбинациясы немесе пернесі көмегімен орындауға да болады.

Құжатты баспаға шығару үшін Файл – Баспаға шығару командасын таңдаймыз. Ашылған сұқбаттасу терезесінде құжатты басып шығаратын принтерді таңдап, баспаға шығатын парақтардың снаы мен көшірменің санын анықтаймыз. Бұдан соң «ОК» батырмасын басамыз. Осы команданы Ctrl+P пернелер комбинациясы немесе пернесі көмегімен орындауға болады.

Баспаға шығатын құжатты алдын-ала көру үшін Файл – Алдын-ала көру немесе пернесі қолданылады.

WordPad мәтіндік редакторында құжатқа ағымдағы уақытты қоюға арналған арнайы батырма бар. Ал,батырмасы қаріптің түсін өзгертеді.

Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторларға қарағанда төмен. Оның басты ерекшелігі – қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадыда аз орын алады. Ол командалық файлдарды дайындау, түзету және модем арқылы жіберетін хатты дайындау кезінде қолданылады. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін пайдаланады.

Біз WordPad мәтіндік редакторы және блокнот туралы мәліметтермен қысқаша таныстық. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын, қуатты және мүмкіншілігі зор Microsoft Word мәтіндік процессорына келесі тарауда кеңінен тоқталамыз.