Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Кудатгу Билик.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
304.13 Кб
Скачать

Уа жаратушы, сені шексіз дәріптеймін

айурман — айтамын, дәріптеймін (1)

Сениң барлығыңға тануғлуқ берүр

Сенің бар екендігіңе куә болады (5)

берүр-берер

Чқаруп көрарсән мұны кәтаңа

Мұны (кезінде) көресің. Жақсылап ұқ.(18)

чықарур-шығарар

Чақырдым ажунда аты қалсу депшығардым.

Дүниеде аты қылсын деп чақардым-шығардым. (70)

Рабатқа түшерли тұмар кечеүлүг

Керуен-сарайға түскен одан әрі сапар

шегу үшін түседі тушар-түсер. (178)

Айа ранж қатықсыз сүрүр умғучы

Ей, ренішсіз, қиындықсыз өмір сүруді армандадым

сүрүр-сүрер.(211)

Йығар йемас ичмас тутар берк аны жияды. Ішпейді. Жемейді. Тістеп ұстайды.

йығар-жиер тутар-тұтар. (262)

Өлур қалур ахир йейүр душманы

Өледі. Қалады. Ақырында дұшпанына бұйырады

өлүр-өлер, қалур-қалар (264) к,

Ол анда йатыбан берүр саныны

6ерүр-берер(276)

Мұнда етістікке -үр, -ар, -р жұрнақтары жалғану арқылы есімшенің келер шақ мәнін көрсетіп тұр. Бірақ қазақша аудармасында келер шақ мән емес, өткен шақ немесе осы шақ мән түрінде кездесе береді. Себебі: ескерткіш сөзбе-сөз аударма емес, өлең жолының ұйкқасына, негізгі мағынасына байланысты аударылған. Мәселен:

Қавы ерса қамлұр қочар кувваты

күшті болса әлсірейді, қуаты қашады (196)

Йеча тәтиг ердин бирар саһу келүр

Небір ұқыпты ерден бірер мүит кетеді.(361)

Бұл мысалдарда кечар қувватты-қуаты қашады деп аударылған — ар жалғауы жалғанып келер шақ мән тудырған болса қуаты қашар болыу керек еді. Сол сияқты келүр -кетеді емес, келер деген мағына білдіреді.

Бұл жолдардан фонетикалық ерекшелікті көреміз. Мысалы: ч-ш (чықарур-шығарар), ш-с (тұшар-түсер), у-а (қалур-қалар ) т.б. Ал лексика-грамматикалық ерекшелікке:

Ва лайкин бүшарда шара арсланы

Алайда қаһарланғанда шара арыстаны сияқты (52)

бұшарда –ашулан.

Ескерткіш тіліндегі түбір сөз "буш" пен қазақ тіліндегі "ашу" сөзі арасында ешқандай байланыс жоқ.

Сол сияқты:

Сениң рахматиңдин умармән оң-а

Алдымен сенің мейірім-рақымыңнан үміт етемін (2) Бұл жерде “умармән” есімшесінің түбірі ум, аудармасы үміт ет, күт. Түбірге (уш) -ар жұрнағы жалғанғанда “үміт етемін” мағынасында жұмсалады.

Ескерткіш тіліндегі уш мен қазақ тіліндегі үміт, күту магынасы

арасында жақындық жоқ.

Іі-тарау

Іс-әрекеттің, қимылдың себебін, амалын көрсететін қосымша қимылды білдіретін етістіктің формасы – көсемше категориясы аөсемше форма сөйлемде әрқашан негізгі қимылды білдіретін етістіктің меңгеруінде келеді.

Көсемше жеке тұрып негізгі тиянақты қимылды білдіре алмайды, ол негізгі қимылдың амалын, себебін, мақсатын тағы басқа сипатын көрсететін қосымша қимылды ғана білдіретін форма.Сондықтан да көсемше формалары сөйлемде екінші бір етістіксіз жеке өзі қолданылмайды. Мысалы: Сен оқып, Асан жүре немесе бала хан оқығалы десек мұнда сөйлем аяқталмаған, ой тиянақсыз. Сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап ету үшін, сен оқып түсіндің. Асан жүре жауап берді. Бала хат оқығалы орындыққа отырды. Деп негізгі қимылды (түсіндің, жауап берді, алды) білдіретін етістіктермен толықтыру шарт. [ ]

Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілдерінде көсемшелік тұлғалар сан жағынан көп болған. Бірақ олардың кейбірі қазіргі тілде сақталмаған, бірен сараны жеке сөздер құрамында “өлі” элементтер түрінде ғана ұшырасады.

V-VIII ғ. ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған.

1. -а, -е: уча, тута

-й, -ы: -іти, алы

-у, -ү: өлі, оплайу

-гелі: өлгелі

-ты: сақынматы, қатығды.

  1. -п, -пан, -пен: олурыпан.

Белгілі турколог ғалым С.Е. Малов “Иамятнмкм древнетюркской письменности” атты еңбегінде көсемшенің мына формаларын ұсынады:

1) дауысты дыбыстарға:

ачу-сәчү “исчислял және выбирая”

ача-сәчә

ажу “говоря”

сажу “считал”

кылумаз “не сможет сделать (<кылу+умаз)

2) -мадын,-мәдін.

Білмәдін “не знал”

тапундурмадын “не принуждал служить”

jапмадын “не отделял”

ажырмадын “не отделял”

  1. -гінча

Бұл формалар орта ғасыр ескерткіш тілдерінде кездеседі.

Қазіргі қазақ тілінде көсемше категориясын мына формалар арқылы танимыз:

1) -ып, -іп, -п;

2) -а, -е, -й;

3)-ғалы, -гелі, -қалы, -келі;

4) -ғанша, -генше, -қанша, -кенше.

Аталған формалар мағынасына және сыртқы тұлғасына қарай: 1) өткен шақ көсемше. 2) келер шақ көсемше. 3) осы шақ көсемше деп бөлінеді.

Ескерткіш тіліндегі көсемшелер мен қазіргі қазақ тілі көсемшелері арасында фонетикалық, лексико-грамматикалық ерекшелік болмаса, берер мәні атқаратын қызмет жағынан ұқсас келеді.

1) Өткен шақ көсемше -ып, -іп, -п.

-п тұлғасы көне түркі тілдерінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл. Бұл тұлғадан тараған -пан, -пен және –ыбан, -ібен варианттары да болған.

-п тұлғасын А.Н.Кононов көне -й/а, и/е етістігінен қалыптасқан деп қарайды. Аффикс мына жолмен өзгеріске түскен: -(и) ыпан >(п) пан >ып. Ал кейінгі дәуірлерде -пан күрделі аффиксінің құрамынан -ан буыны түсіп қалса керек. –ан аффиксі қазіргі якут және чуваш тілдерінде өнімді.

“Деепричастия на -ип, -ып, -уп, үп выражает:

1) действие предшествующее другому действию, характеризкя сказуемое с точки зрения образа действия, времени, причины или условия: ал-ып взяв // когда взял // так как взял // коль скоро взял // если взял...

2) действие происходящее одновременно и параллельно действию, выраженному в главном сказуемом, т.е. в данном случае деепричастие на -ып обозначаен однородное сказуемое:

Бир туддет оданін ортасинда ауакта дуруп бекледі.

Некоторое время он стоял посреди комнаты и ждал” [ ]

Бұл мысалдағы дуруп әрекеті, бір уақытта және қарама-қарсы уақытта өтілген бірыңғай баяндауыш және дурду ве бекледи тұрды және күтті жалғаулығы бола алады.

С.Е.Малов та -пан тұлғасын -п және -ан бөліктерінен құралған деп есептейді. Сонымен қатар бұл пікірге Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. “Сравнительно историческая грамматика тюркских языков” атты еңбегінде -ып, -іп тұлғасы көне ескерткіш тілінде -пан, -пен тұлғасы ретінде кездеседі дейді. “Древнее деепричастие на -ып, -іп представлено во всех старых и новых тюркских языках, за исключением чувашского: тат, алып-взяв от ал-брат; кирг., тур., кум., гаг., кар., казах., алт., алып; к. –калы, алып и т.д. Происхождение аффмкса -ып, -іп не выяснено.

В ранних памятниках тюркской писменности встречается деепричастие на на (ы) пан // -(и) пән; олурыпан –сев; гөздәрүдән-показав и т.д.” [ ]

А.М.Щербак -п тұлғасы тарихи тұрғыдан қимыл есім формасы, ал -ан ескі құралдық септік қосымшасы деп есептейді.

“Деепричастие на -ып часто сочетается с другими глаголами, как в других тюркских языках. Вот некоторые примеры: оттур-уп гат оставайся сидеть оһур жмбер начни на читать; жазып бер напиши и дай; атып-бар унеси; унут-тал-тур не забывай.

Эти вспомогательные глаголы указывают на способ действия: туртаг длительность, жибермек неожиданность, гатмаг переход от действия к состоянию, гелмек и гетмек связь с движением, гоимак законченность движения, жибермек неожиданность гатмаг переход от действия к состоянию, гелмек и гетмек связь с движением, гоимаг законченность движения, гарамаг+попытка к действию” деп Дмитриев Н.К. “Строи тюркских языков” атты еңбегінде өз ойын қосады. Және -п, -іп, -уп, -үп тұлғасы болымсыз формасына айнала алады. Оған -май, -мей жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: -атып-бол-май (не будучи в веслах взять), ат-май (не взят) т.б.

-п формасы көсемше тұлғалары ішінде әр түрлі қызметте жиі қолданылуымен ерекшеленеді. –п көсемшесінің синтаксистік функциясын екі топқа бөліп көрсетуге болады:

1) фениттіетістік пен -п көсемшелі етістік тең дәрежедегі іс-әрекеттерді білдіреді. Олардың арасындағы бағынышты мағыналық байланыс болады. Бұл жөнінде В.М.Насилов: “Это деепричастие в структуре предложения является смысловым эквивалентом verbum finitum, который оно заменяетдля выражения чередующихся или одновременных с главным действием”. [ ]

-п көсемшесі конструкциялар негізгі етістікпен әр түрлі пысықтауыштық қатынаста тұрады. Бір мезгілдік, әр мезгілдік сипатқа ие. Соңғы жағдайда -п формасы негізгі етістікпен сөйлеу сәтіне қатысты алдын-ала болған әрекетті көрсетеді. Соған сәйкес сөйлемде әрекеттер тізбегі пайда болады. Осы ерекшелігіне қарай А.Байтұрсынов “үнемсіз көсемше – созымсыз бірден бітетін істі көрсету үшін айтылады” – деп сипаттайды.[ ]

Исхаков, Пальмабах

атты еңбегінде: -п формасының мезгілдік мәні көсемшеде сақталынады. -п формасының “универсалды сипаты” көнеден келе жатқан, шығу тарихы әріден басталатын сипатымен байланысты. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасында -п формасына қатысты: “Есть основания предпологать, что древнее деепричастие на -ур, -ір существовало уже в раннем состоянии тюркских языках за исключением чувашского, якутского” – делінеді. [ ]

-п формасы алғашқы қолданысында бағыныштылықты көрсету үшін емес, сөздерді қатар беру үшін қолданылған да, кейін соның негізінде оның екінші бағынышты байланысты көрсететін варианты қалыптасқан. Бірақ -п формасының алғашқы қызметі жойылмай, ол екі функцияда қатар жұмсалатын болған.

Бірыңғай мүшелерді беруді тек -п формасының жұмсалуын осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Оның жеке түрде немесе сөз тіркесі түрінде қолданылуы құрылымдық жағынын бағынышты сөздермен кеңейіп, сөйлемді күрделендіруші конструкция-оралым ретінде қалыптасуына әкеледі.

Көсемшенің өткен шақ мәнін беретін –п, -ып, -іп тұлғасы көсемшенің басқа тұлғаларына қарағанда ескерткіштер тілдеріне де, қазіргі түркі тілдерінде де жиі кездеседі.

қылып – қылып

Йоқ ердим йараттың йана йоқ қылып

Жоқ едім. Жараттың, және жоқ қылып

(һ.х.9)

өтүп - өтіп

Өтүп бари бирга йүрүр өң соң-а

Кезегімен алмасып, бірінен соң бірі өтіп жатады.

(һ.х. 14)

Түнәтүр түнүңни күнүң кетәрип

Күніңді кетіріп қараңғы түн етеді

(һ.х. 15)

йититип – толып

Аның вудуы бирла көңүлләр толуы

Оның адамгершілігін барша көңіл толып

(һ.х. 75)

билип – біліп

Билип етар шини өкүнмес кәдин

Не істесе / біліп істейді, кейін өкінбейді

(һ.х. 114)

көмүп – көміп

Кераксиз созин көмүп кизләйүр

Керексіз сөзін көміп жасырады

(һ.х. 118)

етип – жасап

Өз елгин бұт етип идим бу деди

Өз қолынан бұт жасап: “Құдайым бұл”, — деді.

(һ.х. 124

йеп – жеп

Басал йеп ачытма ағызии, асал

Бал татыған аузыңды жуа жеп ашытпа

(Һ.х. 162)

қопуп – қозғалып, тұтуп – тұтып

Өң арқыш узады қопуп йөл тутуп

Әдепкі керуен қозғалып жол тұтып ұзап кетті.

(һ.х. 19)

бәзәніп – заметит (қарап)

Ара көрсә жугрур, бәз әніп иду

Она побегает, когда заметит (друга), следует за ним и украшается (QBW41)

Олдуруп – сидя (отырып), миңадип – задумавшись (ойланып)

Миңадип ажур, кун өзи

Однажды днем сидя, задумавшись, он сказал:

(QBN42)

билип –біліп

Билип исләсә әр тиләккә тәгур.

(QBW42)

тиләп – тілеп

Басутен тиләп bulmaду, көр,әмек

(QBW42)

Сунап сөзләгуен, удуп, хилу өз

(QBW43) 1жыл

Жараисизни боиду әлигдә уруп

(QBN43) 1ж.

Әзизіг иуратти, әліндін суруп

(QBW43) 2ж.

Исал болма саклап ками исидә сән

(QBN43) 13ж.

Кози бирлә катлуп, журиди бори

(QBW44) 6ж.

Жаиулариз әштип, божун әгдиләр

(QBN44) 8ж.

“һибат-ул хақаийқ” және “Құтадғу билиг” ескерткіш тілдерінде көсемшенің -ып, іп, -п формасы жиі ұшырасады. –ып, -іп, -п формасының -үп, -ип, -уп формалары кездеседі.

Өтүп бари бирга йүрүпөң соң-а

Кезегімен алмасып, бірінен соң бірі өтіп жатады.

(һ.х. 14)

Билипетар шини өкүнмас кәдин

Не істесе біліп істейді, кейін өкінбейді

(һ.х. 114)

Аның вудды бирле көңүлләр төлуп

Оның адамгершілігін барша көңіл толып

(һ.х. 75)

Көсемшенің -үп, -ип, -уп, -п, -ып, -іп формалары өткен шақ мәнін білдіріп, іс-әрекеттің уақыты, себебі немесе шарты баяндауыш арқылы жасалған.

2. Осы шақ көсемше. -а,-е, -й. Көне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше тұлғалары дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен форманттармен бір тектес құрамында қолданылған. Көтеріліп отырған көсемше форманттарын шақтық мән білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері-а, -е, -ы, -и, -ү, -ыт, болып табылады.

-а, -е- және -ы, -и, -у, -ү тұлғаларын Орхон жазбаларын оқып, оның тілін зерттеумен айналысқан В.Томсон бір-бірінен аздаған мағыналық мәнерлер арқылы ғана ажырайтын фонетикалық варианттар деп қараған.тұлғасы Х-ХІІІ ғ. А.М.Щербактың айтуынша, жеке сөздер құрамында ғана сақталған өлі тұрға болған.

Қазақ тілінде бұның ізін -сайын (сай-ы-н), дейін(тегі-і-н)тәрізді шылаулар құрамынын көреміз.

-у, -ү тұлғалары орта ғасыр жазбаларында аса кең қолданылған. Алайда кейінгі дәуірлерде қолданыстан шығып қалды. Варианттардың азаюымен бірге, бір кезде әр түрлі вариантқа тән болатын мағыналық мәнерлер тек қана -а, -е, -и формаларына шоғырланған. Айталық, ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын себебін білдіру мәнінде көбінесе -у, -ү, -ы тұлғалары қолданылса, қазіргі тілде осы мағыналар -а, -е, -й көсемшелерімен беріледі.

А.Н.Кононовтың “Грамматика современного тюркского литературного языка” атты еңбегінде көсемшенің -а, -е, -й тұлғасы жайында былай дейді: “Это деепричастие выражает развернутое обстоятельство образа действия,причем в этой функции названное деепричастие употребляется только в удвоенном виде (повторяется могут деепричастия, как образованные от одинаковых глагольных основ так и образованные от разных глагольных основ), передавая регулярную повторяемость, постоянную, обычную многократность” деп, мына мысалдарды ұсынады.

1) Бірдей көсемшелердің қайталануы: -а;

Бен де корка коркаианинда гидиор vе сисуиордум.

Я боязливо (“боясь-боясь”) шел рядом с нею и молчал.

... етрафмна бакинабакина иурумше bошлади

... Он зашагал, то и дело оглядываясь по стороном.

... сойлене сөйленегитмишти

... Он ушел, не переставая ворчать по себе.

2) Түрлі көсемшелердің қайталануы: -а; Мұнда мағыналары түрлі көсемшелер қайталануы мүмкін немесе бір-біріне синоним және антоним көсемшелер қайталануы мүмкін.

... беш оп сиска өкузд багира чагира бир арала топламак истиорларди

... подняв вопли и крики, они старались сообрать в одно место пять-десять хилых быков

... булутлар парчалана догила кошушумор

... Облака бегут, разрываясь и рассиеваясь.

... бир карт кеди гиби еснеие тембел тембел вакит гечер

... Он лениво проводит время, позевывая и дремля, словно старый кот.

  • Немет аблом, хипша зиплиаташлига инди.

Мое старшая сестра нимет вприпрнжку

(“прыгал, скаса”) сошла во дворик. [ ]

Гаджиева Н.З. және Серебренников Б.А. еңбектерінде көсемшенің -а // -ә тұлғасы қазіргі түркі тілінде актив қолданылатын тұлға, кейде қос сөздің қатысуы арқылы жасалынады: +айта-айта; бара-бара т.б.

Яғни Гаджиева Н.З. мен Серебренников Б.А. –а көсемшесінің -ә вариантын ұсынады.

Дмитриев Н.К. “Строи тюркских языков” атты еңбегінде Таджиева мен Серебренников айтқан пікірлерін қостайды. Яғни көсемшенің -а, -е тұлғасы қосарланған әрекетті білдіреді. Егер негіз дауысты әріппен аяқталса, -а,-е тұлғасының орнына -і жұрнағы жалғанады. Мысалы, журу-і, журу-і “идя и иде” (жүре-жүре); ісле-і ісле-і “работая и работая” (жұмыс істей істей); [ ]

Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тілі кірмейді),көсемшенің -а формасы етістіктің ашық рай парадигмасына кіреді және ол осы – келер шақ мәнінде жұмсалады: башк, қар., тат. барам, қазақ. барамын, қараш.-балқ.барама, құмық., ноғ. бараман, ұйғ. барымән, якут. барабын “барам, барамын”; башқ. бараһын, қазах., ноғ., тат. барасың, кар. барас, караш. балк. бараса, кырғ. барасың, құм. барасан, өзб. борасан, ұйғ. барисән, якут. барақып. барасың; баш., құм., тат. бара, қазақ., қ.-қалп. ноғ. барады, кар., караш. –балк. барады, қырғ. барат, өзб. бораді, ұйғ. баріду. барады”.

Бұл тілдердің ішінде башқұрт, қазақ, татар, өзбек және ұйғыр тілдерінде -а формасының беретін мәні келер шақ категориясы.

Ал, ескерткіштер тілінде -а формасы осы шақ мәнін береді.

Мысалы:

Басқа коргил емди ұқа сынайу

Енді ойлап, сынап байқап көріңіз

(һ.х. 99)

Ахы ер билигни,йета болди көр

Көрдің бе жомарт, білімді жете меңгерді.

(һ.х. 237)

Бүтін қылғы фи, лын өта ердегил

Жақсы қылық қалпын қатаң қадағала.

(һ.х. 821)

Бұл мысалдардағы сынайусынай, йста-жете, ота-өте көсемшелері осы шақ мәнінде жұмсалып тұр.

-а көсемшелі етістіктердің жалаң және қосарланған түрінде қолданылуы барлық түркі тілдерінде бір сипатта қолданылған. Бір тілдерде оның қосарланған түрінде кездеседі де, ал жалаң түрде берілуі көне қолданыстың көрінімі болып есептеледі. Бұл тұжырымды А.М.Шербактың мына сөзі нақтылайды: “Широкая самостоятельная неудвоенноеупотребление указанной формы не характерно ни для одного из тюркских языков” [ ]

-а формалы көсемшенің тек қосарланған түрде жұмсалуы кейбір түркі тілдері фактілеріне дәл келгенмен, оның жалпылық сипаты туралы айтуға көсемшенің жеке тілдердегі нақты қолданысы мүмкіндік бермейді. Бұған қазақ тіліндегі -а көсемшесінің жалаң түрде жиі қолданылуы дәләл бола алады. [ ]

-а формасы сонымен қатар, екінші затталған іс-әрекет есімше және көсемше құрамына кіреді: азерб. жазыласы “не жазылу керек” жазаиақ “қалайда жазуға тиіс біреу”, дурарақ”қою”, ант. ичәтін “ішуші”, баратан “баратын”; қазақ. кәләтин “келуші”; нир. ажта турған “айтушы” т.б.

“Форма на -а восходит к древнему имени действия, которое, с одной староны, послужило основой для личной глагольной формы настоящего времени, с другой само по себе или в форме орудного падежа приобрелдо функциий деепричастия: Как известно , следы деепричастного использования формы на -а с аффиксом ерудного падежа сохранились в якутском языке, в котором наряду с новой представлена и исходная форма, ср.: корон-видя, олоран-сидя, баран-идя, бүтәрән-заканчивая.

әсіңа-есіңе

Төзу төрт әсіңа туман мің салам

(QBN15)

билә-біле

Жаруду азунка, күн ай таг билә

(QBN41)

болә-бола

Нә әдгу bолә һәг оl әдгу кіши.

(QBN40)

Ескерткіш тілінде -а, -е, -и формасы өте сирек кездеседі. -а формасының -ә вариантын байқауға болады. Дегенмен, олардың берер мән-мағынасы қазіргі қазақ тіліндегі көсемшенің осы шақ мәнін беретін -а, -е, -й формасы арасындаайтарлықтай ерекшелік жоқ. Бажан-богатая, білән-зная. Обяснить появление подобных форм влианием монгольских языков, сыгравших важную роль в истории якутского языка, едва ли возможно, так как н присутствует также в составе некоторых наречий и послелогов в других тюркских языках. Примечательно и то, что в форме орудного падежа выступают разные деепричастия, ср.: ст. – узб. Бармай, бармаймын “не отправляясь”; чуваш. Пірарақан “идя”, (двигаясь”, деп А.Н.Щербак көсемше категориясының осы шақ мәнін беретін -а формасының тағы бір қырын еңбегінде көрсетеді.

Қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов көсемшенің -а, -е, -й формасын үнемді көсемше деп атап, мына мысалдарды ұсынады: айта бердім, айта бердің, айта берді. Ал, И.Е. Маманов бұл формаларды келер шақ деп түсіндіреді.

“Һибат-ул хақайиқ” және “Құтадғу билиг” ескерткіш тілдерінде көсемшенің бұл формасы аз кездеседі. Олар осы шақ мәнін берсе, кейде келер шақ мәнінде кездеседі. Олар жалаң және күрделі түрде келеді. Кей ғалымдар көсемше формаларының қайталанып айтылуын, басқа қос сөздердің қатарында, үстеуге жатқызады. Шындығында қос сөзден жасалған көсемшелерді үстеуге жатқызу дұрыс емес, көсемше формаларының қосарланып айтылуы жүйелі түрде барлық етістіктерде қамтылмайды. Сонымен бірге көсемшеден жасалған қос сөздердің құрамындағы етістіктердің лексикалық мағынасы сақталмайды. Олар тұтасып бір ғана сөздің ұғымын білдіреді.

Етістіктің көсемше түрінде қайталанып айтылуы барлық етістікке ортақ қасиет. Қайталанып айтылған көсемше формадағы етістіктердің лексикалық мағынасы өзгермейді.