Жоспар
Кіріспе
Түрік руна тілінде жазылған ескірткіштер
Көне түрік жазба ескерткіштері және руна жазуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Жаңа мыңжылдықтың қарсаңында, әлеуметтік-экономикалық өзгерістертен қашу мүмкіндігі болмағанда біз өзіміздің тамырымыз бен тарихтағы орнымызды іздейміз. Қазақстанда жастарды патриоттық сезімге баулу, тәрбиелеу қолға алынған. Соның нәтижесінде ежелгі түріктік өркениеттің жалғасы қазақ мәдениетіне деген сезім туады. Тарих, мәдениет, тілді зерттейтін ғылымда жүйелі зерттеуге қажет негізгі ұғымдар болады. Солардың бірі – материалдық мәдениет және жазба мәдениеті. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олар екі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті, тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды. Қашанда ұлы дала тұрғындарына тән берік және жасампаз рух бұл дәуірде өзге елдерге үлгі шашты болды. Оның ішінде көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше. Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен кездестіре аламыз.
«Түрік руна жазбалары» – бұл ұғым тюркологиямен айналысатын адамдардың бәріне таныс.
«Руна» «әріп» және «белгі» дегенгі білдірмейді. Оны – «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі –латыннын «арканум» (мысалға «Таро арқаны») немесе грекше «мисmерион» (мистерия) сөздерінің аналогы. Руналар – ежелгі герман әліпбиінің белгілері (II в. кейінгі ортағасырға дейін), Скандинавия, Исландия, Гренландия, Англия, Солтүстік Европа, Солтүстік Причерноморье, Ескі Ладога және Новгород елді-мекендеріндегі тастардағы, металлдардағы, ағаштардағы, сүйектердегі қаушаулар, белгілер. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін анықталмаған. Руна жазбалары /футарк/ көбінесе бір немесе бірнеше сөздерден тұрады. Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинвияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В.Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В.В.Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу «орхон-енисей» жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері /тілі және жазылу сипаты/ бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып кеткен.
Түрік руна тілінде жазылған ескірткіштер
Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды.
Көне түрік жазба ескерткіштері және руна жазуы
Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді.
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді.
Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.
Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп жасырып жатқаны бізге беймәлім.
Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы барлық таңбалардан бөлек өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу.
Көшпенділер өз тарихың VI ғасыр да Орхон-Енисей бойындағы қабырға жаңа, ескі түркі әріптерімен ойып жазғанда орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе «көшпенді халықта әріп деген қайдан болсам» деп ауа жойылмас еді.
ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындады.
Н. Ядринцев тасқа мынадай сыпаттама береді: биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған.
Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр. (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр.
Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың назарын сло Орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген атқа ие болады.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған», және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.
Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсірее, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның «VІ – VІІІ ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылады.
«Сонымен қатар дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме көркем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады. Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың көркем болуы шарт емес, керісінше тусінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманыңүшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін сүреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тәсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.»1
«Күлтегін» жырындағы мынадай өлең жолдарына назар аударайықшы:
Қаның судай ақты,
Сүйегің тау боп жатты...
Бек ұлдарың құл болды...
Пәк қыздарың күң болды...
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік...
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды.
Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып жыр жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бұрын жазыпты. Демек, әрбір шумағы әсем айшық-өрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бүгінгі өресі биік поэзияның қайнар-бастауы, түп тамыры көне тарихтың тұңғиық тереңінде жатқаны ғой.
Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғасырда әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.
Адамзаттың көркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып көркем сөз ескерткіштері тек көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон елінің «Көрмегені жоқ кісі» деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында жазылыпты. Бұл адамның сұлулығы мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн деуге болады. Ал, енді үнді жұртының бұдан да ертерек жазылған «Махабхарата» деген көркем туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі жүз он төрт мың жол өлең болып келеді.
6-ғ. Жетісу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «түрік» деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек, түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жаугершілік дәстүр сол кездері маңызды орын алды. Олардың алғашқы көсемдерінің бірі –Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың орталығы Орхон өзенінің (қазіргі монғолияда) жағасында болды. Истеми қағанның тұсында елдің терреториясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын соғыстар басталды да, қағанат 2-ге (бірі орталық азиядағы Шығыс Түрік, екіншісі-Жетісу, Шығыс Түркістан, Орта Азия Батыс түрік қағанаты) бөлінеді. Құлпытасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон-Енисей жазбалары деп те аталады. Бұлардың авторы Иолығ-Тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі болып отыр, бірақ қайда туып, қашан өлгендігі жөнінде еш мағлұмат жоқ. Шамамен 8 ғасырдың орта шенінде өмір сүрген болу керек. Жазба ескерткіштердің мазмұнына қарағанда оның өз заманында білімі адамдардың бірі болғаны байқалады. Білге қаған інісі Күлтегін қайтыс болғаннан кейін (731ж.) оны өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрттан шеберлер алдырып, Қожа-Сайдам ойпатына үлкен ескерткіш орнатады да, мұндағы өсиет сөздерді өз ағайыны Иоллығ-Тегінге жаздырады. Кейіннен Білге қаған қайтыс болып, інісінің қасына жерленеді. Осы ескерткіштің тексін жазған да Иоллығ-Тегін. «Құлтегін» («түркі қағанаты туралы сөз») ескерткішіне дейін де халық жадында сақталған ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, тұрмыс салтын жалпы жұртқа паш ететін шежірелер болуы ықтимал. Бірақ ол жөнінде әзірше мәлімет жоқ. Автор түркілер тарихын олардың саяси арнаға шыққан кезі-6ғасыр ортасынан бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бергі 200 жылдық тарихты сөз етеді. «Құлтегін» ескерткіші желісі жағынан екі бөлімнен («Кіші Құлтегін», «Үлкен Құлтегін») тұрады. Біріншісі-жазылу мерзімінің кейін тұрғанына қарамай-түркі тарихының кіріспе бөлімі іспеттес те, екінші мемлекет тарихының негізгі бөлімі, «ел өсиеті» болып есептеледі. Құлтегін ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты дарытқан жаужүрек батыр, ұлан-ғайыр даланың еркін билеген дала халқының қайсар жауынгері. Ал Тоныкөк болса талай қанды жорықтардың куәгері, үлкен өнер иесі,ойшыл, философ, халық дипломатиясының білгірі. Тас жазуларда ерліе пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік, тәлім-тәрбие, тұрмыс-салт мәселелері әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге толы сезім толғаныс-тебіреністерімен байқалады. Мәселен, «Бізге жеңіс әперген жер-суымыз-Отанымыз деп біу керек... Қандай қанағат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз (жалқау, оңбаған) табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десенізші-Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойлап толғаныңыздар... су ағысы тартылса, жас жапырақ қурайды, адамдардан күш кетсе-жат кісіге бағынады... «Менің ағам мені адам етті... Аштықта тоқтықты түсінбейсің,,, «Жақын отырған сыйдың құрметтісін алады, алыс отырған сыйдың «немкеттісін» алады», деп келетін сөз тіркетерінің психологиялық мәні зор. Құлпы тастарда осы іспеттес жас жеткіншектерді елін, халқын сүюге , жақсы, ұнамды әдет-ғұрыптарға баулу, үлкенді сыйлау, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп, тәрбиелеу жайындағы мәселелер сөз болады.
Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі-Қорқыт ата тағылымдары. 8-9 ғғ. Төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз-Қыпшақ тайпаларының мемлекеті болды. Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жазмышқа қарсы күресіп, адамның мәнгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан. Қорқыт туралы аңыз-жырлар, бізге жеткен «Қорқыт ата кітабы» Орта Азия, Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының аса көрнекті жазба ескерткіші. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан-ақ қастерленіп келеді.1980жылы сырдарияның төменгі сағысында Жосалы (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығы) станциясының солтүстік-батысына таман Қорқыт мекенінен бір жарыс шақырым жердегі оның зияратының басына тамаша ғимарат ескерткіш орнатылуы оған деген құрметтің белгісі. Қорқыт ата нақылдарында тәлім-тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер әр қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылдық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ түргеіміз абзал. «Тәңіріне сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды... Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыныштық көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға бақ бермейді...» Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үйішілік жарасымды қарым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әр түрлі мінез-құлық сипаттары жайында айтқан тағлымдары да бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай: «Өзінен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды... Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген кыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар... Ұлың өсіп-жетілсе, отбасының мерейі, бас-көзі». Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірімдердің жанымен қоса тәнінің шынығуына, елі мен жерін жан-тәнімен сүйіп, оны қасықтай қаны калғанша жаудан қорғайтын жаужүре батыр болғанын аңсайды. Осыған орай ол былай дейді: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолыңа өткір қылыш алып, суыр жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп , күшінді сарп етпе, батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі... Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын». Кемеңгер дала ойшыл жас жеткіншектің көпшіл, қонақжай, ата жолын қуған ақпейіл адам болғанын қалайды. («Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық...Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуалаған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайлды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамғы бұл дүниеде отыз жасты үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз»). Отбасы, ошақ қасының, үй іші тыныс-тіршілігінің берекесі, ұрпақ тәрбиесінің әйел-жұртының кескін –келбетімен қатар, әдепті, көрегенді, адамгершілік, иманжүзділік қасиеттерімен де тікелей байланысып жатады. Осыған орай Қорқыт ата әйелдердің төрт түріне берген сипаттамасы психологиялық жағынан ерекше көңіл аударады. Мәселен, әйелдерлің бір тобы отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұтақтары өсіп-өнген жандар болса: екіншісі ынсапсыз, қанағатсыз... үшіншісі – салдыр-салақ , өсекшіл келеді дейді.
Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты /689-744 жж./ және Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты /745-840 жж./ дәуірінде орнатылған. Ең әйгілері – Бірге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне 732-735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төныкөктің /716 жыл/ құрметіне Тоныкөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш. Орта Азия мен Қазақстан аумағында руналық ескерткіштердің екі тобын – ферғаналық тобы мен жетісулық тобын бөліп қараған жөн. Бұларға үлкен-үлкен қой тастардағы, қабір басына қойылған тастардағы тоғыз жазу және Талас өзенінің аңғарындағы Терексай қойнауындағы жартас бетіндегі жазулар, Жамбыл қаласының маңынан табылған керамикадағы жазулар, теңгелер мен тұрмыстық бұйымдардағы ұсақ жазулар мен жекелеген белгілер, ағаш таяқшадағы жазу /Талас өзені бойынан кен қазу жұмыстарында кездейсоқ табылған/, сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан табылған екі қола айнадағы руналық жазулар, Талғар қала жұртынан табылған қыш ұршықбастағы ұсақ жазулар жатады.
Күлтегін ескеркіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі : « Түркі халқын жиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдер , түркінің қазіргі халқының бектері»-дейді.(1)
Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген . Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан ижеңіліп шамамен 50-жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар Қытай титулдарын қабылдап, түркі бектероі болудан қалғандығын айтады . Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан , одан адамшылыққа жат пиғыл кездеспейді. Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ әрбір жауынгер соғыста ғана емес , күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.
Жазба ескерткіштегі Білге қаған үлкен ел басқарушы , Күлтегін өз заманының даңқты батыры , Тоныкөк әрі батыр , әрі шешен , әрі жырау,кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы ретінде суреттелсе , Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары , мақал – мәтелдер , арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі.
Талас ескерткіштері. Талас өзені аңғары маңынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері » деп аталып жүр. Талас өзені бойынан Қырғызстан жерінен барлығы 13-ескеркіш табылған . Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз. Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған бұның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Орхон – Енисей ескерткіштері тектес таңба жазулы, тастар Әулиата түбінен Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге мәдениетін дамытқан . Ежелгі түркі мәдениетьінің орталықтары Енесей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Миниоивск ойпаты, Алтай тауы қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы Карпат, тауларына, оңтүстігі Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі Ленаға дейінгі арлықтағы байтақ аймақты мекендкеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрлерінен қалған барлық мұралар енеді. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша көне түрік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тері бетіне 310 беттей мәтін түсіпті. Маихей әріпімен 554 бетке жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 100-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб әрпімен жасалған орта ғасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар (1). Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас, Шу аңғарларына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі бұдан 5 мың жыл бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр қорғандары, Қаракеңірдегі Домбауыл ғибадатханасы, Маңғыстаудағы Шақпақата мешіті халқымыздың мақтанышы, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетістіктері болып табылады. Қазір ғылым тарапынан қолдау таба бастаған Отырар өркениетін Отырар мен оның өзінен кем түсе қоймайтын іргелестері – Көкмардан, Кедер (Құйрықтөбе ) Оқсыз, Қаракөншек, Шілік олардың тікелей ықпалында болған Иасы(Түркістан), Баба Ата, Құмкент, Хұрлұқ, (Шымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырылған. Мұны біз – Отырар, Қаратау мәдениеті дегенге жататын Көкмардан, Күйкімардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әсіресе балшықтан күйдірілген, тастан қашалған, металлдан соғылған бұйымдардан, еңбек құралдарынан аңғарамыз. Қалалардың қаулай өсуіне VІ-ІХ ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілерінің туындауы себеп болды. Бертін келе Х-ХІ ғасырлар құрылыста күйдірілген кірпіш , гипс , Алебастр, кеңінен қолданылып, глазунь бояуымен және ою- өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды.
Отырар – 18-ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған. Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналасырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша салатын орынның қолөнершілер тұрағының, су құбырының нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тіркесе жатқан бөлігінің өзінде оннан астам үлкенді- кішілі қалалар болған. Ғажайып суландыру жүйесі бар қала егістігінің өзі әлденеше шақырымға созылып жатқан. Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бірінде өздері тұрып екіншісінде қонақ күрерін ортасы дәлізбен ажырасатын екі бөлмелі «қоржын үйі» оның өн бойына түнек салатыны археологтар пікірін растайды.
Отырардың іргесінде ІХ-Х ғасырларға ататын тұрғын жайдың орнын қазғанда саз балшықтан күйдірілген ойыншының маскасы табылған.
1893 жылы академик Бартольд Алматы қаласының орнын тапқан. Тіпті осы ғасырдың 20- жылдарының өзінде де осы қирандыларды көруге болатын. Осыладың ең үлкен қоныстары «Ботаника» бағымен «Горный гигант» совхозының тұрғын жайлар орналасқан көтеріңкі алаңы топырақпен айналдыра үйінді тәріздес етіп қоршалған, ол қала қабырғасы іспеттес болған.