Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар (2).docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
44.3 Кб
Скачать

Қорытынды

Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін ,Тоныкөк ,Білге, Бумын қағандар әрі тарихи , әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне айналды. Ардақты есімдерді ел алдында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескрткіштер көне дәуірдің қоғамдық- мәдени , әрі әдеби тұрмыс салт өмірлерінен хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап өз заманының шындығы мен қайғы қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге дейін жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл сайын өсіп жатыр.

Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерінгеографиялық, мазмұндық және дәуірлік мәніне қарап, Орхон ,Енисей, Талас деп үш топқа бөлінеді. Оның ішінен Талас жазбалары Қазақстанның Оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құроайды және аталған жазба ескеркіштердің тікелей жалғасы болып табылатын ортағасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы қыратты өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан алғаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазуларынан ерекшеленді Ежелгі түркі туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалды оқып білу әлі күнге дейін кешеуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінің әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды.

Қорыта келе, негізгі басты мәселе – көне түрік руна жазуларының әлі де толыққанды зерттелмеуі, түбі бір түркі тілдес қазіргі таңда өмір сүруші ұлттардың көне тарихының толыққанды зерттелуін қажет етеді.

Қарастырылып отырылған тақырыптың өзектілігі қазіргі таңда пантюркист ғалымдар арасында зор қолдауға ие болуы, көне руна жазының маңыздылығын ашып көрсетеді.

Руна жазуының алдағы уақытта мемлекеттер тарапынан қолдауға ие болып, толық зерттелуі жүзеге асса құпия жазудың сыры одан әрі ашыла түсер еді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Бартольд В.В. Соч.,5.-М.,1968.-С.45

2. Бейсенбайұлы Ж. Бітігтастағы Білге танушы «Егемен Қазақстан» 2002, 28 сәуір.

3. Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия, Күлтегін. (кіші жазу) Алматы, 1967, 29 б.

4. Есенқұлов Е. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі  қосымшалар. Алматы, 1976. 10б.

5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі 1991.

6. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, Жазушы 1990.

13