Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Кудатгу Билик.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
304.13 Кб
Скачать

2. Есімшенің осы шақ түрі: -атын (-етін, -йтын, -йтін), шы, -ші.

Б. Сағындықұлы «Қазақ тілі лексикасының дамуының этимологиялық негіздері» деп аталатын еңбегінде -ур, -үр жұрнақтарына байланысты өзінің ғылыми пікірін қосады.

«Етістіктің -ур, -үр жұрнағы да дауыссыздан аяқталған түбірлерге тікелей жалғанады да (бар +ур, бер +үр, т.б.), дауыстымен аяқталған түбірлерге й эпентезасы арқылы қосылады.

Мысалы, Билиглиг кераглиг сөзин сөзлайур Кераксиз сөзин көмүп кизлайур»

Бұндай көріністі «Қутадғу билиг» ескерткішінен де көре аламыз. «Түпі йолтурур дуниа йағтур саны келир чағлайур өз очеэр терк үні»-мұнда «чағла» етістігіне ур жұрнағы й - эпентезасы арқылы байланысып тұр. Осы шақтық мағына сөйлесіп отырған кезде дәл атамайды, дағдыға, әрекетке айналған үйреншікті болған жалпы жүзеге асып отыратын я істеліп жататын әрекетті білдіреді.

Есімшенің осы шақтық мәнін білдіретін аффикс турасында Н.К.Дмитриев “Строи тюреских языков” еңбегінде сөз қозғайды. “Причастие настоящего времени: суффикс – аган // -еген, как, например, тур – аган, стоящий, тот, который стоит; береген, тот который дает” [ ]

Яғни есімшінің осы шақтық мәнән білдіретін -аган және еген тұлғасы етістікке жалғасып, осы шақ есімшесін жасайды деген тұжырымға келеді.

Қазіргі қазақ тілінің зерттеушілері бұл форма жайында айтқан ойлары құр алақан емес. Мәселен, И.Е.Маманов “Қазіргі қазақ тілі” (етістік) оқулығында -атын, -етін формасын дағдылы есімше деп айтады. “Дағдылы есімше етістік негіздеріне -атын / -етін, -йтын, -йтін жұрнағы жалғану арқылы жасалады”- деп анықтама берсе, тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы “Ұлт тағлымы” атты еңбегінде -атын, -етін, -йтін фомаларын ұйғарынды есімше деп көрсетеді. Ал, осы шақтық мән беретін есімшеге етістікке -шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы жасалады дейді де, “өлең айтушы, бие сауушы, құдық қазушы” деген мысал арқылы дәлелдейді. Сонымен қатар бұл пікірге И.Е.Маманоқосылып, “Осы шақ есімше тұйық етістікке -шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы жасалады: келуші, сөйлеуші, сыбырлаушы т.б. Осы шақ есімше тұлғасындағы етістіктер тек адамға қатысты қимылды білдіреді. Яғни қимыл иесі адам болып келеді де, көбінесе анықталушы мүше қызметінде жұмсалады. Келуші адам, тойдан қайтушы әйелдер т.с.с. [ ]

И.Е.Маманов дағдылы есімше мен осы шақ есімшесін салыстырады. Мүмкін бұл екі форма арасындағы жақындықты білдіргісі келген болар. ”Дағдылы есімшенің қолдану аясы кең. Ол жанды және жансыз ұғымдағы барлық зат есімдердің алдынан келіп атрибут қызметін атқара береді. Киетін шапан, киетін кісі. Сауатын сиыр. Шапан тігетін әйел. Келетін кісі.

Ал осы шақ есімше тек қана адам ұғымындағы зат зат есімдердің атрибуты бола алады. Құрал – сайман атауларына тек дағдылы есімше ғана атрибут боло алады [ ].

Түркі тілін зерттеуші ғалым А.И.Щербак осы шақ есімшесін жасайтын көптеген формаларды көрсетеді. Дегенмен, бұл формалар осы шақ мәнін білдірсе, кейде, ұзақ осы шақ мәнін білдіреді дейді. Мысалы, алт. Көргун – зоркий, сәскір – чуткий, білгір – понятливый, тапкир – находчивый; башк. Үткір – проницательный; казах. өткір – острый; туркм. Алғыр – цепкий, гөргір – зокий, чапғыр – резвый, атғыр – меткий, дөшгөр – податливый т.с.с.

Бұл жердегі есімшелер осы шақта, осы – келер және өткен шақты білдіреді. Мысалдардың ішіндегі бардачы баржук тек көне ескерткіш тілінде кездессе, өзгелері қазіргі түркі тілде кездеседі. Отан іштәңкә (алтай тілінде), кісжәң (хакас және иор) және т.б.

Ал төмендегі есімшенің тұлғалары қимыл есімінен жасалған және олар сын есім, зат есім мағыналарында келеді.

-(і) к ̃̃̃̃̃̃̃̃ -(у) к ~ -(а)к –алт. сінік – сломанный, бічак-нож, тарак-гребень, сурак-вопрос, чағак-хало, конок-сутки; түр. парлак-блестящий, жумук-закрытый (оглазах); хак. чаріх-свет; шуваш. пөзәк-испорченный, қазақ-кусак;

-(і) м ~ -(у) м ~ -(а) м – еж.түрк. акім-течение, әгрім-водоворот, жәжім-көрм, жарім-половина; азерб. бічім-покрой одежды, атім-щепотка, тутум-емкость, вместимость; алт. төлум-плата, түжүм-урожай, тудам-ручка;

-(і) н ~-(у) н ~ -(а) н – еж. түрк. әбрән-судьба, кішән-путы; көне өзб. Жазғін-дождь, козғалан-волнение, беспокойство, жіғін-сборище, чакін-молния, толун-полный; азерб. ахін-течение, бічін-жатв; алт. дун-собрание, дадін-жизнь; гаг. жін-куча; қазақ. тіғін-пробка, шығын-расход; түр. әкін-посев, талан-ограблене;

-(ін) ді ~ - (ін) -ті – көне түрк. акінді-текущий, әкінді-посеянный; азерб. ғірінті-крошки, төкүнтү-отбросы; алт. казінті-колодец, суралті-прошение, салінті-подать; башк. кідінті-вырезка, сығынты-выступ; гаг. башланті-начало, бічінті-сжатый хлеб, жапінті-постройка; қазақ. сыпырынды-сор; қырғ. жунду-помои; тув. өзөндө-отрывок; түр. өркөнтө-страх, акінті-течение, сүпрүнтү-мусор, дәрінті-сбор;түркм. Тапінді-находка, ғалінді-остаток, кәсінді-обрезок, полено, ғіркінді-лоскут;

-(і) т ~ - (у) т – көне түрк. сіғіт-печаль, жанут-ответ, качут-бегство, өлүт-смерть; көне түр. кәчід-перевал, ущелье, өгүт-совет; көне өзбек. оләт-мор; алт. базіт-походка, ходьба, чіғіт-выход; башк. Үмүт-надежда, ұлат-мор; қазақ. бағыт-направление, богәт-плотина; түрк. гәчіт-проход, конут-жилище, кәсіт-разрез, курут-высушенный сыр; өзб. Тұғұт-рождение, күжүгөре, кожит-подношение;

-как ~ - ғак – көне түрк. туткас-захват, ажғак-доносчик, качкак-беглец, авкак-ступа; еж. өзб. әшкәк-весло, таткак-топь, болото, баскак-наместник, сборщик податей,ажғак-лестник; алт. курғак-сухой, кіжғак-осока, түнғак-глухой, күжгәк-засуха; башк. Жомға-клубок, тыргәк-сверток; қазақ. ілгек-застежка, крючок;

-кін ~ -күн ~ -ғін ~ -ғұн – көне түрк. туткун-пиенник, баркін-путешественник; көне өзб. саткун-продажный, кувғун-преследователь, чапғун-совершающий набег, өткүн-острый; азерб. басғін-нападение, ғізғін-горячий, пламенный, кәскін-резкий, жорғун-усталый; алт. урғун-проливной; қазақ. таскын-наводнение; түр. жанғін-пожар; өзб. турғун-постоянный, устойчивый, учкун-искра, кувғін-разгон, озғін-худой; хак. тәскін-беглец; башк. бадкынсі-захватчик, сапкынсы-посыльный;

-кіч ~ -куч ~ - кач ~ - ғіч ~ - ғуч ~ -ғач көне түрк. ачкін-ключ, кісғач-щипцы, жонғач-рубанок, жулғуч-щипцы; көне өзб. тітрәгүч-украшения, подвешиваемые к шее или руками, салінған-качели, колыбель, жәлпігүч-веер, баскіч-ступенька; алт. аскіш-таган, сіғірткіш-свистулька, отурғуш-табурет, тәпкіш-ступенька, сүрткүш-мазь, капкіш-ухват; башк. һырткыс-тряпка, урғыс-жнейка;

-мач –көне өзб. кавурмач-жаркое, кіжмач-раскосый, буламач-мужное блюда,тутмач-лапша; көне өзб. доламан-водоворот; гаг. Жаніятмач-скороговорка, алдамач-магарыч, донәмәч-поворот, изгиб;

-чак ~ - жак – көне түрк. басінчак-несчастный, подавленный, көне түрк. салінчак качели, колыбель, әмчәк-сосок грути, тажанчак-опора; азерб. утанжағ-застенчивый, стыдливый; алт. урушчак-драчливый, корнінчак-боязливый, ачінчак-обидчивый; өзб. мактанчәк-хвастливый, әрінчәк-ленивый, чуваш. Мухтанжак-хвастун; шор. тартінчак-упрямый; сінчак-ломкий, ундутчак-забывчивый;

-чік, ~ - жіу - өзб. сірғанчік-скользкий; хак. Махтанчік-хвастун, хонжіх- сосед; шор. кунанчік-печальный, корғунчік-боязливый.

«Қутадғу билиг» ескерткішінде осы шақтық мағына беретін -ур, -ір, афиксі және келер шақтық мән беретін -ар, -әр афиксі кездеседі.

Мысалы:

«йарқуды ексүр йана йоқ болур-оньщ жарықтығы азаяр, және ол жоқ болар» (QBN63).

Б. Сағындықұлының айтуынша көне түркі тіліндегі -ур, (-үр) формасы,

қазіргі қазақ тіліндегі -ыр, -ір жұрнағьтның көне формасы. «Ол нең йашурды—ол затты жасырды».Осы сөйлемдегі йашур-қазіргі қазақ тілінде жасыр. Сондай-ақ қандур-қандыр, йағдур-жаудыр, йатур-жатыр т.с.с. Бұдан еріндік у дауыстысының езулік ы дауыстысына ауысқанын көреміз [3, 149].

-Ар, -ер, -ыр, -ір есімшесі сонымен қатар болжалды келер шақ қызметінде атқарады.

Мысалы: «теңізнә кірүр көрсә көңлүн түкә,

гүһәр йүн чү йақут чыкарур мәдә»

«егер сен жақсылап қарасаң,

теңізге батар тәрізді және гауһар,

маржан, жақұтты альш шығатындай» (QBN316).

Бұл пікірді Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебренников еңбектерінен кездестіре аламыз. «Будущее предположительное время образуется последствам аффикса причастия на -р, -ар, -ер, -ур спрягается аффиксами лица І-ой группы: барармын. Варианты -ур, -үр более архайчны и встречаются преимущественно в устно поэтических произведениях письменно материального происхождения. Причастия будущих времени образуется с помощью аффикса -р, -ур, -ар, -ер ».

И.Е. Маманов «Болжалды есімше етістік негіздеріне -ар, -ер, -р, жұрнағы жалғану арқылы жасалады» деп көрсетеді.

Ескерткіште есімшенің -р (-ур, -үр, -йүр, -йур, -ар, -әр, -ыр, -ір) жұрнағы сөйлем мүшесі қызметінде анықтауыштық, баяндауыштық қызметте көрінеді. Баяндауыш қызметін сөйлемнің соңына келгенде атқарады. Мысалы, «ажунуғ кезәр мен мәңә йоқ өрун - мен әлемді кезермін, маған орын жоқ» (QBN 64).

Бұл форма жайында А.А.Кононов “Грамматика современного турецкого литературного языка” атты ғылымн еңбегінде өз ойын қосады.

“Причастие на – (у) ан / -(у) –ен которое обычно называют причастием настоящего времени, на самом деле является формой, выражающей как настоящее, так и прошедшее время: outran ve ayakta insanlara garparak bir salonolan oburune kostum. Натыкаясь на сидевших и стоявших (на ногах) людей, я перебежал из одного зала в другой.

Передикативное определение, каковым является причастие по связи своей с глаголом, в сочетании с зависимыми от него членами предложения превращается в развернутое определение:

Иашландикша дуз гупе мерак саран, сашларини асауып otnларла боиаиан, касиларына шатма растик шекен... бу кадин хатта хиш еве гелмесе даха иуи оласакти. Было бы лучше, если бы и совсем не приходила домой это женщина с возрастом (“по мере того, как становилась старше”) охваченная страстью к белилам, красящая (свои) волосы необычайными травами, под водящая (свои) брови сурьмой... [ ].

Бұл сөйлемде қазір (осы шақ) келмесе дұрыс болар еді деп “saran”

-------------------------------------------------

М.Томановтың пікірінше -атын есімшесі жаңа тұлға. Бұл пікірін ескерткіш тілін зерттеу арқылы дәлелдейді. Яғни, орта ғасыр жазбаларында: барчаның баратурган йуртыға кетеді. Қазақ фольклорында: артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратұғын еді. (Ер тарғын). Сондағы -атын тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді қарауға болады дейді. “-а (көсемше + - түр (көмекші етістік) + - ған // -а – дур + ған (орта ғасыр жазбаларында – адурған тұлғасы кездеседі) // -а + тур + ған › а + ту(р) + ған › а + ту + ғын › атын. Соңғы дауыстының қысаңдануы екпін түспеудің салдары болу керек.Сонымен, -атын тұлғасы өзінің құрамындағы морфологиялық тұлғалардың мән – мәнерін сақтаған (-а және -ған)” дейді.

Сонымен, Томановтың ойынша -атын тұлғасы -а көсемшесі мен +тур көмекші етістік және -ған есімшесінен жасалған көне формасы -атурған, -адурған.

“Һибат қл хақайиқ” ескерткішінде -адурған формасы кездеседі. Мысалы.

Бимиглиг билигни адурган болур

Білімді кісі білімнің парқын айырады (һ.х.99).

Бұл жердегі адурган –айырадн осы шақ мағынасын беріп тұр. –урган формасы -атын формасының көне варианты.

--------------------------------------------------------

Есімшенің -атын (-етін, - йтын, -йтін, фориасы қай мезгілді білдіруі контекске байланысты, өйткені оның қай шақты білдіруі айналасындағы сөздерге қарай ауысып отырады. Сондықтанда ғалымдардың біршамасы осы шақ десе, енді бір шамасы келер шақ деп көрсетеді.

Бірақ бұл форма, әдетте, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-әрекетті қазіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін көбірек қолданылады да, осы шақ пен келер шақта болатын әрекетті білдіру үшін сирек жұмсалады. Оның бұл ауыспалы сипаты жұрнақтың күрделілігінен туған сияқты. Мыслы, өткен шақтық мән жұрнақтың құрамындағы әуелгі –ған (тұр + ған) бөлшегінен тиген енші болса, осы шақтың мән әуелгі -а (-е, -й) жұрнағы мен тұр етістігінен қалған болса керек. Ал -атын жұрнағының келер шақтық мәні (баратын жұмысым бар; жөнелтетін жұмысшыларым бар) сөз тіркестерінің ауқымынан пайда болатын ерекшелік тәрізді.

Ескі көне жазуларында қолданылған келмек,бармақ тұлғалы сөздер қазіргі мектеп грамматикасында тұйық етістік деп, келу, бару, алу түрінде беріліп жүрсе, мұның көне түріне -шы, -ші қосымшасын қосу арқылы есімшенің келер шағы жасалатынын ескеруіміз керек дейді Ә.Төлеуов “Сөз таптары атты” еңбегінде. Бұл қосымшалардан есімшенің осы шақтық мәні жасалатынын И.Е. Маманов және А.Байтұрсынұлының айтқан пікірін жоғарыда көрсеткен болатынбыз.

Ескерткіш тілінде кездесетін -ғучы (гүчі) тұлғалы есімшесі -шы, -ші есімшелі аффикстерге сәйкес келуі мүмкін, яғни -ғу + чы түрінде күрделенуі мүмкін деген ой туғызады.

“бар ічмаәс керәк һәм өзін тұтғучы өзін тұтғұчы ер құтұғ тарғұчы – (қазынашы) шарап ішпейтін және өзін ұстайтын болу керек, өзін ұстайтын ер бақытқа жетеді” (QBN329);

“Негү тер ешітгіл... біліксізні бардын сокүп тыдғучы - шараптан өзін аулақ ұстайтын не айтар екен, тыңда” (QBN109).

-------------------------------------------------------

“Құтадғу билиг” ескерткішіедегі бұл тұлғалар грамматикалық құрылымы етістік түбірге -ғучы ( -гүчі) аффикстерінің тікелей жалғануы арқылы жасалады. Сөйлемдерде көбіне жалпы уақыттық мағына береді. Мысалы, алғашқы сөйлемдегі -ғұчы аффиксті тұлғалар бірде атрибутты болып, сөйлемнің соңында предикативті болып көрінген. Анықтауыш қызметін атқарып, контексте келер шақтық мән алып тұр, жалпы қимылды білдіріп, ІІІ жақтағы субъектінің қимылын білдіреді. Келесі сөйлемдегі “ тыдғұчы” есімшелі тұлға жалпы уақыттық мән береді, ІІІ жақтағы субъектінің қимылы арқылы іске асуы көрінеді.

Сонымен қатар “Құтадғу билиг” ескерткішінде осы шақтық мәнді беретін -тачы ( тәчі, -дөчі) аффикстері өзге есімшелердей жиі қолданысқа түспесе де, мәтінде кездеседі: “сөзгү сөзләдәчі азар һәм йазар – сөз сөйлеуші адасар және қателесер” (QBW27);

Бұл тұлғаның негізгі грамматикалық мағынасы:

1) жалпы қимылдық қатынаста көрініп тұр;

2) ауыспалы осы шақ мәнін береді;

3) ІІІ жақтағы субъектінің қимылы айтылады.

Жалпы ескерткіштегі беретін грамматикалық тұлғасы – қимылдың жалпы уақыттық сипаты, міндеттеу, мүмкіншілік беру иодальды мәндерімен ауыспалы осы шақтық мәнде көрінеді. Синтаесистік қызметі – анықтауыштық және баяндауыштық, бастауыштық болып табылады.

Қазіргі қазақ тілінде бұл тұлға қолданыста жоқ. Тек -шы (-ші) осы шақ есімшелі тұлғалардың грамматикалық ерекшелігіне сәйкес келетінін атап айту керек. Мысалы, осы шақ -шы (-ші) сөйлеуші, тыңдаушы, келуші т.с.с. Осы шақ есімше мәні осы уақытта істеліп жатқан я істеліп тұратын істің белгілі затқа сапа етіп көрсетілуімен байланысты болады.

Осы шақ есімшенің көпшілігі қазір не сын есі, не зат есім болып қолданылады: жазушы, оқушы, оқытушы т.б.

-шы (-ші) жұрнағы қазақ тілінде өте өнімді, көп қолданылатын актив жұрнақ. Ол көбінесе зат есімге,етістіктің тұйық рай формасына жалғанады. Мысалы, етікші, сыншы, әнші т.б. ал оның етістіктің тұйық рай түріне жалғануында мынадай ерекшелік болу керек:

-шы жұрнағы жалғанған тұйық райдың бірқатары зат есімге айналады. Мысалы, келуші, үйренуші, барушы. Бұл заттар есімге айналған түрін контекске байланысты екі түрлі ұғуға болады:

1) зат мағынасында (үйренуші сабақ оқыды)

2) есімше мағынасында (тапсырманы үйренуші – Айнұр)

-----------------------------------------------------

Мұның себебі -шы, -ші жұрнағы етістіктің тұйық рай түріне жалғанғанда, есімшелік мағына береді. Яғни заттың осы уақыттағы ісін, әрекетін, қимылын өзіне сапа етіп көрсетеді.

Міне, осындай қызметіне сай барлық етістіктің тұйық рай түріне -шы, -ші жұрнағы жалғана береді: алушы, беруші, қалушы, бағушы, күтуші т.б. Мұндайда -шы түріндегі тұйық райдың барлығы сияқты зат есімге айналмайды: алушы, беруші формасының мағынасы есімше болғанымен, басқа есімшелерден шақтық айырмасы бар: -ған формалы есімше өткен істің сапаға айналуын білдіреді, -тын, -тін формалы есімше кейде келер шақты, кейде тіпті өткен шақты білдіреді.

Ескерткіштегі -тачы (-дәчі) тұлғасының -шы (-ші) осы шақ есімшелі тұлғасымен лексика – грамматикалық ерекшелігі тұрғысынан сәйкес келетін кездерде, жоғарыда -шы (-ші) есімшелі формантқа байланысты айтылған ескертпені есте ұстау қажет. –тачы (-дәчі) есімшелік формасының -дәчі варианты -тачы, -дачы варианттарына қарағанда жиі қолжанылады.

-------------------------------------------------------

Сонымен қатар,есімшенің осы шақ мәнін беретін -ар, -р және көне формасы немесе - ар, -р тұлғасының варианты -үр, -ыр, -ір тұлғасы ескерткіш тілінде кездеседі Дегенмен, -ар, -р тұлғасы көбіне келер шақ мәнінде келеді. Ал осы шақ мәнін білдіретін тұлғасы контекст арқылы байқаймыз.

---------------------------------------------------------------------------

М. Томановтың “Қазақ тілінің грамматикасы” атты еңбегінде -ар, -р тұлғасының осы шақ мәнде тұрғандығы турасында сөз қозғайды.

“V-VIII ғасыр ескерткіштері тілінде негізінен, мына төмендегідей қызметте қолданылған: есімше, яғни, өзінің тура мәнінде: берүр, барыр. Сонымен қатар, ежелгі жазбалар тілінде де -р тұлғасының нақ осындай ерекше қолданысы (бірде щсы шақ, бірде келер шақ мәндерін білдіруі) бар” [ ].

Көне дәуірлерде, түркі тілдерінің қалыптасу кезеңінде қимыл есім тұлғаларының біразы таза есімшелер мәніне ауысқан, не грамматикалық мәнге ие болған. Онда процестің бірден-бір көрінісі сол, олар шақтық мән алып, оған қимыл мәнін қосып алған. Осы шақ, келер шақ мәнін беретін есімшелер -ар, -ыр қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданылады. Қазақ тілінде -ыр тұлғасы үнемі болып тұратын істі, яғни осы шақты білдірсе, башқұрт тілін зерттеушілер бұл тұлғаны келер шақ деп айқындайды.

-ар тұлғасы қазақ тілінде келер шақ немесе ауыспалы осы шақ мәнін береді. Әзірбайжан тілінде -ар көбінесе келер шақты білдірсе, -ыр осы шақты білдіреді. ------------------------------------------------------------

-ыр қазақ тілінде осы шақты білдірудің еркін қолданылатын тәсілі емес, тек отыр, тұр, жатыр,жүр етістіктерінің құрамында ғана нақ осы шақ мәнін жасайды. Якут тілінде -ар –ыыр тұлғалары семантикалық тұрғыдан мәндес, бір-бірінен ажырамайды. Айырмашылық: -ар қосымшасы дауыссыз дыбысқа біткен түбірлерге жалғанады. Бірақ бұлар якут тәләнде осы шақ, келер шақ және аяқталмаған өткен шақ нсімдерін тудырады.

-ыр, -ір тұлғаларының лексика – семантикалық қызметі қазіргі қазақ тіліндегі -ер аффиксімен, -атын (-етін) тұлғаларының беретін мағынасымен ұқсас болып келеді. Ескерткіш тіліндегі -р тұлғасының бұндай варианттылығына қарап, бір ғана аффикстің көп варианттылығына әртүрлі тайпа тілдерінің тоғысуынан болған деген пікір айтуға болады.

Бұл тұлғаның болымсыз түрі -мас // з. Соңғы элемент р емес, -з // с (бұл жерде р>з сәйкестігін еске алу керек). Қазақ тілінде бұл тұлғалардың тек -ар, -ер түрі ғана сақталған және семантикалық жағынан бір-бірінен ерекшеленбейді.

-ыр варианты қазақ тілінде және сөздер құрамынан ғана ұшырайды. А.М.Баскаков тұр, жүр етістіктерінің о бастығы аорист формасы турыр, жүрір түрінде болған деп қарайды. Кейін соңғы -ыр буыны түсіп қалған, бірақ аффикстің мәні қысқарған түбірде сақталып қалған. Бүл етістіктердің қазіргі тілде осы шақ жасайтын арнаулы тәсіл есебінде қолданылуы да соған байланысты болса керек.

Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде, осы шақ есімше етістік мәнінен ажырап, бірте-бірте кәсіптік мәнді бідіретін зат есімге айналып бара жатқандығы турасында жоғарыда айтылды. Осының салдарынан болу керек, түркі тілдерінде осы тұлғаны есімше категориясына жатқызуға қарсы пікірлер де жоқ емес.

Осы шақ есімше етіс, күшейтпелі етістік және күрделі етістік негіздерінен жасалып, солардың мағыналық қасиеттерін толығымен бойында сақтайды. Осы шақ есімше зат ксімнің алдынан келіп анықтауыш қызметін атқарады да, анықталатын сөздің әр түрлі қатысын білдіреді. Мұнда анықталатын зат есім мен анықтауышы қызметіндегі осы шақ есімшенің ара қатынасына, мағыналық ерекшелігіне байланысты, анықтауышы зат есімдер актив және пассив түрде, яғни қимыл субъектісі немесе қимыл объектісі мағынасын білдіреді. Мұндай мағыналық айырма логикалық жағынан ғана аңғарылады.

Қазақ тілінде әрбір есімше формасы белгілі шақтық мағына береді. Осы шақ есімше формаларының басқа есімшелерден айырмасы мұның шақтық мағынасы тұрақты емес. Сондықтан да қазақ тілі оқулықтарында осы шақ есімшені бірде ауыспалы өткен шақ есімше, бірде келер шақ есімше деп атап жүр. Осы шақ есімше сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, оның І,ІІ жақтарына жіктік жалғауы жалғанады да, қимылдың өткен кезде белгілі бір ұзақ мерзім ішінде өткен процессекенін, немесе қимылдың бірнеше рет қайталанғанын және осы қайталану нәтижесінде әдетке, дағдыға айналғандығын аңғартады.

  1. Есімшенің келер шақ түрі. –ур, -үр, -йұр, -йүр, -р, -ар, -әр, -ыр, -ір

Қазақ тілнде сирек кездесетін әрі диалектикаық сипаты бар кейбір көне тұлғалар басқа түркі тілдерінде сирек қолданылады. Келер шақ есімшенің әдеби тілдегі ар, -ер қосымшасыньщ варианты -ур, -үр қазақ тілінің батыс говорларында аздаган сөздерде сақталып қалган. Мысалы: Білгенін айтып болұр, Бүгін бармаса, басқа күн барүр.(1,360)

Қарақалпақ осы қосымшаның, шығуы туралы Н.А.Баскаков былай дейді: "Қазіргі тілде есімшенщ келер шагы -ар, -ер, -р варианттрының көмегімен жасалады. Ал қысаң, дауысты -ыр, -үр, -ир, -юр варианттары кейбір қатып (джатупур, идорур) қалган формаларга, негізінен күйді бІлдіретін турур, отурур, джатурур, ждор-ур етістіктеріне тін кейде олар басқа негізде де кездеседі. Мысалы: Сендей қызғызлар балагча ана болур келинмен" (13,203 )

-ар жұрнағы арқылы жасалатын есімше сөйлемде қай орында мүше болып қолданылса да, семантика жағынан үнемі келер шақ мағынасын білдіреді. Бірақ бұл форманың қолданылу өрісі, есімшенің өзге формаларына қарағанда тар. Мысалы, -ар формалы есімше анықтауыш қызметінде аз жұмсалады да көбінесе баяндауыш ретінде қолданылады [ ].

Ескерткіштер тілінде керісінше -ар формасы өнімді жұрнақ деуге болады. “Құтадғу билиг” ескерткішінде де “Һибат-ул хақайиқ” ескерткішінде де көп кездеседі. Бірақ -ар формасы үнемі келер шақ мәнінде емес, осы шақ мәнінде де жұмсалады. Оларды контекске қарап ажыратамыз. Қазіргі қазақ тіліндегі -ар, -ер, -р формасының ескерткіш тілінде -ур, -йұр, -йүр, -әр, -ыр, -ір варианттары кезднседі.

-ар, -әр, -ыр, -ір біраз тілдерде сын есім мен зат есімдер құрамында айтылады: чуваш: хәзэр (тығу), әзірбайжан: ахар (ағатын су), йашар (жасайтын, жасалған); башқұрт: исәр, қазақ: ожар (кісі) т.б. Мәні жағынан келер шақ есімшесі -ар жұрнағына жақын, орайлас мән береді.

-ар, -ыр осы шақ, келер шақ мәнін беретін есімшені қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданылады. Қазақ тілінде -ыр тұлғасы үнемі болып тұратын істі, яғни осы шақты білдірсе, башқұрт тілінде келер шақты білдіреді. Әзірбайжан тілінде -ар келер шақты, -ар осы шақты білдіреді.

“Құтадғу билиг”жазба ескерткішінің тіліндегі -р бірнеше вариантта кездеседі: ашық дауыстылармен -ар, -әр, қысаң дауыстылармен -ыр, -ір сол сияқты ерін дауыстылармен де -ур, -иүр, -иур. Бірақ осы жазба тілінде -ар мен -ыр арасында айқын айырма әрқашан болды деу де қиын. Өйткені бір ғана сөздің бірде -ар аффиксімен, бірде -ыр, кейде -ураффикстерімен ұшырасып жатады: алур – алар – алыр т.б. Бұлардың қай шақтық мәнде жұмсалатыны тек контекстік қоршауда ғана ажаратылады: -аур, -иүр аффикстерінен басқалары ескерткіште жиі ұшырасады.

Есімшенің -ур, -үр, -йүр, -йүр, -р, -ар, -әр, -ыр, -ір жұрнақтары туралы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде түрлі пікірлер айтылады.

Мәселен, А.М. Щербак «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» (глагол) атты еңбегінде келер шақты білдіретін -ур, -үр, -йур, -йүр, -р, -ар, -әр, ыр, -ір аффикстерінің бірнеше өзгешелігін көрсетеді.

Бірінші түрі, еғер түбір сөз дауысты дыбыспен аяқталса: башлар (башла-р) - бастар (баста-р); карар (қара-р), т.б.

Екінші түрі, етістік түбірі дауыссыздыға аяқталса: таб-ар, түр-ар, кел-ер, өл-ер, бар-ар, т.б.

Үшінші түрі, бір буынды және көп буынды түбір барлық дауысты дыбыстан басталатын жұрнақты тіркестіре алады.

“Құтадғу билиг” –ур, -үр, -йур, -р, -ар, -әр, -ыр, -ір, -ер есімшелік аффикстерінің семантикасы былай болып келеді:

-ур аффиксі келер шақтық мән береді (кейде жалпы уақытты білдірсе, кейде өткен шақ мәнін береді);

-үр аффиксі көбінесе жалпы уақытты білдіреді (кейде келер шақты және өткен шақ мәнінде көрінеді);

-йыр, -йір аффиксі ескерткіште аз кездеседі, өткен шақтық мағына береді.

-ар аффиксі келнр шақ мән береді )өткен шақ және осы шақ мәнінде де жиі ұшырасады);

-әр аффиксі жиі ұшырасады, өткен шақтық мәнде кездеседі (осы шақ, кейде келер шақ мәнінде) келеді.

-ар формасы арқылы жасалган есімшені осы және келер шағы көне түркі тілдерінде де болган және қазіргі түркі тілдерінде де көп таралған.

А.Б.Поцелуевский түркімен тілдеріндегі -өр форманты -ар формасына ауысқан деген пікір айтады (24,151). Бұл болжам Ю.К. Дмитриев, А.Н.Кононовтардың, пікірімен де дүрыс келеді. Түркі тілдері мен азербайжан тілдерінің диалектілерінде өр көрсеткіші жиі қолданылады. Бұл - өр формасы қазақ, тіліндегі -ар, -ер формасымен сәйкес келеді.

Түркі тілдерінің, грамматистері -р, -ар формаларын есімшенің нақ, осы шақ, тұлғасы ретінде де сипаттайды. Бұл форма якут тілінен басқа түркі тілдерінде есімшенің осы шағында қолданылады. Бірақ, белсенді форма емес.

Ә.Төлеуов еңбегінде -ар, -ер, -ыр, -ір жалғауын сын есімге жалғанатын тұлға ретінде қарастырады. Мысалы: жасар, қысар, көгер сияқты сөздерді туғызып етістік жасайды деген пікірді айтады (30, 130).

-Ар, -ер, -ыр, -ір түркі тілдерінде болжамды келер қызметін де атқарады. Етістік түбіріне есімшенің -ар, -ер, -ыр, -ір жұрнағы жалғанып болжамдық қасиетті білдіргең. Мысалы: қошқар болар қозының маңдай жағы дақ келер, кісі болар жігіттін, арқа басы кең келер. Бұл мақалада келер етістігі арқылы болжамды келер шақ мағынасы жіктеліп тұр. Біз осындай пікірді Н.З. Гаджиева мен Б.А. Серебренников еңбектерінен кездестіре аламыз: “Будущие предположительное время образуется посредствам аффикса причастия на -р, -ар, -ер, -ур спрягается аффиксами лица І-ой группы: барармын. Вариаты -ур, -үр, более архаичны и встречаются преимущественно в устно поэтических произеедениях письменно литературного происхождения. Причастия будущего времени образуется с помощью аффикса -р, -ур, -ар, -ер (11,245). Яғни, -ар, -ер, -ыр, -ір формалары келер шақтық мағынада көбінесе ауызекі поэтикалық тілде, халық ауызәдебиетінде жиі кездесетіндігі көрсетілген.

Н.К.Дмитриев азербайжан, құмық және түркімен тілдерінің матриалдарына сүйене отырып, -р, -үр аффикстерін бір-бірімен фонетикалык, варианттар ретінде қарастырады. -ар аффиксін бұлардың әуелгі формасы ретінде оның әр түрлі мағына бергенін көрсетед. Автордың көрсетуінше, аталған тілдерде ір, -ур осы шақтық мағынаны білдірген де, -ар аффиксін келер шақтық мағынаны білдірген. Мысалы: азербайжан тілінде: гәдір - келе жатыр, -иәзір -жазу, гәдәр -барады, йазар-жазар мағынасы келеді. Мұндай ойды Б.М. Мелиоранский айтқан.

В.Г. Исхаков пен А.А. Балымбах грамматика тувинского языка. Фонетика и морфология атты еңбегінде тува тілндегі -ар, -ер, -ыр, -ip формасы тұр. Мынадай пікір білдірген: образует глаголы главным образом от основ качественных прилагательных: акар-белить, сесэр-синять, тазар-чиститься, қайғұр- горевать, суғар-поливать (25,264).

Т.И. Груниннің айтуы бойынша азербайжан тіліндег1 осы шақты білдіретін: -up, -ыр, -ур, -үр түркі тіліндегі осы шақты білдіретін: -ijar аффиксі мен тек к,ызметі жағынан байланысты болады. Азербайжан тілінде бұл форма кейін дифференцияланған. Жуан дауыстымен берілген формасы болжамды келер шақ, мағынасына ие болған. Ал жіңішке дауыстымен берілген вариантты өзінің алғашқы мағынасында қалған. Т.И.Грунин өзінің позициясын дәлелді көрсету үшін өзге түркі тілдеріндегі жуан және жіңішке дауыстылармен берілген симантикалық шектеуліктерд1 мысалға келтіредг. А.М.Щербак өз ең6егіде -ар, -ыр аффиксіне жеке талдау жасаған. Оның айтуынша -ар, -ыр зат ecім мен сын есімнен етістік тудыратын аффикстер болып саналады. -ар, -ыр аффиксі мен -қар, -кер аффиксі арасында байланыс бар. Бірақ бұл байланысты бір жолға түскен байланыс деп есептеуге болмайды. Алайда Э.В. Севортянның М.Қашқаридан келтірген мысалдары бұл байланыстың бар аффикстерінің шектелуінің негізі мынада -ар, -ip аффикстері жасалған етістіктердің барлығы жоғарыда келтірілгендерден басқа, салт етістіктер жасай алады. Онда -қар, -кер аффиксі -қар аффиксінің фонетикалық 6ip mүpi ретінде интерпретация жасауға ешқандай мүмкіншілігі жоқ.

Көне дәуірлерде түркі тілдерінің қалыптасу кезеңдерінде қимыл есім тұлғаларының біразы таза есімшелер мәніне ауысқан. Онда процестің бірден-6ip көрінісі сол, олар шақтық мән алып, оған қимыл мәнін қосып алған. Осы шақ пен келер шақ мағынасын жеткізіп тұрған есімшелер: -ар, -ыр, -ер, қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданыста бар.

Қазақ тілінде -р тұлгасы үнемі болып, қайталанып тұратын істің осы шақтық мағынасын білдірсе, башқұрт тілінің зерттеушілері аталған тұлгұғаны келер шақ мағынасын береді деп атап көрсетеді.

-Ар тұлғасы қазақ тілінде келер немесе осы шақ мағынасын береді. Әзірбайжан тілінде -ар көбінесе осы шқта білдірсе, -р келер шақты білдіреді. -Р қазақ тілінде осы шақты білдірудің еркін қолданылатын тәсілі емес. Тек қана отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің құрамында ғана кездесіп, нақ осы шақтық қана мағына туғыза алады.

Якут тілінде -ыыр, -ар тұлғалары семантикалық тұрғыдан қарастырғанда мәндес болып, бір-бірінен ажырамайды. Ал олардың айырмашылығы -ар қосымшасы дауыссыз дыбысқа аяқталған түбірлерге, ал -ыыр қосымшасы дауысты дыбысқа біткен түбірлерге жалғанады деген тұжырым М.Толканов еңбектерінде көрініс тапқан. Ал гагауыз тілінде жуан дауыстыларға аяқталған сөздерге -ар аффиксі жалғанады. Ал негізі жіңішке болып келетін сөздер түрік, гагауыз сол сияқты батыс, шығыс тілдерінде кездеспейді.

Түбір дауыстыға бітсе түрік, гагауыз тілдеріне қарама-қарсы солтүстік шығыс моделі бойынша -ар, -ер, аффиксі сақталып отырады. Байырғы өзбек, ұйғыр тілдерінде, сондай-ақ қазіргі тілдерінде де -ар, -ер, аффиксінің -ир, -ур варианты кездеседі. Ал қазақ, қырғыз сияқты оңтүстік шығыс, оңтүстік батыс тілдерінің бір бөлігінде -ар, -ер жуан түрінде қабылдангған. Башқұрт тілінде қарама-қарсы (-ур, -ер, -өр) болып келеді. Мұнда дауыстылардың әр түрлі өзгерістері болып опырады. Қалған түркі тілдерінде аталған дауыстылар жүйесінің екі түрі де әр түрлі пропорцияда сақталған.

-Ар, -ер формантының генезисін А.Н.Кононов -лар, -лер, көптік жалғауымен байланыстырады (8}92).

Профессор Б.Сағындықұлы өзінің докторлық диссертациясында -ар, -ер қосымшасын талдау барысында, көне -ар түбірі -ер тұлғасының фонетикалық варианты. Тардың құрамындағы -ар осы арқылы Ғалым есептік сан есімдерге қосылғанда уч+ ар, екир+ар т.б. болып көптік ұғымды да көрсете алған деген тұжырым айтады. Бұл ойы жоғарыда келтірілген А.Н.Кононовтың ойымен іштей үндес.

А.М.Щербак "Очерки по сравнительной морфологии теоритических языков глагол" атты ғылыми зерттеуінде былай жазады: "Известно несколько разновидностей аффикса будущего предполжительного, отличающихся друг от друга характером огласовки: -р, -ур, -ар, -ір, -ир, -ыр, -ур, -ор.

Первая разновидность типична для тех случаев, когда основа окончивается на гласный. Старогузский -сөзларнур, башкирский-башлар. Вторая разновидность является либо преобладающий либо единственно возложной при наличии в исходе глаголъной основы согласного" (5,85).

Ал Н.Х.Имбулатов "Морфологические особенности караимского языка" атты ғылыми еңбегінде башқұрт тілінің говорларында -ар тұлғасы түбір етістіктерге, -ір формасы туынды түбірлерге жалғанады деп көрсетілген (57,190).

А. Хасенова "Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты деген еңбегінде аудар дегендегі -дар мен шығар, шөгер, батар деген сөздердегі -ар, -ер, аффикстерін -дір,-дыр тұлғаларымен бір шеңберде қарайды. Қазақ тілінде өрісі тар бұл -дар және -ар, -ер аффиксінің якут алтай тіліндегі жиі қолданылу сферасы мұның айқын дәлелі бола алады.(18,186)

-Ар, -ур есімшесінен жасалған болымсыздың формасының екі варианты бар. Біреуі қарлұқ, ұйғыр, қыпшақ, сонымен қатар оғыз тілдеріне тән түрі. Ал екіншісі—келмар түрі оғыз тілінің диалектілерінде кездеседі. Мысалы; түрік тілінде білмес, көрмаз ескі түрік сөйлемар, шор тілінде ақпаз, ағаз т.б.

Ескерткіштерде -арды, -ерді, деп аныталған тұлғалардың қазіргі тіліміздегі сипаты -еді көмекші ктістігі түрінде болып келеді. Бұл етістіктердің түбірі -ар, -ер болады. Негізгі мағынасы -бар (есть). Б+ар сөзі де осылардың жаңғырығы болар деп есептейді. Б.Сағындықұлы. Былайша ой түюіміз олардың арасындағы мағыналық жақындықтан келіп шығады.

Түркі тілдерінің көбінде -ар, -үр, атрибутты қолданылуы қысқарып келеді, ал придикат ретінде қолданылу жүйесі кеңейіп барады.

-ыр есімшесі кең таралған жалпы түркілік осы келер шақтық негіз болган. -ыр формасы дауыссыз негізге қосылып алты түрлі вариант туғызады. -Ар,-ер жуан дауыстыларға, -үр, -ір, -ир, -үр варианты жіңішке дауыстыларға жалғанады.

-Р формасы жатыс, шығыс септіктерінің аффикстерін қабылдай отырып, көсемше ретінде де қызмет атқарады. —Р формалы етістікке есім ретінде көмекші есімдер мен демеуліктер де жалғанады. Қазіргі түркі тілдерінде формасының етістікті есім ретінде қолданылуы қысқарып келе жатқаны байқалады.(14,112)

Қазіргі тілімізде түбірлердің құрамында кездесетін –ыр, -ір жұрнағы тарихи тұрғыдан -ур етістігі болғанын Б.Сагғындықұлы “Қазақ тілі лексикасы дамуының зтимологиялық негіздері атты еңбегінде жазған болотын. -Ыр, -ір жұрнағы тарихи тұрғыдан алғанда қолданылу мүмкіндігі мен қызметі жоғары болғандығы байқалады.

Автордың көрсетуінше аса байырғы -ур етістігінің осы заманғы әрі негізгі, әрі көмекші қызмет атқаратыны, етістіктердің кез келгенінің орнына жұмсалып, өте икемді қолданыла алатын қабілеті көне түркі жазба ескерткіштерінде Б.Сағындықұлы мынадай мысалдармен көрсеткен: 1."Сал деген мағынада: ичин ташын адынчығ бедиз уртуртым" (ДТС,11). Іші сырты айрықша ою салдырдым —деп аударылады. 2. Орнат деген мағына: едиз йүксак арсланлық өргүн уруы. (ДТС,55) Арыстанның суреті салынған биік тақ орнатып. 3. Беріл деген мағына: мана ат ұрылды (ДТС,63) Маған ат берілді. 4.Тақ деген мағына: бечкам урыл атлақа (ДТС,67), Аттарға әшекей тағып.

Бұл берілген мысалдардан қазіргі тілімізде грамматикалық тұрғыға айналып кеткен байырғы тілімізде қолданылған -ур етістігінің әр түрлі қызметте жұмсалғандығын көреміз.

-Ур етістігінің қазіргі түркі тілдеріндегі семантикалық өрісі өте кең. А.М.Щербак жұрнаққа айналып кеткен -ур етістігінің мағынасын былайша анықтайды: Собственное значение глагола -ур, -вур, -ур (ударять, насыпать, наливать, класть, ставитъ). Ат ур-нарекать имя. Алтай тілінде -аракі ур, хакос тілінде -араға ур, шор тілінде —соқ ур т.б. (5,146)

“Түркі тілдерінің этимологиялқ сөздігі" атты еңбегінде Э.В.Севартян —ур еістігінің түркі тілдеріндегі лексикалық мағыналарын бұдан да әлдеқайда көп етіп көрсетеді.

Қазіргі тілдерде -ур етістігі лексикалық мағынасын сақтай отырып, көмекші етістік қызметін де атқарады. Қарақалпақ тілінде жар ур- жар салу, қадам ур-қадам басу, түрік тілінде — лап ур-мақтау, как ур-көктеу, тер ур- терлеу, иес ур-иістену, көз ур- көз салу т.б. болып қолданылады. (6,183)

А. Хасенованың еңбегінде -ла, -ле тұлғасы мен -ур формасы грамматикалық синонимдер деп берілді. Мысалы, гипла мен гапер, туфма мен туфер.

Уақыт еөте келе ур етістігі өзінің бұрынғы көп қызметінен ажыраған және мағынасы тарылған. Лексикалық мағынасы грамматикалық мағынасына ұласып, көмекші сөзге және жұрнаққа да айналып кеткен. Қазіргі қазақ тілінде ур етістігінің мынадай мағыналары сақталған: ұр-сабау, соғу, тоқпақтау. Сондай-ақ ұрыс етістігінің -зеку, жазғыру, сөгу мағыналары бар. Профессор Б.Сағындықұлы ұрыс етістігін қазіргі тілдік тұрғыдан ұр деген өлі түбірге және -ыс деген өлі жұрнаққа бөліп талдайды.

Ур етістігінің кез келген сөз табымен тіркесе ал қабілетін байқауға болады. Бірнеше түркі тілдерінде ұр көрсткіші қыл және ет сияқты көмекші етістіктердің қызметін еркін атқара алады. Тіпті -ла жұрнағының орнына да қолданылады. Бұл туралы А.М. Щербактың еңбегінде терең талдау бар.

Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдердің құрамында да ұр етістігін көре аламыз. Шарқ ұрды, жер-көкті аралап алас ұрды, суық ұрды, құрық ұрды, қалдық ұрды, құдай ұрды, көзге ұрды, жын ұрды, бас ұрды т.б.

Ұр етістігі ежелгі түркі тілінде саусақпен санарлықтай түбір етістіктердің бірі болгған. Сөздік құрамның баюына, грамматикалық құралымның жетілуіне байланысты -үр көрсеткіші уақыт өте келе ертедегі қызметінен айырылған. Мағынасы көмескеленіп, тарылған, басқа сөздердің тіркесуі деп шектелген. Тіпті, лексикалық мағынасы грамматикалық мағынаға ұласып, көмекші сөзден жұрнаққа айналып кеткен.

Қазіргі қазақ тілінде ұр етістігінің семантикасы тарылғаны соншалық — дербес лексикалық мағынасы бір-ақ сөзде сақталып қалған.

Бірқатар турколог-галымдар Ә.Қайдаров, Б.Юнусалиев,

А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, Э.В.Севартян, К.Мусаев т.б. пікірінше ур, ор, үр, ор тұлғалары сингармониялық варианттар болып сақталады.

Қзіргі қазақ тілінде -ыр, -ір, -ар, -ер, -р жұрнағының көне мағынасы үр етістігі. Осындай ойға бізде өз тарапымыздан қосыла отырып, оның ғылымшылығын жоғарыдағы деректерді келтіре отырып, дәлелдеуге талаптандық. Ұр етістігі мен -ар, -ер, -ыр, -ір, жұрнақтарының арасында көнеден сақталып келе жатқан мағыналық байланыс бар екенін дәлелдеуге талап қылдық.

"Һибат-ул хақайиқ" ескерткіш тілінде сан жағынан ең көп есімше формасы -ар, -ер, -р.

-ар, -ер, -р формалары ескерткіш тілінде -ар, -ур, -үр, -р түрінде берілген. Бұл формалар қазіргі қазақ тілінде келер шақ есімше мәнін беретін болса, "һибат-ул хакқайиқ” ескерткіш тілінде де келер шақ есімше мәнін білдіреді. Мысалы:

Илаһи өкуш хамд айурмән сәңа