Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Кудатгу Билик.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
304.13 Кб
Скачать

3. Келер шақ көсемше. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі; -ғанша, -генше, -қанша, -кенше;

Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар М.Томанов, Ә.Төлеуов, Е.И.Маманов мақсатты көсемше деп атайды.

“Істеуге ниеттеніп тұрғанды көрсететін сөз түрін – ниетті көсемше дейміз” деп А.Байтұрсынұлы айтса, А.Исаев аелер шақ көсемше деп атаған.

Дегенмен бұл зерттеу еңбектерінің арасындағы -ғалы, -гелі, -қалы, -келі; -ғанша, -генше, -қанша, -кенше формалары арасында атқаратын қызметі жағынан айырмашылықты көрмейміз.

ғалы жұрнағы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде – мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сақталған. -ғалы қосымшасы құранды – ғалы көсемшесінің екі түрлі қызметі де, екі түрлі морфологиялық тұлғадан қаралуына байланысты-ғалықосымшасының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да соңғы -лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшалы болуы ықтимал. -ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына меңзейді, бір істің басталуымен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұтастығын білдіреді.-ғалытұлғасының семантикасы осындай молфологиялық құрамның нәтижесі деп қаралатыны да сондықтан.

-ғалы, -гелі, -қалы, -келікөсемше формасы келер шақ мәнін білдіреді, бірақ ол грамматикалық шақ емес. Мысалы, Оқығалы отырмын. Оқығалы отырдым. Оқығалы отырармын – дегенде, бұл үш сөйлемнің біріншісі осы шақ, екіншісі өткен шақ, үшіншісі болжалды келер шақ формасында.

Н.К.Дмитриевтің еңбегінде “Деепричастие -ганша, // -генше, переводится “прежде чем”, например: бар-ганша “прежде чем идти”; гелгенше (прежде чем приходит”; Мен ана барганша мини етермен “Я сделаю это, прежде чем идти туда”.

Кроме положительной, другие формы не употребляются; в карачаево – балкарском языке существует соответствующая форма на -ганшы // -генші”деген зерттеу жұмысынан көсемшенің -ғанша, -генше формасын келер шақ мәнінде жұмсалатынын құптайтынын көреміз.

Гаджиева Н.З. мен Серебренников Б.А. еңбектерінде көсемшенің -ғанча // -гәнчә, -ғынча // -гинчә, -қалы // -кәлиформалары жайында сөз қозғайды. Яғни көсемшенің-ғанчааффиксі іс-әрекеттің жалғасуын білдіретін, етістіктің келер шақтық мән білдіретіндігі жөнінде айтып, мысал арқылы дәлелдейді. алтай: Таң атқанча даш болды – Таң атқанша жауын болды; қазақ: Хасан жиналыс біткенше отырды: хакас: Ансах чылығ тозылғанша пала пір де тапсабан – сторик не произнес ни слова, пока не кончилось собрание; қара-қалпақ: Ол келмегенше мен сөзді сибермеймін – Ол келмегенше, мен сөзді жібермеймін;

-ынча формасы -ғанша // -гәнша, -ғынша // -гиншә көсемшесінің варианты.

Мән габағымдакы чажы гарышдырыб ичинжә о бир нечә кәрә бу суалы мәнә верди. – Он несколько раз задавал мне этот вопрос, пока я пил чай, поиешивая его в стакан.

-қалы // -кәли. Бұл көсемшенің мән-мағынасы-алыкөсемшесінің қызметіне сай келеді.-алы– іс-әрекеттің алғашқы формасын көрсетеді: Жәбпәжә гәләли биринжи бәфә олараг Улдузун үрәжиндән бир севинч далғасы кечди. “Впервые после прибытия на фронт сердце Улдуз наполнилось радостью; түркмен: Бен Алманижажа гелеме бир сене олмак үзеремди – Прошел почти год, с тех пор как я приехал в Терманию; Ал, -қалы // -кәли көсемшесі де іс-әрекеттің алғашқы рефолмасын білдіреді: Мен аңды атқалы, удай берди – С тех пор как я убил оленя, прошло много времени; ногай: Мен сосы ауылға келгели еки жыл болды – С тех пор как я пришел в этот самый аул, прошло два года.

Бұл мысалдар әрекеттің алғашқы формасын білдіреді дегенмен, өткен немесе осы шақ мәнінде жұмсалатындығын көреміз.

-алыкөсемшесі жайында зерттеуші ғалам А.Н.Кононовта сөз қозғайды. “Деепричастие на -алы // -ели, выражая развернутое обстоятельство времени, указывает на исходный момент, от которого ведется исчисление начала действия. Это деепричастие входит в состав предложения на правах второстепенного члена предложения”. [ ]

“Құтадғу билиг” ескерткіш тілінде -алы көсемше формасы орын алған:

Буралара алак басшалы там беш иыл олмушти – Прошло ровно пять лет с тех пор, как ноги не бывало в этих местах. (QBN 103);

Қазіргі -ғанша, -генше көсемшесінің көне түркі тіліндегі -інса, - інсе, -унса, -үнсе варианты болып табылады. Көсемшенің бұл тұлғасы ауыспалы пысықтауышты, келер шақ мәнін білдіреді.

1) Субъектінің бір жақтылығы:

Райф Ефендинін иаттиги одана гйринсе бусбутун шаширдим

Я совершенно растерялся, как только вошел в комнату, где лежал Раиф-дей.

Мариа бошина чевиріп бени горунсе, хемен гулумседи

Мариа повернула (“свою) голову, икак только увидела меня, тотчас улябнулась.

2) Субъектінің көп жақтылығы:

Орталик аудинланмага бошлауинса сокаклар иаваш иаваш санланди

Как только стало рассветать, улицы мало-по-малу оживились.

Акшам олунса кардешлери гелмішлер

Лишь только настал вечер, пришли ее братья.

“Қүтадғу билиг” және “Һибат-ул хакайиқ” ескерткіш тілінде көсемшенің бұл формасы кездеспейді.

А. Есенқұлов зерттеуі бойынша ХХ ғ. ескерткіші “Тонукөк”, (Күл-Тегін”, “Білге қаған” тілдеріндекөсемшенің -ғалы, -гелі жұрнағы етістікке жалғанып, келер шақ мәнін білдіреді.

Сыңар сүсі ебіг барқығ йылғалы барды, сыңар сүсі соң үлегелі келті

Әскерінің жартысы үй, мүлкімізді талағалы келсе, енді бір сыңары соғысқалы келді.

(“Білге қаған”)

Йуйқа ерікліг топлағалы үчүз ерміс, йінче ерікліг үзгеліүчүз

Жіңішкені жинау оңай

(“Тонукөк”)

Түрк будун олурғалы, түрк қаған олурғалы

Түркі халқы мен қағаны тұруп үшін (отыру)

(“Тонукөк”)

Өз тәңірі йасар, кісі оғыл көп өлгелі

Уақытында тәңір белгілейді, адам баласы өлгелі (өлу үшін) туады.

(“Күл-Тегін” ескерткішінің үлкен жазуы)

Құрылымы жағынан күрделі, түркі тілдерінде жалпылық сипатқа ие -ғалы көсемшесінің негізгі грамматикалық мәні, әр ғалымдар тарапынан әр түрлі аталады. Мәселен, өзбек, қырғыз тілдерінде -ғалы формасы мақсаттық, мезгілдік мәнде қолданылады. Грамматикалық мәнінің түрлі аталу себебі -ғалы формасының ішкі мәнін түсіндіруде грамматикалық классификацияның әр түрлі принциптеріне сүйенуге байланысты.

Н.А.Баскаков қарақалпақ тіліне арналған зерттеуінде мақсаттық мағынаны -ғалы формасының негізгі грамматикалық мәні деп есептейді де, ал оның мезгілдік мәнде жұмсалуын: “деепричастие цкли гететически является общим с формами деепричастия на цели” деп түсіндіреді.

Ғалым қарақалпақ тілінде тұлғалану жағынан бір-біріне ұқсас келетін екі форманың бір негізді екенінсинтаксистік қызметіндегі оттақ ерекшеліктермен байланыстырады.

Қазақ тіліне байланысты М.Томанов “деепричастия на -ғалы выражает временное значение в сочетании с глаголами істеу, тану. Если в функции главного компонента употребляются глаголы типа тұру, жүру, айту, сөйлеу, то деепричастия на -ғалы выражает цель”, - деп форманың әр түрлі мағынаға ие болуын тіркесетін етістіктің семантикасымен байланыстырып қараса соңғы зерттеулерінде: “-ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына меңзейді, бір істің басталуымен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұтастығын білдіреді” – дейді. [ ]

16-бет формами деепричастие на цель (В, 23). Ғалым қарақалпақ тілінде тұлғануы жағынан бір-біріне ұқсас келетін екі форманың бір негізді екенін синтаксистік қызметіндегі ортақ ерекшеліктерімен байланыстырады. Қазақ тілінде байланысты М.Томанов “деепричастия на -ғалы выражает временное значение в сочетании с глаголами істеу, тану. Если в функции главного аомпонента употребляются глаголы типа тұру, жүру, айту, сөйлеу, то деепричастия на -ғалы выражает цель”, - деп форманың әр түрлі мағынаға ие болуын тіркесетін етістіктің семантикасымен байланыстырып қараса соңғы зерттеулерінде: “ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына меңзейді, бір істің басталуымен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұтастығын білдіреді? – дейді [ ]

“Һибат-ул хақайық” ескерткіш тілінде -ғалы, (-гелі, -қалы, -келі) жұрнақтары яғни мақсатты көсемше жасайтын фолрма кездеспейді.

А.Есенқұлов және М.Томанов зерттеген VI-VIII ғасырдағы ескерткіштер тілінде -ғалы, (-гелі, -қалы, -келі) мақсатты көсемше формалары кездескенмен, ХІІ ғасыр ескерткіштерінде бұл форма жоқтың қасы.

4. -майынша (-мейінше, -бойынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше). Етістік негізіне -майынша(-мейінше, -бойынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше) жұрнағы қосылу арқылы көсемшенің ерекше бір түрі жасалады. Бұл жұрнақтың тарихы (этимологиясы) да, мағынасы мен қызметі де әлі тексерілмегендіктен, грамматикалық формалардың тізімінен тыс қалып келеді. Бұл жұрнақ -ма-йын-ша элементтерінен құралды ма, болмаса, басқа элементтерден бірікті ме – ол сыры мәлімсіз. Бірақ әрі көне, әрі құнды форма екені күмәнсіз (мүмкін, -ғанша формасының болымсыз түрі болуы ықтимал). Осы жұрнақ арқылы:алмайынша, бермейінше, жазбайынша, тозбейінше, айтпайынша, бітпейінше... тәрізді көсемшелер тіпті көп жасалады да, жиі қолданылады. Мысалы, ойламайынша, сөз сөйлеме; ойлапалмайынша, ләм дем. Сондай-ақ,айтпастан, бітпестендегендердегі -пастан (-пестен) формасын көсемшеге телу жайында, пікір туып жүр. Егер бұл форманы көсемшеге телу керек болса,айтқандай, біткендей, айтардей, бітердей; айтқандықтант.б. –қандай, -ардай, -қандықтан, -атындай, -арлықтай фолмаларын да көсемшелерге телу қажет болады. Ендеше, бұл фолмаларды арнайы тексермейінше, осы категорияға жатқыза қою орынсыз сияқты.

Ал, Ерназарова Зәурештің “Қазақ тіліндегі көсемше оралымды сөйлемдердің семантикасы – грамматикалық аспектісі, атты кондидаттық диссертациясында көсемше барлық етістіктер сияқты болымсыздық формасында беріле алады. Қазақ тілінде көсемшенің болымсыз формаларына -май, -майынша, -мастан аффикстер жатқызылып жүр дейді. Болымсыз формаларының әр түрлі варианттарда кездесуі түркі тілдеріне тән жалпы құбылыс. Көсеишенің жалаң және күрделі түрлеріне сай олардың болымсыз формалары да құрылымдық жағынан түрленіп тұрады. Болымсыз көсемшелері арасындағы айырмашылық құрылымдарынан ғана ғана емес. Олардың сөйлемдегі қолданыстарынан, грамматикалық мәндерінен де көрінеді. Сондықтан әр форманың функциональді – смантикалық ерекшеліктерін дифференциальді тұрғыдан көрсету үшін оларды жеке-жеке талдап қараған жөн.

Болымсыз мәнді көсемшелер арасында ұйымдастырушылы орталық вариант қызметінде тұратын -май формасы тілде -п формасынан кейін өте жиі қолданылатын тұлға.

Сипаттама грамматикаларда ма+й формасы көсемшенің жеке түрі ретінде көрсетілмей, -п, -а аффикстерінің болымсыз варианты тұрғысында аталып жүр. –п көсемшелі болымсыз түрінің тілде қалыптасқан дәстүрлі тәсілі арқылы жасалмай (барған-бармаған, бару-бармау), өзгеше тұлғамен берілуі ерте дәуірде-ақ қалыптасқан. Бірақ бұнда -ма тұлғасынан аейін -п көсемшесі тіркеспейді деген ұғым тумауы қажет. Мәселен, қазіргі қазақ, өзбек тілдерінде ма-п-еді аналитикалық формантты етістіктер кездессе азербайжан тілінде “ма-п” формасының өзі (дурмазый, бармазый) жеке беріле алады.

-май көсемшесіндегі -й элементінің тарихы ғалымдар тарапынан әр түрлі түсіндіріледі. Мәселен Ғ.И. Рамстедт, А.А.Юлдалиев, В.И.Комушин бұған қарама-қарсы. Май обычно считают отрицательным коррелятом формы. Скорее здесь -й / и -йной не связанный с -а паказателем”. Ғалым М.Томановтың пікірі осы оймен үндес. Ол -май формасын -йын, -йін көсемшелерінің сіңісуінен пайда болатынын айтады.

Ма-й формасының қалыптасу тарихына байланысты жоғарыда айтылған пікірлердің негізсіз еместігін сөйлемдегі синтаксистік қызметі мен содан туындайтын мағыналық байланыстың түрлері нақтылай түседі. Өйткені бұл форма -п,-а көсемшелеріне тән синтаксистік функцияны болымсыздық түрінде қайталап, сөйлемде алдыңғыларда кездеспейтін пысықтауыштық қатынастаң түрлері қалыптастырады.

-мастан формалы көсемше.Көсемшенің күрделі формалары қатарына мастан тұлғасы да жатады. Бұл форманы қазақ тіл білімінде көсемше ретінде қарастырған. А.Хасенова болды. –мастан формасының морфологиялық сипаты туралы ғалым былай дейді: “Көсемшенің болымсыз етістіктерден жасалған май / -мей аффикстерімен мағыналас болып келетін бұл түрі де есімшелерінің септелуі көне формасынан жасалған. Тіл тарихында көсемшенің грамматикалық категория ретнде бөлінуінде септік жалғаулары елеулі қызмет атқарғаны белгілі. Көсемшенің күрделі формаларының басым көпшілігі септік жалғуларының есімшеге тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста жұмсалуына байланысты қалыптасады. Мәселен, Н.З.Гаджиева есімше мен септік жалғауларының аражігі айқын бөлініп тұратын -ғанда көрсеткішін де көсемшелер қатарына жатқызады. Ғалым бұл жерде -ғанда формасы арқылы екі әрекеттің мезгілдік арақатынаста жұмсалуын ьасшылыққа алып, сол белгісіне қарай оны көсемше аффиксі деп таниды.

-мастан формасы өте ертеден-ақ тілде қалыптасқан тұтас форма ртінде қолданылып, әр түрлі пысықтауыштық қатынастағы конструкциялардың қалыптасуына негіз болған.

-мастан формасы болымсыз етістік жұрнағынан -ма кейін, есімшенің -с және шығыс септігінің жалғауы -тан, -тен тіркесуі арқылы жасалған -мастан фолмалы бір субъектілі конструкцияларға жасалынған анализ олардың негізгі бөліммен әр түрлі пысықтауыштық қатыныста тұратындығын көрсетті. Бұл -мастан формасының көсемшелік сипатын айқындай түсті

-майынша формалы көсемше. -майынша формасын -ғанша көсемшесінің болымсыз түрі деп қарау – туркологияда қалыптасқан пікір құрамының күрделілігіне қарай -майынша формасы күрделі көсеишелер қатарынан орын алады. Шығу, қалыптасу тарихы жөнініде әр түрлі пікірлер бар. Мәселен, А.Тұрсынов оны: “ма – аффикс отрицания, йын – древняя деепричастие форма, -ча –аффикс предела от слово чан” – деп жіктейді.

Әр элементті жіктеп көрсетуді біз М.Томановтың зерттеуінен көреміз. -май көсемшесі құрамындағы -й тұлғасын көне жазба ескерткіштерінде кездесетін -йын көсемшесімен байланыстырып түсіндіргелі келген ғалым оған дәлел ретінде – майынша формасын алады. Күрделі тұлға “йын” бөлшегі сол көне жұрнақтың сақталынған бір түрі ретінде түсіндіріледі. Ал жалпы тұлғаның өзі жөнінде профессор М.Томанов мынандай қорытынды жасайды: “Қазақ тілінде толық түрі – майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырасады. Соңғы мезгіл мәніндегі -ша қосымшасымен ықпалымен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған” [ ].

Яғни ғалым майынша формасын мезгілдік мәнді деп есептейді. Бірақ бұл анықтама көсемшенің сөйлемдегі қолданысымен дәл келмейтін сияқты. Бұл талдау барысында анықталды. –майынша формасының ерекшелігі оның құрасында болымсыз жұрнақ бола тұра, өзі тіркескен сөзге болымсыздық мағына үстемей, керісінше, міндетті түрде жүзеге асуы тиіс әрекетті білдіретінін -майынша көсемшесінен -ғанша формасының болымсыз түрі деп есептегенмен, олар функционалды семантикалық аспектілері жағынан бірін-бірі қайталайды деп айтуға болмайды. Мысалы, Біз арамызда қатаң тәртіп орнатпайынша, колхоз сенімін ақтай алмаймыз (Б.Соқпақпаев). Егер-ғаншаф ормасына ауыстырсақ: Біз арамызда қатаң тәртіп орнатқанша, колхоз сенімін ақтай алмаймыз. [ ]

“Һибат-ул хақайиқ” ескерткіш тілінде жоғарыда мақсатты көсемше мәніндегі формалар кездеспейді десек, -майынша ( -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше) формалары да ескерткіш тілінде орын таппаған. Яғни кездеспейді.

Кей зерттеушілер “-майынша, (-мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше) формалары тілімізге кейіннен енген форма” деген. Және бұл форма жөнінде зерттеу жұмыстары өте аз.

“Құтадғу билиг” ескерткіш тілінде көсемшенің болымсыз формасы жайында мысалдар жиі ұшырысады. Бұл ескерткіштің каир және наманган варианттарында екі түрлі формада қолданылған.

  1. Каир нұсқасында – маз

  2. Наманган нұсқасында – мас

Бұл – маз және –мас формасының екеуі де көсемшенің келер шақ мәнін білдіреді.

Мысалы, келер нұсқасында “әситмазму” (QBK 25), ал наманган нұсқасында “әситмасму” (QBN 57) – беретін иағынасы “естімес”. Осы секілді мысалдар көптеп кездеседі.

Мысалы:

тутса болмаз (QBK 27)

жетсә булмас (QBN 60) – жетуге болмас

булумаз (QBК 28)

булумас (QBN 60) – таппас

тутмаз (QBК 28)

тутмас (QBN 60) – түсінбес

“В каирском списке в словах и аффиксах в основном распределение губных глсных в слово формах более подходит под понятие “губная гармония” чем в наманганском списке”, - дейді. Э.Н.Наджип өзінің “Исследование по истории тюркских языков ХІ-ХІV в.в.” атты еңбегінде.

Ескерткіш тілінен оған мысал:

көругли (QBК 21)

көригли (QBN 49) – тот, кто увидит

мудин (QBК 69)

мунда (QBN 115) – отсюда, здесь

мунгу (QBК 68)

мингу (QBN 114) – будет садиться

Кейде каир вариантында еріндіксіз дауысты қолданылса, наманган вариантында – еріндік нұсқасы қолданылады:

көлиргә (QBК 71)

көлургә (QBN 116) – прийти.

Грамматикалық ерекшелігінде каир жазбасында көбіне көне табыс септігінде келеді:

Елиг жузи көрмадим

Я не увидел лица правителя (QBК 74);

“Редко в данном случае и в кайрском винительный падеж оформляется аффиксом -і или безаффиксальной формой:

нәңни булумаз (QBК 84)

вещь не найдет

нәң булумаз (QBN 133)

киши нәңин алма (QBK 58)

киши нәңи алма (QBN 104) – чужую вещь не бери.[ ]