Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Киши жуз казактарынын патша укиметинин отарлау шараларына ка

.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
53.25 Кб
Скачать

Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі

1775 жылы патша өкіметі жергілікті басқару ісіке қайта ұйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Ресей өкіметі Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігін Симбирск және Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына берді. Орынбордың обер-комендантына Кіші жүзде патшалық үкімет орындарының іс-шараларын тікелей жүргізу тапсырылды, бұл үшін Шеқара істері комиссиясы құрыілды.

Патшалық үкімет орындары қазақ сұлтандарын өзінің сенімді тірегіне айналдырып, олардың көмегімен қазақтардың толқуларын болғызбауға ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сұлтандар патша үкіметіне адалдығын дәлелдеуге бар күшін салды. Патшалық үкімет орындары сыйлықтарі үлестіру, айлық тағайындау, шен беру жолымен дала аристократиясымен одақты нығайтуға ұмтылды.

Кіші жүз жерлеріне салынған бекіністердегі қазақ-орыс әскерлеріне жергілікті халық есебінен жер бөлініп беріле бастады. Бұл жағдай жайылымдық жерлердің тарылып, мал шаруашылығының күйзеліске ұшырауына алып келді. Сонымен қатар, бекіністерге орналасқан қазақ-орыстар қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, малдарын айдап, адамдарын байлап әкетіп отыратын болды. Орынбордың әскери губернаторы Н.Вахметьев патшаға жазған мәлімдемесінде: «Шеп бойыңдағы барлық бастықтардың қолдауымен рұқсат етілген жазалау шаралары қазақтарды аздырып-тоздырып, талан-таражға ұшыратуы сондай, барымта деп алынған малдың мыңынан жүзі иесінің қолына қайтіп тимейді». «Шеқараға жете алмай әлді» деген сылтаумен мал барымта басшысының т.б. қолында қалып отырды. Сөйтіп осы заман әдет арқылы дүние-мүлік жинап, байып алғандар Көп»,- деп көрсетеді. «Шеқара барымтасы» деген шабуылдар бүкіл бекініс линияларының бойында қолданылып тұрған. Мұндай шабуылдар кейде тілті ойдан шығарылған сылтаулар арқылы да жасалып тұрған. Оның ұйымдастырушылары Жайықтағы қазақ-орыс әскерінің атамаңдары. Бұл шабуылдардың Көп болатын себебі, шабуылға қатысқандар олжа түсіріп, ауқаттанып отырғандығын Орынбор әкімшілігінің өзі де мойындайды.

Бұл келеңсіз құбылыстарға қоса хан мен патша үкіметінің салған түрлі салықтары, көрсеткен зорлық-зомбылықтары «шықты әбден титықтатқан еді. Патшалық Ресейдің кергілікті әкімшілік орындарына арқа сүйеген Нұралы хан мен оның туысқан сұлтандары 70-жылдардың екінші жартысында халықты қанауды күшейтті. Нұралы хан Кердері туынан бір жылда - 100 жылқы, Тама руынан - 60 жылқы, абын руынан - 50 жылқы тартып алған.

1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан әтуіне хан шеқаралық үкімет органдарынан рұқсат алғаннан кейін ғана жол берілді. Нұралы мен оның ең жақын ыстары қоныстарға билік ету құқығын пайдаланып, қиянат жасады, Орал қазақ әскерлерінің старшиналарымен сөз байласты. Әскери старшиналар өзеннен әткені үшін ақы тәлемеген ауылдарды тонады, ал қазақтарды тұтқынға алып, айдап әкетті. Сол кезде хан мен оның жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп, «тұтқын іздеу» қаржысы ханның, шеқаралық әкімшілік пен қазақтардың үстем топтарының тұрақты табыс көзіне айналды.

Осындай әлеуметтік-саяси себептер С.Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, яғни 1783 жылдың көктемінде Жайық қазақтарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс әңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзеңдерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.

1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған қазақ-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына кұлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша тәлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал әскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл әрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға әкімшіліктен қосымша әскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық қазақтарына ғана емес, Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтаңдарға да қарсы бағатталады.

1784 жылы көтеріліске Байбақты, Табын, Шекті, Шеркес руларының адамдары да қатысты, кейін көтеріліс одан әрі қанат жайып – Барақ, Тіленші, Оразбай, Айшуақтың баласы ЖанТөренің иеліктерін, Жоғарғы Орал бекінісі мен Елек қалашығына дейінгі аралықты қамтыды. 1784 жылдың күзінде көтерілісшілердің саны 1000 адам болса, 1785 жылы Сырым батырдың жасағынды – 2700, Барақ батырда – 2000, Тіленші батырда – 15000 адамға жеткен. 1785 жылдың көктемінде Сырымның жасағы Антоновск форпостына, Сахарная қалашығына, Орал бекіністеріне шабуылдар жасап, оларға Көп шығын келтіреді.

1785 жылдың наурызында көтерілісті басуға Орынбор қаласынан Елек өзенінің жоғарғы ағысын бойлай генерал – майор Смирновтың отряды, Сарайшық бекінісінен Пономарев пен Колпаков басқарған Жайық қазақтары аттанады. Бұл отрядтар көтеріліске қатысушы ауылдарды ойран салып, тонап, Қаракөл маңындағы ауылдарынан 112 адамды тұтқындап алып кетеді. Майор Назаровтың отрядына Сырымға көмекке келе жатқан Айшуақтың баласы Аппақ бастаған сарбаздар қарсылық көрсетіп, осы шайқаста Аппақтың өзі де ерлікпен қаза табады. Назаровтың отряды Табын руының ауылдарына шабуыл жасаған кезде Айшуақтың екінші баласы ЖанТөрені соққыға жығып, балалары көтеріліске белсенді қатысқаны үшін Айшуақ сұлтанды тұтқындап, 2124 жылқысын қоса айдап кетеді. Осыдан Айшуақ 1787 жылға дейін түрмеде отырады.

Айшуақ сұлтанның тұтқындалып, балаларының біреуі әліп, біреуінің соққыға жығылуы, страшындарының патша әкімшілігіне бағынбауы, Кіші жүз руларының Көпшілігі Нұралы ханды мойындамай көтерілісшілер жағына шығуы, хан билігінің дәрменсізідігін, дағдарысқа ұшырағандығын байқатты. Бұл жағдай Ресей өкіметін де қатты ойландырды. Енді олар кіші жүз старшындарымен тікелей баланыс жасау жағын ойластырады да, генерал губернатор О.А. Игельстром Орынбор шеқаралық қызмет комиссиясында істейтін ахун (ахун мұмылмандық діни лауазым) М.Құсайыновты елшілікке жібереді. Елшіліктің алдына: көтеріліс жасаушы старшындарымен тікелей байланыс орнату, көтерілістің себептерін анықтау, көтерілісшілердің қойылатын талаптарын білу, көтеріліс тоқтатылса берілетін жеңілдіктерді түсіндіру сияқты тағы басқа мінедеттер жүктеледі. Кіші жүздегі жағдайме танысқан Құсайынов, 1785 жылдың жазындағы көтерілісшілер мен старшындардың қатысуымен әткен жиналыста патша әкімшілігінің қоятын талаптарынан хабардар етеді.

Ал көтерілісшілер өз тарапынан патша әкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 2) Орал қазақ-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру.Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша II Еқатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіл, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс әтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді.

Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен танысқан патша II Еқатеринадан «кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер мен сұлтандар арқылы басқарылсын» деген нұсқау келеді. Осыдан кейін генерал-губернатор О.А Игельстром Кіші жүзді басқарудың империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Оның жобасы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару Орынбор шеқаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторға батындырылады. Тарихта «Игельстром реформасы» деген атпен қалған бұл реформа, жалпы имлериядағы саяси жағдайға байланысты және жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай іске аспайды.

Билер мен сұлтандардың Сырым бастаған бөлігі болмаса, барлығы бірдей хандық биліктің жойылуын қолдамаған еді. Хандық билік жойылғанмен, патша әкімшілігі Кіші жүзде өздеріне тұтастай тәуелді басқару жүйесін құра алмады. Бұл реформаның бір пайдалы жағы, оны жүргізу барысында Жайық қазақ-орыс әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуыл жасауына тыйым салынды. Қазақтарға Еділ мен Жайық аралығындағы жерлерге көшіп-қонуға мүмкіңдік беріліп, Жайықтан әтуге 45 мыңнан аса шаруашылығы бар 17 ру басы рұқсат алады.

«Игельстром реформасы» толық нәтиже бермеген соң, патша үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сұлтандармен арадағы одақты нығайтуды көздеді. О.А.Игельстромның орнына жаңа тағайындалған генерал - губернатор А.Пеутлинг Нұралының інісі Ералымен байлад жасап, қазақ қоғамына қатысты қатал саясат устанд Губернатордың саясатына сәйкес Жайық қазақ-әрі әскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта үдеп Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласын Нұралы хан қайтыс болып, орнына билер мен ру басыла; жиналып Есім сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Орал қаласының жанында әткеңі жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сақтанды. Ералының хан сайлануы ел ішіңде наразылық тудырып, стихиялық баскөтерулер байқалды С.Датұлы Кердері және Табын руларының старшыңдарынн хат жазып, ауылдарды Мұғаджар тауларына көшіру керей екенін және өзінің патша үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық күресі жалғасып, негізінен шеқара әңіріндегі руларды қамтыды. 1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек қаласына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады.

1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795Я жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795-1796 жылдардағы ауа райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А. Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. 1797 жылы наурыздың 26-нан 27-нен қараған түні көтерілісшілер Краснояр бекінісінен 5 шақырым жерде Есім ханды әлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. Бірақ, ханды әлтіруге Сырым өзі қатыспайды. Хан әлімінен кейін патша үкіметі көтерілісшілермен күресудің дұрыс әдісі Сырымды тұтқындау деп есептейді. Онымен ғана шектелмей амалдар іздестіріп, Кіші жүзде хан кеңесін ұйымдастырады. Ол кеңестің басшылығына Айшуақ сұлтан, кеңес мүшелігіне алты старшын және патша үкіметінің әкілі Құсайынов 26 сайланады. 1797 жылы тамыз айында хан кеңесі шақырылып оған 1000-ға жуық адамы бар Сырым Датұлы да келеді. Осы кенесте Сырым: «Кіші жүз халқының жағдайының ауырлығына және хан кеңесінің құрылуына байланысты күресті тоқтатамын», - деп мәлімдеме жасайды. Одан соң ол хан кеңесінің құрамына сайланады.

1797 жылы қазан айында патша үкіметі 77 жастағы Айшуақ сұлтанды хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші - халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты.

Ресей отаршыларының жүргізген күйтырқы саясатының нәтижесінде хандық билік дағдарысқа ұшырады. Сонымен қатар патшалықтың отарлау саясаты, яған орыс-қазақ ескерлерінің қазақ жерлерін тартып алуы, дәстүрлі шаруашылыққа үлкен нұқсан келтірді, қоныстарды тарылтты. Сонымен көтерілісшілер негізінен екі үлкен мәселені қойды: бірі дербес саяси хандық билікті, екіншісі қазақ жерінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету.

Қорыта айтқаңда Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында отаршылдық саясат пен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.