Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Карахан мемлекеті

.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
52.22 Кб
Скачать

Қарахан мемлекетіне қидандардың (қара қытайлардың) басып кіруі. Найман ханы Күшліктің қарақытайларды талқандауы

ХІІ ғасырдың 30 жылдары Солтүстік Қытайдан қуылған көшпелі қидандар (қарақытайлар) Жетісу мен Шығыс Түркістанды басып алды.

Қытайда үстемдік құрған кезде Қарақытайлар (қидандар) өз әулетіне Ляо есімін берген. Олар қытай тарихында осы атаумен белгілі болса, мұсылман тарихшылары оларды «қара қытай» деп те атайды.

Қытайда билік жүргізген Ляо әулеті қытай мәдениетін игерген болатын. Алайда, Манчжурияда тунтустардан шыққан чжурчжен халқы күшейген соң Ляо әулетінің соңғы өкілдеріне қытайдан кетуге тура келді. 1125 жылы чжурчжен халқы Ляо әулетін бағындырып, Солтүстік Қытайды өзіне қаратты. Сөйтіп, олар мұнда «Алтын династиясының» негізін қалады. Ол монғолша «Алтын ханы», ал түрікше «Алтун хайы» деп аталды. Ляо әулетінің соңғы өкілдері батысқа қарай кеткенде, халқының бір бөлігі ғана олардың соңынан ерді де, қалғандары Қытайда қалып чжурчжеидерге бағынып қалды.

Мұсылмандар кейіннен Батысқа кеткен қытайларды да, чжурчжепрдерге бағынып қалып қойған қытайларды да «қарақытай» деп атаған. Қытайдан кашқан қарақытайларды Қашқар ханы (ұйғырлар) талқандайды, исламның бұл жеңісі жөнінде Селжук сұлтаны Санжар Халифа жазған болатын.

Батыс Монғолия арқылы неғұрлым Солтүстік жолмен жүрген қарақытайлардың екінші бір бөлігінің сапары сәттірек болды. Олар Енисей өзенінің жоғарғы сағасында қырғыздар шабуылына тап болғанымен, бұл жерден аман-есен өтіп, ары таман – Оңтүстік батысқа барып, Чагучак аймағында Эмиль қаласының негізін қалады.

Бұл кезде Қарахандықтар мен оның көшпенді бағыныштылары арасындағы алауыздықтарының салдарынан соғыс болып жатқан еді. Қарақытайлар хан жағына шығып, оны қарсыластарынан қорғап шыққаны үшін сол жерге орын теуіп қалуға мүмкіндік алды. Осы жерден қарақытайлар бұған дейін Шығысты басып ала алмаған Қашқар хандығын өзіне бағындырады және өздерінің жаулары – қырғыздарды жазалау мақсатымен Солтүстік шығысқа жорық жасады, ұйғырлар да оларға бағынышты болады.

1137 жылы қарақытайлар Қарахан мемлекеті ісіне араласа бастады. Мұнда да хан мен көшпенділер басшылары арасында күрес жүріп жатқан еді. Бұл жолы қарақытайлар ханға қарсы болған көшпенділер жағына шығып, оны Самарқан және Ходжент түбінде талқандады. Ал 1141 жылы Самарқанның Солтүстігіндегі Котван жазығында Санжар сұлтан қарақытайлардан жеңіліс тапты. Қуатты Селжук сұлтанының дінсіздерден бұлай жеңілуі оның замандастарына қатты әсер етті. Шын мәнінде, қарақытайлар ол кезде Амударияның жағасына тоқтап, кейіннен Балх қаласын қоса алғандағы өзеннің Оңтүстік аймағын өзіне бағындырды. Хорезмді қоса алғандағы Бұхараға дейінгі бүкіл мұсылмандык Түркістан оларға бағынды. Қарақытайлар императоры Ғурхан (бұтқа табынушы) деп аталып, кейін оның билік жүргізушілері гурхандар деп ататалып кеткен. Хорезмнен ұйғырлар еліне дейінгі ұлан-батақ жер гурхандар иелігінде болды.

Әдеттегі көшпенді мемлекеттерден қарақытайлар мемлекетінің айырмашылығы — онда аймақтарға бөлінушілік болған жоқ. Тіпті, Гурхан ІІ ешкімге жүз атты әскерден артық бермеген деп айтады. Оның есесіне бағынышты мемлекеттердің ішкі автономия ісінің принципі кеңінен қолданылған. Қарақытайлар Баласағұндағы қарахандықтар иелігін ғана жойып жіберді, мұнда қала тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар болғанына қарамастан, бар істі Гурхан өзі басқаратын. Ал басқа барлық басып алынған аймақтарда - Қашқар мен Мауреннаһрда бұрынғысынша Қарахандықтар әулеттері де өз орнында қалды. Шығыста ұйғырлар Гурханға салық төлеу арқылы бағынышты болды. Бұдан басқа бірқатар жекелеген княздардың сарайында Гурханның өкілі болатын. Қысқасы, Қарақытайлар әскер басшылары ғана болды.

Гурханның өкілі вассалдық иелердің сарайына салық жинау үшін ғана келіп, кейіннен қайтып кететін, ал кейде вассалдық иенің өзі салықты Гурханға апарып беру құқына ие болды.

Қарақытайлар қытайлық үлгі бойынша түтін сайын салық салу жүйесін қолданатын, яғни әр үйден бір динар, бір алтын теңге алатын. Бұл жүйе мұсылмандардың да, көшпенділердің де дәстүріне қайшы келетін.

Гурхандар державасының мәдени деңгейін көтеруде қол жеткен табыстары жөнінде еш мәлімет жоқ.

Мұсылман мәдениетінің үстем болуы нәтижесінде таралу аймағын ұлғайта берді. Қарақытайлар Қытай мәдениетінің әсеріне соншалык ұшырағандығына байланысты өздері кейінкен Орта Азияның монғолдары сияқты мұсылман болып кете алмады. Бірақ қарақытайлардың да, монғолдардың да үстемдігі кезінде мұсылмандардың жат жұрттықтарға бағынышты болуы ислам дінінің таралу өрісін кеңейте түсті.

Қарақытай мемлекетінің ерекшелігі — оның билеушілері 1211 жылға дейін, яғни найман Күшлік ханның билігі орнағанға дейін Қарахан әулетінің қызметінде болды.

3212 жылы Самарқаңда батыс қарақытай әулетінің соңғы өкілі – Хорезмшах Мұхаммедтің бұйрығымен дарға асылды. Ал содан соң Қарахандардың Ферғана тармағы да жойылды.

Осы уақыттан бастап Орта Азия, Жетісу, Қашқария жаңа этникалық келбетке енді, жаңа әлеуметтіктердің талаптары мен түркі тайпаларының отырықшылануы, бәрінен бұрын қала мәдениетін қабылдаған тайпалардың этносы қалыптасты. Қарахандықтар әулетінің үлкен оқиғасы - әулеттің және оған тәуелді тайпалардың 940-950 жылдары ислам дініи қабылдауы.

Шыңғысханнан жеңілген наймандар ханы Күшлік қарақытайлар мемлекетінің тағдырын шешті. Ертістің жоғарғы ағысын мекендеген Наймандардың келуі, қарақытай мемлекетінің де түбіне жетті.

Найман ханы Күшлік 1211 жылы Гурхан (қарақытай) мемлекетін жеңді. Хорезмшах Күшлікке қарсы шығып, Күшліктің пайдасына қарай бірқатар облыстардан бас тартты, нақтырақ айтқанда, Исфиджабты (Сайрамды), Ташкетті және Ферғананың Солтүстік бөлігін Күшлікке қалдыра отырып, қалалардан халықты өзімен бірге ала кетті, қалалар каңырап бос қалды. Күшлік осы аймақтарды алғаннан кейін Орта Азия тарихында тұңғыш рет және соңғы рет ислам дінін қудалау әрекетін жүргізді. Бұл процесс 1218 жылы монғол әскерлері келгеннен кейін ғана тоқтап қалды.

Оғыз мемлекетінің құрылуы, қоныстану аумағы.

Әлеуметтік саяси жағдайы

Оғыз мемлекеті - IX ғасырдың ортасы мен XI ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен оған келіп қосылатын Батыс Қазақстан жерінде пайда болған оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті. Сірә, оғыздардың бастапқы қоныстанған жерлері Орта Азияның Оңтүстік шығыс аймақтары болса керек. Ертедегі оғыздардың топтасып қалыптаса бастауы Батыс Жетісу жерімен байланысты. VIII ғасырдың ортасына таман ертедегі оғыз топтары Жетісу өңірінен көше бастады. Бұл негізінен Батыс Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан кейінгі тайпалар арасындағы өзара қырқыс пен Жетісуда Қарлұқ бірлестігінің құрылуына байланысты болды. IX ғасырдың басында оғыз көсемдері қарлұқ және қимақтармен одақтасып, қангор-печенг бірлестігін қиратып, Сырдария мен Арал маңындағы жазықтықты иеленді. Ал IX ғасырдың аяғында хазарлармен одақтасқан оғыздар печенегтерге қайта соққы беріп, Еділ мен Жайық озендерінің аралығын жаулап алды. Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент – Еділ жағалауы мен Маңғышылақ, Үстіртті басып өтіп, Европа мен Азияны жалғастыратын маңызды жол тораптарының тоғысқан жерінде орналасқан. Янгикент арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар еліне, Хорезм мен Мауаранахрға өтетін. Янгикент билеушілерінің мемлекет құрамы бір текті болмады. Оғыздардың құрамына ежелгі тайпалар ретінде негізімен түркіленген Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген этникалық топтар және Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі ру-тайпалары кірді. Оғыздар бірнеше тайпаларға, тайпалар көптеген ру тармақтарына бөлінді. Махмуд Қашғаридың (XI ғ.) деректері бойынша, оғыздар алғашқыда 24 тайпадан тұрды. Оғыздар бузуктар мен учуктар болып 2-ге бөлінді, осыған сәйкес олар оғыз әскерінің оң және сол қанаттарын құрады. Оғыздардың түркі тілдес тайпалар мен халықтар — қарлұқтармен, башқұрттармен, қимақтармен, қыпшақтармен тығыз байланыс жасаулары олардың бір-бірімен жақындаса түсулеріне септігін тигізді. Махмуд Қашғари оғыздар мен қыпшақтардың сөздеріне жақындық барын бірнеше рет атап көрсетті. Оғыз мемлекетінде мызғымас бірлік болған жоқ. Араб географы әл-Идрисидің (XII ғ.) айтуы бойынша оғыздарда бірнеше «патша» болған. Ірі бірлестіктердің басында тұрған осы көсемдердің резиденцияларының қызметін қазына, азық-түлік сақталған бекіністі орындар атқарды. Соғыс немесе шапқыншылық кезінде олар қорғандарға жасырынды. Оғыз мемлекетінің басында «жабғу» (яғбу) деп аталатын жоғары басқарушы тұрды. Жабғу билігі ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып берілді. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік болмысы жағынан ертедегі феодалдық мемлекет еді. Онда басқарудың әскери-демократиялық түрі сақталды, жабғу билігі ірі әскери-тайпалық ақсүйектер кеңесімен шектелді. Тұрақты салық жинау жүйесі болды. Оғыздар қоғамында жеке меншік дамып, бай адамдардың оқшауланып шығуы шапшаң қарқынмен жүрді. Мүлік теңсіздігінің негізі мал байлығынан байқалған жеке меншікте болды. Араб саяхатшсы Ибн Фадлан оғыздардың арасынан шыққан байлардың үйір-үйір малдары болғаны, олардың ішінен 10 мыңдай жылқысы барларын да көргені жайлы айтады. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды роль атқарды. 965 ж. Оғыз жабғуы мен Киев князы Святославтың арасында хазарларға қарсы әскери одақ жасалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саясиодақ жасауы олардың саяси, сауда-экономикалық мудделерінің бір екенін көрсетті. X ғасырдың аяғында оғыз жабғуы орыс князьдарымен бірлесе отырып, Еділ Бұлғарларына үлкен соққы берді. Х-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекеті әлсірей бастады. Ауыр салыққа наразы оғыз тайпаларының арасында көтерілістер жиіледі. Мұндай көтерілістер шамамен X ғасырдың ортасында билік құрған Әли ханның тұсында болды. Жабғудың екі жүзді саясатына наразылықты X ғасырдың ортасында Жент қаласы маңында қоныстанған салжұқ көсемдері пайдаланып кетті. Олар Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтеріліске басшылық етіп, Жент қаласын басып алды, бірақ бұл иелік ұзаққа созылмады. Олар көп кешікпей Жент аймағынан кетуге мәжбүр болды. Әли ханның мұрагері Шаһмәліктің тұсында оғыздардың күшейгені соншалық, олар 1041 ж. Хорезмді басып алды. Арада 2 жыл өткен соң оғыздардың соңғы жабғуы Шаһмәлік салжұқтардың қолына тұтқынға түсіп өлтірілді. Салжұқтармен болған көп жылдық қақтығыстар мен соғыстар оғыз бірлестігін іштей титықтатып әлсіретті. Оғыз мемлекеті Қыпшақ тайпаларының соққысынан соң күйреді. Қыпшақтардан ығысып. олардың едәуір тобы Шығыс Европа мен Кіші Азия жеріне өтіп кепі де, қалғандары қарахан мен салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал қалдықтары XI ғасырдың ортасында түркі тілдес Дешті Қыпшақ тайпаларының арасына тарады. Оғыздардың этнонимі қазақ руларының, Кіші және Орта жүз тайпаларының аттарында сақталып қалды.