
- •І тарау
- •1. Ескерткіштегі есімшелердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері.
- •2. Есімшенің осы шақ түрі: -атын (-етін, -йтын, -йтін), шы, -ші.
- •Уа жаратушы, сені шексіз дәріптеймін
- •Ей, ренішсіз, қиындықсыз өмір сүруді армандадым
- •Іі-тарау
- •3. Келер шақ көсемше. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі; -ғанша, -генше, -қанша, -кенше;
І тарау
1. Ескерткіштегі есімшелердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері.
Көне түркі тілінде және қазіргі қазақ тілінде де етістіктің грамматикалық категорияларының ішінде ең көлемді және сыры көп, әр алуан күрделі түрі осы есімше формалары.
Есімше формалары етістікке және сын есімге тән қасиеттерді бойына сақтайды. Есімше – етістік негіздеріне арнайы форма тудырушы аффикстер жалғану арқылы жасалатын, етістікке тән грамматикалық категория. Есімше формаларының етістіктің басқа грамматикалық категорияларынан айырмасы бұлар (есіше) есім сөздер сияқты септеледі, тәуелденеді, көптік жалғауын қабылдайды. Сонымен қатар жіктік жалғауы арқылы жіктеліп, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Есімше формалары есім сөздкр мен ( септік, тәуелдік, көптік) өзгергенімен, етістікке тән қимылдың іс-әрекеттік ұғымды әрқашан бойында сақтайды. Сонымен қатар есімшелер етістіктен етіс күрделі етістік күшейткелі етістік негіздерінен жасалады да мағыналарын сақтайды.
Есімше формалар зат есімнің алдынан келіп сол заттың қимылдық сапасын, белгісін білдіреді. Яғни атрибут мағынасында жұмсалады. Осы атрибут қызметінде есімше формалары сып есімге ұқсайды. Ел жүрген жер, айтар ән,өркендейтін шаруа.
Сын есімге зат есімнің көптік, тәуелдік септік жалғаулары жалғанғанда, зат есім мағынасына ауысатындығы сияқты, есімше формалары да септік, тәуелдік, көптік жалғауларын қабылдап зат есім мағынасында жұмсалады. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра. Бермегенді беріп ұялт [ ].
Осы айтылған қасиеттеріне қарай, есімше фолмалары өткен шақ есімше, келер шақ есімше, осы шақ есімше болып үш салаға жіктеледі.
Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілінде сол күйінше қолданыс тапса ( кейбір фонетикалық айырмашылықты ескермесек ), бір тобы жеке сөздер құрамында “өлі” қосымша болып сақталып қалған [ ].
1. Есімшенің өткен шақ түрі: -қан // -кән // -ған // -гән, -мыш // -миш.
-ған, -қан, -ген, - кен есімше тұлғасы қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар тілдерінде сондай-ақ алтай, тува, шор, торалар, хакас, өзбек, қырғыз тілдерінде бұрынғы өткен шақ мәтінде қолданылады: қазақ; жазған; қырғыз: джазған; өзбек: ианған; татар: йазған; алтай: барған; шор: парған; ноғай: барған; хакас: чаткан т.б. Оғыз тілдерінде мұндай есімше тұлғасы айтылмайды.
Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. – тілдің “Сравнительно историческая грамматика тюркских языков” атты еңбегінде есімшенің –қан формасы етістікті сын есімді -қ және –ан екі аффиксінің қосындысынан тұрады деп көрсетеді. “Первоначально отглагольные прилагатеьные с этими аффиксами не имели какой – либо определенной временной и залоговой дифференциации и обозначали результат действия. Их реликты чаще всего представляют собой имена прелагательные, реже существительные: - тур чалышкан – работящий, от чалыш работать, курган – крепость, от кур – строить, азерб, чудурған, бешеный, от гудур – взбеситься, јарған – овраг, от јар – рассекать ” [ ].
-қан, -ған тұлғасы қорған түрікше чалшқан тәрізді сөздер құрамында кездеседі. Бұл тұлғаны солтүстік – батыс түркі тілдерінде қолданылатын –ған есімшесінің әлі мезгілдік мән алып есімше дәрежесіне жетпеген еүйін танытады. Кейін ол тілдердің даму барысында мезгілдік мән алып ( баяндауыш қызметінде жұмсалу барысында етістіктің жақтық тұлғалары қатарына өтеді. Алғашқы сипатында етістік жеке сөздеп құрамында негізгі сын есім мәінде орнығып қалатын. Қазіргі якут тіліндегі етістік негізгі сын сын есімдердің үлкен тобын құрайды: наратычки (ауру), ырычан (жүдеу), умчуган (ұмытшақ) т.б. Түрік тілінде бұл тұлғалас сөздер істің нәтижесін білдіретін сын есім ретінде қолданылады. Башқұрт тілінің зерттеушілері - ған тұлғалы сын есімдерді ад ъективация процесінің нәтижесі деп қарайды.
-қын, -ғын тұлғасы генцистік жағынан –ған тұлғасының, ал мағынасы жағынан сол тұлғаның варианты. Қазіргі түркі тілдерінде көбінде сол есімдер, сонымен қатар зат есімдер құрамында кездеседі. Қазақ: қашқын, түрік: қасқын, чуваш: чулқын, түрікмен: учқып т.б. Аффикстың қысаң дауыстымен айтылуы соның көнелілігінің белгісі. Ескерткіш тілдерінде осы қосымшаның есімше мәнінде қалданылу фактісі кездеспейді.
-ған тұлғасы XI ғасырдағы “Қашғари сөздігінен бастап аса жиі қолданыс тапқан формант. М.Қашғари бұл тұлғаны өткен шақтық мән беретін форманттың бірі деп пайымдайды. Алайда Қашқаридің түсіндіруінше -ған тұлғасы істің дүркінділігімен байланысты ұғынылатын формант: іс-әрекеттің көп мәрте болғанын, созылыңқы екенін білдіруші сипат. Бұл сипат барлық барлық тайпа тілдерінде және әрбір бөлімде бұйрық рай тұлғасында жасалады. Бұйрық рай қатаң қ-ға бітсе , -ған, жұмсақ сөздерге –ген қосылады. Сондықтан көп мәрте қайталанған іс - әрекетті білдіруші сипат барған бар бұйрық райынан, тұрған тұр бұйрығынан жасалған” [ ].
«Құтадғу билиг» ескерткіш тілінде -ған (-гән, - ган, -кән) тұлғалары көбіне семантикасында қалып уақыттық және өткен шақтық мағына сақтайды. Мысалы, “йерні көкті йаратган – жерді көкті жаратқан” (QBN2); “өзүңні йас өтгән сақын ай қадам - өзіңнің өткен жолыңды ойла туыс” (QBN437); “есізлік кечгін йоқ өтүлгән болур – қастандық - өт ал өт күйдірер болар, жолында өтер жер болмас” (QBN30).
«Һибат-ул хақайиқ» ескерткіш тілінде де -ған/ -гән тұлғалары өткен шақ мағынасында кездеседі. Мысалы, “Сәниң бирлығыңға арқаған – сенің дара екендігіңе дәләл іздеген” (h.h 7); “Китабымны көргән ешиткән киши – кітабымды көрген, естіген кісі” (h.h 71) “Жумат жануар учған йүгирганнәң-а – жанды – жансыз ұшқан – жүгірген нәрселер ” (h.h 6); “Окуш созлагәнда окүнган ер сози сөз сағы – ойланып сөйлеген кісінің сөзі сөздің асылы”(h.h 133) т.б.
Есімшенің өткен шақ мәнін беретін –ған аффиксі және –ган, - ген, -кен варианттары «Құтадғу билиг» және «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіш тілдерінде кездесетін тұлға екенін байқадық.
-мыш (-міш, мұш, -мүш, -маш, -мәш) тұлғалары Орхон Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшелердің өткен шағын жасаған, қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен); -Мыш тұлғасы қазіргі тіліміздегі -ған аффиксінің семантикалық мағынасын береді.
«Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» (глагол) атты А.И.Щербактың еңбегінде -қан аффиксі және -мыш, -міш аффикстері арасындағы жақындық турасында сөз қозғайды. “Формы прошедшего результативного на -қан и на -міш / -муш очень близко по значкнию, и различие между ними заключается главным образом в сфере распространение... Употребления форм на -қан и на -міш / -муш очевидна, они не исключают полностью друг друга: с одной стороны, в языках огузской группы обнаруживаются следы формы на -қан с другой – в языках кыпчакской и карлукской – уйгурской групп выступай в виде особившегося морфологического образования причастие на -міш / -муш. Имеются также случай использования форм на -қан и на -міш / -муш (міш - ан / муш - ан, или міш – шан / муш – шан ) с разными, но близкими значениями в одном и том же языке, ср.: туь: алқан мән – я все еще беру, я брал и продалжаю брать (прошедшее – настоящее)” [ ].
-ған аффиксі қапшақ және қарлұқ – ұйғыр тілдерінде, сонымен қатар барлық сібір және Алтай тілдерінде өткен шақ мәнін білдіреді. Тек түркі тілдерінің ішінде якут тілінде кездеспейді. Мысалы: алтай, башқұрт,қазақ, қырыз: барған; өзбек. борган, хакас., шор., парған (парғанмын), мен барғанмын, парқанзің – сен барғансың.
-міш аффиксі: түркмен тілдерінде, якут оғыз тілдерде кездеседі. Мысалы: азербай, гагауз, алміш; азербай . гөрмәмішәм – мен көрген жоқпын, гагауз. Коймуш – ол қойған; түркмен. Окумуш – ол оқыған. Түркімен тілінде -мыш формасы көмекші “бөлу” етістігі арқылы да жасалады. Мысалы: аларміш – ол әрқашан алған; аланміш – ол алған; алғанміш – ол алады.
«Құтадғу билиг» ескерткішінде кездесетін -мыш тұлғасы былайша сипатталады:
“евә бышмыш ашны йекә иг болур – егер піспеген асты жесе, ауру болар” (QBN 56);
“негү тер ешитгил өлүгле кіши - өлетін кісі не дейді, соны есіт” (QBN 75);
“улып и еркә чалмыш башы - өлетін кісі өлерде басын жерге ұрғанда және ыңыранғанда не айтатынын, есіт” (QN 370);
“бүтүлміш кішикә айытғу сөзүг – сенген кісіңе сөзін айтқыз” (QB 402);
“аңар торқу ыддым тікән чекнміш – мен оған торқа жібердім, (ал ол болса маған) тікен қадаған” (QBV 110);
“тілин емгіміш ер педү тег ешіттілінен – қиналған ер, не дейтіні есіт” (QBW 17);
“бу күн біз ілінміш тутар біз туңар – бүгін біз бұған байланған болдық” (QBW 130);
«Һибат-ул хақайиқ» ескерткішінде сирек кездеседі. Төратмышда йоқ бил аңа түш – теңа. (Бүкіл) жаратылғандардың ішінде оған тең келетін (ешкім жоқ): Мұндағы төратмыш яғни жаратылған , -Мыш формасы -ған формасының варианты. Беретін мағыналары бір.
М.Қашғари -мыш аффиксінің қызметі жайлы былай деп жазады: “ –мыш, -міш қосымшасы да іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді. Бірақ мұнда сөйлеушінің өзі көрмеген, анық еместік мағына бар. Ол бармыш – ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын. Ол келміш – ол келген болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын” Осымен байланысты, қазақ тілінде ұшырысатын сөйлем баяндауышына тіркесе айтылып істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын еске түсіру орынды: айтыпты – мыс. Бұл ыңғайда жақтық қосымшаның қандай болғанына қарамай өзгермей тіркеседі [ ].
Э.Наджип «Исследования по истории тюркских языков XI – XIV в» атты еңбегінде ортағасырлық Алтын Орда тілінде - мыш тұлғалы есімше баяндауыш қызметінде жұмсалғанда тек қана III жақты білдіретінін, өйткені жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады. Осы ескертпе қазақ тіліндегі барыпты– мыс тұлғаларының қалыптасуына қалай да қатысты [ ]. Қазақ тілінде –мыш формантына тән барлық мән – мағына -ған формантына ауысқан кезде -мыш реликт есебінде қазіргідей позицияда қалып қойған деп қарауға әбден дәлел бар. Қалай болғанда да, қазақ тіліндегі -мыш тұлғасының осы қолданысы бір жағынан көне түркілік қолданыспен, екінші жағынан қазіргі чуваш тіліндегі қолданыспен тығыз ұштасып жатады. –Мыш біздің қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс тәрізді сөздер құрамындағы осы тұлға.
Гаджиева Н.З. және Б.А. Серебренников еңбектерінде есімшенің өткен шақтық мәнін білдіретін –мыш / -міш тұлғаларының алғашқы формасы -быш / -біш болған.
“Это причастие типично для языков огузской группы а также для якутского: тур., азерб. Жазмыш – написавшии; гаг. пишмиш – изжаренный; якут.охтубут – упавший; уолбут – высохший; барбыт – ушедший и т.д.” [ ].
Сонымен қатар, ескерткіш тілінде есімшенің өткен шақ мәнін білдіретін -қан, -ған аффиксінің -гин, -гін, -гун, -гүн варианттары кездеседі. Бұл формалар жайында “грамматика современного туретского литературного языка” атты А.Н.Кононовтың Еңбегінде былай делінеді: “Имена прилогательные на -дин, образованные от переходных глаголов, имеют посивные значение, образованные же от непереходных глаголов как правило получают и активное и поссивно результативное значение” [ ].
Ауыспалы етістікке: гергин – натянутый (гер – мек натягивать); иоргун – утомленный (иор – мак утомлять); сешкин – отборный, избранный (сеш – мек избирать, выбирать) т.с.с. Ал, тұрақты етістікке: далгин – задумчивый (дал – так погружать ся); дургун – стоячий; долдун – полный, наполненный (дол – мак нополняться, быть полным); олгун – спелый, зрелый (ол – мак быть делаться) т.с.с.
-ган, -ген есімшенің өткен шақ мәнін білдіреді деп, өз тұжырымын берушілердің бірі Н.К. Дмитриев. “Причастие прошедшего времени: суффикс -ган // -ген (после глухих), -ган // -ген (после звонких), как например, barдап – ушедший, тот, который пашел; деlдјεn – пришедшии, тот который пришли; batдan – утонувший тот, который утонул; деtrjεn тот который ушел. Причастие прошедшего времени встречается в старых текстах также со значением настоящего времени” [ ].
Китабымны көрган ешитган киши
Кітабымды көрген, естіген кісі (һ.х,30).
Алып бермаган ел емег қутсузы
Алған, бірақ бепмеген қол қолдың құтсызы.
Мұндағы көрган – көрген, бермаган – бермеген өткен шақ мәнән білдіреді. Яғни, іс - әрекеттің өтіп кеткендігі жайында айтады.
«Құтадғу билиг» ескерткішінде кездесетін есімшенің -ған, -ген тұлғасы және осы тұлғаның грамматикалық ерекшелігі -мыш, -міш тұлғасының қызметі бірдей. Ескерткіште көбінесе жалпыуақыттық мағына беріп, кейде өткен шақтық мән береді. –Мыш, -міш тұлғалары көптеледі кей жағдайларда септеледі аналитикалық құрылымында субстантивтенеді.
“йерні көкні йаратган – жерді көкті жаратқан” (QBW23).
Бұл аффикстің шақтық қызметі - өткен шақ болып тұр. Предикативті қатынаста байланысып, баяндауыштық қызмет атқарып тұр.
“өзүңні йол өтгән сақин ай қадаш - өзіңнің өткен жолыңды ойла, туыс”.
Өткен шақтық мән беріп, анықтауыштық қызмет атқарады.
“есізлік от ол от көйүргән болур – йолында кечіг йоқ өтүлгән болур – қастандық - өт, ол өт күдірер болар, жолында өтетін жер болмас” (QBN 30).
Ескерткіштегі өтүлген сөзі “өтүл” етістігіне -гән есімшелік аффиксі жалғану арқылы жасалынып, жалпы уақыттық мағына беріп, анықтауыштық қызмет атқарып тұр.
-ған аффиксі «Құтадғу билиг» ескерткішінде -ған, -гән түрінде жиі ұшырасады. Бірақ қолданылу аясы жағынан бұл аффиксі ескерткіште -мыш, -міш тұлғасына қарағанда аз болып келеді.
Ал, “Һибат-ул хақайиқ” ескерткішінде -ған, -ген, -гән формасы жиі кездесіп, оның -мыш, -міш варианты мүлдем жоқ деуге болады.
Ескерткіштердегі -ған тұлғасы мен қазіргі қазақ тіліндегі -ған тұлғасының грамматикалық құрылымы мен синтаксистік қызметінде айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Тек қазіргі қазақ тіліндегі -ған жұрнағы арқылы салған форма қай орында, қалай жұмсалса да және құрылымы жалаң я еүрделі түрде қолданылса да, дәйім өткен шақ мәнін береді.