Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Патшалык Ресей Казакстанды жаулап алуынын басталуы.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулар алуы

ХІХ – ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық жойып, Ресейлік басқару жүйесінмен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөлмеген болатын. Жалпы XIX ғ. 30-жылдарына дейін, Ресей империясының «үлкен саясатынан» Орта Азия мәселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мена оның иеләктеріне Көп көңіл бөлді. Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістеркің белсенділігі арта түсті.

Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон Конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесінудегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негзгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанныі стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия қандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша әкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Тек, Қазақстанда ғана бекіне отырып, Орта азияны жаулауды іске асыруға болатынын және болашықта Орта Азия мен Қазақстан Көп пайда табатын шикізат көзі ретінде Ресейдің назарын өзіне аударды. Ресей Шығыстағы өзінің ықпалын сақтап қалу үшін ұмтылысы Англияның бұл аймаққа жасаған саяси-экономикалық әрекеттеріне кедергі жасап, Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азиядағы сыртқы саяси қимылдарын белсенді түрде жүргізуге итермеледі. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен XIX ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар өмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шеқаралық аймақтардағы күш көрсету және тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға әскери экспедиция ұйымдастыру туралы деқаарациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.

1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А-Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу әскер және 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шытынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды және Петербургке елшілік жіберді.

Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының шеқарасына орыс әскерін жақындату мақсатыңда Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әскер бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1948-1949 жылдары А.И. Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің қартасын жасады. Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында әскери мәселелерде маңызы зор балды.

12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісіне Ақмешітке дейінгі аудандар кірді және 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан және Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ- ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған Шығыстан жаңа рынок іздестіру міндеті пайда болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұқараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға Көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне өзінің мақсаты мен оған жетудегі ұстанған бағыттарын реттеуге мүмкіндік берді. Ресейге оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимылдарын жаңартпаса,ол аймақтан Англияның мүлдесіне қарай айырылып қалуы мүмкін екендігіне толық көзі жетті. Әйткені Англияның бұл аймаққа қатысты кең кәлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал – Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пунктеріне қару жарақтар жеткізіліп, әскери нұсқаулар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің әскери қамалдары мен форттарын, әскери шектерін күшейтуге кіріседі.

Англия мен Қоқанның бұл әрекеттері Ресей үкіметі жағынан қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бұл аймаққа Орынбор мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін бастады. ХІХ-ғасырдың 60-жылдары Қазақстан территориясында Ресейдің әскери бекіністеріне қамалдары, форпостары мен шептері көбірек болатын. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергиопол, Верный, Қастек және т.б. Ресейдің Қазақстандағы әскери тірек пункттері болды. 1856 жылы құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары және 60 мың қырғыз кіретін Алатау округі құрылды. Ресей әскерлерінің оңтүстіктен де солтүстіктен де сәтті жылжуына қоқандықтардың саясатына риза болмаған Әулиеата мен Шымкент тәңірегіндегі Ұлы жүз қазақтарының 1857-58 жылдарда көтерілістер жасап, Ресей жағына әтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды. Мұндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана емес, Орталық Азия аймағандағы басқа да халықтарға қатысты жүргізілді. 1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш тәңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан әскерінің екі жақты қыспаты мен тәлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақта қатігездігімен ерекшеленді. Күш көрсету, тәлкек жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: «ауылдары әртеніп, малдары тартып алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық» деп жазды. 1861-63 жылдары Ресей ұкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде және тез арада иелену жөнінде пікірталастар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А.Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-әрекеттері туралы баяндама жасап, оны макүлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы тұрған екі жақтан әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полкеж Н.А.Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозға, Веревкиннің отрядында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбі және 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгіл құрамында 2571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек және сұлтан поручик Ш.Уәлихановтың бастауымен 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г.Черняевтың отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата, бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің отряды Түркістан қаласына бара жолда қоқан әскерлерінің шабуылына ұшырады да бекіністі қоршауға мәжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына әтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің әскери шендері жоғарылатылып, генерал-майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар «жоғары құрмет» және түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын-ала дайындықсыз 1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл уақытта қоқандықтар Шымкентке едеуір әскери күштерін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқаңдықтарға қолдау көрсетті.

Қоқан хандығында саяси күштердің қарсылығы күшейіп, хан мен оның тәңірегіндегілердің озбырлығына наразылықтар көбейе түсті. Қоқан мен Бұхара арсындағы қайшылықтар шиеленісті. Мұндай қолайлы жағдайды орыс әскерлері де өз мүлделеріне пайдалана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу әскермен бір жарым жүздік қазактардан тұратын отряды және Мерхтің тәрт рота жаяу әскер, бір қазак жүздігі мен мың жарым қазақтан тұратын отряды Шымкент түбінде бірігіп қалаға шабуыл жасады. 1864 жылдың күзінде Шымкентті басып алды. Түркістан мен Шымкентті жаулап алғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды.

1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды.

1866 жылдың жазында патша Александр II Ташкентті Ресейдің құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жылдан кейін 1867 жылы құрамына қайта құрылған Жетісу және Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы заң жарияланды.

Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен және әскери көзқарас тұрғысынан ешқандай ақталмайтын әрекеттермен жүрді. Орыс генералдары мен полковниктері қарапайым халықтың жеңімпаздардың қайырымдылығына қарай өз еріктерімен берілу тілектерін қабылдамады. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Қалаларды басып алуда, ірі қиратулар жасап, халыққа қатыгездікпен қарап, тонаушылыққа ұшыратып, күш көрсетіп отырды. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандалды, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 оғы атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170 дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлихановқа «өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттері» жорыққа қатысудан бас тартуға мәжбүр етті. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия қалалары мен ауылдарының тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса бұл әрекеттерін үкіметтің, «өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпеңділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты» деп мәлімдеді.

Осылайша, XIX ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық әлкені басқару туралы «Уақытша Ереженің» қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

• Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық басқару жүйе ендірілуі, оған қазақтардың қарсылығы.

• Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

• XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақ мәдениеті.

1.Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің ендірілуі, оған қазақтардың қарсылығы

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Әйткені ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бөрін қамтыған болатын.

Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды.

Реформаның ең басты және негізгі міндеті - «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп жергілікті ақсүйектердің биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғаңда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс қапиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.

Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, қазак әскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге патша ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті.

1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласының әркен жаюына кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор, Ақмола және Семей облыстары - Батыс Сібір, Жетісу мен Сырдария - Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді.

Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округаның билігіне әтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің себептері көзге ұрып тұрған болатын. Бұл туралы профессор Б. Сүлейменов: «Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен әскери окруттарға бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жолына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді», -дейді.

1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әр түрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбеқақы, екі есе тәлем, қызметтен босаған кездегі жоғарғы зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды.

Зерттеуші ғалым К.А.Жиреншин өз еңбегінде: «Отаршылық әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі әтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып оның алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын: Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновниктер құрды.

Генерал-губернаторлар әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы әкімшілік құрылысының принципі - жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды», - деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.

Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығыңда әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор тұрды.

1868 ж. Ереженің 22-23-бабында дала облыстарының әскери-губернаторлары облыстардағы әскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген және де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан қазак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.

Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық әскери-губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды.

Ереженің 42-65 баптары бойынша, уезд бастықарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды.

1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров «Қазақстан — патша үкіметінің отары» атты еңбегінде: «Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді», - деп көрсетеді.

Уездер территориялық белгі бойынша бір болысқа 1000-2000 киіз үй және бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашынық жағынан біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қырғыздардың (қазақтардың) рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі занды түрде жойылды. Ру басында ақсақал тұрғанда, оның сөзі мен ісі билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін қорқуы занды нәрсе болатын. Граф Паленнің Түркістан аймағын тексеру жөнінде есеп беруінде: «Бұл шараны іске асырудағы мақсат рулардың үлкен аймақта бір қалыпты орналаспауы, әкімшілік басқару жүйесіне кедергі туғызды және Көптеген біріккен ру басында ру ақсақалдары тұрған жағдайда дала тыныштығын ұстап тұруда Көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді», - деп, ондай биліктің күштілік себебін тап басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген ру басы кей жағдайда әкімшілік талаптарды орындамауы да әбден мүмкін екені шындық.

1867 ж. Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың басында сол сияқты сайланатын старшиналар болды. Ережеде «болыстық және ауылдық старшиналарды халық сайлайды» деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. «Сайланған болыс басқарушыларын - облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Отаршылар әкімшілігі ұсынылған қандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға - уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын» — дейді бұл қулық пен әдіс-айланың сан түрлі құбылысын жинақтаған «әділ сайлау» туралы профессор С. Жақыпбек.

Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды және оның барлық бұйрықтарын орындауға міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орыңдады.

Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси экономикалық іс-шараларымен қатар әлкені мәдени және рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын.

Халық ағарту ісі патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстаңдырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді.

Осыған сай, 1867-68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Сол құжатта бойынша уездік қалаларда бастауыш мектептер ашу көзделген: «Дала тұрғыңдарына бастапқы білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің бөрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек». Осыны негізге ала отырып талай мектептер, гимназиялар ашылды.

1868 жылғы Ереженің 251-бабында діни істер Орынбом муфтиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды, бекіту тұтқасы орыс әкімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мұсылман дінін уағыздаушылардың қызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретіні ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті.

Елде орын алып жатқан территориялық-әкімшілік үрдістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзгерістер әкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің ұлғайғандығына қарамастан, салық төлеушілердің басым бөлігін көшпенділер құрады. Мәселен, 1880 жылы 90,5 % құраса, 1897 жылы 82,0%-жетті.

1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды. XIX ғасырдың 60-шы жылдарының алғашқы жартысыңда Қазақстанда, әсіресе кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық наразылықтары әріс алды. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа әкімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың ұсымдық жайылымдарды пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді. Салықтар мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен әкімшілік-территориялық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің басталуына түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын «қарақшылық» шабуылдарға ұшыратты. 1868 жылы 6 мамырда құрамында 200 қылышты және жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі. Жазалау тобы көтерілісшілерге тегеурін бере алмай, жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.

1869 жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс, би, сұлтан және старшиндарға қарсы 41 рет шабуыл ұйымдастырылады. Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында көтеріліс ертінің ұлғаюына байланысты жергілікті үкімет орындарымен қатар орталық үкімет те көтерілісшілерді жазалауға отряд топтарын жәнелтті. Орал облысы аймағына подполковник Рукин, граф Комаровский отрядымен бірге, генерал-губернатор Веревкин басшылығындағы отряд аттандырылды. Көтеріліс ұйымдаспаған, өзара келіспеушіліктер мен соғыс тактикасының нашар болуына орай басылып, жанышталды.

Сол сияқты 1869 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылытын туғызды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869-1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгізуді талап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалған әрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды. 1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 наурызда ашық қақтығыс кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз-өзіне қол жұмсайды.

Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. Патшалық өкімет орындары қазақтардың батылдығынан қорқып, мұның өзі оларды қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруға қиын аудандарына шегінді.

Осы тұста Англия үкіметінің Иранға деген ықпалы арта түседі. Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандығына қарсы шаралар ұйымдастырды. Маңғыстау аймағына Хиуа билеушілері адайлар қозғалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар мыңдық жасақпен қимыл жасауды ұйғарды. Бірақ шектесі аудандарда Хиуаның әскери қыр көрсетуі нақты нәтижелер бермеді, дегенмен аймақтағы жағдайды едәуір шиеленістірді.

Маңғыстау аймағы 3 айға жуық патша әскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы тұста генерал-губернатор Н.А.Крыжановский, әскери министр Милютиннің «көтерілісшілерді жазалау» туралы нұсқауын жібереді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс басшылары И.Тіленбаев, Д.Тежиев, Е.Құлов және олардың серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне әтіп кетеді.

Сөйтіп бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозғаушы күші - қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығынын айқын мысалы болды.

Жалпы XIX ғасырдың екінші жартысыңдағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйіндеу жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік формалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.