Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Патшалык Ресей Казакстанды жаулап алуынын басталуы.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы

• ХҮІІІ ғасырдың соңы - XIX ғасырдың басындағы Қазақ хандығы Кіші және орта жүздегі хаңдық биліктің жойылуы.

• Ұлы жүз қазақтарының қондықтарға қарсы көтерілісі. Қарат Арынғазы, Жоламан ТіленшіҰлы бастаған көтерілістер.

1. ХҮІІІ ғасырдың соңы - XIX ғасырдың, Қазақ хандығы. Кіші және Орта жүздегі хандық би жойылуы

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, әр жүзде жеке хандар сайланып, бұл хандар Абыла хан ұрпағы Уәли ханға бағынуға ниет білдірмеді.

Әр жүздің өзіне тән тарихи-географиялық аймағы болдық XIX ғасырдың басында Кіші жұз Батыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық пен Тобыл өзеніне дейін жерді алып жатты. Орта жүзге тен территория шығысқа, Қытай шеқарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкентте оңтүстік Сібір жеріне дейін қамтыды.

Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс және оңтүстік Қазақстан территориясын мекендеді.

Табиғи - қаиматтық жағдай шаруашылық өмірдің барлық қырынан байқалды. Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, «ертеде қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық... қажеттілігімен шектеген». Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тән айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). XIX ғасырдың басына қарай жеке рулар арасыңда жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды.

Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. XIX ғасырдың басында қазақтардың шәп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік әперді.

Қазақтардың шеқара әңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мәнге ие болды. «Қой саудасы орыс және Орталық Азия Көпестері тарапынан жоғары бағаланды». Ірі қара малдан ет, сүт, май әндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. «Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетті».

XIX ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. XIX ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен кедейлерден басқа ауққаты қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің және Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар - бидай, сұлы, арпа егін, суармалы жүйе арқылы жақсы әнім алатын болған.

XIX ғасырдың 40 жылдары шеқара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе, олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округі және Сырдария аудандарында байқалды.

Жер әндеу құрал-жабдықтары дәрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма және сирек қана темір соқалар болды.

Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақшіа егумен айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сәбіз, асқабақ, жүгері және т.б. көкөніс түрлерін екті.

Қазақтар ертеден балық кесіпшілігімен, сонымен қатар аң аулаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз қажеттеріне жұмсап және орыс саудагерлеріне сатып отырды. Қазақтардың негізінен кедей бөлігі - жатақтар мен егіншілер балық шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш арқылы ұстады.

Қазақтардың шаруашылығында түрлі қоләнер де ерекше орын алды. Тері әндеу, оқ-дәрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден түрлі заттар жасау дами түсті. Әсіресе, киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі әшекей бұйымдар жасап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай білген. Қазақ әйелдері текемет, киіз, сырмақ, тұмақтар, тондар, аяқ киім т.б. заттарды керемет жасаған.

Ұсталардың күмістен және теріден жасалған заттары ішкі базарларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды көрші елдермен айырбас жасады. XIX ғасырдың бірінші жартысыңда Ресеймен айырбас сауда қатынасы дамыды. Сауданың негізгі тіректері Орынбор Тройцк, Летропавловск бекінісі, Пресногорьковск, Омбы, Семей және Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар Көпестерінің көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар әкелу сыртқа тауар шығарудан басым болды. Сыртқа: мал және сүт әнімдері шығарылса, өздеріне қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дәрі-дәрмек және т.б. заттар алып отырды.

Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес қазақ жүздерінің арасыңда да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сауда жасалды.

Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда несие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір қазақтары заттарды қазақтарға несиеге әкеліп беріп, Көп жағдайда оларды алдап кетіп отырды.

Қазақтар арасыңда арнайы сауда серіктестіктерін құрып, жоғары әсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы саудагерлер де пайда болды.

Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда болуына әкелді. Ақша табуға жұмысқа кеткен Көптеген қазақтар балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай тұрғындарға жалданып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен әндірістерінде (Баянауыл таскөмір әңдіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар Көп жағдайда еңбек ақыларын да дұрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына түсті.

Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың әлеуметтік қарым-қатынасына әсер етпей қоймады. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басыңда қазақ қоғамыңда үстемдік құрушы ру старшындары мен билер болды. Олар елге әдет-ғұрып заңдарын сақтаушы әрі түсіндіруші болып саналды. Билер хандар және сұлтандармен қатар сот істеріне араласа түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру үрдісіне қатысып отырды.

XIX ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақсы қыстауымен және шабындық жерлерін пайдалану құқықтарымен ғана шектелмей, жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. Мұның бөрі қазақ руларының дәстүрлі қалыптасқан көшіп-қону жолдарын бұзылуына әкелді, бұл дәстүрлі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырап, жайылымдық жерлердің құлдырап, шаруашылық құрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден үшір жиналған әнімнің 10-нан бір бөлігі салығын, әрекет жиналған малдың 40-шы бөлігі) ханға берілетін болған. XIX ғасырға дейін зекет жинау құқығы тек ханда ғана болса, XIX ғасырдың 20-жылдарыңда хандық билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын болды. XIX ғасырдың I жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып тұруы және олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына міндеткерліктер «соғым» және «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар қосылды.

XIX ғасырдың I жартысында бай туыстары мен қазақ-орыстардан, орыс шаруларынан жұмыс іздеуге мәжбүр болған кедейленген қазақтар саны әсті. И.Завалишин: -»жатақтар байларға малшы болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы қазақ-орыстарға, шеп бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін жалданып жұмыс істеді», - деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған істеріне қарай егіншілер, жатақтар және бақташыларға бөлінді.

Үстемдік етуші топқа мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді, қожалар өздерін Мұхаммедтен тараған бірінші ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды және тек сұлтандар сотына тартылатын болды.

Мұндай артықшылықтарды тархандар да иеленді. Бұл атақты XIX ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Орда да — хан беретін болды. Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев және Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 әскери губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жәнібек батырға берілген болатын. «Тархан» атағы жеке және мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. XIX ғасырда «тархандардың ерекше артыкшылықтары болмады, олар тек салықтан босатылды. XIX ғасырдың 60-жылдарында тархандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде тұрды.

Қазақ қрғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың әскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен және Орта Азиялық жаулаушылармен болған құресте батырлардың әлеуметтік рөлі ерекше жоғарылап ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уәлиханов: "Батырлар - қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін атақты әрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде әрқашанда салмақты болды", - деп көрсетеді.

XIX ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша қатынасына байланысты жаңа әлеуметтік топ - байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа адамдарға несиеге әсіммен ақша берді. Мысалға, Ахмет Жантөрин сауда жасап қана қоймай, белгілі бір табыс үшін қандайда бір шаруамен айналысамын деген қазақтарға несиеге ақша беріп отырған. Байлар сұлтандар мен рубасылар арасынан да, «қара сүйектер" ортасынан да шықты. Байлар белгілі келісім бойынша жұмысшыларды жалдап отырды. Байлар керуендік саудамен де айналысқан. Кейде байлардың өзі керуенбасы болып қызмет етіп, қазақ даласында сауда жасаған, бірақ көбінесе түйелерін қарапайым қазақтарға белгілі бір ақыға беріп, олардан ақыны ақшалай, кейде заттай алып отырған. XIX ғасырдың басында байлардың шығуы қазақ қоғамында жаңа экономиқалық кұбылыс болды.

Егіншілер, жатақтар мен бакташылардың болуы ішкі қазақ қоғамында әлеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында қүл ретіндегі адамдар категориясы да болды, бірақ олар маңызды рөл атқармады да, жойылып кету шағында тұрды. Құлдар негізінен соғыста қолға түскен және базарлардан сатып алынып отырған. Олар көбінесе үй шаруашылығына пайдаланылды. Кейіннен олар қоғамның толық мүшесі болды немесе төлеңгіттерге айналып отырды.

XVIII ғасырда төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың әскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық жұмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайы өзгеруі XIX ғасырда қазақ мемлекеттігінің жойылуымен байланысты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оққағары немесе жасақтары ретінде қызмет етті. Төлеңгіттер сұлтандарды және олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық сияқты т.б. қызметтерді де атқарды. XVIII ғасырда төлеңгіттерді тек кана «ақ сүйектердің" тұқымдары сұлтандар ғана иелене алса, XIX ғасырдың I жартысында сұлтандар бұл құқықтарынан айырылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды.

Осылайша, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қазақ қоғамы екі қарама-қарсы топ - сұлтан, би, (бай, батыр бір жағында болса, екіншісі - карапайым шаруа, оның ішінде кедейленген егіншілер, жатақтар мен бақташылар болды.

Егер бұрын жасы келген адамдардан ақсақалдың алдында бас иіп ақыл сұраса, енді XIX ғ. I жартысында ақсақал деп ақыл сұрайтын адам билікке ие болған басшы-сұлтандар мен аға сұлтандар да ақсақал атанды.

Әйел адамдардың ер адамдармен қатар тең құқылары болмады. Дін жолында патриархалдық-рулық қатынас сақталып қалды.

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуде қазақ қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы қоғамның одан әрі дамуына, бірігуіне, Қазақ хандығының орталықтандырылған мемлекет құруына тежеу жасады.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хаңдық билікті сақгай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уели хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ресей әкімшілігі сұлтандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның іщщце Уөли ханға катысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, .сот және рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы:

ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін кұру;

билер соты;

қазақ балалары үшін мектеп ашу;

шекара жанындағы қазақтарды ұйымдастыру;

басқару қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедицияларды жіберу т.б.

Ал, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз жаңадан хан сайланбады.

Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға ере жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен сайланған Айшуақтың халық арасыңда беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісін саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы ЖанТөре хані (1805-1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орынбор губернаторы ЖанТөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1809 жылдың соңына қарай ЖанТөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған ЖанТөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін әлтіріп кетеді. ЖанТөре әлген соң Ресей үкіметі орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті, Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хаңдық билікті жоюға мүлделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіңдігінше кедергі жасауға тырысты 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы хаңды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіл-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол астында болды.

Осылайша, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басыңда Қазақ хандығы орталықтандырылмаған, керісінше Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз және Бөкей хандығы болып бөлініп және әр жүздің өз алдына басқарушысы бар бытыраңқылыққа ұшыраған мемлекет еді.

ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары орыс-алшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғаны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.

1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібірдің әскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар «икі окруттерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары окруттерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (18.31 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

Әр округ болыстар мен ауылдарға бөліңді. Батыс генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округ басшылығында окруттік приқаздар тұрды және сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтан басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құра 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір окруттен екінші округке әту жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі қатынасын күйретті де — рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандар тілмаштарға, қазақтарға түрлі кәлемде жер бөліп беру де етті. Оларға әңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға, ыңғайлы жерлер бөлінді және егерде ол жерлер қойылған талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, оңда иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына Семей және Әскемен уездері Том губерниясына берілді.

1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгеріс енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш қатегорияға бөлінді;

қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, урль барымта, билікке бағынбау);

арыз-шағындар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер);

облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).

Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеу тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жыл салығынан босатылды. Қазақтарға керуендерді, почта жолдары күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты және міндеткерліктер жүктелді.

Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-басқарушы сұлтандардың және окруттік приқаз шенеуніктерінің мөртебесін және жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом., тілмаштарға-1000 сом., болыс сұлтандарына - 150 сом., т.б.

Жарғы бойынша қазақтарға өз окруттерінің ішінде және оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жаршының жеке баптары сауат ашу мәселесін қарастырды.

1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды реттеу үшін бірнеше «Ереже...» қабылданды және отаршыл әкімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді.

Патша әкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, әкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жекшілдікке ұшырауына және үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүлдесін қорғауға шығарып. Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.

1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығының бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендейұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын қазақ-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы тәленді.

1824 ж. Жарғы бойынша құрамында тәраға, тәрт кеңесші және тәрт ауқатты қазақтан тұратын шеқаралық комиссия құрылды.

1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшынндарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шеқаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.

1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте - 8, Ортада - 20, Шығыста - 28 Дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатылды. 1844 ж. «Орынбор қазақтарды басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша әр шенеуніктерінен жергілікті әкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалар бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше әрекет ету мүмкін болмай қалды.

Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарын айналдыру үшін хаңдық билікті, яғни қазақ мемлекеттінің жойып және орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шеқаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шеқаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясыңда тұратын Кіші және Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.

Осы және одан кейін жалғасқан XIX ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. XIX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заң қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындалды.